Мектепке дейінгі ұйымда
дене тәрбиесі сауықтарының түрлері мен
маңызы.
Мектеп жасына дейінгі баланың
денесін шынықтыруды зерттеген белгілі ғалымдардың бірі
Т.И. Осокина « дене шынықтыруды
педагогикалық ықпалмен мақсатты жүргізгенде нақты нәтижеге жетіп,
бала денсаулығы нығайып, жалпы шыдамдылығы, жұмыс жасау қабілеті
артып, жеке тұлға болып қалыптасып, жан-жақты дамуына әсерін
тигізеді деп көрсетеді.
Балабақшада дене тәрбиесін
ұйымдастыру формалары:
-
Дене тәрбиесі сабағы, күн
тәртібі бойынша сауықтыру шаралары (таңертеңгілік жаттығу, қимылды
ойындар, серуендегі спорттық жаттығулар, сергіту сәттері, ауладан
тыс жерге саяхат, спорттық мерекелер,
ойын-сауықтар).
2. Балалардың өз бетімен
қимыл-қозғалыстары. Күнделікті күн тәртібіне сәйкес
шынықтыру.
Оқу жылының басында мектепке
дейінгі мекемелерде балаларды сауықтыру мақсатында
медициналық-педагогикалық бақылау өткізіледі,онда әр баланың
жекеленген ерекшеліктері айқындалады. Мекеме мамандары күні бойы
өткізетін арнайы іс-шаралар әзірлеп, сабақтардың көлемін
анықтайды.Сабақты әзірлеген уақытта дене шынықтыру-сауықтыру
сабақтарында қозғалысқа өте көп көңіл бөлінеді. Бұл кешенді
таңертеңгі жаттығулар, қозғалыс ойындары,таза ауадағы серуендегі
физиологиялық жаттығулар, сергіту
сәттері.
Дене шынықтыру сабақтары
мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Онда
жаттығулардың тізімдері, түрлері, сонымен бірге сабақта теориялық
білімді меңгерудің мазмұны берілген. Дене тәрбиесі сабақтарында
балалардың қозғалу белсенділігін ақыл-ой іс-әрекетіне сәйкес жүзеге
асырудың негізгі педагогикалық талаптары қарастырылған. Сабақтың
нәтижелі болуы түрлі жаттығуларды дұрыс іріктеп ала білуге, олардың
кезектесіп өтуіне және гигиеналық жағдайды сақтауға байланысты.
Дене тәрбиесі сабақтары тұтас педагогикалық принциптері мен
заңдылықтарының талаптарына сәйкес
құрылады.
Дене тәрбиесінің негізгі
құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт,
табиғи факторлар жатады.
Дене жаттығулары — бұл саналы
түрде орындалатын қимылдар және
қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан
айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады, буын сүйектерін
қозғалмалы етеді, жалпы жұмыс қабілетін жақсартады. Дене
жаттығулары бүкіл организмнің дамуына, жетілуіне қолайлы ықпал
жасайды.
Гимнастика. Мұның бірнеше
түрлері бар: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттық
гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік
гимнастика, өндірістік және емдік
гимнастика. Балалардың дене тәрбиесінде негізгі гимнастика үлкен роль
атқарады. Осы гимнастика бойынша дене жаттығулары дене шынықтыру
бағдарламасының басты бөлімдерін құрайды. Негізгі гимнастика
құрастыратын жаттығулар: саптағы қозғалыс, жалпы дамыту жаттығулары
(әр түрлі бұлшық ет топтары мен буындар қимылы), музыка арқылы
орындалатын ерікті жаттығулар, қимылдың билеу формалары, қимылдың
тұтас табиғи формалары (жүру, жүргізу, қарғу, өрмелеу т.б.).
Негізгі гимнастика көбінесе дене шынықтыру сабақтарыңда
пайдаланылады.
Ойын балалар өмірінде үлкен
орын алады. Дене тәрбиесінде қозғалыс ойындары пайдаланылады.
Қозғалыс ойындары Балалардың ептілік, тапқырлығын, өзін-өзі
билеушілігін дамытады, қозғалтқыш дағдыларын
жетілдіреді. Мұндай ойындар балаларды жылдамдыққа, төзімдікке
тәрбиелейді. Дене тәрбиесінде оқу бағдарламасына сәйкес спорттық
ойындар: футбол, баскетбол, волейбол, қол добы, теннис
пайдаланылады. Балалар әрбір ойынның тәсілдерін зерттеп
үйренеді.
