Материалдар / Мектептегі байқау сабақтары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектептегі байқау сабақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз өзімді дамыту үшін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2021
601
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы

КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова»

Управление образования Восточно-Казахстанской области

Методическая инструкция

СМК МИ-7.5-09-05

Кәсіптік іс- тәжірибе күнделігін жүргізудің әдістемелік нұсқаулығы/

Методическая инструкция по ведению дневника профессиональной практики


Издание /басылым

1/2018

Стр/бет.

20 из 20











«Мектептегі байқау сабақтары»

тәжірибе жинақтау күнделігі




__________курс__________ топ



Машықкер __________________________________________

Т.АӘ.

Мамандығы____________________________________________

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі»КҚКМ атынан тағайындалған іс тәжірибе жетекшісі

___________________________________________________________________________________











Семей 2021 жыл





Жолдама

Өндірісте қалады

DrawObject2 DrawObject1

(Негіздеме)



2DrawObject4 DrawObject3 DrawObject5 0 ж. << >>



БDrawObject6 ілім алушы

аты-жөні, тегі ( ол бар болған кезде )

DrawObject7

DrawObject8

DrawObject9 (кәсіпорынның атауы)

кәсіптік практикадан өту үшін жолданады



ПDrawObject10 рактиканың басталу мерзімі 20 ж.


ПDrawObject12 DrawObject11 DrawObject13 DrawObject15 DrawObject14 рактиканың аяқталу мерзімі 20 ж.


ОDrawObject16 қу орнының басшысы

DrawObject17

М.О.

( қолы )

DrawObject18

-------------------------------------------------------------------------------------------

ПDrawObject19 рактиканың басталу мерзімі 20 ж.


ПDrawObject21 DrawObject20 DrawObject22 DrawObject24 DrawObject23 рактиканың аяқталу мерзімі 20 ж.


ОDrawObject25 қу орнының басшысы

DrawObject26

М.О.

( қолы )

DrawObject27

-------------------------------------------------------------------------------------------


Машықтанушыларға арналған ескертпе:


Құрметті машықтанушы!


  1. «Мектептегі байқау сабақтары»бойынша тәжірибе жинақтау міндеттерімен мұқият танысыңыз.

  2. Тәжірибе жинақтау барысындағы іс-әрекеттеріңізді мектептің Ережесіне сай ұйымдастыруға тырысыңыз.

  3. Колледждің «Тәжірибе жинақтау туралы Ережесінде» белгіленген тәжірибе жинақтаушылардың міндеттерін есіңізде сақтаңыз!

  4. Тәжірибе жинақтау бағдарламасында белгіленген педагогикалық машықтың іс-әрекет түрлері мен әдіскердің тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауға тырысыңыз!

  5. Ешқандай себепсіз тәжірибе жинақтау бағдарламасын орындамаған және қағаттанарлықсыз баға алған студент Колледж Ережесіне сай оқудан шығарылатындығын есіңізде ұстаныңыз!

Іске сәт, машықтанушы!

«Мектептегі байқау сабақтары» бойынша тәжірибе

жинақтау міндеттері


  1. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуымен және сынып жетекшісі мен пән мұғалімінің жұмысмен тынысу. Оқу-тәрбие үдерісінің жұмыс жоспарымен танысу, талдау.

  2. Жеке пәндерді оқыту әідістемесі бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибе жинақтау барысында толықтыру, бекіту.

  3. Педагогикалық іс-әрекет түрлері бойынша кәсіби ұстанымдарын қалыптастыру.

  4. Тәжірибе жинақтау барысында сабақтың әдістемелік талдамаларын (сабақ жоспарлары, көрнекі құралдар, дидактикалық материалдар, жұмыс дәптерлері, жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі) жасау дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру.

  5. Күрделі педагогикалық жағдаяттарды шешу біліктерін қалыптастыру.

  6. Мектеп мұғалімдерінің әр түрлі типтегі, формадағы сабақтарына қатысу арқылы алғашқы педагогикалық біліктерді үйрену және өзінің жеке педагогикалық стилін қалыптастыру.

  7. Мұғалім қызметіне шығармашылықпен қарау дағдыларын қалыптастыру.

  8. Мектептегі білікті, озат мұғалімдердің іс - тәжірибесін зерттеу.

  9. Өзінің педагогикалық іс-әрекетіне жан-жақты жүйелі талдау жасап, баға беріп отыру дағдысын қалыптастыру.



Машықтанушының атқаратын іс-әрекетінің түрлері:

  1. Сабақ талдамаларын (сабақ жоспарлары, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, т..) дайындау.

  2. Бастауыш саты сыныптарында сабақтар өткізу (Сабақ өткізуді жоспарлауда осы күнделікте берілген қазіргі заманғы сабаққа қойылатын талаптар жүйесіне сүйеніңіз.).

  3. Басқа машықтанушылардың сабақтарына қатысу, қатысқан бір сабағына дидактикалық және психологиялық талдау жасау (берілген үлгі схема бойынша).

Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар

  1. Қазіргі заманғы модернизацияланған сабақта білім берудегі даму тенденцияларына байланысты оқытудың күтілетін нәтижесіне жетуге бағдар күшейеді. Бұл сабақтың технологияландырылуын қажет етеді. Күтілетін нәтижеге сәйкес оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастырудың мазмұнын, құрлымын, әдіс-тәсілдері мен формаларын іріктеу қажет.

Мектептегі бастауыш сынып мұғалімі ретінде Сізге жалпы сабақтың, сабақтың әрбір кезеңінің күтілетін нәтижелерін нақты анықтай білу керек; сабақ құрлымындағы негізгі кезеңдерді, қалған кезеңдердің орны мен ролін анықтау керек; қандайәдістемелрдің көмегімен күтілетін нәтижеге жетуге болады дегенді ойластыру керек. Сонымен қатар, қазіргі заманғы білім берудің нәтижесі тек білім, білік, дағдылар ғана емес, «біртұтас тұлға» екендігін ескеру қажет.

  1. Сабақтың дамытушылық және тәрбиелік міндеттеріне (нәтижелеріне) көңіл бөлуді күшейту қажет. Сабақты технологияландыру арқылы бұл міндеттерді де (нәтижелерді) жобалауды, орындауды, өлшеуді іске асыру қажет. Бұл БІЛІМ күтілетін нәтиже ретінде екінші орынға ығысады деген сөз емес. Керісінше, білімнің толықтығы, тереңдігі, беріктігі зор маңызға ие, сонымен бірге ең маңыздысы- білімнің тұлғалық қажеттілігін арттыру.

  2. Қазіргі заманғы сабаққа оқушылардың тұлғалық маңызды «тірі» біліміне бағдар жасау сипаты тән. Қазіргі заманғы білім беруде «ғылыми», «теориялық» білімдердің оқушының жеке субъективті тәжірибесі арқылы қалыптасуына, жеке өмір тәжірибесінде қолданылуына, «абстрактылы» болмауына зор көңіл бөлінеді.

  3. Қазіргі заманғы сабақ іс-әрекет тәсілдері туралы жүйелі қорытылған білімді, қамтамасыз етуді қарастырады.

Білім адамға жалғыз немесе кездейсоқ фактілерді емес,заттардың мәнін, заңдылықтарды көруге және түсінуге көмектесуі қажет. Сондықтан пән мазмұнында осы жүйелі білімдерді (жетекші идеяларды) ажырата білі керек және оқушыларға жеке оқиғаларды түсіндіре алатын теориялық білімдерді түсінуге (сезінуге) көмек көрсету қажет. Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын соңғы екі талаптың (3,4) бір - біріне қарама - қайшы екендігі байқалады: оқушылардың білімі субъективті (жеке тұлғалық) және сонымен бір мезгілде жүйелі, қорытылған (теориялық, объективті) болуы керек. Бұл қарама-қайшылықты келесі талап арқылы шешуге болады.

  1. Қазіргі заманғы сабақ оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне сүйенеді. Егер оқыту дайын («бөтен») білімдерді еске сақтауға емес, мұғаліммен бірге шындықты іздеуге (қиындықтар, қарама-қайшылықтар, қателер, қателердің себебін іздеу арқылы) бағдарланса, оқушы танымдық әрекеттің субъектісіне айналып, өзі үшін маңызды, қажетті теорияны құрастырып шығарады.

Білімдер мен біліктер-оқытудың маңызды нәтижесі, бірақ бұл оқушының денсаулығына нұқсан келтірмеуі керек. Бұл қарама- қайшылықтың шешімі сабақты модернизация -лаудың келесі бағытын анықтайды.

6. Қазіргі заманғы модернизацияланған сабақта оқушылардың дара ерекшеліктері барынша ескеріледі. Сондықтан қазіргі таңда оқушылардың оқу бағдарламасын

толық меңгеруіне сүйене отырып, оларды «мықты», «орташа», «әлсіз» деп шартты топтарға бөлу жеткіліксіз, әрбір топ үшін олардың деңгейіне сай тапсырмаларды

жоспарлау, әзірлеу қажет. Оқушылардың психикалық және физикалық денсаулықтарын сақтауда олардың қабылдау ерекшеліктерін (аудиал (есту арқылы қабылдау), визуал (көру арқылы қабылдау), кинестетик (елестету арқылы қабылдау)), ойлау ерекшеліктерін (аналитикалық ойлау, синтетикалық ойлау) ескерту маңызды.

Егер мұгалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды олардың таңдауы бойынша ұсынса, олардың оқу іс-әрекетін бірге жоспарласа,ақпарат -тарды алудың, есте сақтаудың, ұсынудың оқушының өзіне ыңғайлы тәсілдерін талқыласа, сабақ жеке тұлғаға бағдарлай оқыту міндеттерін шеше алады.

7. Қазіргі заманғы сабақ - интерактивті формаларға, динамикалылыққа негізделген диалог.

Мұғалімнің оқыту үдерісінденгі ролі де біржақты болудан қалды. Бүгінгі мұғалім тек «білім көзі», «бақылаушы» ғана емес, ол- «көмекші»,«ұйымдастырушы», «қорғаушы», «сарапшы» да.


Сабаққа талдау жасау және оны талқылау тәртібі

1 кезең. Машықтанушының өз - өзіне талдау жасауы.

2 кезең. Сабаққа қатысқан машықтанушылардың талдауы.

3 кезең. Пән мұғалімі мен мамандық әдіскерінің талдауы

4 кезең. Талқылау қорытындылары нәтижесін машықтанушылардың күнделікке түсіруі, бағалау, пән мұғалімі мен әдіскердің қолы.

Сабаққа талдау жасау машықтанушының өз-өзіне талдау жасауымен, өз-өзіне баға беруімен, өзіне қойған нақты талаптарымен басталуы тиіс. Машықтанушы өз-өзіне талдау жасау барысында өткізген сабағына, қойылған мақсаттарға қысқаша сипаттама жасап, осы мақсаттардың орындалуына, сабақтағы оқу материалының көлемі мен мазмұнына, меңгерту сапасына, қолданылған әдіс-тәсілдерге, оқушылардың белсенділігіне, олардың оқу әрекетін ұйымдастыру формаларына талдау жасайды. Машықтанушы қолданған әдістемесін таңдау себебін, өз іс-әрекетінің стилі мен сипатын түсіндіреді; өзінің кәсіби- тұлғалық сапаларына (сөйлеуі, баяндау логикасы, оқушылармен қарым-қатынасы, т.б.) баға береді.

Өз сабағына талдау жасауды қорытындылай келе, машықтанушы сабақтың сапасын арттыруға байланысты ұсыныс - пікірлерін білдіріп, жалпы қорытынды жасайды.

Естеріңізде болсын! Егер білімділік және тәрбиелік нәтижесі жоғары болса, мұғалім мен оқушылардың деңгейі мен қабілеттеріне сай болса, кез келген әдістеме оқытудың нәтижелілігін қамтамасыз ете алады.


Сабаққа дидактикалық талдау жасаудың үлгі-схемасы

Сабақ тақырыбы: бағдарламаға, күнтізбелік-тақырыптың жоспарға сәйкестігі; тарау, тақырып бойынша сабақтар жүйесіндегі орны; сабақ тақырыбының дұрыс

құрылымдалуы, тақтада көркем жазылуы.

Сабақ мақсаттары мен міндеттері: мұғалімнің сабақ мақсаты мен міндеттерін түсінуі, дұрыс анықтауы;оқушылар үшін нақтылығы мен түсініктілігі; оқушыларды мақсат қоя білуге , мақсатқа сай әрекет етуге үйретуі.

