Материалдар / Мектепішілік тәрбиелік шара "Байқоңыр - Ғарыш айнасы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепішілік тәрбиелік шара "Байқоңыр - Ғарыш айнасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, білімге, ғылымға ұмтылдыру, ғарыш саласы туралы білімдерін молайту, қазақтың ғарышкерлерінің өмірбаяндарымен таныстыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
747
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тасқұдық бастауыш мектебі












«Байқоңыр – ғарыш айнасы»


(тәрбиелік шара)

Picture 1



Өткізген: Қисманова Г.












2016-2017 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Байқоңыр - ғарыш айнасы»

Сабақтың мақсаты: Жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру, білімге, ғылымға ұмтылдыру, ғарыш саласы туралы білімдерін молайту, қазақтың ғарышкерлерінің өмірбаяндарымен таныстыру.

Көрнекілігі: Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев, А.Айымбетов суреті, Байқоңыр, зымыран, слайдтар.

Барысы:

Мұғалім сөзі:- Құрметті оқушылар, ұстаздар, тәрбиелік шарамыздың қонақтары! Бүгін, яғни 12 сәуір – Дүниежүзілік космонавтика және авиация күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз. Осы мерекеге дайындаған тәрбиелік шарамызды тамашалауға шақырамыз. Тарлан тарихқа төңкерістер дәуірі, адамдар психологиясындағы арпалыс, қырғы - қабақ соғыс жылдары, атом дәуірі деген аттармен енген ұл кезеңдердің біздің халқымызға берген ең үлкен сыйы бар. Оның біріншісі, қазақ елінің ұйытқи соққан замана желінің қатал да, қатыгез екпініне қайыспай шыдап, « Мың өліп, мың тіріліп» жүріп, өз тәуелсіздігін жеңіп алуы болса, екіншісі, « Ай нұрын ұстап мінсе де, қызыққа тоймас адамзат» деген бабалар арманы орындалып, ғарышқа қазақ ұландарының барып қайтуы еді. Осыдан тура 55 жыл бұрын бірінші адам әлем бойынша қазақ жерінде, Байқоңырдан ғарышқа аттанған болатын. Байқоңыр ғарыш айлағынан алғаш рет әлем бойынша ғарышқа жол салған Юрий Гагарин болды. Араға бірнеше жыл салып, қазақтың атын шығарып, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров көкке самғады. Осылайша Қазақстан – ғарыш кіндігіне айналды.


1-слайд: «Байқоңыр» әні


Жүргізуші: 1957 жылы ғарышқа жол 4 - қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағында жердің жасанды серігі ұшырылды. Жер спутнигімен « Лайка» атты ит ұшырылды. 1959 жылы 12 қыркүйекте Айға қарай зымыран ұшырылды. 1961 жылы 12 сәуірде Одақтық барлық радиостанциялар өз хабарын тоқтатып адамның ғарышқа ұшу сапарын ойдағыдай аяқталғанын хабарлады. Ғарышқа бірінші рет Мәскеу қаласының азаматы Юрий Гагарин біздің Қазақстан жеріндегі Байқоңыр космодромынан 9 сағат 7 минутта ұшырылды. 108 минут өткенен кейін «Восток» кемесі қонды. Ағаш ұстаның баласы Юрий Гагарин сол кезде 27 жаста екен.


2-слайд: Юрий Гагарин туралы айту, суретін көрсету.

Picture 2


Жүргізуші: 1963 жылы 16 шілдеде тұңғыш ғарышкер орыс қызы Валентина Терешкова ұшты. Ғарыш кемесі ұшатын ғарыш айдағы Қазақстанның Байқоңыр жерінде орналасқан еді.

Сүрінген бабам сан рет,

Космосқа қарай барам деп.

Қойынында мылқау тірліктің

Қандай сыр барын білем деп,

Адами қиял осылай, аспанға ұшып, әрі ұшты,

Қазақтың жері ақыры – қақпасы болды ғарыштың.


1–оқушы-Бекарыс:

Ғарышкерлер мекені,

Қазақ жері Байқоңыр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім Байқоңыр.


2-оқушы-Расул:

Ал, халайық, тұрмайық,

Ортамызды ашамыз,

Ғарыш әлемі жайында,

Кешімізді бастаймыз.

Айналады ел бір сенен,

Есіміңді білсе әлем.

Ғарышқа ұшқан қазақтың,

Ұлдарына бір сәлем!


3-оқушы-Нұрислам:

Уа, жарандар, жарандар!

Тұнық аспанға қараңдар,

Ең жарық жұлдыз боп.

Шарлап жүр біздің

Ғарышкер қазақтар!


4-оқушы-Айсұлтан:

Сайра бұлбұл көкейден үн төгіледі,

Жырға бөле даланың әр төбесін

Байқоңырдан тік ұшқан ғарышкерлер.

Көтереді қазағымның мәртебесін.


5-оқушы-Жаннұр:

Ағаларым бар менің,

Ғарышқа ұшып самғаған,

Мен де сондай болсам деп.

