Материалдар / Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеялары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеялары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеялары. Бала тәрбиесіндегі Ыбырай атамыздың шығармаларының маңызы туралы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Желтоқсан 2021
365
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеялары.

16 ОЖББМ МАД «Ә» тобы

тәрбиешісі Минжасова Д.Ж.


Халқымыз бала тәрбиесіне қашанда ерекше мән берген, өйткені бала - біздін болашағымыз, өміріміздің жалғасы. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, өнерлі, мәдениетті, өз елін сүйетін және ұлттық әдет – ғұрыптарды білетін, адамгершілік қасиеті мол, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін иманды да инабатты азамат етіп тәрбиелеу қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі екені сөзсіз.

Мектепалды даярлық – білім бастауы. Сол себепті 5-6 жастағы балаларға берілетін білім мен тәрбие олардың болашағына қаланған алғашқы кірпіштер сияқты. Бұл жастағы балалардың бір ерекшелігі - баланың тез қабылдай алатындығы.

Жас ұрпақ тәрбиесінде таптырмас тәрбие құралы- ол қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин шығармалары.

Халық қазынасының қайнар бұлағынан сусындап өскен, халқымыздың дана перзенті Ыбырай Алтынсаринның әрбір шығармасы инабатылыққа, парасаттылыққа, имандылық пен ізгілікке тәрбиелейді. Олай болса, адамгершілігі мол, салауатты жас ұрпақ тәрбиелеу ісінде Ыбырай Алтынсаринның еңбектері теңдесі жоқ туындылар болып табылады.

Ыбырай Алтынсарин жас ұрпақты оқу- білімге шақыра отырып, білімді де жаң- жақты, саналы, ақылды, парасатты кеудесінде жастық қуаты тасып тұрған қайратты жастың жүрегі ізгі қасиеттерге толы болсын дейді.

Ақын "Кел, балалар, оқылық" өлеңінде қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырады. Ол жастарды оқуға , білім алуға шақыра отырып, өз өлеңдерінде жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді.

Еңбекті сүю және қадірлеу – Ыбырай әңгімелерінің негізгі тақырыптарының бірі. Оны жазушы шағын әңгімелерде үгіт, өсиет түрінде берсе, кей шығармаларында халықтың қоғамдық санасын тәрбиелейтін реалистік суреттер арқылы бейнелейді. "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесінде Ыбырай ең кішкентай жәндіктердің өзі де тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүргендігін көрсете келіп, оларды балаларға үлгі етеді. "Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың, сен де еңбек ет, босқа жатпа", – дейді.

Қазақ халқының дарынды перзенті бала тәрбиесіне де байланысты өлеңдер шығарған. Балаға бірінші берілетін тәрбие әрқашан ата-анасын, өзінің жақын достарын сыйлауға үйретуден басталады. Ата-анасын сыйламайтын бала жолдасына да, қоғамға да ешқандай дұрыс қызмет істей алмайды. Өкінішке орай, қоғамда ата-анасына дұрыс қарамау, қартайған шағында қарттар үйіне апарып тастау сияқты келеңсіз жағдайлар кездесіп жатады. Сондықтан өзіңе өмір сыйлаған ата - ана қадірін түсіне білу керек дейтін жалпы халықтық қағиданы әрқашан баланың зердесіне салып отыру – әрбір тәрбиешінің борышты міндеті дегенді Ыбырай Алтынсариннің «Ананың сүюі» деген өлең жолдарынан байқауымызға болады:

«Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышқа қуанып, қайғыңа күйетұғын.

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын!

Кім сендерді сағынар шетке кетсең,

Ғылым іздеп, тез қайтпай көпке кетсең,

Ұмытпа ең кемінде жұлдыз сайын,

Хат жазып тұр төбесі көкке жетсін!» -

деп ана қадырын аяққа бастырмауды үндейді.

Балаға осындай өлеңдерді оқып берсе, ана қадірінің теңдесі жоқ қымбат та қадірлі екенін сонда ғана сезіне бастар еді. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада» деген сияқты ана еңбегін қадірмелеу, сыйламау, кейде тыңдамау болмас та еді.

Ал ақын «Өзен» деген өлеңінде:

«Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта

Аралап тау мен тасы арқыраған», - деп өзенді әсем суреттеу арқылы баланың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, өз елінің табиғатын қорғауға шақырғандай.

«Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңінің әр жолынан ақынның көрегендігі мен болашақты болжай білетінін оқушыларға көрсету арқылы олардың қызығушылықтарын арттыруға болады.

Өнер - білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды;

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып - жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге,

Күн жарымда барғызды.

Адамды құстай ұшырды;

Мал істейтін жұмысты

От пен суға түсірді;

Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.

Теңізде жүзді балықтай, ..

Сол өлеңдегі «көзді ашып жұмғанша жылдам хабар алғызып тұрған» - ол қазіргі кездегі интернет желісі, ұялы телефон екенін, ал «Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге,

Күн жарымда барғызды» дегені – ол пойыз, «Адамды құстай ұшырды» - дегені самолет екенін ашып түсіндірсе, балалардың логикалық ойлау қабілеттері де артып, өлеңге деген қызығушылықтары оянар еді.

Биылғы оқу жылында кітап оқуды қолдау және кітаптың мәртебесін арттыру мақсатында мектебімізде білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы енгізілуде. Оқушылардың ой – өрісін кеңейтіп, тіл байлығын молайтып, өз ойын, түсінгенін еркін жеткізе білуге үйретер әдістердің бірі мектепалды сынып оқушыларына жас ерекшеліктеріне сай әңгімелер мен өлеңдерді оқып беру деп ойлаймын.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген.Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол етіп тәрбиелеу біздің қоғам алдындағы борышымыз. Мектепалды даярлық пен ата-аналар ынтымақтастықпен жұмыс жүргізсе, балаларға тиісті көңіл бөлініп, олармен санаса білсе, келешектің жанашырлары тәрбиеленіп шығары сөзсіз.

Қазіргі заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы –бүгін қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтиже де соншалықты жемісті болмақ.

Баланың жақсы адам болып қалыптасуына қажет қасиеттерді тәрбиелеуде Ы. Алтынсаринның әдеби туындаларының маңызы зор. Сондықтан Ы.Алтынсаринның әнгімелерін сабақтарда пайдалансақ нұр үстіне нұр болар еді..

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!