Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мектепішілік "Жас талап"газеті
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ғ
2016 жыл
желтоқсан №12
.Қайырбеков атындағы орта мектебінің мектепішілік журналы
Жас талап
Ақышыв Балғабай 1927 жылы 23 қазан айында Торғай облысы Жанелдин ауданы Шұбалаң ауылында дүниге келген. Балалық шағы осы шубалан ауылында өткен. 1941 жылы соғыс басталғанда 14 жаста болған. Өзінің жас шамасына қарамастан ауыл қарттары, кемпірлермен бірге аянбай, ауыл тірлігіне көмектесті. Күзді күні шөп шауып, арбаға тиеп ауыл малдарына азық дайындаған. Соқамен жер жыртып, егін шаруашылығына да атсалысты. Калхоздың кез-келген жұмысына бозала таңнан қара кешке дейін өрімдей жас балалар ойынның орнына жұмысқа араласты. Сұм соғыстың кесірінен өрімдей жас бала балалық шақпен ерте қоштасты. 1945 жылы мамыр айында соғыс аталғанда 19 жаста еді. Соғыстан кейінгі жылдары оқу оқып, есепшілік мамандығын алды. Нақтылап айтсақ 66 жылы Қостанай қаласында 6 айлық есепшілік курсыннан өткен. Ол 1 май малбордақылау савхозында есепші қызыметін атқарған. Есепке жүріктігінін арқасында ,зинеткерлікке шыққан дейін осы мамандық бойынша қызымет атқарды. Алғашқы еңбек жолы Қостанай облысы Қарабалық ауданы Өрнек ауылында Зав клуб мамандығынан басталған. Сол зерде жары Мәрзиямен танысқан. 1954 жылы 27 жасында Мәрзия әжемізбен отбасын құрып,52 жыл жұптары жазылмай бақытты ғұмыр кешуде. Балғабай Ақышұлы 10 бала сүйді. Қазіргі танда 35 немересі,26 шөбересінін қызығын көруде. Жасы 89 да. Руы –мерген. Қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көруде.
Бетті дайындаған : Қалиева Г.Ж
Көңілді қыс келді!
Қыс маған өте ұнайды. Балалар думандатып ойнайды. Шанамен, шаңғымен сырғанап жүреді. Айналаның барлық жері қалың қар. Үйдің маңы сырғанақ. Қыс мезгілінде жаңа жыл мерекесі келеді. Ол ең көңілді мереке. Жаңа жылда концерт қойып, аққала жасап жарысамыз. Біздің сыныптын балалары ұйымшыл. Біз қысты көңілді өткіземіз. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы, мектебіміздің 15 жылдығы құтты болсын.
4-сынып оқушысы Мияссар Ринат
Ғ.Қайырбеков – ақын, ағартушы, жазушы.
-
Ғ.Қайырбеков. 1928 жылы Торғай облысы Торғай қаласында дүниеге келген.Мектеп бітіргеннен кейін, Ұлы Отан соғысы жылдарында аудандық тұтынушылар одағында, мектепте жұмыс істеп, 1946 жылы ҚазМУ-дің дайындық бөлімінде оқыған. 1947-48 жылдарда Торғайдағы ақсуат орталау мектебінде мұғалім болып , 1948 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтына түседі де оны 1952 жылы бітіреді.. Оқуды бітірісімен арнаулы жолдамамен Қазақстан жазушылар одағының қарамағына барады. Қазіргі “Жазушы” баспасында кіші редактор, редактор, аға редактор, поэзия редакциясының меңгерушісі қызыметін атқарады.. 1961 жылы “Қазақ әдебиеті” газеті бас редакторының орынбасары болып қызмет істейді. 1963 жылы Қазақстан жазушылар одағының әдеби кеңесшісі ,1964 жылы қайтадан “Жазушы” баспасының поэзия редакциясын 1968 жылға дейін басқарады. 1968-73 жылдары жазушылар одағының поэзия сексиясында ,ал 1973жылдан бері “Жұлдыз” журналы бас редакторының орынбасары болады.
-
Ақындық өмірбаяны 1948 жылдан басталады.Оның 1943 жылы тұңғыш өлеңі Торғай аудандық “Социалистік ауыл” газетіне жарияланады. Кейін Қостанай облыстық “Большевиктік жол”газетіне, “Лениншіл жаста”,1950жылы “Жұлдыз” журналында топтама өлеңдері жарық көреді. 1945 жылы оның ең алғашқы өлеңдер жинағы- “Құрдас” баспасында жарияланады. Содан былай оның көптеген өлеңдер кітабы жарық көреді.