Оқушылардың сабаққа даярлығы: жұмыс орнының, сынып бөлмесінің дайындығы; оқушылардың психологиялық даярлығы (назарларын аудару, оң мотивацияны тудыру, қызығушылықты ояту, жағымды эмоционалды көңіл-күйді

тудыру).

Мұғалімнің сабаққа дайындығы: тақтаның, құрал - жабдықтардың, көрнекіліктердің дайындығы; оқу материалын меңгеру деңгейі; дидактикалық құралдардың сапасы, олардың мазмұны мен рәсімделуі.

Сабақ типі мен құрылымы: сабақ типінің сабақ тақырыбына сәйкестігі; сабақ кезеңдері. Сабақтың құрылымының сабақ типіне сәйкестігі. Сабақ құрылымының

сабақ мақсат-міндеттеріне сәйкестігі; сабақ кезеңдерінің логикалық бірізділігі; әрбір кезеңнің аяқталуы мен қойылған міндеттерді шешуге бағыттылығы.

Сабақ мазмұны: сабақ мазмұнының оқу бағдарламасына сәйкестігі; сабақтың мазмұнының ғылымилылығының, нақтылығы мен қолжетімділігінің сақталуы; сабақ мазмұнының баяндаудағы логикалық пен жүйелілігі; сабақ мазмұнын берудегі дәлелдемелердің толықтығы, көрнекілілігі; басты нәрсені анықтап көрсетіп, шешімдер шығару; мазмұнның тәрбиелік сипаты; жаңа білімді беру әдіс-тәсілдерінің тиімділігі мен көп түрлілігі; оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру әдіс-тәсілдерінің тиімділігі; оқу материалының қазіргі заманмен, қолдану тәжірибесімен байланысты.

Біліктер мен дағдыларды, берік білімді қалыптастыру мақсатындағы бекіту жаттығуларының жүйесі: жаттығулардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз

ету және оқушылардың өз бетінше жұмыстарының ұйымдастырылуы; жаттығулардың әртүрлілігі (мазмұны мен жүргізу әдістемесі бойынша); сабақтағы репродуктивті және

шығармашылық жұмыс түрлерінің арақатынасы; жаттығуларды орындау жолы мен әдістерінің түсіндірілуі; сабақта ойын элементтерінің қолданылуы.

Білім, білік, дағдыларды бақылау мен бағалау: сабақтың әр кезеңінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалаудың ұйымдастырылуы;түрлі әдіс-тәсілдердің қолданылуы; оқушылардың қойылған сұрақтарға сипаттама; оқушылардың даярлық деңгейіне мұғалімнің реакциясы; оқушының өз іс-әрекетіне баға беруін ұйымдастыруы (сабақтағы бірлескен рефлексиялық әрекет).

Үй тапсырмасы: тапсырма мазмұнының, көлемінің, оқушылардың тапсырманы орындауға даярлығының рационалдылығы; тапсырма берудегі даралық қатынастың

және деңгейлеп-саралаудың жүзеге асырылуы; тапсырмалардың шығармашылық, теориялық, тәжірибелік бағытта түрлендіріліп берілуі.

Сабақты қорытындылау:қорытынды сұрақтар мен шешімдердің сипаты, маңыздылығы.

Сабақтағы қарым-қатынас стилі: мұғалімнің педагогикалық тактысы, оқушылармен қарым-қатынас стилі; сыныпты игере алуы, оқушылардың белсенді әрекетін туғыза білуі; мұғалімнің сынып оқушыларын тыңдай білуі; оқушыларға өз пікірін айтуға мүмкіндік беруі; оқу диалогын ұйымдастыруы; мұғалымнің сөйлеуі (сөйлеудің мазмұндылығы, эмоционалдылығы, мәнерлілігі, темп, дикция, әдеби сөйлеу нормаларына сәйкестігі, бет-әлпет қимылы, ым, киім кию мәнері, қимыл-қозғалыстарының эстетикасы).

Сабақтың жалпы бағасы: қойылған мақсаттарға жету деңгейі;жетістіктері, артықшылықтары, қателер мен кемшіліктердің себептері; сабақты жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен пікірлер.

Қоңырау кестесі

I - ауысым

II - ауысым













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!