400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мектепішілік курс жайлы менің түйген ойым"

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектепішілік курс жайлы менің түйген ойым.

Жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша «Тәжірибедегі рефлексия» курсынан өттім. Курсті мектеп тренері I деңгейлі тарих пәнінің мұғалімі Жұмабекова Ляззат жүргізді. 100 сағаттық курс барысында сындарлы оқыту теориясы бойынша 7 модульді ықпалдастырып, қысқа мерзімді жоспар жасап, түрлі жаңа әдіс-тәсілдер қолданылған сабақтар өткіздім. Бірінші сабағымның тақырыбы :«Бала-көңілдің жыры,күннің нұры » Негізгі мақсатым: Адам өмірінің ең қызықты да,баққытты сәттері туралы айту . Күтілетін нәтиже: Барлық оқушылар:адам өмірінің ең қызықты да,баққытты сәттері туралы біледі. Оқушылардың басым бөлігі: өз ойларын анық, жеткізеді. Кейбір оқушылар: мағұлмат жинап,ортаға ой салады. Оқушыларға тапсырма беріліп, сыни тұрғыдан ойлаудың «Түсіндіру» және «Топтастыру», стратегиясы, «Галерея әдісін» қолданылдым. Бүгінгі сабақта барлық оқушылар топпен бірлесіп,бір-бірінің пікірлерімен алмасып,өз ойларын еркін айтып,берілген тапсырма бойынша әр топтан оқушылар шығып қорғады.Әр тапсырманың соңында оқушылар бірін-бірі басбармақ арқылы бағалап отырды.Бүгінгі сабақ маған оқушыларымның жетістігі,сабаққа деген қызығушылықтары,өз беттерінше ізденгендері ұнады. Екінші сабағымның тақырыбы: «Суықторғай». Негізгі мақсатым: Әңгіме мазмұнын түсініп оқыту,мазмұнына талдау жасау,өздігінен оқып үйрету. Күтілетін нәтиже:Барлық оқушылар : суықторғай тіршілігі туралы біледі.Оқушылардың басым бөлігі: тапсырманы оқып, орындай алады. Кейбір оқушылар:мағұлмат жинап,ортаға ой салады. Мерсер мен Линтлтон (2007)өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығымен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен болатын. Сондықтан сабағымды диалогтық оқытуды қолдану арқылы оқушылардың әдебиеттік пәнге деген қызығушылығын арттырумен қатар білім деңгейлерінің жоғарлауына ықпал еттім. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,сабақты әрі қарай диалог арқылы жүргіздім. Сұрақтың ашық сұрақ,сынақтан өткізу,түрткі сұрақ,қайта бағыттау түрлерін пайдалана отырып,оқушылар өткен сабақты еске түсірді . Ақпаратты беру және проблеманы шешу мақсатында үш топқа үш тапсырма бердім. Оқушыларға тапсырма беріліп, сыни тұрғыдан ойлаудың «Insеrt» және «Топтастыру»,«Блум таксаномиясы» стратегиясы қолданылдым. Оқушылар алдымен мәтінді жеке оқып, жұппен талқылап, топпен берілген тапсырма бойынша топпен жұмыс жасады. Оқушылар топпен жұмыс жасау барысында олардың бір-біріне деген көзқарасы өзгерді, әр оқушы өзінің ойларын ортаға салып, сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы арта бастады, бірлесіп жұмыс жасап, бір-біріне деген ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты. Түсіндіру жұмысынан кейін әрбір топ өздеріне көшбасшы, баяндамашы, хатшы, уақыт сақышысы, бақылаушы рольдерін бөліп алып тапсырманы орындауға кірісті. Тапсырманы орындау кезінде сыныптағы оқушылардың арасында көшбасшылар белсенді жұмыс атқарды. Оқушылардың топтарда белгілі бір қызметті атқаруының өзі олардың сабаққа деген жауапкершілігін арттырды. Белсенділікпен жұмыс атқару арқылы тақырыпты еркін меңгерді. Тақырып бойынша өз ойларын білдіруі,пікір алмасуы диалогпен жүзеге асты. Үшінші сабағымның тақырыбы: «Зат есімнің септелуі .16-20 жаттығу» Мақсатым:Зат есім бойынша алған білімдерін нығайту,тиянақтау,білім дағдыларын қалыптастыру. Күтілетін нәтиже : Барлық оқушылар Зат есімнің септелуі туралы алған білімдерін тереңдетеді. Оқушылардың басым бөлігі:зат есімнің септелуін таба алады. Кейбір оқушылар:калиграфиялық талаптарға сай орындай алады. Оқушыларға тапсырма беріліп,сыни тұрғыдан ойлаудың «Блум» таксаномиясы және «Кубизм» стратиегиясын қолдандым. Білу- сабақтың тақырыбын білу, маңызды ережелерді есте сақтап,оқулықпен жұмыс жасады. Түсіну – оқулықтағы тапсырманы игеріп, берілген жаттығуларды орындады. Қолдану -өмірмен байланыстыру- Ақбөкен жайлы әңгімеледі. Жинақтау -ойын жинақтауға дағдыландыру-«Аквариум» -берілген балықтардағы сұрақтарға жауап жазып,аквариумға салды . Балаларды топқа бөлініп, тапсырманы орындау барысында оқушылар өздеріне-өздері түсіндіріп, талқылап, жинақтап қорытындылады. Бұл жерде мұғалім бағыт-бағдар беруші. Осылай жеті модульді кіріктіру мақсатында сабақтарымдытоптық жұмыс,ой қозғау,миға шабуыл ,диалогтық оқыту әдістері арқылы өттім. Осы тақырыпты қорытындылайтын болсам, оқыту үдерісіне өзгерістердің енгізілуі, білім берудегі жаңа бастаманың жол табуының айқын көрінісі. Сындарлы оқыту теориясы курсын басшылыққа алып, бағдарлама негізіндегі модульдер арқылы , өз тәжірибемді жетілдіру жұмысымды алға жалғастыра беремін.























































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
02.12.2018
698
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі