Материалдар / Мектептегі рухани жаңғыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектептегі рухани жаңғыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгін, әлеуметтік тұрақсыздық жағдайда, ұлттық қарым –қатынас шиленіскен, рухани құндылықтарды жоғалтқан заманда бейбітшілік және қоғамдық адамгершілік кепілі ретінде, мектептің атқарып отырған ролі аса маңызды.Сол туралы жалпы түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2021
680
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бүгін, әлеуметтік тұрақсыздық жағдайда, ұлттық қарым –қатынас шиленіскен, рухани құндылықтарды жоғалтқан заманда бейбітшілік және қоғамдық адамгершілік кепілі ретінде, мектептің атқарып отырған ролі аса маңызды.

Жалпы алғанда,рухани жаңғыру дегеніміз не?деген сұраққа жауап алып көрейік. Рухани жаңғыру дегеніміз-ол біздің салт-санамызбен дүниетанымызды өзгертетін үлкен күш. Ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай,жахандық жаңашылдықты игере отырып,қазіргі қоғамда қалыптасқан зерделі де білімді тұлға тәрбиелеуге міндеттіміз.

Біздің бұрыннан келе жатқан ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалып, оны қазіргі заманға сай жетілдіруіміз керек. Әр өсіп келе жатқан ұрпақ өзінің ұлттық құндылығын бойына сіңіріп,рухани болмысымен өмір сүруге талпынады.Кез келен халық ұзақ уақыт бойы өзінің салт-дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа тікелей жеткізу үшін,рухани жаңғырудың атқаратын ролі өте маңызды.Адамның дамып, білімді болып өсуі- рухани жаңғыруға тікелей қатысы бар.Осы орайда,рухани жаңғыру мектептен бастау алса, өте тиімді болар еді. Әсіресе мектептегі тәрбие жұмысына үлкен бір жаңашылдық болар еді.

Осыны негізге ала отырып, мектептің тәрбие жұмысының басты мақсаты: дене бітімін және баланы әлеуметтендіру, тәрбиелік ортаның ықпал ететін патриоттық, рухани-адамгершілік білім сапасын қамтамасыз ету жағдайында , мектептің тиімді жұмысы  болып табылады.

Мектепте әр пән апталығы өтілген кезде, белгілі бір жаңашылдық, жаңадан бір тәрбиенің көзі пайда болса, жақсы болар еді.

Қоғамдық сана өзгерісі Қазақстан халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жоғалтпастан, сындарға жауап беруге мүмкіндік беретін жобаларды,әсіресе мектепте іске асыруды талап етеді. Негізгі шарттардың бірі – өз елінің мәдениетін және ұлттық мәдениетті сақтау.

Патриоттық сезім өзінің жеріне,кішкентай Отанына деген сүйіспеншіліктен басталады. Кіші отанға деген сүйіспеншіліктен үлкен Отанға, өз еліне деген махаббат оянады.Мектеп қабырғасында орындалатын үлкен жұмыстардың бірі осы болып келеді.

Рухан жаңғырудың мектептегі үлкен нәтижелеріне қол жеткізу үшін, әр оқушы өзіңің алып жатқан білімін өзінің бойындағы тәрбиемен іске асыруы керек, яғни жергілікті тарихи білім беру оқушылардың рухани құндылығы мен практикалық бағдарлануына ықпал етеді, сондай – ақ сыныптан тыс факультативтік іс-шаралар мен үйірмелер арқылы жүзеге асырылады.

Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек.

Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі қырларын қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Саяси, экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Осы жұмыстың барлығы мектептен бастау алса,жақсы болар еді.
Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп тіреледі. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.
Мұның ата -бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман - тұрмысы бай-қуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. «Ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, Қазақ елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік ел», -дейді Елбасы [2]. Сондықтан да, біз бүгінгі ұрпағымызды ата-бабамыздан қалған бай мұрамыз салт-дәстүрлерімізбен, мәдени құндылықтарымызбен таныстыруымыз керек.
Дана халқымызда «Ағаш түзу, әдемі болып өсу үшін оны көшет кезінде баптау керек, ал қисық ағаш болып өскенде оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. «Мәңгілік ел» идеясында өскелең ұрпақ тәрбиесіне баса мән берілген. Осы идеяны қалыптастыру үшін ең алдымен ұлағатты тәрбие мен сапалы білімнің қажеттілігі анық көрсетілген. Ал адамгершілік тұрғыдан құнды қасиеттері бар, рухани бай тұлғаны қалыптастыру сәби кезінен бастау алатыны белгілі. Ендеше, бұл тұрғыда ата-ана мен ұстаздың атқарар ролі зор.

Ол мектептің мақсаты - «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпы адамзаттық құндылықтарға жастарды үйрету. Оқушыларға рухани жаңғыру аясында ұлттық төл мәдениетімізді, салт-дәстүрлерімізді насихаттау. Сол арқылы оқушылардың бойында азаматтық, патриоттық, өзіндік сана-сезімді қалыптастыру. «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлаудан басталады. Себебі, ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды». Бұл – ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннен қалған тағылым. Шындығына келгенде, бүгінгі мектеп партасында отырған оқушы – егемен еліміздің ертеңгі болашағы. Жас ұрпақтың тәрбиесі – қоғам алдындағы ортақ іс.
Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тіл алғыш етіп баулыған жөн. Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланы бірге тәрбиелейді.
Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсіресе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Елбасы Жолдауында «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді» деп, ұрпақ тағдыры айтылады [3].

Ұлттық мерекелерді өткізу барысында тәрбиешілер балаларға ұлттық киім, құнды жәдігерлер туралы үнемі айту, соларға қызықтыру, оны шынайы өмірмен байланыстыру жұмыстары қатар жүруі қажет. Балаларды бір-біріне сұрақ қойдыртып, диалогқа шақыру, ынтымақтастық орта қалыптастыру, олардың келешек білім алуға даярлауға ықпал етеді. Әсіресе, мұндай жұмыстарда екеуаралық кері байланыс міндетті түрде болуы шарт.
Бұдан бала ұлттық құндылықтың маңызын түсінеді, әрі қызығушылығы артады. Өзіне не қажет екенін пайымдайды. Нәтижесінде балалар ұлттық мәдени мұраларымызбен қолөнер туындыларымен танысады. Балаларды ұлттық негізде тәрбиелеу үшін ұлттық нақыштағы қолөнер туындыларымен таныстыру және балалардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру болып табылады. Ата-бабамыздан қалған мол мұрамызды балаларға кішкентайынан бастап үйретсек, келешекте өз елін, өз ұлтын қастерлейтін ел азаматтарын тәрбиелейтініміз айдан анық.
Сондықтан да рухани жаңғыру аясында осы бағытты ұстану керек деп білемін. «Ел болам десең, бесігіңді түзе», - дегендей қазақ халқында жаңа өмірдің, жарық дүниенің есігін ашқан нәрестенің өзіне сый-құрмет көрсетіліп, дәріптейтін лайықты салт-дәстүрлері бар. Әлемдік жаһандану үрдісіне қадам басқан жаңа ғасырда әр халық, ұлтын, дінін, тілін, мәдениетін, тарихын мейлінше сақтап қалуға тырысады. Қорыта келгенде, кез –келген елдің бірлігі мен өркендеуі ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды сақтағанда ғана мығым болмақ. Сондықтан баланың бойына мейірімділік, адамгершілік, әдептілік сынды қасиеттерді сіңіріп, туымызды жықпай, ұлан-байтақ жерімізді қорғайтын патриотты тәрбиелеу- біздің міндетіміз болып табылады. Құрметтейтін шығармашыл және талантты ұрпақ тәрбиелеуге бағытталуы тиіс. Алдымызда осы құндылықты бойына сіңірген, Отансүйгіш, елі мен жерінің қамы үшін аянбайтын, білімді, иманды, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, оларға бағыт беру міндеті тұрғанын әрдайым жадымыздан шығармауымыз керек.

Қорытындылай келе,рухани жаңғыру арқылы біз өз мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді өскелең ұрпақтың мәңгі жадында қалуын қамтамасыз етеміз. Шынында да рухы биік азаматтары бар елдің іргесі мәңгілік болары анық.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!