Материалдар / Мектепке дейінгі бала денсаулығы гигиенасы

Мектепке дейінгі бала денсаулығы гигиенасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі бала денсаулығы гигиенасы туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Шілде 2024
52
0 рет жүктелген
630 ₸ 700 ₸
Бүгін алсаңыз 10% жеңілдік
беріледі
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ "ПЕДАГОГИКА" ЕҢБЕГІНДЕГІ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ, КҮТІМ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Қанатова Салтанат-Бейнеу гуманитарлық колледжінің «мектепке дейінгі тәрбие және білім» мамандығының 2курс студенті


Адам денесінің жетілуі - оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денсаулықты жетілдіру керек.



Әр елде болмасын, білім беру жүйесі әлемдік білім беру жүйесімен санаса біледі. Дамыған елдердің білім беру жүйелерінен басым бағыттар мен тәжірибелерді үнемі алмасып отырады. Білім берудег басты мақсат – қоғамға тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға даярлау. «Тәрбиесіз берілген білім -адамзаттың қас жауы»- демекші, қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым екендігін ескерсек, отбасынан бастау алған бала тәрбиесі мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарындағы бүлдіршіндер тәрбиесін жан-жақты жетілдірудің жолдарын айқындап, бала денсаулығын сақтаудың жолдарын қарастыру заман талабынан туындап отырған жағдайлардың бірі.

Әрбір педагог Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегін біледі. Мен бүгінгі өзімнің ғылыми мақаламда осы еңбектегі мектеп жасына дейінгі баланың денсаулық , күтім мәселелеріне ерекше тоқталмақпын.

Педагогика грек елінің сѳзі. Пед – бала, агоги – жетектеу деген екі сѳзден құралған. Баяғы Грецияда балаларды бағып, мектепке алып келіп жүретін кәрі құлдар педагог деп аталған. Педагог деген аттың бұрын мақтаулы болмағандығы осыдан кѳрінеді. Бірақ соңғы заманда пән, ғылым ѳсіп адамзат ѳнерленген сайын педагог деген есім қадірлі, қасиетті болып барады. Педагогтың жүрісін, іс-қимылын тәрбиеленушілер қайталап отырады.

Бұл еңбекте тәрбиені тѳртке бөліп қарайды: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Бұл төрт тәрбиені бірдей алған тұлғаның тәрбиесі толық екені анық айтылған. Мектепке дейінгі білім беруде баға жетпес гигиеналық тәрбиенің тәжірибесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, әлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты меңзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тәрбиелеу негізігі міндеттердің бірі болып саналады. Баланың салауатты өмір салтын құру баланың тек психологиялық жеке-дара ерекшеліктері ғана емес, оны қоршаған ортасы мен жанұясы қолдап отыру қажет.

Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін беру негізіне мыналар жатады:

балалар күтімі және өсуіне қолайлы мәдени-гигеналық жағдай жасау, дұрыс жасалған күн тәртібі,тамақтандыру, дененің тазалығы,баланың жасына, ауа-райына ыңғайлы киінуі,

гимнастика және қимылды ойындар ойнату, ұйқысын ұйымдастыру, серуенге шығару,

күнді, ауаны, суды тиімді пайдалану.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны төмендегідей ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлері:

- дене шынықтыру;

- валеология;

- дербес қимыл. белсенділігі, шынықтыру және сауықтыру шаралары, мәдени-гигиеналық дағдылар арқылы балалардың тіршілік әрекеті мен тәрбиесін ұйымдастыру арқылы жүзеге

асады.

Қазақстандағы салауатты өмір салтын дамытудың бастамасы мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша жұмысына денсаулық сақтау технологияларын енгізу қажетті заман талабынан туындайды.

Осыған орай ғылыми мақаламның басты обьектісі ретінде мектепке дейінгі жаста баланың денсаулығын қорғау деп алдым.

Ғылыми мақаланы жазудағы мақсатым - мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтаудың, салауатты өмір салтын ұйымдастыру мен бала денсаулығын шыңдаудың мүмкіндіктерін қарастыру болып табылады.

Міндеттер:
- балабақшалар мен бөбекжайларда денсаулық сақтау технологиясын қолданудың мүмкіндіктерін анықтау; 
- еңбекке сүйене отырып, мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау технологиясын пайдалану әдістемесін ұсыну;
- білім берудің жаңа технологияларын қолдану;
- балалардың денсаулығын сақтау мақсатында инновациялық бағыттағы материалдық-техникалық база қалыптастыру.