Туризм дене тәрбиесінде
серуен, саяхат, туристік жорық түрінде пайдаланылады. Туризмге
Балалардың барлығын қатыстыруға болады. Туризм балаларды
төзімділікке, ұжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы
жағдайларда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге
тәрбиелейді. Спорт біздің елімізде бірыңғай бағдарлама және ережелер
бойынша өткізіледі. Спорттың көптеген түрлерін атауға болады. Олар
— жеңіл атлетика, гимнастика, шаңғы спорты, жүзу, туризмнің
спорттық түрлері т.б.
Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдардың бірі — табиғат
факторлары. Күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау сауықтыру
ретінде пайдаланылады. Табиғат факторларын балаяардың сауықтыру
жұмысы кезеңінде пайдалану өте тиімді болады. Қала жағдайында
балалар үшін алаңдар жасалады, парктер, стадиондар, бассейндер,
туристік-экскурсиялық базалар пайдаланылады. Қала сыртында
балалардың жақсы демалуы және денсаулығын нығайту үшін кәсіподақ,
спорттық, туристік, жас техниктер және жас натуралистер лагерьлері
ұйымдастырылады. Олар табиғаты қолайлы жерлерге
орналастырылады. Балалардың сауықтыру жұмыстарын қоғамдық пайдалы еңбекпен
үйлестіріп жүргізудің үлкен тәрбиелік мөні бар. Мысалы, туған
өлкенің табиғи байлығымен танысу, орман шаруашылығын, қорықтарды,
бассейндерді қорғау, кейбір жеңіл-желпі ауылшаруашылық жұмыстарын
шефке алу т.б. Сонымен балабақшада дене тәрбиесі жұмыстарының барлық
түрлері балалардың жас ерекшеліктеріне арналған оқыту
бағдарламаларына сәйкес
жүргізіледі.
Өмірге қажетті дағды және іскерлік табиғи қозғалыстың
барысында қалыптасады. Табиғи қозғалыстың түрлері: жүгіру, қарғу,
жүзу, лақтыру, шаңғы, коньки, велосипед тебу, акробатика, снарядта
жаттығу т.б.
Жас адамның денесі түрлі жаттығулар көмегімен ширап,
дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік сияқты адам
қабілеттерін дамыту балалардың қозғалтқыш тәжірибесін байытады,
дене қозғалысын үйлестіреді. Мысалы, жылдамдық ең қысқа мерзімде
қимылды орындау қабілеті, ал ептілік адамның жаңа қимылдарды тез
игеру және жағдайдың өзгеруіне байланысты нақты шешім қабылдау
қабілеті.
Дене жаттығулары саласында ырғақ, жеке гигиена, дене
шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады. Дене жаттығу
жұмыстарында күн ырғағы, дене жаттықтыру, организмді шынықтыру,
тамақтану гигиенасы, ұйқы т.б. жөнінде балалар нақты білім алуы
тиіс.
Дене жаттығулары ең басты күн
ырғағын, яғни, еңбек, демалыс, тамақтану, ұйқы, бос уақыт ырғақтары
дұрыс ұйымдастыруды талап
етеді.
Негізгі ырғақтар қатарына әр
түрлі іс-әрекеттері түрлерінін ұзақтығы, және олардың кезектесуі,
белсенді демалыс, тамақтануды реттеу, ұйқының ұзақтық мерзімі
жатады. Ырғақтық кезеңнің кезектесуін сақтау, организмде белгілі
ритмнің және шартты рефлекстер тізбегінің пайда болуын қамтамасыз
етеді. Бұл жағдай балалардың денсаулығына және олардың жалпы жұмыс
қабілетіне қолайлы ықпал
жасайды.
Балалардың қимыл-қозғалыс
қабілеттілігін арттыру әдістемесінде көптеген мәселелер ғылыми
аспектіде толығымен қарастырылмаған. Әсіресе, бұл әр түрлі жастағы
балалардың жас және жыныс, әрі дене даярлығы дәрежесінің факторлық
құрылымында айқын байқалады.
Дене тәрбиесінде қажетті
жағдайлар: балалардың күтімі мен өсуіне қолайлы мәдени – гигиеналық
жағдай жасау, дұрыс жасалған күн тәртібі, тамақтандыру, дененің
тазалығы, баланың жасына және ауа райына жылы-жайлы киіну,
гимнастика және қимылды ойындар ойнату, ұйқысын ұйымдастыру,
серуенге шығау, күнді, ауаны, суды тиімді пайдалану. Шынықтыру
құралдары: ауа, су, күн. Күнделікті өмірде тәрбиеші бұларды
сауықтыратын процедура түрінде , ауа және күн ваннасын, шомылу,
сулы шүберекпен ысқылану, үстіне суық су құйыну түрінде
пайдаланады. Басқа тәрбие салалары сияқты балабақша дене тәрбиесін
ұйымдастыру барысында да балабақша меңгерушісі жауапты. Ол балалар
өмірінің күн тәртібін жасауға, оның орындалуын бақылауға,
тәрбиешілердің жұмыстарын тексеруге тиіс. Балалармен жұмысты
тікелей тәрбиеші жүргізеді және олардың өміріне , денсаулығына,
дамуына дербес жауап береді.
