Материалдар / Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында екі жасар балалардың танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында екі жасар балалардың танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтарына, яғни кіш топ тәрбиешілеріне арналған қысқаша түсініктеме
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы, Кентау қаласы.

МКҚК «Алмагүл» бөбекжай бақшасы

Тәрбиеші,бірінші санатты

Халикова Гульназ Рузбаевна



Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында екі жасар балалардың танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту.

     Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн сайын ойын түрінде және сенсорика ұйымдастырылған іс-әрекеті арқылы іске асырылады.

Мақсаты балалардың танымдық қабілеттерін, білуге құштарлығын, қиялын, зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын дамыту болып табылады.

     Міндеттері:

      қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру;

      түрлі сенсорлық әсерлермен байыту;

      қоршаған ортада бірлесіп әрекет етуді дамыту;

      түрлі балалар әрекеттерінде көз бен қол үйлесімділігін, қолдардың ұсақ моторикасын дамыту;

      заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу.

      Күтілетін нәтижелер:

      үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындайды;

      қимылдарды, қолдың ұсақ моторикасын үйлестіру дағдыларын меңгерген;

      ересектердің нұсқауымен түсі, өлшемі бойынша заттарды табады;

      түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі қасиеттері бойынша салыстырады;

      қарапайым көру-қимыл үйлесімділігін меңгерген;

      көлемі, пішіні, түсі бойынша ұқсас біртекті заттарды топтастырады;

      заттардың көлемін, түсін және пішінін білдіретін сөздерді түсінеді;

      заттардың санын ажыратады (біреу-көп);

      түсі, көлемі, пішіні бойынша заттарды өз бетінше зерттейді және салыстырады.

Сенсорика.Заттар мен құралдарды қолдану дағдыларын қалыптастыру, ауызша нұсқау мен үлгіге сүйене отырып, тапсырмаларды орындауды, қимылдардың үйлесімділігін, қолдың ұсақ бұлшық еттерін, "көз бен қолдың" сенсомоторлық кеңістіктік үйлесімділігін дамыту.

      Өлшемдері әртүрлі геометриялық фигураларды, өлшемі, пішіні, түсі бойынша ерекшеленетін біркелкі заттарды топтастыруды, түрлі көлемдегі геометриялық фигураларды негізгі түсі, неғұрлым ұқсас қасиеттері бойынша салыстыру және іріктеуді жетілдіру.

      Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атау.

      Заттарды түсі, көлемі, пішіні бойынша өз бетінше зерттеу және салыстыруға мүмкіндік беру.Ал енді сенсорика жайлы тоқталсақ.

Сенсорика – бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларды қалыптастырады: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т.б. Мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын. Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез. Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері – есте сақтау, ойлау, елестету – қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымО.Декроли толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.Баланың саусақтарының қимылы немесе ұсақ моториканың жақсы жетіліп дамуы, ол мидың және тілдің жетілуімен тікелей байланысты,

Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатынын байқауға болады.

Сенсорлық ойындар:

1.Ойын «Моншақты қуыршақ» 
Мақсаты: балалардың заттарды дұрыс топтастыруға, моншақтардан алқа жасауға үйрету. 
Құрал- жабдықтар: ағаш немесе шыны 6-6-дан 8 түсті моншақтар, спектр түстерімен киінген 8 қуыршақ. 
Ойын барысы: тәрбиеші балаларға қуыршақтарды алып, олардың бізге қонаққа келгенін айтады.Сосын қуыршақтарды ретімен отырғызады. Бұнда қара көйлекті қуыршақтың қасына қызыл көйлекті қуыршақты, одан тоқсары, сары, жасыл, көк, қою күлгін, ақ көйлекті қуыршақтар отырғызылады. 
Тәрбиеші қуыршақтардың өздеріне моншақ жасау үшін бірге моншақтар мен жіптер әкелгенін, айтады. Бірақ өздері істей алмайды, тәрбиеші балалардың көмектесуін сұрайды. 
Ойын барысында тәрбиеші бұл тапсырманы орындауға қиналған балаларға көмектеседі. 
Моншақты істеп болған соң, ол моншақ келетін қуыршақты таңдауға кіріседі. Тапсырманы орындауға «осындай моншақ», «осы түстес» сөздерін қолдануы керек. 
Тәрбиеші балалардан қызыл көйлекті қуыршақты ұстап, «Бұл қуыршақтың көйлегі қандай түсті ?» - деп сұрағанда дұрыс жауап беретін балаларды мадақтап, осы түсті есте сақтау керектігін айтады. 
Осы сұрақтар мен жауаптарға кемінде 1,5 -2 минут уақыт кетеді.Тапсырманы бітіргенде тәрбиеші балаларды мадақтайды. Бұл ойын 10-12 минутқа созылады. 
Ескерту: Егер моншақтар үлкен болса, өздік жұмыс ретінде беруге болады. 

2. Ойын «Қуыршақтардың ойыншықтарын табалық!» 
Мақсаты: бір түсті, ұқсас ойыншықтарды дұрыс топтастыру. 
Құрал-жабдықтар: 8 орташа қуыршақ, үстерінде 8 түрлі көйлек. 
Ойын барысы: Тәрбиеші спектр түстерінің орналасу ретімен қуыршақтарды көрсетеді (қызыл, тоқсары, сары, жасыл, көк, қою күлгін). Үстел үстіне қуыршақтар орналастырылады. Қара және ақ көйлекті қуыршақтар басқа жақта болады. 
Содан кейін тәрбиеші әр қуыршақтың өзінің ойыншығы бар екенін айтады. Саңырауқұлақтар мен таяқшалар екенін, оларды әрқайсысына тиісті қуыршаққа тауып берулерін айтады. 
Оқытушы әр баланың алдына қуыршақ қойып, оның ойыншығын тапқызады. Бұнда балалар барлық ойыншықтар ішінен таяқшаны таңдап алады. Сөйтіп ойын жалғаса береді. 
Ойын соңында тәрбиеші қуыршақтарды қасына отырғызуын сұрайды. Түстерін атамастан кезекпен балаларды шақырып, тізіп қойғызады. Барлық қуыршақтарды жинап болған соң, тәрбиеші енді ойыншықтарды әкелуді сұрайды. Бірінші саңырауқұлақтарды, сонан соң таяқшаларды әкеледі. 
Бұл ойын 10-12 минут көлемінде болады. 

3. Ойын «Матрешкалардың шәй ішуі». 
Мақсаты: балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, тапсырманы дұрыс орындауға дағдыландыру; үлкен кіші ұғымдарын, ең кіші; зат есімдерді; дұрыс жалғаулар таңдауға; Барыс септігінде сөйлеуге: «Айжанға», «Гүлжанға», «Аружанға», қолдану керек. 
Құралдар:3 түрлі матрешка, 3 түрлі ыдыстар қолдану. 
Ойын барысы: Үлкен матрешкадан 2 кіші матрешканы алып шығыңдар, оларды ретімен қойыңдар. Олардың көлемдеріне қарай дұрыс орналастырыңдар. «Мынау Айжан, мынау Гүлжан, ал мынау Аружан». Мынаны оқыңдар: 
Айжан , Гүлжан және Аружан 
Шәй ішеді ас үйде. 

Содан кейін баладан: «Даулет, үлкен кесені Айжанға берші. Ал Гүлжанға кішірек кесені берші. Аружанға ең кіші кесені берші».Бала айтылған көлемді ыдыстарды орындарына қояды. «Кімде ең үлкен ыдыс? Бала: «Айжанда». «Ал ең кіші ыдыс кімде?» Бала : «Аружанда» деп жауап береді. Осы ретпен келесі ыдыста арқылы ойын жалғаса береді. 

4. Ойын «Шаштараз». 
Мақсаты: заттарды ұстап көру арқылы атау, олардың «жұмсақ, қаттылығын анықтау» сын есімдермен зат есімдерді дұрыс тіркестіру. 
Құрал- жабдық: шаштарының сапасы әртүрлі екі қуыршақ, екі сусабынның қалбырын; көз байлау үшін маска немесе қара түсті шарф. 
Ойын барысы: Балаларды «Шаштараз» ойынын ойнауға ұсыну. Келетін тұрақты келушілердің шаштары әртүрлі жұмсақ және қайратты болатындығын ескертеді. Мұнда қайратты шашты, қайратты шашқа арналған сусабынмен жуамыз, жұмсақ шашты ,жұмсақ шашқа арналған сусабынмен жуу керектігін ескертеміз. 
Балаға ойнауды ұсыныңыз. «Қазір мен саған шаштарды ұстап көргіземін. Сен оны ұстап оның сапасын анықтайсың. Ойынды осы ретте жалғастырып, қорытынды ретінде шашты сапасына байланысты сусабынмен жуғызамыз. 

5. Ойын «Шайға шақыру» 
Мақсаты: Көріністі әр түрлі пішіндермен толықтыру, геометриялық пішіндердің атауларының мағынасын түсіну (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тікбұрыш); геометриялық пішіндерді белсенді түрде қолдану; ыдыс –аяқ атауларын қолдану (кесе, қант салғыш, шәйнек, тамақ салғыш); есте сақтау және назар аударуды жалғастыру. 
Құрал –жабдық: Геометриялық өрнек қолданып, ыдыс –аяқ суретін салу (екі кесе және екі тамақ салғыш); 2 тамақ салғыш өрнексіз; түрлі –түсті қатты қағаздан қиып алынған жинақ (осындай түсті және мөлшер, кеседегідей); ойыншық қонжық және қуыршақ. 
Ойын барысы: Балаға мына санамақты оқыңыз. 
Қуыршақты Қонжық шақырды, 
Шай ішуге қонаққа, 
Бірақ үстел жасамады, 
Қонжыққа көмектес, 
Үстел жасауға. 
Қонжық барлық ыдыс –аяқты шай ішетін ыдыстар жинағынан алынғанын айтыңыз. Балаға шай ішетін үстелді реттеуді тапсырыңыз. Балаға кеседегі өрнек тамақ салатын ыдыс өрнегіндей бөлу керегін ескертуді ұмытпаңыз. Баланың алдына өрнектелген ыдыстарды қойыңыз.: бірінші ыдыс дөңгелек өрнекпен бірдей түсте әр түрлі мөлшерде, екіншісі – шаршы әр түрлі мөлшерде суретсіз. Баладан тамақ салатын ыдыс қалай өрнектелгенін сұраңыз. Әдемі ме? Әлде олар әдемі емес пе? 
Балаға 2 ыдысты өрнектеу үшін қонжыққа көмектесуі керектігін айтыңыз. Баланың алдына түрлі түсті қағаздан қиып алынған шаршы мен дөңгелек бар қорапты қойыңыз. Бала мен қонжыққа ыдысты өрнектеуді тапсырыңыз. 
Ыдыстар геометриялық пішіндермен өрнектелгеннен кейін, балаға тамақ салғанға ыдыс таңдатыңыз. Тағы да балаға тамақ салатын ыдыс өрнектері дәл кеседегідей болу керектігін есіне түсіріңіз. Баланы ыдыс әдемі шыққанын айтып мадақтаңыз. Үстелді жасаңыз. Қуыршақты шақырыңыз. Шай беріңіз. Санамақты оқыңыз. 
Шай іш Маржан. 
Іш, ұялма! 
Нан мен печенье мен 
Бұларды пісірдік біз! 
Нұсқалар: Балаға шай ішкенге печенье мен нан жасауды тапсырыңыз. (шаршы етіп печенье, домалақ етіп нан жасау немесе суретін салу) Басқа да кондитерлік тағамдар жасау, басқа формада –үшбұрышты торт т.б. Кондитерлік тағамдарды атау 

