Мектептегі кітапхана

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептегі кітапхана

Материал туралы қысқаша түсінік
кітапханашыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектептегі кітапхана

Біздің басты мақсатымыз : келешек ұрпақтың сана –сезімін, рухани ойлау қабілетін дамыту,. Кітап оқуға баулу, білім көзі кітап екенің түсіндіру, оқу мәдениетіне тәрбиелеу. Кітапханаға тарту.

Көрнекілігі: Кітап макеті, нақыл сөздер, кітап ұстау ережесі, кітап құрылымын жазу. « Мен болашақ оқырманмын» кітап көрмесі.

1-жүргізуші:

Кітап та алма ағашы

Жемісін біздер теретін,

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңнын әр бетін - деп Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай , әдеби кітаптар мен оқулықтар білім көзі,рухани қазына.Кітап білімімізді молайтады

кітаптан көп үлгі тәрбие аламыз.

Дана халқымыз «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады »деп бекер айтпаса керек дей отырып «Мектептегі кітапхана » тақырыбында өтілетін тәрбие сағатымызды бастауға рұхсат етіңіздер.

Данышпан да, дана да бас иеді

Саналы адам жүрегімен сүйеді

Білімменен парасаттың ордасы,

Кітапхана деген отау осы киелі.

Сан мың түрлі кітаптар бар көріңдер

Кітапхана киелі орда сеніңдер

Рухани қазынаны іздесең

Кітапхана есігі ашық келіңдер!

2- жүргізуші

Кітапхана сөзінің мағынасы нені білдіреді? ( оқушылардан сұраймыз) Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген сөзді білдіреді.

Дейді ойшылдар «Кітап – білім бұлағы »

«Кітапхана» сол кітаптар тұрағы

Көп үйреніп, көп оқыған баланың,

Анық тағы білімпаз боп шығары

1-жүргізуші:

Кітап - біздің рухани құндылығымыз. Теңдесіз байлығымыз. Өйткені замандардан тұнғиық сыр шертетін тарихты да, әдебиетті де басқада ғылым кереметтерін кітаптан табамыз.Талай оқиғалардың куәсы, талай жаңалықтын көзі – осы кітаптар.

2-жүргізуші:

Кітаптар кітапханада тек қана сақталмайды, олар мұнда өмір сүреді және өздерінің оқырмандарына қонаққа барады. Сондықтан да олардың іші пыспасын десеңдер, оқуға алған кітапты мерзімді уақытында қайтару керек. Өйткені оларды басқа да балалар тосады.

1-жүргізуші:

Кітаптың ұлы қасиетін бағалап, алдына бас иіп, көптеген ақын- жазушы ағаларымыздың өлеңдерін жатқа білетін оқушыларға кезек берейік.

1- оқушы

Кітап менің рухани астанам,

Қолыма алғаш «әліппе»алып бастағам

Кітап оқып, жан дүнием байыды

Шабытты жыр тудыратын, жас қалам!

Кітап – менің асыл, жақұт сырласым,

Бір өзіңе айтатұғұн жыр басым

Жалықпаймын , жалықпаймын оқуға

Түндер келіп, тәтті ұйқымды ұрласын.

2- оқушы

Кітапты оқымайды сыйламаған

Білімге жанын жанып қинамаған

Өсірген кімнің болсын ой- өрісін

Сол кітап тек ақылшы күнге маған

3- оқушы

Адамның досы кітап, өмір кілті

Тең келмес оған әсте жиған мүлкі

Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы

Ақыл-ой қазынасы, өмір көркі.

Тұрады басын құрап әріп неден

Басталар білім басы Әліппеден

Қарасан шалқар теңіз, түпсіз мұхит

Оқысаң кітап сырын, ашып терең

Кітапты оқымайды сыйламаған

Білімге жанын жанып, қинамаған


4- оқушы

Кітап сенің құралың

Жағар білім шырағын

Баса алмайсың ешқашан

Онсыз алға бір адым

Кітап та алма ағашы

Жемісін бізге беретін

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін

2-жүргізуші

«Кітапхана-дүниедегі ештеңеге теңестірілмейтін білім бұлағының көзі».

«Кітап-білім бұлағы » демекші осынау білімнің тұнық та, мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесің молайтып, тағлымы мол тәрбие ошағына айналып отырған мектебіміздің кітапханасында оқушыларды заман талабына сай оқырмандардың ойын ұшқырлайтын оқырман конференциясы, әдеби кештер, ақындармен кездесу кештер өткізіліп тұрады

1-жүргізуші

«Мақал сөздің мәйегі»- кітап туралы мақал- мәтел айта кетейік.(Кімдер айтады? Оқушылардан сұраймыз)

1.Кітап ғылым- тілсіз мұғалім.

2.Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол.

3.Жақсы кітап- жан азығы

2- жүргізуші

-Кітапхананың өз ережесі бар, білесіңдер ме? ( Балалардан сұра)

-Ендеше балалар кітапхана ережесімен танысайық.

-Кітапханаға сөмкемен кіруге болмайды

-Кітапханада тыныштық сақтау керек

-Кіргенде кітапханашымен сәлемдесіп, кітап алған соң, рахмет айту керек.

-Әдеби кітаптар үйге 10 күнге беріледі.

Алған кітапты уақытында қайтару керек, өйткені басқа оқырмандар тосып отырады.

  1. Жүргізуші

-Кітаптың бұрышын бүктемей, арасына қағаз салып оқы

-Егер кітабыңды жыртып алсан, оны қалпына келтір.

- Кітаптын ішіне жазуға болмайды.

2- жүргізуші

Оқулықты мектебің,

Берер саған теп –тегін.

Білмейсің- ау сен бірақ,

Қаншама еңбек кеткенін.

Оқулықты құрметте,

Күтіп ұста кірлетпе


Қортынды сөз:

кітапханашы Міне балалар мектеп кітапханасы-көпшіліктің келетін орны. Жас ұрпаққа тәлім –тәрбие берумен қатар, рухани жан дүниесін байытып отыру бүгінгі күннің талабы. Кітапханашы оқушылармен тығыз байланыста болып, олардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхананың негізгі мақсаты болып табылады.






















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
12.11.2018
1049
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі