"МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ПЕДАГОГТАРДЫҢ АУЫЗБІШІЛІГІ"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ПЕДАГОГТАРДЫҢ АУЫЗБІШІЛІГІ"

Материал туралы қысқаша түсінік
жас педагогтарға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Түрксіб ауданы КМҚК «№ 147 бөбекжай – балабақша» әдіскері Шаханова Назерке Мейрбекқызы


Тақырыбы: «STEM ӘДІСІ» мектеп жасына дейінгі балаларға тигізер пайдасы



«Қазіргі кезде цифрлық технологияның жедел дамуы мен адам қызметінің

барлық саласын цифрландырудың жылдам дамуымен байланысты

STEM білім беру маңызды және өзекті мәселе, білім беру

жүйесінің барлық деңгейлерінде ерекше назар аударуды талап етеді.»

Н.Ә. Назарбаев


Мақсаты: Балабақша педагогтарының STEM оқыту жағдайындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымының топтарда заттық дамытушы орта құруға негіз болатын теориялық білімдерін тиянақтау.

Міндеттері: Мектепке дейінгі білімнің жаңару жағдайында тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру. STEM оқыту жағдайындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымының ескере отырып, балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға негіз болатын заттық-дамытушы ортаны жобалауға теориялық және практикалық тұрғыда толыққанды дайындықты қамтамасыз ету. Сонымен, STEM білім беру дегеніміз не? Сұраққа жауап бермес бұрын, STEM деген сөздің мағынасын ашып алайық:

STEM аббревиатурасы қалай жіктеледі:
S – science (жаратылыстану ғылымы)
T – technology (технология)
Е-engineering (инженерлік)
М-mathematics (математика) scince- ғылым, technology-техника, технологиялар, engineering –инженерлік, mathematics- матиматика деген сөздер екен. Яғни осы салалардың біріккен жиынтығын қамтитын кеңістік деп түсінемін.

Балабақшаның жас ерекшелік топтарына сәйкес заттық-дамытушы ортаны жобалау және болжам жасау біліктілігін қалыптастыру.STEM оқыту жағдайындағы мектепке дейінгі білім беру ұйымының дамытушы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті үлгілік бағдарламасының талаптарына сай баланың рухани және физикалық бейнесінің дамуын функционалдылығын модельдейтін бала іс-әрекетінің жүйесі.Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция қарқынды жүріп жатыр. Ақпарат ағыны, жоғары технологиялық инновациялар біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр. Қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеруде.Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевта 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылу үшін Қазақ елі атқаруға тиісті 10 міндетті нақтылап беріп, оқытудың заманауи әдістемелер мен технологияларды қолдану керектігін баса айтты. Сол себепті, бәсекеге қабілетті елдер қатарында болу үшін STEM – білім беру мен оқуды бірдей бағытта ілгерілетуіміз қажет.STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – балабақша, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM - сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. Қазір бұл түсініктің жаңа нұсқалары пайда болды, солардың ішінде анағұрлым кең таралғаны STEM (ғылым, технологиялар, инженерия, өнер және математика).Оқыту үдерісін жаңаша ұйымдастыру педагогтың өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылық қабілетінің артуына септігін тигізеді. Қорытындылай келе, STEM - әдісі біздің балаларымызға әлемді жүйелі түрде оқуға, айналасындағы оқиғалардың логикасын білуге, олардың қарым-қатынасын ашуға және түсінуге, жаңа, ерекше және өте қызықты жаңалықтарды табуға мүмкіндік береді деп айтқым келеді. Сондықтан, ғылыми-техникалық прогрестен қаламай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір педагогтың негізгі міндеті.Мұнда айта кететін жай СТЕМ оқытуда балалардың топтық, жұптық жобалармен жұмыс істеуі маңызды.Біздің балаларымыз ертеңгі өмірге қабілетті болсын десек, бүгін оларға СТЕМ кеңістігінде жұмыс жасауға жағдай жасауымыз керек. Әртүрлі салалардан алған білімдерін біріктіру арқылы нақты өмірде қолдануға жағдайды қазір жасау керек. Балабақшамыздағы СТЕМ әдісі бойынша «Мен жас зерттеушімін» деген кабинет 2019 оқу жылынан жұмысын жасап келеді.Балалардың қызығушылығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.Сондықтанда, мектепке дейінгі ұйымдардағы осындай заманауи технологиялар мен әдістер көбірек болса, педагогтарға да балалармен жұмыс жасауға тиімдірек болмақ.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.03.2021
310
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі