Материалдар / МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
282
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1









Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану



Дайындаған: Чуйшбаева Ауес.









Ақтау қаласы

2021жыл























Ақтау қаласы

2015 жыл





















































Кіріспе

Қазіргі кезде  толғандыратын өзекті мәселелердің ең негізгісі – еліміздің болашағы. Еліміздің өркен жайын кеңге сермеуі үшін басты мәселе жас ұрпақтың білімді де тәрбиелі болып жетілуі екені белгілі.
Балабақша– келешек ел басқарар, жер – суына иелік етер, ел – халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты  сатысын қалайтын киелі ұя. «Аулына қарап, азаматын таны» дейді халық даналығы. Жас ұрпақтың иманжүзді білімдар азамат болып өсуі, ең алдымен, ата-анасы, одан соң білім алар алтын ұясы және қоршаған ортасына байланысты. Балабақша - бұл бала тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан балабақша-баланы тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Президенттің жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі балабақша жағдайындағы  білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны  игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл тәрбиеші болуын қажет етеді.

     Қоғам талабы – заман талабы, өйткені «Әр адам - өз заманының баласы», сәбиді есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден бір парызы.Сондықтан қазіргі балабақшадағы оқу-білім беруге арналған инновациялық қызмет-мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби дамуының  ең басты факторы болып отыр.

  «Инновация» терминi латын тілінен алынған, ол — «жаңару, өзгеру»    дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дегендi бiлдiрдi. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, педагог пен бала бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

Қазіргі заман инновациялық қызметі-  балабақша балалармен жұмыс істеуде   инновациялық технологиялар ,әдістер, балалардың психологиясы мен педагогикасын терең білуі  педагогтарға нақты бір жетістіктерге жетуге көмектеседі. Нақтылап айтқанда балаға білім мен тәрбие беруді саналы-сапалы етіп қызығушылықтары мен өміршеңділігін арттырады деп айтуға болады.

Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану

Біз даналықты үш жолмен үйренеміз: 

Ойлану - ең ізгі жол; 

Еліктеу – ең жеңіл жол; 
Тәжірибе жолы – ең ауыр жол.  Е.Спиноза 


Қазіргі таңда мектепке дейінгі орындарда инновациялық технологияны ендіруге көптеп күш жұмсалады. Сол себепті мектепке дейінгі ұйымдарда педагогтардың негізгі міндеті: әдіс тәсілдерді дұрыс таңдау,жаңаша педагогикалық технологияларды дұрыс қолдана білу,жеке тұлғаның дұрыс дамып қалыптасуы үшін ыңғайлы жағдай жасау. Мектепке дейінгі білім беру орындарында, педагогикалық технологиялар мектепке дейінгі білім беру стандартын жүзеге асыруға бағытталған. 
Педагогикалық технологияда ең маңызды жағы білім беру мен тәрбие жүйесінде ересектер мен балалардың қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас жасауда үлкендер жағынан балаға мынадай жағдай туғызу қажет: «Бала біздің болашағымыз, қоғамыздың азаматы». 
Оның мақсаты: Баланы жеке тұлға етіп қалыптастыру. 
Қазіргі таңдағы білім беру технологиясының қатарына мыналар кіреді: 
-Денсаулық сақтау технологиясы. 
-Жобалы-іс шығармашылығы. 
-Ізденіс-шығармашылық технологиясы. 
-Қатынастық-ақпараттық технология 
-Жеке тұлғаға бағыттау технологиясы. 
-Баламен тәрбиеші портфолио технологиясы. 
-Ойын технологиясы. 
-Триз технологиясы және т.б. 

Денсаулық сақтау технологиясы. 
Денсаулық сақтау технологиясының мақсаты: Баланың денсаулығын нығайтуға,білім дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары,баланың денсаулығы мен оның дене бітімінің қалыптасыуна үлкен үлес қосады. Қазіргі таңда адамдардың даму жағдайында оның денсаулығын қалыптастыруда реттік жүйесіз мүмкін емес. 
Денсаулық сақтау педагогикалық технологиясын мына төмендегілермен тығыз байланыста болады: 


-Мектепке дейінгі мекемелермен. 
-Ондағы балалардың күнделікті қатынасуы. 
-Тәрбиешілердің жұмыс бағдарламасы. 
-Мектепке дейінгі ұйымдардағы іс-шаралар. 
-Педагогтың кәсібі құзіреттілігі. 
-Балалардың денсаулық көрсетілімі. 