Меңгеруші мен тәрбиеші
балалармен жұмысты медбикемен тығыз бірлікте жүргізеді. Тәрбиеші
үнемі балалар арасында болып, оларды бақылайды, іс-әрекет барысында
басшылық жасайды, байқағандары жайында дәрігермен кеңесе отырып,
сауықтыру шараларын жасайды. Олар келісе отырып күн тәртібін
түзеді.
Мектеп жасына дейінгі
балаларға дене тәрбиесін беру негізіне мыналар жатады: балалар
күтімі және өсуіне қолайлы мәдени-гигеналық жағдай жасау, дұрыс
жасалған күн тәртібі, тамақтандыру, дененің тазалығы,баланың
жасына, ауа-райына ыңғайлы киінуі, гимнастика және қимылды ойындар
ойнату, ұйқысын ұйымдастыру, серуенге шығару, күнді, ауаны, суды
тиімді пайдалану. Балабақшаның түрлітоптарындағы дене тәрбиесін
ұйымдастыру формаларының арақатынасы балалардыңжасын және жеке басы
типологиялық ерекшелігін олардың дене дайындығы дәрежесін,сондай-ақ
белгілі бір топтың және бүкіл мекеменің нақты жағдайын ескере
отырып,тәрбие-білім беру міндетімен анықталады. «Денсаулық»
білім
беру мазмұны білім беру
қызметінің нәтижесі ретінде денсаулық сақтау құзыреттілігін
қалыптастыруға бағытталған:
– қимыл-қозғалыс дағдыларын
меңгеруге;
– түрлі оқиғаларға қатысты
өзінің эмоциялық күйін білдіруге;
– денсаулық сақтау негіздері мен
жеке бас гигенасының дағдыларын меңгеруге мүмкіндік
береді.
Мектеп жасына дейінгі балаға
дене тәрбиесін беруде қимылды ойындардың орны ерекше. Қимылды
ойындар бұлшық еттерді ғана іске қосып қоймайды, баланың бүкіл
ағзасының, ішкі құрылысының қызметін, зат алмасуын күшейтіп,
психикасының дамуына да ықпал етеді, жалпы денсаулығын нығайтады.
Қимыл әрбір іс-әрекеттің негізін құрайды, тиімді ұйымдастырылған
қимыл икемділікке, күштілікке, үйлесімділікке, әдемілікке баулиды,
жұмыстың табысты болуын қамтамасыз етеді. Дене
шынықтыруды
қимыл-қозғалыс ойындары арқылы
жүзеге асыру балалардың дене мүшелері мен көңіл-күйлеріне қатты
әсерін тигізеді. Қимыл-әрекетке толық жағдай жасаудың, барлық бала
ойыннан қуаныш табуға мүмкіндік жасаудың маңызы зор. Ойын
барысындағы іс-қимылды дұрыс сапалы түрде балаға жеткізіп бірнеше
рет қайталап әдетке айналдырғанда, бала ағзасындағы зат алмасу
артып, жүйке жүйесі белсенділігін танытып, қан айналымы жақсарады.
Қозғалыс барысындағы жиі демалудан бала ағзасындағы оттегіге деген
қажеттілік артады. Дене шынықтырудың арқасында баланың көңіл-күйі
жоғарылап, жүйке жүйесі бекиді. Дене шынықтыру нәтижесінде бала
өзінің іс - әрекетіне және топтық тәртіпке үйреніп, оның ережесіне
бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына,
төзімді болуына, тәртіпті сақтауына септігін тигізеді. Дене
жаттығулары - дене тәрбиесінің негізі болып табылады. Дене
жаттығулары баланың жас ерекшелігіне сай өзгеріп күрделене түседі.
Жас шамасына қарай күрделене түскен жаттығулар өз құрамына
күнделікті тұрмыстан, адам еңбектерінен, әскери қимыл
қозғалыстардан сонымен қатар спорт түрлерінде кездесетін қозғалыс
түрлерінен алынатын жаттығуларды енгізеді. Жаттығу кезінде баланың
барлық тірек-қимыл мүшелері жұмыс жасап, барлық мүшелерінің
іс-қимылдары дамып, жүрек, тыныс алу және жүйке жүйелерінің қызметі
арта түседі.