-
1980 жылы “Жұлдызды тағдырлар” поэмасы үшін Ғ.Қайырбековке Абай атындағы Қазақ ССР Мемілекеттік сыйлығының лауреаты атағы беріледі.
Туған елім, туған жерім.
Қазақстан–біздің отанымыз!
Қазақстан
Туымен тұғырлы.
Елтаңбасымен еңселі.
Әнұранымен айбатты.
1991 жылы 16 – желтоқсанда
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды.
Мемлекеттік тәуелсіздіктің жариялануы – Қазақстан халқы үшін
маңызды оқиға. Биыл 2016 жыл тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр.
Жер- жерлерде тойлануда. Тәуелсіздік күні – мемлекетіміз үшін,
халқымыз үшін зор маңызды мейрам.
Қазақстан - әлемдегі өз заңы, ережелері, мақсаттары, жетістіктері
бар мемлекеттердің бірі.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің символы – Алтын адам
Біздің туымыз – тәуелсіздік, тілегіміз –бейбітшілік пен тыныштық. Күш қолданумен жанжал атаулыны болдырмауға бар ерік-жігерімізді аямаймыз. Осы мақсат жолында Қазақстандағы барлық ұлттар өкілдерінің бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай күш біріктіруіне мүдделіміз. Н.Ә.Назарбаев
Рәміздерім-мақтанышым
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
әні: Шәмші Қалдаяқов.
Шәкен Ниязбеков -Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы
ЖАНДАРБЕК МӘЛИБЕКОВ, Шота УАЛИХАНОВ- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы.
Астана - Қазақстанның бас қаласы
,
Астана
Ашық хат
Сәлеметсіз бе Шәкәрім ата. Сізді келе жатқан қарттар қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің «Адамдық борышың» тақырыбындағы өлеңінізді барлық сынып оқушылары жаттап алды. Сіздің Абай атаның немере інісі екеніңізді біліп таң қалдым. Біз Абай атаны жақсы білеміз. Біз қазақтың мақтаныштарын үнемі үлгі тұтамыз. Сіздің біз үшін қалдырған өңегелі шығармаларыңызға көп рахмет. Сізді ешқашан ұмытпаймыз.
Хат иесі: Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебінің
3-сынып оқушысы Сабырова Инабат
Ашық хат
Сәлеметсіз бе? Шәкәрім ата . Мен 3- сыныптын «Әдебиеттік оқу» оқулығындағы берілген «Адамдық борышың» өлеңіңізбен және өмір баяныңызбен таныстым. Сол арқылы мен сіздің көзіңіз ашық, білімді , ақылды, талапты адам екеніңізді білдім. Сол өлең арқылы халық алдыңдағы борышымызды, білім мен өнердің маңызын тағыда түсіндім. Сіз бойыңыдағы талантыңызды сыртқа шығарып, келешек ұрпаққа таусылмас қазына сыйладыңыз. Біз сізді мақтаң тұтамыз, қатты жақсы көреміз. Сізге көп рахмет. Сіз ұқсап өлең шығарып отырмын. Оқып көріңіз.
Шәкәрім ата білімді,
Ұрпақ оны біледі.
Қане,бізде жақсы оқып,
Ақылды бала болайық,
Таусылмас білім алайық.
Хат иесі: Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебінің
3-сынып оқушысы Жұмабек Нүргүл.
Бастауыш сынып оқушылары көзімен
Талабы
Таза,
адал
Мақсаты
айқын
Талабы таудай, қайратты
Биік
жарқын
Елбасы кім?
Білімді,Ақылды
Мектеп тарихы
Ең алғаш ауыл мектебі 1968-1969 оқу жылы Қалам-Қарасу бастауыш мектебі болып ашылған. Алғашқы оқытушылар Аппазов Исламбек, Әміржанов Ж болған, Аппазов И алғашқы мектеп директоры болған. 1970-1971 оқу жылында Қалам-Қарасу сегізжылдық мектебі болып, мектеп директоры Алин Қонақбай. 1983-1984 оқу жылынан бастап Қалам-Қарасу орта мектебі болып өзгертілді. 2000 жылы ауыл тұрғындарының көмегімен асарланып мектептің қабырғасы көтеріліп, салынды. Ал 2001-2002 оқу жылынан бастап пайдалануға берілді. Сол уақытта мектеп директоры Әбдібаев Меңдібай ағамыз еді. 2003 жылдан бастап мектепке Ғафу Қайырбеков аты берілді. Қазіргі таңда мектебіміздің оқушылары дәл сол асарланып салынған мектепте білім алуда. Жалпы мектепте 31 мұғалім білім беруде. Оның ішінде 29-ы жоғары білімді, жоғарғы санатты – 1, бірінші санатты – 7, екінші санатты – 12 мұғалім. Биылғы оқу жылында мектебімізде барлығы 107 оқушы. Сынып комплектілер саны - 11.
ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – ТІЛ.
Еліміздің тіуелсіздік алғанына 25 жыл толғалы отырған шақта әрбір қазақ азаматына тізгінді тежеп, етігімізді басып, алды-артымызға қарап, қазір қай жерде тұрмыз, ендігі барар бағыт қайда,егемегендігімізді сақтап қалудың ең басты жолы не дегенді парасатпен ойлаған абзал. Міне осы тұрғыдан келгенде, алдымызда тұрған ең бастысы – Тіл!
Тіл – қашанда қоғамдық құбылыс. Қоғамның қажеттілігі мен заиан талабын қатар ескеріп дамыған тілдің қолданыс өрісі кеңейді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, мәдениеті жоқ ел – өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үщін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзнің территориялық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.
Қазіргі кезенде біздің еліміздегі тіл, қоғам, заман бірлігі бұл мәселеге айрықша көзқарастын болуын талап етуде. Осы мәселеленің өзара үйлесімді жаһандану процесімен тікелей байланысты. Сіз бен біз өмір сүріп отырған сыры мен сыйқыры жұмбағы мол дәуірдің бет-бейнесін, болмыс-бітімін анықтар жаһандану атты әлемдік құбылыс бүгінде санаспауға болмайтын ғаламдық факторға айналып отыр.
Қазіргі әлемдік мәдениет пен өркениетке ерекше ықпалын тигізіп отырған жаһандану өмірдің барлық саласын қамтып отырған процесс. Ол дүние жүзілік адамзат қоғамының даму заңдылықтарын айқындайтын факторлардың бірі ретінде қоғамдық тіл мен ділімізге, рухани кеңістігімізге әсер етіп келеді. Тілі тіл ғылымы мен әдебиеттің нысаны етумен ғана шектелмей, бүкіл қазақ елінің ұлттық сұранысы мен мемлекеттік мәртебесіне айналдыру керек. Мемлекеттік тілге деген құрмет пен ықылас ұлтық сананың биігіне көтерліп, жалпы халықтық мүдде кеңістігіне шығуы тиіс. Тіл Қазақстан көлемінде қуатты қатынас құралы бола отырып, халықаралық байланыста да өзінің мемлекеттік мәртебесін сақтау үшін жас ұрпақтың жеке тұлғалық қасиеті мен патриоттық сезімін ұштастыра тәрбиелеу – нгізгі парызымыз. Сонда ғана қазақ тілі қоғам өмірінің бар саласында шынайы сұранысқа ие болады.
Сондықтан қазіргі кезенде Қазақстан жағдайында мемлекеттік тілдің алатын орны мен ролі ерекше. Өзінің даму тарихында әртұрлі репрессияны бастан кешкен қазақ хұрты жаһандану процесінде тілін, ділі мен дінін, ғасырдан ғасырға өткен бай мәдениеті мен рухани әлемінің озық үлгілерін адамзатқа тән ортақ сипаттарын сақтай алғанда ғана өзінің іргелі ұлттық мақсатының биігінен көрінбек. Өйткені, әр ұрпақ өз денгейінде жалпы адамзатқа керек игіліктерді, құндылықтарды әрі сақтап әрі жетілдіріп отыруға мүдделі. Халқымыздың бай қазақ тілін мнңгеру, көркейту, қыр-сырын таныл-білу әр адамзат қолынан келетін дүние. Тіл қорғап қастерлеу, әрбіреуміздің міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық!
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мұқашева Фарида
Ұрпақ өткенді білмей болашаққа қарай алмайды.
Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» құру алдымыздағы жеке тұлға, қоғам мен экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білімнің бәсекеге қабілетті жүйесін құру туралы ғаламдық мақсат қояды. Қазіргі заманауи талаптарға сай ғаламтор жүйесі, итерактив тақталар, қашықтық оқыту әдістері дамыған уақытта ел тарихы мен ата-бабаларымыздың өмір сүру дәрежесі зерттелген кез.