Денсаулық сақтау технологиясы мынадай топтарға жіктеледі: 
Әдістемелік-профилактикалық: медбикенің жетекшілігі мен медициналық талаптардың нормасына байланысты. Медициналық құралдарды қолдану және балалардың тамақтануын қадағалау, алдын алу іс-шараларын жүргізу. 
Сауықтыру-шынықтыру: бұл балалардың денсаулығын нығайтып, шынықтыруға бағыттау. Физикалық дамуының сапасын жақсардтуда шынықтыру, тыныс алу жаттығулары жатады. 
Баланың әлеуметтік-психологиялық сәттілігін қамтамасыз ету. 
• Денсаулықты сақтау және денсаулық нығайту. 
• Педагогтардың денсаулық мәдениетін дамытуға бағыттау.Сонымен қатар мәдени кәсіби денсаулық. 
• Салауатты өмір салтына қажеттілікті дамыту: денсаулықты сақтау және оған жағдай жасау (спорттық және қимылды ойындар технологиясын қолдану ,көзге арналған және тыныс алу жаттығулары т.б.) 
•  Білім беру: 
•  Мектепке дейінгі баланың мәдени денсаулықтарын тәрбиелеу. 
•  Оқытуда және тәрбиелеуде жекешілдікке оқытуға тұспалдау. 
•  Салауатты өмір салтын үйрету. 
Денешынықтыру сабақтарының техникасын қолдану, қатынастық ойындар, кедергі ойындар (ойын тренингтер, теропиялық ойындар, өзін өзіне массаж жасау). 
Денсаулық сақтау технологиясына сенсорлық дамыту ортасын ендіру. 


Жобалау шығармашылық технологиясы. 
Мақсаты: Әлеуметтік тұлғалық тәжірибені дамыту және байыту. 
Тәрбиешілер өз іс әрекеттерінде жобалау технологиясын қолданады. 
Жобалау классификациясы «Ойын түрінде» барлық топтың қатысуымен өткізілетін сабақтар (ойындар, ұлттық билер, драматизациялау, әр түрлі көңіл көтерулер) 
«Саяхаттау» қоғамдық өмірдегі айналамен танысудағы қиындық мәселесін шешуге бағытталады. «Баяндау» Балалар өз сезімін



көркемдеп,музыка арқылы,ауызша,жазбаша,жеке дауыста жеткізуді үйренеді. «Құрастыру» анық пайдалы заттарды жасауға бағытталған; 
(құс ұясы, гүлзарлар құрылымы.)

«Жоба түрлері» 
Басымдылық әдістемесі бойынша. 
-Іздену. 
-Ақпаратты. 
-Шығармашылық. 
-Ойындар. 
-Болған жағдайлар. 
-Практикалық бағыттаушы. 
Мазмұны бойынша төмендегідей: 
-Баланы және оның отбасын қатыстыру 
-Бала және табиғат. 
-Бала және қоршағанәлем. 
-Бала,қоғам және мәдени құндылықтар. 
.Жобаға қатысушы баланың сипаттамасы бойынша: 
-Тапсырыс беруші. 
-Іс-тәжірибе. 
-Орындаушы. 
-Қорытындыға дейін ой туғызатын қатысушылар. 
Байланыс сипаты бойынша. 
-Жас ерекшелігіне байланысты топта іске асады. 
-Басқа топтармен байланыс. 
-Мәдени мекемелер. 
-Қоғамдық ұйымдар (ашықжобалау) 
Қатысушылар саны бойынша: 
-Жеке 
-Жұппен 
-Топпен 
-Жаппай 
.Ұзақтық мерзімі бойынша. 
-Қысқа мерзімді 
-Орташа ұзақтылық. 
-Ұзақ  770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