6. Ойын «Қуыршақ» 
Мақсаты: қуыршақтың киімдерін атау: кеңірек кішкентай қуыршақтың киімдерін атауда әдемі жұрнақтар пайдалану. 
Құрал –жабдық: екі қуыршақ (үлкен және кіші); қуыршақтың киімдері бар жинақ (үлкен және кіші мөлшердегі) қораптағы; үлкен және кіші орын жабдықтарымен 2 төсек. 
Ойын барысы: Төсекте ұйықтап жатқан қуыршақтарды балаға көрсетіңіз. Балаға оларды оятуды үйретіңіз. Санамақты оқыңыз. 
Қуыршақтар тұрды ерте 
Киіну керек оларға 
Мен үлкен қуыршаққа арнап 
Таңдамақпын киімді 
Бар жағынан ол үлкен 
Қарашы ол қандай. 
Баланың алдына қуыршақ киімі салған қорапты қойыңыз. Оған үлкен қуыршаққа үлкен киімді таңдатыңыз. Қуыршаққа кигізген әр киімді балаға айтқызыңыз. 
Балаға қуыршаққа киім кигізіп, атаған соң, киінген қуыршаққа караңыз. Баланы жақсы жұмыс істегені үшін мадақтауды ұмытпаңыз. 2-ші санамақты оқыңыз. 
Мен қуыршаққа көмектесемін 
Қуыршақты киіндіремін 
Белдемшесін, кофтасын 
Іш киім және нәскиін 
Барлық киім кішкентай 
Кішкене қыздың. 
Бала кішкене қуыршақтың киімдерін әдемі жұрнақтар қосып айтуына көңіл бөліңіз. 

7. Ойын «Жолдағы машина» 
Мақсаты: Ойлау арқылы сөздердің мағынасын ашу (тегіс – тегіс емес), (кедір–бұдыр ); кішкентай қолдың бейнесін жасау. 
Құрал–жабдықтар: жолға қиылыс жасаңыз; қарама–қарсы келе жатқан, жылтыр тегіс қағаз жабыстырыңыз, жолға көлденең қиылыста келе жатқан, кедір бұдыр қағаз жабыстырыңыз; әр түрлі түстегі және мөлшердегі ойыншық машиналар жиынтығы. 
Ойын барысы: Баланың алдына қиылыс қойыңыз. Онда 2 жол бар екенін айтыңыз. Біреуі қала көшелеріне кіретін, ол тегіс (бала жүргізуші қолдың бас бармағымен сапасын айту тегіс.). 
Екіншісі–ауылдық. Ол кедір–бұдыр (тегіс емес). Балаға ойыншық машиналарды жүргізуді тапсырыңыз. Қай жолмен жүретінін сұраңыз, (мөлшері –ұзын, қысқа) байлаңыз, (немесе маска кигізіңіз). 
Саусағымен жолдардан жүру немесе алдымен тегіс, кейін кедір –бұдыр жолдарды басып, олардың сапасын айту. Көзін ашып, дұрыс- бұрыстығын тексеру. 

8.Ойын «Машиналарды гаражға қой » 
Мақсаты: ауызша басты түстерді айтқызу, (сары,көк, қызыл, жасыл); түсіне қарай машиналарды орналастыру; үш басқа түстерден машиналарды ажырату; 
Құрал–жабдықтар: кубиктер мен кірпіштер басты түстермен (көк, сары, жасыл, қызыл); түсіне қарай ажыратылған ойыншық машиналар. 
Ойын барысы: Егер сізде машина болса, балаға не үшін гараж керектігін есіне түсіріңіз.
Гараж қандай болу керек? Машинаны гаражға қою үшін, нені ашу керек? 
Балаға әр түрлі түстегі құрлыс материалын көрсетіңіз. (2 түстен бастау керек–көк және сары, одан кейін қызыл және жасыл, түстерді көрсету. Бала қатесіз айтса балаға құралдармен және 4 түске бояй беруге болады.). Балаға кірпіштен гараж жасатыңыз. Құрылыстың бірнеше түрі бар (дайын құрылыс, мысал ретінде немесе баланы өз ойы бойынша). Балаға жолда тұрған машиналарды көрсетіңіз. Әр машинаны көрсетіп, түсін қандай екенін сұраңыз. Егер бала сенімсіз жауап берсе, онда басқа нұсқалары бар: сіз машинаның түсін айта отырып, сол түстегі машинаны балаға іздету.
 