Қазақстан –тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш – білім және білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Міне, біз ұстаздар қауымы осы ұрпақты тәрбиелеп, саналы білім беру міндетін арқалаудамыз. Сол себепті, «Мұғалім –мектептің жүрегі, әдістеме оның тірегі» дей келе мұғалім әдістемелер мен оқулықтарды, зерттеулерді,жаңа технологияларды қолданып отыру керек. Оқулық пен әдістеме арасындағы көпір мұғалім болып табылады. Тек мақсатқа жету үшін мұғалімге кедергілерді аңықтап оны жену жолдарын табу керек. Менің биыл 2016 жылы білім беру жүйесіндегі мақсатым, әр сабағымды тәуелсіздіктің 25 жылдығымен байланыстырып отыруды жөн көрдім. Болашақ Қазақстанды құру үшін, ел тарихын, өткен кезендерді ұмытпау керек, сол мақсатта мен өз сабақтарымда оқушыларға үнемі өткен дәуірлер туралы айтып отырамын, сұхбат жүргізіп, зерттеу жұмыстарын талдаймын. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде , оларға потриоттық сезімді дәріптеу, Отанға деген, ұлтқа деген , тіл мен дінге сүйіспеншілігінің мол болуы үшін біздің береріміз зор. Тәрбие мен білім егіз деп бекер айтылмаған. Ұрпақ өткенді білмей болашаққа қарай алмайды.
Болмаса да оқыған тарихшы атым,
Жинадым кісілерден тарих хатын
Мақсатым кейінгі ұрпақ ұмытпаса
Айтылған аталардың аманатын
Қазақ халқының қалыптасуы ұзаққа созылды. Қазақ халқы үйсін, қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, дулат, арғын, оғыз, уақ және басқа да тайпалар негізінде құрылды. XIIIғ таман әртүрлі түркі тілдес тайпалардан халық болып бірігу үшін қажетті жағдайлар қалыптасты. Бірақ бұлардың қалыптасуына монғол-татар шапқыншылығы кедергі жасады. Бұл кезге дейін қазақ даласының территориясында «жүз» деп аталатын үш шаруашылық географиялық аймақ анықталды. Осыны айта келіп, белгілі ғалым Шоқан Уалиханов «Ұлы, Орта және Кіші қырқыз қайсақ ордалары біртұтас – қазақ халқы» деп жазған болатын. Сонау ерте кезде біздің ата бабаларымыз 29 қазақ руының қосылып, халық болып қалыптасуынан басталады. 1923 жыл. Ел жайлауға көшіп, қаннен қаперсіз күн көріп жатқан елімізге тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра көшіп, тарихта аты қалған «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама» аталып кеткен қиын заман болды. Жұрт Алакөлге аяңдап, Қаратауды паналады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты, елдің елдігін, ердің ерлігін соңғы сынайтын күн туды. Жұртты аман алып қалу үшін данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырады. 1941-1945 жылдарда адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттық адалдықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта халық қаһармандарына Кеңес Одағының батыры деген абыройлы атақ берілді. Неткен мықты бұл қазақ! 20 жылғы кәмпескеден, 30 жылғы аштықтан және репрессиядан, 40 жылғы алапат соғыстан, 50 жылғы сталиндік бұғаудан ,70 жылға созылған мәңгүрттіктен қазақ халқы аман қалды. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы ұмытылмас тарих болып қалмақ.
Біз – қазақ, ата-бабамызды пір тұтқан халықпыз. Сондықтан да біз тегімізді атадан, тілімізді анадан таратқан ұлтпыз. Ұрпағымызды жатқа жылатпай, қызды аялап, ұлды ұлықтап тәрбиелеуді өмірлік мақсат етейік. Халқымыз ұйымшыл, еліміз тыныш болсын. Білім саласында қызымет етіп жатқан әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін. Тәрбиелеген жеткіншектеріңіз биік белестерден көрінсін.
Бастауыш сынып мұғалімі Қалиева Гүлім Жүсіпханқызы.
Мекен –жайымыз: Қостанай облысы Жангелдин ауданы қалам-Қарасу ауылы Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектебі.
Ұйымдастыру алқасы:
«Жас талап» тілдер үйірмесі.
Жетекшісі: Қалиева Г.Ж