Материалдар / Мектептегі іс-әрекетті зерттеуді жүргізу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектептегі іс-әрекетті зерттеуді жүргізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектептегі іс-әрекетті зерттеу оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты жақсартуға бағытталған жұмыс. Нәтижесі үш жақты өз жемісін беретін өте ерекше оқыту үрдісі мен оқу үшін әрекеттер жасау үдерісінің тиімді түрі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2022
309
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Алматы облысы білім басқармасының

Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

«Шалқар орта мектебі» КММ

Бастауыш сыныпта өткен Lesson Study

есебі


Қатысу мақсат: «Оқудағы өзіндік талпыныс пен икемдерін бақылау арқылы, оқушымен жұмысты анықтап, оқу үдерісін жақсарту»

Мақсатты алу себебі: 2 сынып оқу жылы басында 24 білім алушылармен топтастырылып сынып жетекшілігі Аліпбаева Арайға бекітілген. Алайда бір ай өикен соң мұғалім денсаулығына байланысты 3 ай уақыт еңбекке жарамсыз болған. Сыныпты осы 3 ай көлемінде бірнеше мұғалім ауыстырып қана оқытқан. Сынып ынтымағы мен тәртібі, білімі жағынан артта қалушылық байқалып, тоқсандағы білім сапасы төмендеген. Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынастың белсенділігі түскен. Осы себептерді ескере отырып, сынып жетекшісінің жұмысқа араласуына көмек қолын созуды жөн санадық.

Міндет: оқу үдерісіндегі дағдыларын қалыптастыру.

Міндетті алу себебі: жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, топ мүшелерімен тек бір бағытта жұмыс жасап 3 айдағы оқу үдерінедегі ынытмақтастықты, қызығушылықтарындағы жіберілген олқылықтарды түзетуге тәжірибелік алмасулар мен себептердің орнын толтырудың жолдарын іздедік және 2 аптада сәлде болса өзгетуге тырыстық.


ЛС барысында қатысқан мұғалімдер


1. Ужазова А. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Өтілі 32жыл.

2.Смағұл Г. Бастауыш сынып мұғалімі, өтілі 20 жыл.


3. Сынып жетекшісі: Алипбаева Арай

4. Орыс тілі мұғалімі: Байдавлетова А.

5.Ағылшын тілі мұғалімі: Айбек


ЛС іс-әрекетті бақылау жұмысын жүргізбес бұрын мұғалімдерге алдын ала ескертіліп жүргізілу шарты мен ұсыныстарды қабылдау тренингі өткізілді.

Тренингте мұғалімдердің ой-пікіріне, ұсныстарын жинақтауға толық мүмкіндіктер беру арқылы жұмыс бағыты анықталды. Мақсат пен міндеттерге жетуге бағыт алдық. Барлық бақылауға нақты сұрақтар нақтыланып бланк нұсқа берілді. Мұғалімге жеңілдік уақытты бағалау болғандықтан артық қағазбастылық алынбады. Фото және бейнебақылаулар ғана түсірілді. Бұл деректерді талдауда анықтамалыққа қолданып баламен жұмысты реттеуге пайдаландық.


Оқу барысында кездескен фактілерді жағымды және жағымсыз тұстарына бөліп, бақылаушы ұстаздарға нақты бағыттарды жазуға, бақылауға бағыт бағдар берілді.


Қатысқан сабақты талқылау кезінде келген шешім:

1. Оқушымен қарым-қатынасты оның өзіндік психологиялық жағдайын қарай әрбір мұғалім саралай отырып жұмыс жасауға тиісті.

2. Әрбір бала ерекше қабілетті екендігі үнемі ескеріле отырып, сабақтың тақырыбымен мақсатына сай түрлендіріп, импровизацияланып өткізілуге тиіс.

3. А оқушының жеке қабілеттерін ескере отырып, әрбір пән мұғілімі оған жіті мән берілген тапсырмалар берсін.

4. В оқушының жеке қабілеттеріне сай ірбір мұғалім сабақта тапсырмаларды дұрыс қолданып, орындатуға тырысуы қажет.