Еденге бормен жолдың суретін салыңыз (ол тура немесе әр түрлі болуы мүмкін.). Балаға санамақты тыңдата отырып, ойнауын ескеру, осындай түстегі гаражды табу және машинаны гаражға қою (тура сол түсте).
 
Нұсқалар: Ойынды басқа түстегі машинамен ойнатуды жалғастырыңыз, гараждың есігі машина түсімен бірдей болу керектігін естен шығармаңыз.
 

9.Ойын « Машинаға шам іздеу»
 
Мақсаты: көріністі геомериялық пішіндермен нақтылау, сын есімдерді көпше түрде қолдану (домалақ, шаршы, үшбұрыш);
 
Құрал–жабдық: әр түрлі формадағы шамы бар машина суретімен домалақ, үшбұрыш, шаршы; әр машинаға шамдар.
 
Ойын барысы: балаға екі машина қалай жолда жүрді әңгімесін айтып беріңіз. Жолда жаман сулар пайда болды. Машиналар сол жерден жүріп, лас, кір болды. Машиналар үйге жеткен соң тоқтады., жүргізушілер шамдарын шешіп, тазартуға кірісті. Оларды жуып болған соң, шамды кімдікі екенін білмей, күдіктенді. Жүргізушілерге шамдарын табуға көмектес. Баланың алдына 2 дөңгелек және 2 шаршы шамдарды қойыңыз. Әр шамның мөлшерін айтқызыңыз. Балаға домалақ шамның машинасын табуды сұраңыз(суреттегі мөлшеріне қарап домалақ шамды қою).
 
Егер бала қиналса, онда мөлшерін айта отырып, тапсырманы орындау.
 
Нұсқалар: Серуендеу барысында нақты мөлшердегі шамдарға машина іздеңіз; ойынды шамдары басқа мөлшердегі машиналармен жалғастырыңыз.
 

10.Ойын «Шарларды орналастыр»
 
Мақсаты: Нақтылы түсіне байланысты зат алу; берілген түсіне байланысты, үлкендердің өтінішімен, сын есімдерді дұрыс айту, (сары, көк, жасыл, қызыл); зат есім мен сан есімді байланыстыру қызыл шар.
 
Құрал–жабдықтар: Кәмпиттің қорабы домалақ ұяшықтарымен
 
(4 түске байланысты, ұяшық саны да 4 болуы керек); әр ұяшықта түрлі түсті қағаздан жасалған осындай түстегі дөңгелектер болуы тиіс.
 
Ойын барысы: баланың алдына кәмпиттің қорабын қойыңыз.Әр дөңгелекті балаға көрсете отырып, қандай түс екенін сұрау. Егер балаға қиын болса, онда оңай орындалатын тапсырманы орындау. 2 түсті дөңгелегі бар қорапты алыңыз (түстер сыңарларына байланысты айтылады. Көк және сары, қызыл және жасыл, ең қиын нұсқасы - 4 түсті бір мезгілде айту). Шарлардың түстерін өзіңіз айтыңыз. Ойынды қораптағы барлық ұяшық шармен толтырылғандға дейін жалғастырыңыз.
 
Нұсқалар: ойынды жүргізу барысында тапсырманы түрлендіріп отыруға тырысыңыз: алдымен шардың түсін қиындатыңыз, одан кейін сурет
бойынша жалғастырыңыз. 



Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!