Материалдар / МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты - музыка өнері арқылы баланың өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, өз халқының өнерін, салт - дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу. Білім берудің ең төменгі сатысы мектепке дейінгі кезең және тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанымен білуге құштарлығы зор болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2023
527
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ

Бопылдыкова Аклилай Тажигалиевна

Баланың музыкалық даму процесі музыкалық қызметтерді ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Сәбилік шақтан бастап музыкалық қызығушылықтарын дамыту мектепке дейінгі педагогтар тәрбиеші мен музыка жетекшісінің міндеті болып табылады.

1 - 2 жаста бала ересек адамның әнін тыңдай отырып дауыс интонациясына уілдейді, былдырлайды. 2 жаста бала қарама - қарсы сипаттағы әндерге шаттанып қуанады, немесе сабырлы күй танытады. Алақандарын шапалақтап, аяқтарын топылдатады. Кейде әннің жеңіл буындарын «әй - әй», «топ - топ» буындарын қайталайды. 3 - 4 жаста шағын әндерді ересектердің көмегімен орындай алады. Дербес әрекет етуге ұмтыла отырып билеуге, ойнауға талпынады. 5 жас баланың көп білуге құштар кезеңі. «Неге?», «неліктен?», деген сұрақтарды көп қояды. Бала жетекшінің қойған талаптарын, ән, пьесалардың көңілді, қуанышты, сабырлы сипаттарын сезіне отырып, пьесадағы қарама - қарсы екі бөлімді, музыкалық аспаптар тембрін, қол ұстасып ән айту, жеңіл би қимылдарын орындай алады. 6 жаста балаларды мектепке дайындау кезеңі. Балалар музыкалық шығармаға сипаттама бере отырып, эстетикалық көзқарасын қалыптастырады. Ән, би, ойындарды орындауда шығармашылығы дамып, музыкаға деген ынта - ықыласы айқын көріне бастайды.

Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты - музыка өнері арқылы баланың өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, өз халқының өнерін, салт - дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу. Білім берудің ең төменгі сатысы мектепке дейінгі кезең және тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанымен білуге құштарлығы зор болады. Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт.

Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау: Әр баланың оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету. Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру.Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым - қатынасты орнату. Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау. Ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиясында қарапайымдылық, кішіпейілділік, өзара түсінушілік сезімдерін баулиды. Оқытудың ақпараттық технологиялары арқылы мультимедиялық құралдарды пайдалану

Музыкалық тәрбиенің міндеттері:

Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңі-рек сезіп, түсінуіне көмектесетін музыкалық қабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады.

Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныс-тырып, олардың музыкалық әсерлерін байыта беру керек.

Балаларды музыканың ең қарапайым үғымдарымен таныс-тыру, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық-ырғақтық қимыл, балалардың музыкалық аспаптарында ойнау саласындағы дағдыларын дамыту қажет.

Эмоциялық әсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттері мен лад-биік дыбыстарды айыра білуін, ырғақ сезуін жетілдіріп, ән шілік дауыс пен қимылдарын әрлендіре түсу керек.

Ән айтудың қарапайым түріне және қимыл әдістеріне үйре-те беру, бүл істе музыкалық шығармалардың табиғи және әсерлі орындалуын қадағалау керек.

Алған әсерлері мен музыка жөніндегі үғымдары негізінде музыкалық талғамы пайда болған балалардың алғаш көрінуіне жәрдемдесу керек, ол үшін алдымен олардың музыкалық шығар-маларды таңдауына, содан соң бағалай білуіне көмектескен жөн.

Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде: ойын дар мен хороводтарда характерлік образдарды беруде; үйренген би қимылдарын өздері тапқан жаңа үйлесімдерге пайдалануда; ойдан шығарған шағын әндер мен қайырымдарды айтуда твор-честволық белсенділікті дамыта беру керек. Сонда дербес, үйрен-ген репертуарды күнделікті өмірде қолдануға деген инициатива мен талпыныс, музыкалық аспаптарда ойнауға, ән салып, би би-леуге деген құлшыныс қалыптасады.

Музыка баланың ішкі жан дүниесіне, сезіміне тікелей әсерін тигізеді. Жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің басты саласының бірі–музыка .Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып,оның өмірге деген көзқарасын,әдет,мінез-құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптастыруға,әдемілік заңымен өмір сүруге тәрбиелейді. Мектепке дейінгі жастағы балаларға музыкалық тәрбие–талғамдық,эстетикалық тәрбие беру ісінің негізгі саласы болып табылады. Эстетикалық тәрбиелеу мәселелерін мектепке дейінгі жастағы балаларғаҚұлжановаН.,МеңжановаК.,МеңдаяқоваҚ.М.,ЛевченкоТ.А.,ЖұмабековаФ.Н.жәнет.б.зерттеген.Мектепке дейінгі балалар білім берудің барлық деңгейлерінде жалпы өмірде табысты болып келетіндіктен,білімді тез қабылдап,мектепке дейінгі ұйымдағы оқыту мен тәрбиелеу үдерісі оларды алғашқы біліммен қаруландырып,қоғам талабына сай тұлғаны қалыптастырудағы алғашқы негіз болады. Сонымен басты мақсат–біртіндеп түрлі музыкалық іс-шараларды меңгерту арқылы баланың бойындағы түрлі табиғи талабын дамыту.Өнер түрлерінің әрқайсысы адамға әсер етудің спецификалық құралдарына ие.Бала өмірінің ең басында әсер ету мүмкіндігіне ие музыка болып саналады.Ең бір бай әрі әсерлі эстетикалық тәрбие құралы, оның аса үлкен эмоциялық әсері бар, адамның сезімін тәрбиелейді,талғамын қалыптастыратын- ол музыка.

Музыка өнері жеке тұлғаның дамып,қалыптасуында аса маңызды роль атқарады.Музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың түрлері- ол ән сабағы,музыкалық шулы аспаптарда ойнау,баланың жеке музыкамен шұғылдануы,баланың күнделікті өміріндегі музыканың орны, мерекелікертеңгіліктер, ойын-сауықтар т.б. Сондықтан, музыкаға қалыпты қызығушылығын,әртүрлі музыкаға эмоциялық сезгіштігін дамыту керек.Би билеу және ән салу дағдыларынаүйрету,музыкалық қабылдауын,таныс шығармаларды әуенінен тану және есте сақтауын дамыту,балалардың музыкалық танымын кеңейту.Сол себепті,музыканың құдіретті күшін бала бойына дарыту,сіңіру мақсатында музыка,сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет.Музыкалық оқу іс-әрекетінің музыка тыңдау бөлімі бойынша ән,күй, халық әуендерін,басқа ұлттық шығармаларды қолдана отырып,музыканы тыңдау,қабылдау,естесақтау,ажырата білумен қатар,оның мазмұнын,көркемдік қасиетін түсіндіру қажет.Әнді музыкамен,музыкасыз жеке,көппен қосылып,орындау кезінде дауысын дамытуға,өлең сөзін дұрыс,анық айтуға,ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап,әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі.Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда(тіл дамыту,сахналау, денешынықтыру,бейнелеу т.б)баланың көңіл хошы,өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі.Яғни, ән бала мен ойын-сауықтарда,ертеңгіліктерде,ойындарда,билерде бірге жүреді.Бала ойнай жүріп,әнге деген құштарлығы арта түседі.Музыкалық–дидактикалық ойындарды ойнау,балалардың музыкаға қызығушылығын арттырады және музыкалық іс-әрекет түрлерінтез,әрі дұрыс үйренуге көмектеседі.

Музыкалық оқу қызметтерінде музыкалық-дидактикалық ойындарды жүйелі түрде пайдалану–музыканы сипатына, көңіл-күйіне,динамикалық реңкіне қарай ажыратуды үйретеді. Балаларды әртүрлі музыкалық шараларға тек жеке өзін қатыстырмай,үлкендер мен ата-аналарды бірге қатыстырудың мәні зор.Бұл баланың өз-өзіне деген сенімін ұштап,шығармашылығын шыңдайды.Музыкалық-ырғақты қимылдарды орындауда,бибилеуде музыкалық аспаптарды қолдануда музыканың ырғағын,динамикалық үнін,екпінін ажыратуға үйретіп,орындаушылық шеберліктерін шыңдайды.

Мерекелік ертеңгіліктердің,ойын-сауықтардың,сахналық қойылымдардың кезінде бала образдық бейнелерді дәл бере білуге,сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді.

Сонымен музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып,оның өмірге деген көзқарасын,әдет,мінез–құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптастыруға тәрбиелейді. «Дені саудың–жаны сау» дегендей,тәні де, жаны да сау,рухани бай эстетикалық жағынан сезімтал азаматты тәрбиелеп өсіру–ата-ана парызы,білім беру мекемелерінің міндеті.Осы міндетті іске асыру балабақша баспалдағынан басталмақ.Музыка - ең бір бай, әрі әсерлі эстетикалық тәрбие құрылы.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Ән-күй сапары А.Қ. Жұбанов. Алматы 1976.

2. Р.Қ. Дүйсембинова «Музыкалық білім беру педагогикасы».- Талдықорған, 2006 ж.

3. Мектептегі «Музыка» пәнінің оқушыларына арналған методикалық нұсқау. А.Байментаева.- Алматы, 1985 ж.

4. Ғизатов.Б «Музыка сабағы. Музыка сауаты, ән үйрету, музыка тыңдау». Методикалық көмекші құрал.- Алматы, 1962 ж.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!