Материалдар / Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің педагогикалық қоржынына арнайы "кейстер"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің педагогикалық қоржынына арнайы "кейстер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Курстан кейін мектепке дейінгі білім беру педагогтері өз тәжірибесінде қолдану үшін арнайы дайындалған "кейстерді" алып кетеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2022
361
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің педагогикалық қоржынына арнайы "кейстер"

«Өрлеу» БАҰО» АҚФ

Маңғыстау облысы бойынша

Кәсіби даму институты,

Жаратылыстану және гуманитарлық

пәндерді оқыту әдістемесі

кафедрасының аға оқытушысы

А.Жумабаева

Қай салада болмасын жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту - өздігінен оқып білім алуға баулу. Негізінде тәрбиеленушілерден парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей педагогке, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі – педагогтерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман педагогі «дайын» білім көзі ғана болмай, балалардың танымдық іс-әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет.

Әлемдік және қазақстандық озық тәжірибені енгізу негізінде жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ететін педагог кадрлар біліктілігін жүйелі түрде арттыру – әр облыстағы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының басты қызметі. Сол филиалдардың бірі – Маңғыстау облысы бойынша кәсіби даму институты. Өзге филиалдар секілді біздің филиалда да облыс педагогтерінің біліктілігін арттыру мақсатында курстық және курсаралық шаралар жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Курстық шаралар қысқа мерзімді түрде жүргізіледі.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4-тармағына, сондай-ақ «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес білім беру ұйымдарының басшы кадрлары, педагогтері мен ғылыми қызметкерлерінің біліктілігін арттыру кемінде бес жылда бір рет жүзеге асырылатыны белгілі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысымен Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделі (бұдан әрі - Модель) бекітілді, оның мақсаты дені сау, дербес, білуге құмар, көпшіл, сын тұрғысынан ойлайтын балаларды қалыптастыру мен әлеуметтендіруге бағытталған тәрбиелеу мен оқыту жүйесін өзгерту арқылы мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамытудың бағыттары мен қағидаттарын айқындау болып табылады.

Осыған орай, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» білім беру бағдарламасын Модель негізінде әзірледі. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті Облыстық білім басқармаларына және «Өрлеу» БАҰО» АҚ – на бекітілген тыңдаушылар контингентіне сәйкес (ҚР БҒМ-нің 09.02.2022 жылғы №18-6/243 хаты) «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің ойын құзыреттілігін дамыту» білім беру бағдарламасымен бұрын қамтылмаған мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен әдіскерлерін біліктілікті арттыру курстарынан міндетті өту керектігі айтылды. Биыл Маңғыстау облысы бойынша 295 тыңдаушылар контингенті осы «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің ойын құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы бойынша курстан өту жоспарланып отыр. Жалпы бұл бағдарламадан басқа «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында АКТ технологияларды қолдану бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы білім беру бағдарламасы бойынша да бір курс жоспарлануда.

Курс тренерлері курсты өткізіп қана қоймай, курстан кейін де үнемі байланыста болып, оларға қолдау көрсетіп отырады. Біздің филиалдағы тренерлердің барлығы да өз ісінің кәсіби шебері, әрбір курсты аса жауапкершілікпен өткізеді және нәтижелері өте жоғары.

Курстан кейін мектепке дейінгі білім беру педагогтері өз тәжірибесінде қолдану үшін арнайы дайындалған "кейстерді" алып кетеді.

Мысалы: Web сервис технологиялары арқылы курстан өткен барлық материалдардың жинағы беріледі. Соның ішінде «google.com» платформасын пайлана отырып тыңдаушылар тәжірибелік жұмыс барысында «jamboard», «classroom» сервисінде шағын топта жұмыс жасап үйренеді және курс материалдарын, көшпелі тәжірибелік сабақтарын, бейнежазбаларын, модуль тақырыптарын, басшылыққа алынатын нормативтік құжаттарын, ата-аналармен жұмыстарын, әріптестерімен талқылап бірлесіп жасайтын жұмыстарын тіркеп, курстан кейін өз тәжірибесінде қолдануға болатын арнайы осындай дайын «кейстерді» қоржына алып кетеді.

Қорытындылай келе курстан кейінгі қолдау бірнеше бағытта жүзеге асырылады. Олар: семинар, дөңгелек үстел, шеберлік сынып, тәрбиешілердің сабақтарына қатысу. Сонымен қатар, соңғы жылдары «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар мен бейнедәрістердің жыл сайынғы Республикалық конкурсы ұйымдастырылып келеді, шара барысында қатысушылар өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын қарастырады, педагогтерге қолдау көрсету үшін нақты қадамдар белгіленеді. Барлық ұйымдастырылған шаралардан кейін тренерлер филиал сайтына жаңалық орналастырады және сол жерде қатысушылар кері байланыс ретінде өз ой-пікірлерін жазып, оң бағасын береді.

Сапалы жаңа білім берудің кепілі – педагогтердің ынтымақтастық орната білуі, оқу үдерісін бақылауда - ақпараттық-басқару жүйелерін тиімді қолдануы, білім беру технологиялары саласында мықты дағдыларды игеруі, оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгеруі педагогтің кәсіби өсуі болып табылады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!