Армандаймын әрқашан.


Жүргізуші: Қазақ ғарышкер ағаларымыз аспан әлеміне бірнеше рет сапар шегіп, көк аспанымызда көк туымызды желбіретті.

Ән: «Көк тудың желбірегені»


ЖPicture 4 үргізуші: - Иә, қазақтың жері ғарыштың қақпасы болды, ғарыш десе көңілге туған жер топырағы төсіндегі Байқоңыр келеді. Қазақстандағы Байқоңыр космодромнан ғарышқа самғап ұшқан халық батырлары - содан бері ғарышкерлер ғарышта болып қайтты. Қазақ ұлтынан тұңғыш рет ғарышқа Тоқтар Әубәкіров атамыз ұшты. Ол 1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қазақтың тұңғыш ғарышкері, техника ғылымдарының докторы, профессор. Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. Тоқтар Әубәкіров ұшқыш болуды армандаған. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ - 13» кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал теңізі аймағы бойынша ғылым зерттейтін жұмыстарын жүргізді. 1991 жылы 10 қазанда жерге оралды.


3-слайд: Тоқтар Әубәкіров туралы сурет көрсету.


6-оқушы-Мадина:

Әубәкіров ағаның

Даңқы көкке самғаған.

Тоқтар аға, Гагарин

Салған жолды жалғаған.


7-оқушы-Нұрболат:

Тоқтар ағам жан ағам,

Бұрыннан да ер еді.

Менің батыр ағадан

А умай қалғым келеді.


8-оқушы-Аружан:

Аспанға ол самғайды,

Айды айналып шарлайды.

Жұлдыздарды көп зерттеп,

Жеке - жеке талдайды.


9-оқушы-Гүлдана:

Дүрілде толтырып жау қыратымды,

Таптым мен аңсаған мұратымды,

Ғасырлар шөліркеген дала арманы,

Ғарышқа ракета болып тік атылды.


Жүргізуші: Қазақ елінен екінші болып Талғат Мұсабаев атты ағамыз ғарышқа ұшты. Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Алматы қаласындағы №58 орта мектепті бітіргеннен кейін Рига Азаматтық авиация инженерлері институтына оқуға түседі. 1974 жылы Боралдайдағы азаматтық авиация жасағы болып жұмысқа орналасады. Ол ұшақ спорты бойынша «КСРО спорт шебері»атағын алып, 1984 жылы КСРО чемпионаты атанды. 1990 жылдың қазан айында ғарышкерлер дайындайтын орталыққа оқуға қабылданады. 1994 жылы 1 шілдеде қазақтың екінші ғарышкері Т. Мұсабаев бортинженер ретінде «Союз ТМ-19» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшып, сапар шекті. Ол ғарыштағы 125 тәулік ішінде екі рет кемемен шығып, кеңістіктегі күрделі мәселелерді шешті. 1996 жылдың 29 қаңтарында екінші рет ғарышқа аттанды. Ол «Союз ТМ-27»деп аталатын ғарыш кемесін өзі басқарды. 207 тәулік бойы ғарыш кеңістігінде қалықтады. Т. Мұсабаев Қазақстанға қатысты ғарыштық ғылыми - зерттеу бағдарламасын толық орындады. Оның кеудесінде «Ресей Федерациясының Батыры», «Халық қаһарманы»алтын жұлдыздармен қоса бірнеше, медальдармен марапатталған еді.


4Picture 2 -слайд: Талғат Мұсабаев суретін көрсету.


10-оқушы-Айшат:

Миллионның жүрегінен нұр алған,

Миллионның тілегінен жаралған.

Тәуелсіздік теңдік алған ұланымыз

Қазақстанның ұшып жүрген нұрымыз


11-оқушы-Арсен:

Қос ғарышкер Тоқтар мен Талғат десем,

Үзілген үмітімді жалғап кетем!

Ақынға да кеңістік, ғарыш керек.

Көз жазбасаң ерлікке, самғап бекер!


12-оқушы-Аружан:
Қос ғарышкер,Қос батыр,Қос жұлдызым,

Мерейлі етіп тұрсыңдар, достық жүзін.

Тағы да озып келсін Талғатым деп,

Аспанның бәйгесіне қостым бүгін.



Мұғалім сөзі: Былтырғы 2015 жылы 2-ші қыркүйекте «Байқоңыр» ғарыш айлағынан үшінші болып қазақ баласынан Айдын Айымбетов есімді ғарышкер ағамыз ұшты. Ол 1972 жылы 27 шілдеде Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылында дүниеге келген. Айдын ағамыз мектепті алтын медальмен бітірген.Армавирдегі жоғарғы әскери авиациялық училищені "ұшқыш-истребитель" мамандығы бойынша бітірген. Астана қаласындағы Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде ұстаздық етеді. 2015 жылы 2 қыркүйекте 2-ші бортинженер ретінде «Союз ТМА-18М» кемесінде Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына аттанды. Айдын Айымбетов ғарышта он күн болып, маңызды зерттеулер жүргізеді. Халықаралық ғарыш станциясынан оралған Айдын ағамызды елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі күтіп алды. Ғарыш кеңістігін игеруге сіңірген аса зор еңбегі, ғарышқа ұшу кезінде көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Халық қаһарманы» атағы, «Алтын Жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісі, «Отан» ордені марапаттарымен марапатталды.


