Материалдар / «Мектепке дейінгі мекеме балаларының қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастырудағы дене тәрбиесі жаттығуларының маңызы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мектепке дейінгі мекеме балаларының қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастырудағы дене тәрбиесі жаттығуларының маңызы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесі жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары. Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикадағы дене тәрбиесі мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер жеткілікті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2022
330
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мектепке дейінгі мекеме балаларының қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастырудағы дене тәрбиесі жаттығуларының маңызы»


ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ


Дене тәрбиесі жүйесі қызметінің негізгі бағыттары мен шарттары. Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикадағы дене тәрбиесі мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жүмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу.

Бұл мақсат төмендегі жалпы міндеттерге негізделеді:

Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және дене шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім беру;

Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту;

Тәрбиелік міндеттер – мектепке дейінгі балаларға адамгершілік, жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпы адамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады.

Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.

Мектепке дейінгі балалардың денсаулығының мықтылығы, салауатты өмір сүруі балабақшадағы ұйымдастыру жұмысына жауапты адамның теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты. Осыған орай балалардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне сай болуы тиіс.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру ерекшеліктері

Мектепке дейінгі ұйымдарда бала тәрбиесіне қажетті алуан түрлі жұмыстар атқарылады, соның ішіндегі маңызды бір саласы дене тәрбиесі болып табылады. Дене тәрбиесі бойынша жұмыс түрлерінің балалардың денсаулығына, дене бітіміне, ойлай білу қабілетін дамытуда маңызы ерекше.

Басты міндет, балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесін берудің мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту, денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, өйткені бұл кезде баланың дамуына қолайлы жағдай жасалса, бала денесі тез жетіліп өседі. Мектепке дейінгі шақта бала ағзасы әлсіз, әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмайды, сондықтан оны аурудан сақтап, денсаулығын нығайтуда, қимыл әрекетін дамытуда, мәдени-гигеналық дағдысын, әдетін қалыптастыруда дене тәрбиесінің мәні ерекше.

Міне, осындай мақсат көздейтін дене тәрбиесінің негізгі міндеттері:

1) баланың денсаулығын сақтау және нығайту;

2) мәдени-гигеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру;

3) бала денесін шынықтыру;

4) балалардың жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру сияқты негізгі қимыл әрекеттерін дамыту.

«Денсаулық» білім беру мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде денсаулық сақтау құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған:

өзінің дене күш-қуатының саулығын ойлауға және тіршілік іс-әрекетінің қауіпсіздік ережесін сақтауға;

қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгеруге;

түрлі оқиғаларға қатысты өзінің эмоциялық күйін білдіруге;

денсаулық сақтау негіздері мен жеке бас гигенасының дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.

Дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті - балаларға дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл-қозғалысқа үйрету мен дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады.

Қимылды дамытуды жоспарлағанда мынадай жалпы қағидаларды ескеру керек:

1) жаттығуларды, ойындарды, еңбек тапсырмаларын таңдағанда баланың қолынан келетін, оларды қызықтыратын, бүкіл ағзасының дамуына түгел ықпал жасайтын, бұлшық еттердің қимыл әрекетіне әсері барын сұрыптап алу;

2) ойындар мен жаттығулар еңбек тапсырмаларын орындауға, жүру, жүгіру, лақтыру, секіру, өрмелеу сияқты қимылдардың дамуына ықпал ететін, дұрыс дағдыны қалыптастыратын болуы керек;

3) физиологиялық жағынан әлсіз бұлшық еттерді нығайту, баланың тұлғасын дұрыс қалыптастыруға себепкер болуы керек;

4) ұжымда жұмыс істей білуге жетілуін қамтамасыз етуге тиіс.


Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары.

Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуын іс-әрекетінің тәрбие-білім беру комплексі болып табылады, бұл іс-әрекетің негізі баланың қимыл белсенділігінен құралады. Бұл формалардың жиынтығын балалардың толық дәрежеде денесін дамыту және денсаулығын нығайту үшін қажетті белгілі бір қимыл режимін құрайды.

Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады: 

1) денешынықтыру ҰОҚ;

2) денешынықтыру-сауықтыру шаралары (ертеңгілік гимнастика, сергіту сәті, дене жаттығуларымен ұштастырылған шынықтыру процедураллары);

3) балалардың дене тәрбиесіжөніндегі күнделікті жұмыс (қимыл - қозғалыс ойындары, серуендер, жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан түрлерімен өз беттерінше айналысу, мейрамдар). 

Бұл формалардың барлығы бәрі дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, өзара байланысты болады: олардың әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар, олар мектепке дейінгі мекеменің күн режиміндегі міндеттің орнын анықтайды. Балабақшаның түрлі топтарындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының арақатынасы балалардың жасын және жеке басты-типологиялық ерекшелігін олардың дене дайындығы дәрежесін, сондай-ақ белгілі бір топтың және бүкіл мекеменің нақты жағдайын ескере отырып, тәрбие-білім беру міндетімен анықталады. 

Дене жаттығуларымен ұштастырылған процедуралар неғұрлым тиімді болады. Бұлшық еттердің ширақ жұмыс істеуі жылжу ретеу процесін жетілдіруге және сол арқылы организмнің қоршаған сырттқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Шынықтыру процесінде организмнің терең өзгеруі іске асады, ал егер бала ширақ болса, ол өзгеріс табиғи әрі қарапайым жүзеге асады.

Балабақшада дене бітімінің жан-жақты дамыту жағдайы

Дене тәрбиесі балалардың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік тудырады.

Балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны жүргізілуіне, дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушы күші, гигиеналық және әлеуметтік-тұрмыстық факторлар қолданылады. Дене жаттығуы-дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды. Дене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл-әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан-жақты жетілуіне ықпал етеді. Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Ол мынадай түрлерге бөлінеді.

Балабақшаға таңертеңгі келген уақыттан бастап күн тәртібі бойынша сауықтыру шараларын (Таңғы жаттығу, қимылдық ойындар, сергіту сәттері, серуен кезіндегі спорттық ойындар мен жаттығулар, спорттық мерекелер, ойын-сауықтар) өткізуге тиіспіс. Дене шынықтыру оқу іс-әрекеті балаларды қимылға үйретудің негізгі қалыбы болып табылады. Ол әрбір жас топтарында аптасына 3 рет өткізіледі.

Оқу іс-әрекет мынадай құрылымда өтіледі. Кіріспе бөлімде жүру, жүгіру түрлері, секіру жаттығулары, сапқа тұру орындалады. Жүру, жүгіру түрлері кезектесіп тұруы керек 3-4 минут. Негізгі бөлімде жалпы жетілдіруші жаттығулар орындалып, негізгі қимылға дайындық жұмысы жүргізіледі 3 негізгі қимыл жоспарланады. Оның 2-уі бұрынғы жаттығулар қайталанса, 1- жаттығулар жанадан жоспарланады. Жаңа оқу іс-әрекет тақырыбы жылдық жоспардан алынады. Дене шынықтыру негізгі оқу іс-әрекеті болғандықтан ертеңгілік мезгілде өткізіледі. Дене шынықтыру өткізілетін орын ауа-райы жылы кезде ауада, қыс мезгілдерінде залда өтіледі. Дене шынықтыру басталардан бұрын залдың едені сүртіліп, құрал-жабдықтар дайындалады. Негізгі бөлімнің бір бөлшегі қимылдық ойын.

Таза ауадағы дене шынықтыру 5-бөлікке бөлінген жүгіруден, жеке және топталған әдістерден тұратын ерекше қозғалыстардан таңдалған спорттық ойындар мен эстафеталардан тұратын қимыл-қозғалыстың белсенділігімен өткізіледі. Таза ауадағы дене шынықтыруда балалардың жаттығуларға деген белсенділігін төмендетпес үшін оларға көп ауыртпалық түсірмеуге, дұрыс демалуларына көңіл бөлеміз. Таза ауадағы дене шынықтыру балалардың тек қана денесін шынықтырып емес, сондай-ақ тәрбиелік мәні бар білімін ұштастыруға септігін тигізеді. Бірін –бірі сыйлау, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде мәні зор. Спорттық ойындар арқылы балаларды төзімділікке, қайратты шымыр болуға баулу қажет.

Психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті

Емдік дене тәрбие нұсқаушысы: Кайрбеков Ж.Ә.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!