Материалдар / Мектепке даярлық тобының өлкетану мұражайына саяхаты
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке даярлық тобының өлкетану мұражайына саяхаты

Материал туралы қысқаша түсінік
: Мұражайдағы тарихы және мәдени ескерткіштерді балаларға көрсете отырып түсіндіру,білімдерін тиянақтау.Қазақтың салт –дәстүрін, тұрмыс тіршілігін дәріптеп,оны бағалауға тәрбиелеу.Туған өлкеге сүйіспеншілігін ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қаңтар 2019
1092
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке даярлық тобының өлкетану мұражайына саяхаты Мақсаты : Мұражайдағы тарихы және мәдени ескерткіштерді балаларға көрсете отырып түсіндіру,білімдерін тиянақтау.Қазақтың салт –дәстүрін, тұрмыс тіршілігін дәріптеп,оны бағалауға тәрбиелеу.Туған өлкеге сүйіспеншілігін ояту. Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,көрсету,сөздік жұмыс,сұрақтар. Алдын ала жұмыс: мұражай туралы әңгімелеу,қызыл кітапқа түсінік беру. Сабақ барысы : Тәрбиеші балалар біз бүгін саяхатқа шығамыз.Казір өлкетану мұражайына барып,қазақтың салт-дәстүр,тұрмыс тіршілігімен танысамыз.Ондағы заттардың құнын,не үшін тұрғанын білетін боламыз.Ескерту:мұражайға барғанда сурет,заттарды қолмен ұстамаймыз,айқайлап шуламаймыз,тыныштық сақтаймыз.Автобуспен мұражайға бару Мұражай қызметкерлерімен амандасып,билет алу. Балалар:Сәламатсызбааапай? Қызметкер:Сәламатсыздар ма балалар.Мұражайға қош келдіңдер! Мұражайды аралауға рұқсат сұрау. Маңғыстау өлкесінде мекен ететін жануарлардың ,аңдардың құстардың,жәндіктердің бейнесін көрсете отырып балаларға түсініктеме беру.Олардың тіршілігімен таныстыру. Тәрбиеші:Мынау түз даланың аңдары :киік, қарақұйрық, арқар.Олар саны азайып жойылып бара жатқандықтан қызыл кітапқа енген.Олар кең далада,тауда мекендейді.Арқарлар тау шыңдарында ,құз шатқалдарда секіріп,ойнақтап жүре береді.Ал мынау шөл далада,құмда тіршілік ететін таспақа, қосаяқ, кесіртке,жылан.т.б.Олар інде ,шөптердің астында өз тіршіліктерін жасап өмір сүреді.Мынау құстар.Дала құстары бүркіт,сұңқар,үкі.Олар дала тышқандары мен қояндарды азық етеді.Ал мынау теңіз құстары: шағала, қасқалдақ, үйрек. Олар теңізде балықпен қоректенеді.Олардың сырт келбетіне тоқталу. Алғашқы қауымдық дәуірдегі ескерткіштер, адамдардың тіршілігі,отты қалай жаққандары,шақпақ тастарды жану арқылы от алғанын түсіндіру және аңдарды қалай аулағандарын айту.Құралдары садақ,найза ,жебеге тоқталу.Олар аңшылықпен аң аулау мақсатында қолданған құралдар екенін айтып түсіндіру. Тәрбиеші: Келесі суреттермен танысайық.Маңғыстау өлкесі каспии теңізі жағалауында тұратындықтан,ата –бабаларымыз балық аулаумен айналысқан.Балықты аулау құралы –ау,ол жіптен торланып тоқылады.Ол кездегі тұрмыс жағдайына байланысты балықшылар аулаған балығымен бүкіл ауылды азықтандырып отырған.Балықшылық –кәсіптің бір түрі.Келесі танысатынымыз елімізге танымал белгілі адамдардың ұстап тұтқан көне заттарын мұра ретінде ,ескерткіш ретінде мұражайға сақтап,жинағанына куә боламыз:жазу машинкасы,мосы,шәйнектер,темір үтік,т.бЖеке тоқталу,не үшін тұрмыста қолданғанын әңгімелеу Тәрбиеші: Мынау қазақтың киіз үиі.Қазақтар көшпенді тұрмыс кешкен.Бір жерден екінші жерге көшіп,қонып отырған.Киіз үй көшіп,қонуға өте ыңғайлы,сырты киізбен қапталған.Жазда салқын,қыста жылы болады.Іші сәнді ою-өрнектермен әшекейленген.Онда тұрмысқа қажетті бұйымдар,сандық кебежелер ыдыс салуға қолданылады.Оюлы киіздер,текеметтер,көрпелер, жерге төселеді.Бұның бәрі ұлтымызға тән айшықталған ою-өрнектермен сәнделіп,зерленіп жасалады.Онда тұрған маникендердің киімдеріне көңіл аударту. Тәрбиеші: Балалар қандай ұлттық киімдерді көріп тұрмыз? Балалар :камзол,сәукеле,кимешек,бешпент,тымақ.т.б Ұлттық киімдердің ерекшелігіне тоқталу. Тәрбиеші: Балалар біздер ұлттық киімдерді қай кездерде киеміз? Балалар :Тойда,мерекеде. Тәрбиеші: Ия,Наурыз мерекесінде,тойда және биші,әнші аға-апаларымыз киеді. Тәрбиеші: Балалар осымен өлкетану мұражайына саяхатымыз аяқталды. Сендерге мұражай ұнадыма? Не ұнады? -Мұражайда не көрдік? Балалардың жауабы. Тәрбиеші: Енді мұражайдағы апайға «рахметімізді» аитып қоштасайық. Балалар «рахмет» айтып қоштасады.Автобусқа отырып бала бақшаға қайту.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!