5-слайд: Айдын Айымбетов туралы суреттер

Picture 2

Мұғалім сөзі:- Әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағы біздің Байқоңырдан неге салынды? Әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағын тап осы арадан салудың мынадай себептері бар екен. Байқоңыр Еуразия құрлығында орналасқан. Солтүстік - шығыс бағытында ұшырылған зымыран ғарыш жолы бойынша Сібір, Камчатканы басып өтіп, Беринг бұғазына дейін жетеді. Сөйтіп, Кеңес Одағының аймағындағы 6500 шақырымдық бұл қашықтық олардың ұшу бағытын бақылап отыруға қолайлы жағдайлар туғызады. Қазақстанда жазық далаларда ғарыштан қайтқан кемелердің қонуына оңтайлы орындар көп болғандықтан, ғарыш техникасын жасауға Қазақстанда кездесетін түрлі-түсті сирек металдар қолданылды. Байқоңырдың теңіз деңгейінен 300 метр биіктікте орналасуы ғарыштық тәжірибелер жүргізуге өте қолайлы. Ұшу алдында ғарыш кемелерінің экипаждары ұзақ жаттығады. Олар скафандрларға үйреніп, кеменің ұшуын басқаратын жабдықтарды мұқият зерделейді. Бұл 1969 жылы 16 шілдесі болатын. Осы күні алғашқы жер тұрғындары Айға аттанғанын өз көзімен көру үшін космодром маңында миллиондай адам жиналды! Тасығыш–зымыранның старты қозғалтқыштардан орасан зор күшпен ыстық газдар оқыс шығып, ауыр зымыранды жоғары қарай көтереді.


6-слайд: « Ұшуға дайындық», «Ғарышқа ұшу сапары», « Айға ұшу»,« Айға қону», «Айдағы серуен»

Picture 4 Picture 8
Мұғалімнің сөзі: Күн, оны айналатын ғаламшарлар және басқа да аспан денелері Күн жүйесін құрайды. Күн – Жерге ең жақын жұлдыз. Ғалымдар жұлдыздар мен ғаламшарларды алымды телескоптардың сондай-ақ, серіктерді, зондтарды және бортында ғарышкерлері бар ғарыш кемелерін аттандырып зерттейді. Ғарышкерлер кемені қарап, ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау үшін ашық ғарышқа шығады. Әлем - өзіміз елестете алатынның бәрі - құрамына кіретін шексіз кеңістік. Оның ішінде миллиардтаған жұлдыздар, Күн, ғаламшарлар, оған Жерде жатады. Оның өсімдіктері, жануарлары, адамдары мұның бәрі де әлемге жатады. Жер – Күн жүйесінің тоғыз ғаламшарларының бірі. Олардың бәрі Күнді айналып жүреді.


7-слайд: «Құс жолы галактикасы»


Мұғалім: Ай мен жұлдыздар туралы мақал - мәтелдерге тоқталу.


1. Ай жарқырап күн болмас,

Өтірік жарқырап шын болмас.

2. Күн құлақтанса, күрегіңді сайла,

Ай құлақтанса, азығыңды сайла.

3. Ай толғанын білмес,

Жігіт болғанын білмес.

4. Таразы туса, таң суиды.

Сүмбіле туса, су суиды.

5. Үркер суға түссе құт,

Жерге түссе жұт.

6. Жұлдыз тумай ай болмас,

Жұрынды болмай бай болмас.

7. Үркер үйден көрінсе,

Үш ай тоқсан қысың бар.

Үркер іңірде жамбасқа келсе,

Жаз шықпағанда несі бар.


8-слайд: Мақал-мәтелдер


Хор: «Жаса Қазақстан» әні.


Қорытынды:

Мұғалімнің сөзі: Адам баласының Жер - анасының бауырынан ұзап шығу, өзінше қадам жасай бастағаны үшін қаншама шығын, қиындық көрді десеңші. Айға аяқ басу бүкіл адамзат үшін қаншама мақтаныш болса, соншама ауыр шығын, қыруар қаржылар кетеді екен. Алайда бұл кездейсоқ қайғылы оқиғалар, күтпеген апаттар адамның ғарыш дүниесіне ұмтылысын тоқтата алмады. Міне, оқушылар «Байқоңыр - ғарыш айнасы»атты тәрбие сағатымызда көптеген материалдармен таныстық. Бәріміздің армандарымыз ғарышқа ұшу болғанымен оған да өжеттілік, батырлық, ерлік, адамгершілік жүректер керек екен - дей отырып тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Келешек болашақ сендердің қолдарыңда деп ойлаймын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!