Мектептегі әдістемелік жұмыс түрлері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептегі әдістемелік жұмыс түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Алдын-ала жоспарлау үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру түрлері

Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастыру түр бірліктеріндегі ішкі әдістерінің байланысын және құрылысы мен құрылымын анықтайды.

Жаңа оқулықтарда, бағдарламаларда заманауи идеяларын игеру мақсаты қарастырылған білім беру мазмұнынын үнемі жетілдіру мен дамыту әдістемелік жұмыс түрлерінде орын табады.

Әдістемелік жұмыстың екітүрін атауға болады:

Ұжымдық және жеке

Бірінші түріне бір әдістемелік тақырыптағы жұмысты, педагогикалық кеңесті, семинар, практикумдарды, ғылыми-практикалық конференцияларды, мектептік әдістемелік бірлестіктерін, алдыңғы қатарлы педагогтардың тәжірибе мектебін, мұғалімдердің кішігірім шығармашылық топтарын, әдістемелік кабинеттерді т.с. жатқызуға болады.

Әдістемелік жұмыстың екінші түріне тағылымдама, жеке кеңестер, тәлімгерлік, жеке шығармашылық тақырыппен жұмыс істеу, жеке өзіндік біліктілігін көтеру жатады.

Әдістемелік жұмыс түрлерін өткізу кезеңінде педагогтармен атқарылатын іс дәстүрлі және тұлғаға бағытталған негізде құруға болады.

Дәстүрлі

Тұлғаға бағытталған

Лекциялар

Семинарлар

Семинар-практикумдар

Конференциялар

Диспуттар

Тәжірибе алмасу

Әңгімелесу

Педагогикалық консилиумдар

Консульатциялар

Сабақтарға, сабақтан тыс шараларға қатысу, өзіндік талдау негізінде талдау

Әңгімелесу семинары

Әдістемелік диалог

Педагогикалық шеберлік мектебі

Жас ұстаздар шығармашылығы және белсенділік айлығы

Дискуссиялар

Педагогикалық ринг

Әдістемелік көпір

Миға шабуыл

Жылжымалы шығармашылық топ

Әлеуметтік педагогикалық тренинг

«қалыпсыз сабақ»

Педагогикалық ойлар фестивалі

Көңілді тапқыштар педагогикалық клубы

Іскерлік ойын

Тренингтер

Әдістемелік отырыстар

Туындаған жаңа жоба, ойларды қорғау

Тәжірибелік көріністер

Әдістемелік фестивалдар

Дөңгелек үстел.

Әдістемелік жұмысты басқару деңгейлері

  1. Жалпы ғылымда ұйымдастыру басқарудың бір қызметі. Егерде осы қызметті басшы басым бағыт деп есептей отырып, әдістемелік жұмысты педагогтарға бағытталған «жедел көмек» ретінде түсінсе және оны кезекті бақылау кескінінен кейін мұғалімнің іс әрекетін түзетуге бағыттаса онда ол ең төмен деңгейдегі әдістемелік жұмысты басқару деп табылады.

  2. Егер басшы әдістемелік жұмыстың мақсат міндеттерін анықтау кезеңінде соңғы және аралық нәтижелерді жобалап мақсаттылықтың басты көздерін зерттесе сонымен қатар стратегиялық тактикалық жоспарларды іске асыруды диагностикалық бақылау негізінде құрса онда орта деңгейдегі басқару деп айтуға болады.

  3. Жоғары деңгейдегі басқару ол технологиялық басқару, яғни басшы мақсаттылық, талдаушылық т.с.с. технологияларды игере білім беру ұйымының әдістемелік жұмысын үнемі диагностика негізінде алынған нәтижені башылыққа ала отырып, өз білім беру ұйымының әдістемелік жұмысын тиімді модельдеп, жобалап, құрастыра біледі. Тек осындай деігейде басқару жоғары нәтиже беруі мүмкін.

