Материалдар / «Мектепке дейінгі мекемеде Кюизенер таяқшаларын қолдану»

«Мектепке дейінгі мекемеде Кюизенер таяқшаларын қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі кезең баланың танымын дамытатын кезең болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Мектепке дейінгі жас - танымдық қабілеттің қарқынды даму жасы. Мектепке дейінгі дидактикада баланы дамытудың әртүрлі материалдары қолданылады. Дегенмен, бала ақылының дамуына арналған, соның ішінде математикалық, ойлау қабілеттігін дамытуда ең маңызды деген материалдарды бір қалыпқа келтіріп қалыптастыру мектепке дейінгі оқыту барысында кез-келген маманның қолынан келе бермейтін күрделі шаруа.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2023
185
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мектепке дейінгі мекемеде Кюизенер таяқшаларын қолдану»


Түркістан облысы Жетісай ауданының

адами әлеуетті дамыту

бөлімінің әдіскері,

тәрбиеші А.Абдужаббарова

Кюизенер таяқшалалары бүкіл әлемге танымал дидактикалық құрал. Оны Бельгиялық математик Х.Кюизенер жасаған. Кюизенер таяқшаларын педагогтар балалармен жұмыс кезінде математикалық білімдерін дамыту үшін қолданған. Бұл таяқшаларды сәбилер тобынан бастап, ересек топтарға дейін қолдануға болады. Кюизенер таяқшаларын түрлі-түсті таяқшалар, түрлі-түсті сандар, түрлі-түсті жолақшалар, санамақ таяқшалар депте атайды.

Х.Кюизенер таяқшаларын басқа әдістемелік құралдарымен, дидактикалық құралдарымен ұштастыруға болады. Бұл таяқшалар басқа да дидактикалық құралдар сияқты балаларда математикалық білімдерін дамытып, жетілдіруге арналған. Таяқшалар педагогтардың негізгі құралы ғана болып саналмайды, ол балалардың оқу – таным құралы.

Мектеп жасына дейінгі кезең баланың танымын дамытатын кезең болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Мектепке дейінгі жас - танымдық қабілеттің қарқынды даму жасы. Мектепке дейінгі дидактикада баланы дамытудың әртүрлі материалдары қолданылады. Дегенмен, бала ақылының дамуына арналған, соның ішінде математикалық, ойлау қабілеттігін дамытуда ең маңызды деген материалдарды бір қалыпқа келтіріп қалыптастыру мектепке дейінгі оқыту барысында кез-келген маманның қолынан келе бермейтін күрделі шаруа.

Мектепке дейінгі мекемеде баланың танымдық қабілетін дамытып, арттыруда Кюизенер таяқшаларының маңызы зор. Кюизенер таяқшалалары бүкіл әлемге танымал дидактикалық құрал. Оны Бельгиялық математик Х.Кюизенер жасаған. Кюизенер таяқшаларын педагогтар балалармен жұмыс кезінде математикалық білімдерін дамыту үшін қолданған. Бұл таяқшаларды сәбилер тобынан бастап, ересек топтарға дейін қолдануға болады. Кюизенер таяқшаларын түрлі-түсті таяқшалар, түрлі-түсті сандар, түрлі-түсті жолақшалар, санамақ таяқшалар депте атайды.

Х.Кюизенер таяқшаларын басқа әдістемелік құралдарымен, дидактикалық құралдарымен ұштастыруға болады. Бұл таяқшалар басқа да дидактикалық құралдар сияқты балаларда математикалық білімдерін дамытып, жетілдіруге арналған. Таяқшалар педагогтардың негізгі құралы ғана болып саналмайды, ол балалардың оқу - таным құралы.

Жинаққа сипаттама. Жинақ пластмасс призмалардан тұрады, олардың түсі мен формасы әртүрлі. Жинақ құрамында 241 призма бар. Ең кішкене призма 10мм, кубик пішінді. Жинақ құрамына кіреді: ақ - саны 1 - 25 шт қызғылт - саны 2 - 20 шт көгілдір - саны 3 - 16 шт қызыл - саны 4 - 12 шт сары - саны 5 - 10 шт күлгін - саны 6 - 9 шт қара - саны 7 - 8 шт қою қызыл - саны 8 - 7 шт көк - саны 9 - 5 шт тоқсары - саны 10 - 4 шт.

Түстерді таңдау жинақты қолдану мақсатын жеңілдетеді. 2,4,8 таяқшалары қызылдар отбасын құрайды, 3,6,9 таяқшалары көктер отбасын құрайды, сарылар отбасын 5 және 10 құрайды. Таяқшаларды бір отбасына жинау - бұл таяқшалардың көлемдерінің қатынасына байланысты. Мысалы: Қызылдар отбасына екіге бөлінетін, көктер отбасына үшке бөлінетін, сарылар отбасына беске бөлінетін таяқшалар кіреді. Ақ түсті кубик - бұл «ақ түстілер» бүтін сандар отбасына жатады, және кез келген таяқша ұзындығына келеді. Ал 7 саны қара түспен белгіленген ол бөлек отбасын құрайды.

Әр жинақтың ережесі болады: неғұрлым ұзын таяқша болса онда оның білдіретін саны да көп. Таяқшалар боялған түстер сандық қатынастарға байланысты, қарапайым натурал қатарын анықтайды. Әрбір таяқша - бұл сан, яғни түспен көлемді білдіреді.

Түрлі - түсті таяқшалар көмегімен балаларды көп - аз, соншалықты көп - аз қатынасын түсінуге жеңіл жеткізеді, қасиеттік қатынасқа танзитивті таныстырады, бүтінді бөліктерге бөлуге және белгілі өлшеуішпен объектіні өлшеуге, осы тәжірибелік әрекет процесінде, кейбір қарапайым атқарымдылық тәуелділік түрлерін игеруге үйретеді, сандық құрамы бірлік пен аз саннан екенін есте сақтауда жаттығу жасау, сандарды қосу, көбейту, азайту, бөлуге қисындатуға әкеледі.

Сонымен қатар, таяқшалармен ойнай, балалар «сол», «ұзын», «арасында», «әрқайсысы», «соның ішінде біреуі», «кез - келген», «бір және сол түсте болу», «көгілдір түсте емес болу», «бір ұзындықтың бары» және т.б. түсініктерді игереді.

Қорыта келгенде, Кюизенер таяқшалары ол тек ғана дидактикалық құрал емес, бұл балалардың оқу - таным құралы және педагогтардың балаларға математикалық білімдерін меңгерту құралы. Бұл таяқшалармен жұмыс кезінде балалар тек сан мен санауды ғана меңгермейді, сандармен түстердің қатынасын меңгереді. Бұл әдістеменің маңызы өте зор.


Жалпы «Кюизенер» таяқшаларының мақсаты: Баланың даму деңгейін, пішін, сан, түс, көлем туралы түсінігін анықтау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Міндеттері:

1.     Таяқшалардың қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту.

2.     Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

3.     Ойын арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру.

Кейбір ата-аналар таяқшаға сандарды жазады ол дұрыс емес неге? дейсіздер ғой. Өйткені бала өзі оны өлшеп білу керек, қай сан екенін және өлшеу арқылы олар өздері санмен танысады. Содан соң өздері есеп құрастырады сол таяқшалар арқылы. Егер жасаған таяқшаларға артына магнит жасап қойса ол өте жақсы, магнитпен таяқшада жұмыс жасауға болады және балаларға қолдануға қолайлы. Таяқшалардың өздеріне арналған қорапшаларға сақтау керек түстеріне байланысты. Ол және балаларға да ыңғайлы балалар жұмыс жасап болған соң әр түсті өз орындарына қояды. Балалардың математикалық және шығармашылығын дамыту үшін Кюйзердің таяқшалары қолданады. Кюйзенер деген бельгиялық математик сол кісі осы таяқшаларды ойлап шығарған үшін сол кісінің атымен аталған.

Сол таяқшалар арқылы балалардың қол моторикасы дамиды есте сақтау қабілеттері, салыстыру ұзын, қысқа және түстерді ажыратады екен. Таяқшалар бірнеше түстен тұрады әртүрлі түс, әртүрлі ұзындығы, сол арқылы балалар сандарды естеріне сақтайды және есеп шығарады.

Кюйзенер таяқшаларымен қалай жұмыс жасауға болады?

Таяқшалармен көп тапсырма орындауға болады. Тапсырмалар блок арқылы өткізуге болады.

2-3 жастағы балаларға жайғана түстермен таныстыру егер бала түстерді жақсы естеріне сақтаса сонда математика сабағына таяқшаларды қолданындар.

Санды айт”

Тәрбиеші кез-келген санды айтады бала сол санға байланысты таяқшаны көрсетеді. Керісінше, тәрбиеші таяқшаларды көрсетеді, бала санды атап шығады. Бала шатыспау үшін сандарды рет-ретімен айтып шығу керек 1-10 дейін. Содан соң тапсырманы біраз қиындатуға болады. Содан соң есеп шығару.

Қорыта келегенде Кюизенер таяқшалары ол тек ғана дидактикалық құрал емес, бұл балалардың оқу-таным құралы және педагогтардың балаларға математикалық білімдерін меңгерту құралы. Бұл таяқшалармен жұмыс кезінде балалар тек сан мен санауды ғана меңгермейді, сандармен түстердің қатынасын меңгереді. Бұл әдістемелік құралдың маңызы өте зор.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