5. С оқушының жеке қабілеттеріне жіті мән бере отырып, әрбір сабақты, әрбір мұғалім өзіндік тапсырмалар беріп қадағалаудан түсірмеуі қажет.

6. Сынып оқушыларының оқу үдерііне қызығушылығы мен жекелеген икемдерінің дамуына қадағалау жасап пән мұғалімдерімен тығыз жұмыс жасалсын.


Мұғалімнің қабілетін емес, оқушының әрекетін талқылаймыз!

Бақылаушылар бақылау кезінде осындай мәселелерге көңіл аударулары қажет деп санаған мәселелер тізін жасадық.

Оқушылардың аттарын атап, олардың жеке әңгімелері мен сөздерін жазып алыңыз.

Оқушылардың бірге жұмыс істегісі келген немесе келмеген жағдайларға көңіл аударыңыз.

Оқушылардың мәселелерді шешудегі қолданған әртүрлі әдістерді жазып алыңыз. Соның ішінде қате әдістерді де.

Оқушылардың проблемаларды ақылдаса отырып шешуде өз түсініктеріне келтірген мысалдары қараңыз .


Lesson Study іске асыру жолдары сабақ соңынан бақылаудағы оқушыларға сауалнама да жүйеленіп, алдын ала дайындалды. Білім алушалардың алдыңғы үнімен соңғы үніне құлақ түре отырып, олардың қызығушылығы сабақтағы шығармашылық ізденіске көп көңіл ауадаратынын байқатты.

А оқушы сабақтың нақты өткенін, ойын не басқа да көңілді бөлетін әдістерге көп қызықпайтынын айтты.

С оқушы, өзінің ескерусіз қалатынын айтты. Сабақтағы ойын әдістерін ұнататынын көп ескертті.

В оқушы өз ойын ашық жеткізгенмен кейде сұрақтарды ұнатпай тұрды. Немесе, оның зейіні тек сабақ барысында болы. Яғни оқушы, басқаға мән бергенді ұнатпайды.

Lesson Study бойынша сабақты бақылау парағыда алдын ала пәндердің 2 сабақ үдерсініне қарай нақты сұрақтар бойынша дайындап алдық.

Сабақты қадағалаудың жалпы құралдары да алдын ала топпен келісілген түрде кестеге салынып дайындалды.

Сабақтар қазақ тілінен Алипбаева А. Орыстілінен Байдавлетова Айгүл. Ағылшын тілінен Айбек

Пән мұғалімдерінің сабақ жоспарларының мазмұндары ұқсас боп келді. Атап айтсақ «Менің Отаным» қазақ тілінен , «Менін Отаным Қазақстан» орыс тілінен, «Отбасы туралы» ағылшын тілінен. Осы сабақтарды 2 сабақ қатара ұласпалы өтікізілді. Біріншісі дәстүрлі десе де ойын, сергіту сәтімен жасалған болды. Екінші сабақ топ мүшелерінің ұсыныстарын мен тәжірибедегі бар технологияларды қолдана отырып өткізілді.

Білім алушылардаға алғашқы үдеріс: коммуникативтілік аз, балаларға жүйелі тапсырмалар аз. Ұласпалы логикалық тапсырмалар жоқ.

Білім алушылардың соңғы сабақтағы білім алу өзгерісі: ойлауға дайын, ізденіске талпыну, сұраныстың артуы байқалды.



Осы айырмашылықтармен жұмыс жасауда сыныптың жеке ерекшеліктеріне мән бере отырып ұсыныстар берілді.



Нәтиже



1. Сыныпта ынтымақтастық пайда болды.

2.Білім алушыда ашықтық артты.

3. Білім алушылар ұстаздармен ашық қарым-қатынасқа түсе алды.

4. Пән мұғалімдері сыныпта жұмыс жасауда өзіндік шығармашылықпен жұмыс жасау керектігін ұғынды.

5. Сынып жетекшісі мен ата-аналар, ата-аналар мен мұғалімдер арасында ынтымақтастық, бірлесіп жұмыс жасаудың беретін нәтижесін түсінді.








Picture 1 Picture 2



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!