Күтілетін нәтижесі: Мектепке дейінгі мекемедегі балалардың дені сау, психологиялық және интелектуалдық тұрғыда жан-жақты қалыптасқан, бастауышқа дайын болған мекеме түлегі. 

Балаға тәрбие бергенде әрбір тәрбиешінің алдымен қолданатын жолы — ѳз тәжірибесі. Тәрбиешінің ѳзіне қолайлы болған жол тәрбие қылатын балаға қолайлы болмауы әбден мүмкін. Тәрбиедегі мақсат— баланы тәрбиешінің дәл ѳзіндей қылып шығару емес, келешек ѳз заманына лайық қылып шығару. «Балаңды ѳзімдей бол деп үйретпе, ѳзімдей болма деп үйрет!» деген Әзірет Әлінің сѳзінде кѳп шындық бар. [2]

Екінші, әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы — ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың бала тәрбие қылуы туралы ескіден қалып келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, кѳп буын қолданып келе жатқан тақтай жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сѳз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы ѳз ұлтының арасында, ѳз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті. Бірақ, ұлт тәрбиесін, ұлттың тәрбие жолында ұстаған жолын түгелімен дұрыс деуге болмайды. Ұлт тәрбиесінің жақсылық жағы кѳп болған сықылды, жамандық жағы да кѳп. Талай нашар, зиянды әдеттер әрбір ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр. Баяғыдан бергі ұлт тәрбиесінің ішінде ұнамсыз, зиянды әдет, жол-жоралар толып жатқан ұлттың біреуі - біздің қазақ. Қысқасы, ұлт тәрбиесі қанша қадірлі, керек жол болғанмен, адастырмайтын дұрыс жол деуге бола бермейді.

Жоғарыда айтқаннан кѳрінеді, балаға шын дұрыс тәрбие беру үшін, тәрбиешінің ѳз тәжірибесі, һәм ұлт тәрбиесімен таныс болуы жетпейді екен. Бұлар - бірбеткей шикі тәжірибелер. Бұлар сыннан ѳткізіліп, пісірмеген күйде берік негіз бола алмайды. Бұлардың арасынан жақсы-жаманын, алтын мен мысын тізіп ала білу үшін тәрбие майданында шабылып ысылған тарландардың тәжірибелерімен, түрлі ұлттан түрлі заманда шыққан тәрбие ғалымдарының ойларымен, қысқасы, тәрбие туралы дұрыс жолға түсіретін шын тәрбие дәнімен, яғни педагогикамен жақсы таныс болу керек. [1]

Балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Осындай мәселені шешу барысында біздің анықтағанымыз, баланың  денсаулығын нығайтуда және аурудың алдын-алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін көтеру өте аз, сонымен қатар шынықтыру шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін педагог дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің жүйесін тудыруы жөн.

Мысалы, жалаң аяқ жүру табан мен буындарды бекіту әдісі болып табылғандықтан барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады.

Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану:

  • тыныс алу жаттығулары;

  • жалпақ. табандылықтың алдын-алу жаттығулары;

  • сымбатты түзету жаттығулары;

  • созылу(стретчинг) жаттығалары;

  • йога жаттығулары ;

  • көзге арналған жаттығулар.

Сонымен қатар дене тәрбие сабақтарында дәстүрден тыс құрал-жабдықтарды қолданған жөн.

            Мектеп жасына дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз. Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелері мен дене мүшелерінің, жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі. 

            Сондықтан да мектепке дейінгі ұйымда денсаулық сақтау іс-шаралары  кешенді де жүйелі  жүргізілуі қажет. Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере алатын болады. [3]

Бұл технологияларының кешенді жүргізудің басты мақсатыектепке дейінгі балалардың қимыл-әрекеттерін жетілдіріп, оның ағзасын суыққа төзімді болуға жаттықтыру. Балалар ауруларын болдырмауға мүмкіндіктер жасау  үшін педагогтардың кәсіби-шеберліктерін өрлету және де ата-аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді ұйымдастыру.

Мектеп жасына дейінгі баланы шынықтырудағы негізгі  міндеттері- баланың тұлғалық ерекшелігін ескере отырып, күш-қайраттарын қалыптастыру және денсаулығын шынықтыруды жүзеге асыру. Бұл міндеттерге, тек шынықтыру шараларынын кешенді түрде өткізгенде ғана нәтижеге қол жеткізді, яғни балабақшадағы баланың болған бір күні - оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп ас мәзірін  түрлендіріп, оны балаға жеткізу, қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды,  қимыл-әрекеті үйлесімді ұйымдастырылады.

Балалармен шынығу жұмыстарын өткізер уақытта ескеру керек жәйттар бар: дені сау баламен шынықтыруды жүйелі жүргізу, оның теріс эмоциясын (үрей, жылау, мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үдетіп, ұзартылып, медбике мен педагогтың қатаң қадағалауында болуы қажет.

Оқу тәрбие жұмыстарын бала денсаулығына ауыр болмайтындай, керісінше оны нығайтуға көмектесетіндей етіп ұйымдастыру керек. Балабақшаның жұмыс ерекшелігін ескере отырып, бала денсаулығын нығайту мәселелері, мектепалды балалардың физикалық дамуы – мектепке дейінгі мекеменің жұмысының негізгі бағыты болып табылады.

Балабақшадағы шынықтыру жұмыстарға жеке жеке тоқталып өтейін:

Стретчинг (созылу) – ас ішкен соң 30 минуттан  кейін желдетілген топта немесе спорт  пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин ұйымдастырылады. Сымбаттары бұзылған және жалпақтабандылықтын алдын-алуға ұсынылады. Бұлшық еттерге жүктеменің үлесі тең болуы керек.

Ырғақты – қозғалыс- тамақтан соң 30 минуттан  кейін желдетілген топта немесе спорт  пен музыка залында ортаңғы топтан бастап, аптасына екі рет 25-30 мин болады.

Жүктеменің көлемі  және өлшемі баланың жас ерекшелігіне қарай болу керек.

Динамикалық үзіліс сабақта балалардың шаршауларына қарай, 2-5 мин өтеді.

Шаршаудың алдын-алу үшін барлық балаларға ұсынылады. Сабақтың ерекшелігіне қарай көзге және тыныс алуға және басқада жаттығуларды қосуға болады.

Қимылды және спорттық ойындар- серуенде, топта сабақтың бөлігі ретінде, барлық топтарды күнде

Ойындар баланың жас шамалық ерекшелігіне және маусымдыққа, уақытына сәйкес іріктелінеді. МДМ-де спорттық ойындарының элементтері ғана қолданылады.

Релаксация. Барлық топта кез-келген ыңғайлы бөлмеде жасауға болады. Педагог технологияның мақсатын және жылдамдығын балалардың  жағдайына байланысты анықтайды. Табиғат үнін, классикалық баяу әуенді (Чайковский, Рахманинов) қолдануға болады.

Саусақ жаттығулары. Күнде барлық топтарда жеке-дара немесе жарты топпен

Күнде кез-келген ыңғайлы уақытта Барлық балаларға, әсіресе сөз мүкістігі бар  балаларға ұсынылады.

Көзге арналған жаттығулар. Көзге түскен жүктеменің қарқынына қарай күнде 3-5 мин жасалады. Педагогтың көрсетуі, көрнекілікті қолдану ұсынылады.

Тыныс алу жаттығулары.Дене тәрбие және сауықтыру жұмыстарының әртүрлі формасында процедураның алдында балаларға мұрын гигиенасы жөніндегі міндеттер нұсқауын беру, бөлмені желдетіп алу міндетті.

Сергітетін жаттығулар.Күнде түскі ұйқыдан, 5-10 мин.Өткізу түрі әртүрлі: керуетте жатып, молынан жуыну, қабырғалы жолмен жүру, ауасы әртүрлі деңгейдегі бөлмеде жеңіл жүгіру.

Әуен әсері. Айына 1-2 рет сабақтан тыс уақытта сауықтыру-шынықтыру жұмысы ретінде өткізіледі. Басқа технологияларға көмекші ретінде: шиленісті шешуге, эмоцияның жоғары кездерінде қолданылады.

Ертегі терапиясы. Айына 1-2 рет жасалады. Дамыту және психологиялық жұмыстар үшін қолданылады. Ертегіне ересек немесе топтасып айтуға болады.

Түстердің әсері.Алға қойылған міндеттерге қарай айына 1-2 рет МДМ-нің безендірілген түстеріне ерекше назар бөлу керек. Бөлменің ішкі көріністерінің түстерін дұрыс таңдау – баланың шиленісін шешуіне және эмоциялық икемделуіне жақсы әсер ете алады.

 Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуді қамтамасыз етудегі  бағыттар.

  • Баланың физиологиялық даму және балалардың ауруларының төмендету үшін жағдайлар жасау

  • Балабақшадағы педагогтардың шеберліктерін және іскерлік біліктіліктерін жоғарлату

  • Медициналық қызметкелермен байланысты шынықтыру-сауықтыру міндеттерін кешенді шешу

  • Балабақша және жанұя жағдайларында бірігіп дені сау баланы тәрбиелеу

Балалардың дене тәрбиесінің толыққанды дамуына, қимылдау талаптарын жүзеге асыру үшін балабақшада арнайы жағдайлар туғызу қажет.

 

Салауатты өмір салты. Күнделікті шынықтыру шараларын өткізуге жағдай жасау: 
- серуен және күндізгі ұйқыдан кейін беті-қолын, мойнын салқын сумен жуу;
 
- спорт залында жалаң аяқ жүру, ұйқыға дейін және ұйқыдан кейін кілем үстінде, дымқыл тұзды жолмен, ортопедиялық кілем үстімен жүру;
 
- гигиеналық және сауықтыру мақсатында тамақты және ауызды салқын сумен шаю;
 
- жылы-суық ауа ваннасы (температурасы әр түрлі бөлмеден бөлмеге өту, үйден далаға шығу).
 

Мәдени-гигиеналық дағдылар:

  • өз бетімен жеңдерін түру, сабынмен қолын жуу және беті-қолын құрғатып сүрту, тіс щеткасымен тісін тазалау, сабын, тіс пастасын қолдану, киімін суламау, сүлгіні белгілі орынға ілу, бет орамалмен мұрнын сүрту сияқты жеке бас тазалығының қарапайым дағдыларын қолдануға арналған ойындар мен жағдайлардың үлгісін құру. балаға іс-әрекеттерді орындауға (түймені түймелеу мен ағыту, шұлықты кию және т.б.) жеткілікті уақыт беру өте маңызды. асықтырмау керек.;

  • баланы күнделікті өмірде құрбы-құрдастарына көмектесуге тарту; 

  • тамақтану кезінде үстел басындағы мінез-құлық мәдениетінің: қасық, шанышқы, арнайы пышақты қолдану, сулықпен аузын сүрту, тамақты аузын жауып, ұқыпты шайнау, нан қиқымын шашпай, сорпаны, шайды төгіп алмай ішу, тамақтан соң ауызды шаю үлгісін көрсету;

  • баланың тамақ түрлерінен нені жақсы көретінін, нені ұнатпайтынын, ненің пайдалы және ненің зиян екендігін талқылау;

  • баланы жаңа тағам түрлеріне біртіндеп үйрету;

  • баланың нашар тәбетіне баса назар аудармау;

  • құрбы-құрдастарының үстел басындағы мінез-құлқын мадақтап, үлгі ретінде көрсету;

  • балаларға көкөністер мен жемістерді қалай және не үшін жуу керектігін түсіндіру;

  • балалардың жеке басының гигиенасын сақтамауы жайлы көркем шығармалар оқу, талқылау, өзін қалай ұстау керектігі туралы ойларын ортаға салу.

100 жылдығын ойлаған бала тал өсіреді деп ертеде шығыс ғұламалары айтқандай, осындай жұмыстардың жүйелі жүргізілуінің барысында жасөспірімдердің денсаулығы жан-жақты дамыған, салауатты өмірді насихаттаушы,ән ұранымызды шырқатып, көк байрақты желбірететін салауатты өмір салтына лайық,талабы мен жүрегінде оты бар балалардың үмітіне дәнекер болып жатсақ қана,егеменді еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ тәрбиелей аламыз дегендей осындай жұмыстардың жүйелі жүргізілуінің барысында ғана біз баланың денсаулығы жан-жақты дамыған, салауатты өмірді насихаттаушы, «Нұрын,сырын көруге,көкірегінде болсын көз»дегендей талабы мен жүрегінде оты бар балалардың үмітіне дәнекер болып жатсақ қана Егеменді еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ тәрбиелей аламыз.



Дереккөздер:

  1. https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/22692/;

  2. «Педагогика» еңбегі, Мағжан Жұмабаев;

  3. «Qadam» оқу -әдістемелік құрал.


Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!