Материалдар / МЕКТЕПТЕ ОҚУ МЕН ОҚЫТУ САПАСЫН «БИОАҚПАРАТТАНУ және СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕКТЕПТЕ ОҚУ МЕН ОҚЫТУ САПАСЫН «БИОАҚПАРАТТАНУ және СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
«БИОАҚПАРАТТАНУ және СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС АТҚАРАТЫН МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қаңтар 2018
626
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы


















МЕКТЕПТЕ ОҚУ МЕН ОҚЫТУ САПАСЫН «БИОАҚПАРАТТАНУ және СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ











Жасаған: Тажина А. Б.











Қаратал орта мектебі

қаңтар, 2017 жыл





МЕКТЕПТЕ ОҚУ МЕН ОҚЫТУ САПАСЫН «БИОАҚПАРАТТАНУ және СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ


А.Б. Тажина

t.asem79@inbox.ru

Қаратал орта мектебінің «БжС» технологиясы бойынша бас технолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Әлемде жаһандану үдерісінің қарқынды жүруіне байланысты көптеген дамыған елдердің білім беру жүйесінде үздіксіз жаңару мен өзгерістер жүрілуде. Сонымен қатар адамдар мен қоғамға айтарлықтай ықпал ететін мәселелер де туындауда. Сондықтан Қазақстан Республикасы білім саласына реформа мен жаңалықтар енгізу қарқыны жағынан алғашқылардың қатарында екені баршаға аян. ( 2- слайд)

Қазіргі білім беру жағдайындағы басты мақсат – тәжірибені өзгерту – істеп жатқан ісімізді оңтайлы өзгерту.

Осы ретте Қаратал орта мектебінде «БжС» технологиясы бойынша бес мұғалім семинарға қатысқан еді. Осы мүмкіндікті ескере отырып, мектепте «БжС» технологиясы бойынша білім беру жүзеге асырылуда. Негізгі айналысатын мәселеміз «мектепте оқу және оқыту сапасын «биоакпараттанану және синергетика» технологиясы» арқылы ұйымдастыруға болады деп шештік. Мектепті дамыту мақсатында пәндерді оқытудың өзегі ретінде осы технология бойынша ұйымдастыруды қолға алдық.

Сондықтан биылғы оқу жылы басталып кетсе де, мектепті дамыту жоспарының «Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру» бөліміне толықтыру енгіздік. ««БжС» технологиясы арқылы мұғалімдерге, оқушыларға табысқа жету үшін қажет дағдыларды меңгерту» деген мәселе енгізілді. ( 3 -слайд)

Мектепті дамыту жоспарының «Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру» бөлімінің басымдықтары деп мыналар анықталды:

1. Мұғалімдер сабақ барысында мақсатты түрде оқушылардың зейінін, жылдамдығын, есте сақтау қабілеттерін тұрақты ұстай білулеріне ықпал ететін жағдай тудырып отырады.

2. Оқушылар жеке және жұппен де, топпен де отырып жұмыс жасайды, көшбасшы да сараптаушы да бола алады.

3. Әділ бағалау және өзара бағалау әрдайым жүзеге асырылады.

Сондықтан осы БжС технологиясының табыс критерийлері ретінде мыналарды атап көрсеткім келеді:

1. Мектеп оқушыларының білім сапасы жақсарады.

2. Өздерінің тілдік мәдениетін дамытуға, іс әрекеттеріне есеп беруге, миларын жаттықтыруға үйренеді.

3. Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігі артады.

4. Проблемаларды өздіктерінен және басқаша шешеді.

5. Сыныптастарын және өзінің әділ бағаланғанына көздері жетеді.

6. Өзін-өзі танытуға құлшынады. (4-слайд)

Осы жұмыстарды жүзеге асыру барысында «көшбасшының», яғни бас технологтың атқаратын қызметі қалай көрініс табады? дегенге тоқтала кеткім келеді.

Менің пайымдауымша, технологтың қызметі негізгі үш саладан тұрады деп айтуға болады:

1. «БжС» технологиясы бойынша мектепішілік семинарларды ұйымдастыру және үнемі нәтижесін сараптау;

2. «БжС» технологиясы бойынша пән мұғалімдеріне бағыт бағдар беру;

3. Жоғарыда айтылған мектептің даму жоспарындағы бөлімге енгізілген мәселені жүзеге асыру. (5-слайд)

Мекептің даму жоспарындағы оқу тәрбие жұмысын жоспарлағанда БжС технологиясын енгізу негізінде ұйымдастыру тиімді болады деп санадым.