Жалпыға ортақ әдістемелік тақырыппен жұмыс

Білім беру ұйымдары үшін әдістемелік жұмыстың ең басты түрі бәріне бірдей ортақ әдістемелік тақырыппен жұмыс істеу. Белгілі бір әдістемелік тақырыпты дұрыс таңдап онымен мақсатты түрде жұмысты ұйымдастырса, ол тақырып ұжымдағы барлық іс әрекеттегі әдістемелік жұмыстың түрлеріне біртұтастық көзқарас қалыптастырып, жүйені жинақтаушы фактор ретінде бола алады.

Тақырып өзекті, заман талабына сай және ұжыммен келісіп таңдалған болу керек. Жалпыға ортақ әдістемелік тақырып ұжымда бар алдыңғы қатарлы тәжірибеге байланысты және оқу, тәрбие жұмысын қамтитын кең көлемді болуға тиісті. Егерде әдістемелік тақырып дұрыс таңдалса және өзекті мәселеге арналып ғылыми негіделсе, ол мектеп үшін практикалық маңызы зор ұстаздардың ішкі әлеуетін дамытуға, ұжымның сапасын арттыруға оңды әсер етеді.

Жалпы бірдей әдістемелік тақырып тек біртұтастықты, мақсаттылықты негіздемейді, ол сонымен қатар барлық әдістемелік жұмыстың өткізілетін жылдарын көрсете отырып кезеңдерге бөлуді талап етеді. Жоспар жасаған кезде оның уақыттылығын ескере отырып, ғылыми қамтамасыздандыру жағын, оқу, тәрбие, дамыту, педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру әдістемелік тиімділігін ұмытпау керек. Әдістемелік тақырып мектептің білім беру деңгейлерінің барлығын қамтиды: ұйымдастыру, басқарушылық, әдістемелік және т.б. Сонымен қатар, алынған тақырып педагогикалық ұжымның ұстанымдарына сай келсе, олардың іске асырудағы қызығушылығын қолдайды.

Әдістемелік тақырыптың жұмыс кезеңдері

Мақсаты: Таңдалған тақырыпты терең зерттеу, тақырыптың практикалық жұмыс тәжірибесін ой елегінен өткізіп жинақтау, мұғалімдерді тақырып бойынша хабарламалар дайындауға әзірлеу.

Бірыңғай әдістемелік тақырып кең көлемді мәселелерді қамтуға тиісті, және болашақта мәселенің шешімі табылғаннан кейін де ұжымды дамытуға бағытталуы қажет.

Мектептің даму бағдарламасына сәйкес, педагогикалық ұжым бірыңғай әдістемелік тақырыпты іске асырудың басымды бағыттарын бекітеді. Олар:

  • Ізденушілік іс-әрекетінің нәтижесінде өзін-өзі дамытуға ынтасын көтеру, педагогтардың шеберлігін дамытуды қамтамасыздандыру үшін жаңа әдістемелік жұмыс моделін құру және оны тәжірибеден өткізу.

  • Жалпы мәдениетті кеңейту, оқу және тәрбие бағдарламаларын ізігілендеру мақсатында кіріктірілген және арнайы курстарды, авторлық бағдарламаларды енгізу оларды реттеу, түзету, тәжірибеде байқау, игеру, таңдау










Shape1

Жұмыс мазмұнына, оқыту түрлеріне, ұжымның жұмысы және жеке педагогтың жұмысына, шығармашылық топтар жұмыстарының жоспарына түзетулер енгізу. Қалыптасқан жаңа тәжірибені анықтау. Жинақтап және оқу үшін нысан мен пәнді таңдау. Тақырып бойынша жұмысты қорытындылау. Нәтижені бағалау. Ұжымдық ізденісте жаңа жобаларды анықтау.

Shape3 Shape2

Шығармашылық топтар отырысы

Топтық және дара кеңестер

Өз бетімен жұмыс

Теориялық семинарлар

Теорияны оқуды ұйымдастыру, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені, ғылыми мақалаларды оқып үйрену

Таңдалған тақырып бойынша жұмысты жоспарлау

Таңдалған тақырып бойынша ұжымды моралды психологиялық әзірлеу

Тақырыпты таңдау. Таңдауды негіздеу. Тақырыпшаларды айқындау, шығармашылық топтарды құру



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.12.2017
2418
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі