Материалдар / Мектепке дейінгі балалардың оқу – танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру үрдістері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі балалардың оқу – танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру үрдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Президент Н.Ә.Назарбаев 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын анықтап, онымен халықты таныстырды. Президент бұл стратегияны болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрнісі деп бағалады. «Қазақстан -2050» стратегиясында қоғамның ұзақ мерзімді басым мақсаттары – жеті бағыт бөле көрсетілді . Солардың бірі –Қазақстан азаматтарының денсаулығы ,білімі мен әл- ауқаты.Соған байланысты, білім беру мазмұнын жаңарту , үздіксіз білім беру жүйесін дамыту- бүгінгі күннің талабы.Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан- жақты , білімді, өмір сүруге бейім , қиындыққа иойымайтын, өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту . Ертенгі еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем ететін бала деп сенім артатындықтан сапалы білімді, саналы азамат тәрбиелеу ісі- білім беру саласының еншісінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Ақпан 2019
1773
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі балалардың оқу – танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру үрдістері. «баяндама»Президент Н.Ә.Назарбаев 2050 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын анықтап, онымен халықты таныстырды. Президент бұл стратегияны болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрнісі деп бағалады. «Қазақстан -2050» стратегиясында қоғамның ұзақ мерзімді басым мақсаттары – жеті бағыт бөле көрсетілді . Солардың бірі –Қазақстан азаматтарының денсаулығы ,білімі мен әл- ауқаты.Соған байланысты, білім беру мазмұнын жаңарту , үздіксіз білім беру жүйесін дамыту- бүгінгі күннің талабы.Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан- жақты , білімді, өмір сүруге бейім , қиындыққа иойымайтын, өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту . Ертенгі еліміздің еңсесін тік ұстап, ел мерейін үстем ететін бала деп сенім артатындықтан сапалы білімді, саналы азамат тәрбиелеу ісі- білім беру саласының еншісінде .XXI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда, заман ға сай зерделі, ой-өрісі жоғары жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды мідеті болып тұр. Тәрбие мен білімнің алғашқы діні- мектепке дейінгі тірбие ошағында беріледі.Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу- танымдық іс- әрекетін белсенділігін өзімнің әдістемелік құралымда тиімді жолдарын көрсеткенмін .Мынандай жолдары көрсетілген : Баламен тәрбиеші қызметіндегі қызығушылық мынаған сүйенеді .Сабақтың шығармашылық бастамасыОсы әдістерді қолдана отырып, балалардың білуге қызығуына , зерттеуіне атмосфера туғызу қажет .Қазіргі таңда оқу – тәрбие үрдісінде балалардың оқу- танымдық іс-әрекетін белсендірудің тиімді жолдары мынадай :1.Танымдық дидактикалық ойындар 2.Әңгімелесу, қызықты математика3.Көрнекіліктер4.Ертегілер ,тәрбиелік мәні бар әңгімелер арқылы өтетін бағдарламадағы сабақтар5.Педагогикалық технологиялар Оқу әдістерінің үш міндеті бар :1.Дидактикалық міндет 2.Танымдық қабілетін арттыру 3.Оқу мен тәрбие тиімділігін арттыру Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол үшін жалпы және негізі жағдайды жақсарту басты мәндет болып табылады .Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігімен құндылыұтарын сақтайтын , баланың балалығына бағытталуы шарт.Екіншіден, тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби шеберліктерін үнемі шыңдап , білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның шығармашылық бағыт бағдарын айқындап , оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтылығына ықпал ету қажет . Сондай – ақ отбасының сұранысы мен талап- тілектерін қанағаттандыру және білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата- анамен үнемі бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды . Үшіншіден, Шағын орталықта еңбек етуде толық жағдай жасалып , тәрбиелеумен білім берудің технологияларын сауатты меңгеріп , жаңа педагогикалық әдіс- тәсілдер жүйесін кәсіби шеберлікпен игеріп , оны тәжірбиеде пайдалануға шығармашылықпен үлес қосып отырса . Баланы тәрбилеу, дамыту және білім беру мәселелеріне отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы шарт . Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсатта өзара тығыз байланыста болған да ғана нәтижелі болады . Баланы өмірге дайындау үшін дамудың маңызы ерекше .Даму барысы :Зердесін дамыту:Эмоция мен сезімін дамыту .Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту.Өзіне-өзі сенімділігі, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту.Танымдық үрдісін дамыту.Өзін-өзі алып жүре алуы , дербестігін дамыту.Өзін-өзі көрсете алуына , өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту.Айтар болсақ ,баланың бүкіл өмірі бойында оның даму үдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастаптайды , олардың құрлысын , пайдалану тәсілдерін білгісі келеді . Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге , адам баласының жинақталған бай тәжірбиесін үйренуге талаптанады . Балалардың бір нәрсені құмартып біліуге талапынуын таным ынтасы дейді . Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету , үйрету , көркемділік әдебиетке нақтылау , өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау , яғни еркіндік беру керектігін айтады .Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс- әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталады . Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана шоғырлайды . Жаңа бір нәрсе пайда болысымен - ақ баланың зейіні соған ауады .Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады . Мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл –ой дамудың ілгерлеуіне байланысты зейін күшті шоғырланып , тұрақтылыққа ие болады. Мысалы , мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойды 30-50 минут ойнайтын болса , 5-6 жастағы балалар ойыны 1,5 сағатқа дейін созылады .Мұны ойында адамдардың күрделірек іс- әрекеттерімен қарым- қатынастары мен бейімделуімен және ойынға үнемі енгізілетін ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ , ойлау- тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігіне дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі - танымдық белсенділігі . Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл- ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады . Бұның озі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды .Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады . Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түрін есінде жақсы сақтайды . Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады .Таным әрекетінің бірі - қабылдау. Тілдік мәліметтерді және жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады . Тілді меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды, сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы қабылдауға тиіс.Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагоктар мен тәрбиешілер, ата – аналар жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып сеуендегенде, әр түрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстарын айтуға болады.Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке баланың дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бір деуге болады.Бала ойын арқылы өзінің күш – жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың айқын сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісінің дамуы, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.Баланың өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады.Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді.Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды,көп нәрселер оларды ойлантады.Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайн олрдың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды.Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл – ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін.Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата – аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мәнін арттыру жалпы әлемдік үрдістер қатарына жатады. Балабақшаға баратын балалар білім берудің барлық деңгейлерінде білімді тез қабылдайды және жалпы өмірде табысты болып келеді.Қорта айтқанда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазіргі заман талабына сай, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық санамен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім бер бүгінгі таңда отбасының бала – бақшасының, барша елдің, халықтың міндеті» екенін еске салатын сөзімен қорытындылаймын.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!