БжС технологиясы бойынша жұмыстың қысқаша реті:

1. Семинарлар өткізіледі;

2. Сабақтар технологиялық карталардың регламенті бойынша жүргізіледі.

3. Сабақ өткізіледі, оқушылардың әрекеттері зерттеледі.

4. Сабақтарды оқу, сыныптарды оқыту сапасын басқарудың толық кең көлемді талдауы жасалады. (6-слайд)

Сондықтан осы технологияны енгізіп, қолдана бастағаннан кейінгі белгілі бір аралықта, мұғалімдер мен оқушылар арасында сауалнамалар алынды. Ол төмендегідей:

Кесте -1. «БжС» технологиясы бойынша жұмыс жүргізу туралы мұғалімдерге арналған сауалнама ( қараша айы, 2016ж.)

Сұрақтар

Иә

Жоқ

Жауап беруге қиналамын

1.

«БжС» технологиясы туралы білесіз бе?




2.

«БжС» технологиясы бойынша сабақтарды өткізуде артықшылығы бар ма?




3.

«БжС» технологиясы оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсері бар ма?




4.

«БжС» технологиясы мұғалімнің кәсіби тұрғыдан өсуіне әсері бар ма?




5.

«БжС» технологиясы мұғалімге оқушыны жақыннан тануға мүмкіндік бере ме?





Кесте-2. «БжС» технологиясы бойынша сабақты өткізу туралы оқушыларға арналған сауалнама (5,6-сыныптар, желтоқсан айы, 2016ж.)

Сұрақтар

Иә

Жоқ

1.

Мұғалім сабақты «БжС» технологиясы бойынша өткізген ұнай ма?



2.

«БжС» технологиясы бойынша өткізілген сабақта оқушы өз мүмкіндігін көрсетуіне әсері бар ма?



3.

«БжС» технологиясы бойынша өткізілген сабақта әр деңгейлі тапсырмалар орындағанның артықшылығы бар ма?



4.

Жаңаша өткізілетін сабақтар оқушының мұғалімге деген сенімін туғыза ма?



5.

Күнделікті сабақтың жаңаша өткенін қалайсың ба?



Сауалнамаға барлығы 14 оқушы және 9 мұғалім қатысты. Қатысушылардың көпшілігі «БжС» технологиясының жағымды сипаты басым екендігін білдірді. (7-слайд)

Осы орайда, айта кету керек, жұмыс барысында әр мұғалімнің өзі үшін жаңалық болған, менің өзім үшін де өте құнды болған біраз жайттардың басы ашылды. Сөзімнің басында айтқандай, бүгінгі білім берудегі мақсатымыз тәжірибемізді өзгерту талабы екендігін еске алсақ, мен өз тәжірибемді, мұғалімдердің өз пікірін қалай өзгерткендерінің куәсі болдым. Сол арқылы бұл технологияның табысты болатынын түсіне алдым.

Сондықтан мынадай қорытынды жасауға болады деп ойлаймын:

1. Мұғалімдерде осы «БжС» технологиясын қолдану бойынша жалпы білімдері пайда болды.

2. Мұғалімдер оқушылардың «жаңалық» ашуына ықпал етуге тырыса отырып, көбінесе өздері «жаңалық» ашты.

3. Оқушылар өздерінің әрдайым әділ бағаланатынына үйренді.

4. Мұғалімдер оқушылардың оқу үдерісін бақылай алатын және оқушы біліміндегі өзгерістерді басқара алатын болады.

5. Мұғалімдер оқыту ортасын әзірлеу, іске асыру, басқару және жоспарлауды технологиялық карталар арқылы жүргізуге мүмкіндік алды.

(8-слайд)

Қорыта келгенде, ыңғайлы жүйеленген, бір мақсатқа жұмылдырылған, тапсырмасы нақтыланған, қол жеткізетін нәтижесі алдын ала белгіленген «БжС» технологиясы бойынша сабақтарды өткізу – мектептегі оқыту сапасындағы кедергілерді жоюға және басқаруға мүмкіндік беретін жаңаша технология деп санаймын.

Осылайша, өзінің оқыту тәсілін өзгерте білген мұғалім жағдайды да өзгерте алады деп ойлаймын.

Қазақтың данасы Абай Құнанбайұлы: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға», дегендей, Сіздер мен Біздердің еңбектеріміз далаға кетпейтініне сенемін. Ісіміз сәтті болсын! Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет! (9-слайд)


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!