Материалдар / Мектептегі спорттық үйірме жұмысының жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектептегі спорттық үйірме жұмысының жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
1600
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әуезов мектебі бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру  және үйірмелер жұмысы

      Мақсаты: Салауатты өмір салты дағылары мен дене тәрбиесі мәдениетінің жоғары деңгейін және теріс әсерлерге қарсы тұра алу қабілетін қалыптастыру;

      Тәрбиелік міндеттері:

-күн тәртібін өз бетімен құру және орындау қабілеттерін қалыптастыру ;

-таңғы жаттығулар кешенін құрастыру біліктілігін қалыптастыру ;

-шынығу мақсатындағы күнге қыздырыну,суға түсу ережелерін сақтау қабілеттерін қалыптастыру;

-гигиеналық талаптарды орындауда төменгі сынып оқушыларына көмек көрсету дағдыларын қалыптастыру:

-спорт алаңдары мен жабдықтарын қолдан жасап жабдықтау біліктілігін қалыптастару;

-төреші дағдыларын қалыптастыру ;

-өзін-өзі тәрбиелеу мен жігерін жаттықтару қабілеттерін қалыптастыру;

-салауатты өмір салты жайлы білімін жүзеге асыру дағдыларын,  денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау,өз денсаулығы мен өміріне талдау жасай білу , денсаулықты сақтау және қорғау жолдарын меңгіру, өз мінезіне басшылық ету, жағымсыз әсерлерге қарсы тұру қабілеттерін қалыптастыру;

-қорғанудың әлеуметтік, дене, психологиялық сияқты негізгі бөліктерін қабылдау қабілеттерін қалыптастыру;

-өз денсаулығына деген жеке жауапкершілік танытуын, өзге адамдардың денсаулығы мен салауатты өмір салтын сақтау құқығын сыйлау қабілеттерін қалаптастыру.

       Жұмыстың түрі мен мазмұны:

«ТемекІ шегу және денсаулық» тәрбие сағаты және спорттық сайыстар. Сынып оқушылары өз беттерімен мәлімет жинап, сынып сағаттарында сөйлеуге дайындалады, викториналар және спорттық жарыстарға қатысады .

«Жарнама және ресми наша түрлері» ойыны. Негізгі мақсаты кандай да бір күмән келтіретін және көз тартарлық жарнамаларға сын көзбен қарауға тәрбиелеу, балаларға ішімдік пен темекені сатуға тыйым салудың әділетті екендігін сезіндіру;

«Күштілер турнирі» сияқты спорттық жарыстар.

Жалпы мәлімет

Салауатты өмір салтын насихаттау барысында мектепте түрлі спорттық үйірмелер жұмыс атқарады.Атап айтқанда , армрестлинг, волейбол, баскетбол, футбол, сонымен қатар ұлттық ойын түрлері тоғызқұмалақ үйірмесі ұдайы жүргізіледі.Үйірмелерге қатысушылар саны барлығы - 180 оқушыдан астам.

 

 



 

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙНАЙ БІЛЕМІЗ БЕ?

     Құрметті газет оқырмандары! Сіздерге арнап ұлттық спорт – тоғызқұмалақ ойынының ерекшелігі мен оның ойналу ережелері жайлы арнайы сабақтарды веб-сайтта жариялауды жөн көрдік. Тоғызқұмалақ ойының үйрену – үлкен математикалық мектепті меңгергенмен тең дейді спорт мамандары. Өзінің жаңғыру кезеңін бастан кешіп жатқан түріктің төл ойыны ата-бабамыздан бері келе жатқан игі дәстүр. Ал оны қазіргі қоғам арасында кеңінен насихаттау мен ұрпақ сабақтастығында жалғастыру – сіздер мен біздердің еншімізде. Бұл ойынды меңгеріп кетсеңіздер ұтылмайтындарыңызға кепіл бола аламыз. Жалпы тоғызқұмалақ ойыны өте тартысты да қызықты ойын. Әсіресе жасөспірімдердің зейіні мен ес-қабілетін арттыруда оған тең келетін спорт түрі жоқ десе де болады.

       Тоғызқұмалақ жайлы сабақтар Павлодар қаласындағы №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Қанат Қошқаровтан алынды. Оны сайт бетінде ұйымдастырушы Павлодар облыстық "Сарыарқа самалы" газеті Бас редакторының орынбасары Мұрат Аяғанов. Ұлттық ойынға, жарияланып отырған сабақтарға байланысты сұрақтарыңыз болса, пікір-ұсыныстарыңызды төменде жазып қалдыруларыңызды сұраймыз.

      Тоғызқұмалақтың жалпы сипатын таныстыру мен оның ойналу ережесі жайлы сабақтарды беріп отырмыз:

      Тоғызқұмалақтың тарихына үңілсек...

      Тоғызқұмалақ –қазақтың ұлттық ойыны. Ол – бүгінгі күні дүние жүзіне танылған әлемдік мәдениеттің кез келген үлгілерімен бой теңестіре алатын 4 мың жылдық тарихы бар зияткерлік ойын, озық рухани мұра. Қазақ халқының ілкі тектерінен бастап, сақтар, ғұндар, көктүріктерден қазіргі күнге дейін жалғасып келе жатқан ұрпақтар үндестігінің рухани көрінісі. Сондықтан болса керек, ойынның дүниетанымдық ерекшеліктері, ережелері, нұсқалары зерттеушілерге халықтың рухани тұрмыс-тіршілігін білу үшін құнды этнографиялық қайнар көздердің ретінде танылып келді.

      Тоғызқұмалақтың шығу тарихы мен ол туралы зерттеушілердің жазған еңбектері жайында білгілерін келсе, М.Шотаев пен Ы.Абдужапаровтың “Тоғызқұмалақ ойынындағы тұздықтар тартысы”, Ә.Ақшораевтың “Тоғызқұмалақ даналығы”, С.Шарипов пен М.Шотаевтың “Тогузкумалак – игра интеллектуалов” және тағы да басқа кітаптарда кеңінен жазылған. Тоғызқұмалақ қашан пайда болды? Қайдан шықты? Кім ойлап тапқан? Әуелі қай халықтар ойнаған? деген сұрақтарға дәлел мен терең мағлұматтарды аталмыш кітаптардан алуға болады.

     Тоғызқұмалақ – ересектерді былай қойғанда, жас жеткіншектерге спорт әліппесін үйретумен қатар, олардың ой-өрісін, сана-сезімін дамытуға, оқу үлгерімін жақсарта түсуге және сапалы тәрбие беруге өзіндік септігін тигізеді. Мектеп оқушылары үшін бұл бірден бір қажетті ойын.

     Тоғызқұмалақтың жалпы сипаты мен оның қандай ойын екендігі жайында сөз қозғалғанда алдымен тоғызқұмалаққа нендей құралдар қажет екендігі ауызға оралады. Қарапайым тілмен сипаттасақ, оның арнаулы тақтасы болады. Оны тең екіге бөліп, ағаштан ойып немесе пластмассадан құйып жасайды. Әр жағында құмалақ салатын тоғыз-тоғыздан отаулары (кейде оны “ұя” деп те атап жүр), бір-бірден көлдеңен орналасқан құмалақ жинайтын орындары – қазандары бар. Әр жағының отаулары солдан оңға қарай бірден тоғызға дейінгі рет сандарымен белгіленеді. Әрбір ойыншының қазаны тақтаның өз бөлігіндегі ішкі жағында емес, қарсыласы жағында орналасқан. Әр отаудың өз аты бар: 1 – арт, 2 – тектұрмас, 3 – ат өтпес, 4 – атсыратар, 5 – бел, 6 – белбасар, 7 – қандықақпан, 8 – көкмойын, 9 – маңдай. Отаулардың әрқайсысына тоғыздан құмалақ салынады, екі ойыншы сонда жалпы жиыны 162 құмалақпен ойын өрбітеді. Құмалақтар ертеде сүйектен ойылып жасалып келген екен. Бүгінде ол пластмассадан шар пішіндес болып құйылады.

 

Төменде тоғызқұмалақтың ойын тақтасы берілген:

9     8      7      6      5     4      3      2     1

О

Т

А

У

Л

А

Р

 

 

ҚАЗАН

ҚАЗАН

О

Т

А

У

Л

А

Р

 

 

1      2      3     4      5      6     7      8     9

     Облыстық өлкетану музейінде Павлодар облысы Успенка ауданы Тобыл аулында туған  Әбікәрім  Есалиновтың (1870-1965 жж.) өз  қолымен жасап шығарған тоғызқұмалақ тақтасы сақталған.

     Павлодар  қаласында 1967 жылы тоғызқұмалақ  ойынынан «Еңбек» атты тұңғыш чемпионат өтті.  Сайысты ұйымдастырған «Қызыл ту» газетінің жұмыскері еді.

     1987 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде тоғызқұмалақ ойыны қолға алына бастады. 1987 жылы  оқушылар мен жасөспірімдер арасында  жарыстар өткізіле бастады. 

     Тоғызқұмалақ ойыны тек Павлодар қаласында ғана емес, сонымен қатар облысқа қарасты аудандарда да қарқынды дамыды. Атап айтар болсақ, Лебяжі, Баянауыл, Ертіс, Қашыр, Успенка, Май аудандары.

     Лебяжі ауданында тоғызқұмалақ ойынының жаттықтырушысы әрі дамытушысы Қарақала ауылының тұрғыны Исатай Капаев (1940-1985 жж.) ұлттық ойынды қайта жаңғыртуға көп үлес қосты. Ол тек қана аудан көлемінде ғана емес, республикалық жарыстарға да қатысып отырды.  1985 жылы оның шәкірті Серік Махмұтов республика деңгейіндегі үздік ойыншы жүлдесіне ие болды.

     1993 жылы Павлодар қаласында көзі нашар көретін адамдар арасында жарыс өткізіліп, біздің жерлесіміз  Марина Әмірова екінші мәрте чемпион атағын иеленеді. 2000 жылы Ертіс ауданында Бауыржан Шапиев (1960-2003 жж.) қола жүлдеге ие болды. Соңғы он жыл ішінде Ақсу ауданында А.Петросян оқушыларды тоғызқұмалақ ойынының қыр-сырына баулуда. Оның шәкірттері Ж.Қаймулдин 16 жасқа дейінгі  және  Н.Резуанов 14 жасқа дейінгілер арасында республика чемпионы атағын жеңіп алды. 

     1999 жылдан бастап №3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды. Үйірменің сол бір құрылғанынан бергі уақытта осы мектептен үш спорт шебері және он бес спорт шеберлігінен үміткер шықты. Мектеп оқушылары республикалық және халықаралық  жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Төменде тоғызқұмалақтың ойын тақтасы берілген:

9     8      7      6      5     4      3      2     1

О

Т

А

У

Л

А

Р

 

 

ҚАЗАН

ҚАЗАН

О

Т

А

У

Л

А

Р

 

 

1      2      3     4      5      6     7      8     9

 Тоғызқұмалақ ойыны негізінен екі адамның арасында өтеді. Ойынды кім бастайтынын жеребе тарту арқылы анықтайды. Ойынды бастайтын ойыншыны бастаушы деп, ал қарсыласын қостаушы деп атайды. Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасап отырады.

     Ойынды бастаушы ойыншы өзінің кез-келген отауынан жүре алады. Ол үшін ойыншы жүріс жасайтын отауының ішінде бір құмалақ қалдырады да, қалған құмалақтарды қолына алып, келесі оң жағындағы отаудан бастап (сағат тіліне қарама-қарсы бағытта), қолындағы құмалақтар таусылғанша бір-бірден салып шығады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың отауларының біріне түсіп және сол отаудағы құмалақтар санын жұп жасаса онда бұл жүріс табысты болды деп есептелінеді де, ойыншы сол отаудағы құмалақтардың барлығын өзінің қазандығына салып алады.

    №1 диаграмма. 7-ші отаудан жүрген ойынды бастаған ойыншының жүрісі көрсетілген

 

 



          9            8           7              6             5               4              3               2              1                                                                                  

9

9

9

 

10

10

10

10

10

9

9

9

9

9

9

1

10

10

         1             2            3             4              5              6               7               8              9

                                            

10

Ендігі жүріс кезегі қара жағынан, яғни қостаушыдан. Ол да ойынды бастаушы секілді кез-келген отаудан құмалақтарды алады да, жоғарыдағыдай тәртіппен таратады. Бірақ қостаушының алғашқы жүрісі де табысты бола алады (№ 2  диаграмма) немесе жай жүріс те (табыссыз) бола алады

     №2 диаграмма(табысты жүріс). Бұл жүрістер ойыншының таңдап алған ойын жоспарына байланысты

 

10

  

          9               8               7               6              5              4               3               2              1                                                                                  

10

10

1

 

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

 

1

10

10

          1              2                3              4              5               6               7              8               9

                                             

10



3 диаграмма(табыссыз жүріс)

 

 

 

 

           9            8                7               6               5              4              3               2              1                                                                                  

1

9

9

 

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

10

2

11

10

          1               2              3               4              5               6              7                8              9

                                            

10

 

   Егер соңғы құмалақ түскен отаудағы құмалақтар саны тақ болатын болса, немесе жүріс жасағаннан кейін соңғы құмалақ өз отауына келіп жатса (№3  диаграммадағы жағдайды ары қарай өрбітелік) онда мұндай жүрістер жай жүріс, яғни табыссыз болып есептелінеді. (№ 4  және № 5  диаграмма).

   Енді жүріс бастаушы жағында. Егер бастаушы келесі №4 диаграммадағыдай құмалақ тартса, оның 9-отаудан бастаған екінші жүрісі жай жүріс болып есептелінеді (№ 4  диаграммаға қараңыз).

 4 диаграмма.

10

 

           9              8              7               6               5              4              3               2               1                                                                                  

11

11

2

1

11

11

11

11

10

10

10

10

10

10

 

1

10

1

          1               2              3               4              5               6              7               8                9

                                       

10

  Ал егер қостаушы өзінің екінші жүрісін 9-отаудан жүрсе (№ 5  диаграмма) ол да жай жүріс болып есептелінеді, себебі соңғы құмалақ өз отауына қайтып келді.

5 диаграмма.

10

 

          9              8               7               6               5              4              3               2              1                                                                                   

1

11

2

1

11

11

11

11

12

11

11

11

11

11

1

2

11

2

          1              2               3               4               5              6               7              8               9

                                             

10

 Ойын осылай алма-кезектесіп өрбиді. Жұп санды құмалақтар орналасқан отауларды «жабық отаулар» (яғни, ұтып алуға болмайды), ал тақ санды құмалақтар орналасқан отауларды «ашық отаулар» (яғни, ұтып алуға болады) деп атайды.

   Ойын мақсаты – қарсыластың отауынан 82 және одан да көп құмалақ ұтып, жеңіске жету болып табылады.

 


































ОЙЫН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Тоғызқұмалақ ойынында бекітілген ережеден ауытқитын үш жағдай бар, міне осыларды ойын ерекшеліктері деп атайды.

Бірінші ерекшелік –ойын барысында кез келген отауда бір ғана құмалақ қалғандай болса ол құмалақты алып келесі отауға жүруге болады, ал отау бос қалады. Мысалы үшін төмендегі № 1 диаграммаға назар аударалық:

 

1 диаграмма

 

9 8 7 6 5 4 3 2 1

1

11

2

1

11

11

11

11

12

 

10

11

11

11

11

11

1

2

11

2

10

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Бастаушы өзінің кезекті жүрісінде 6-шы отауындағы 1 құмалақты келесі 7-ші отауға жүрді делік, сонда 6-шы отау бос қалады. Келесі № 2 диаграммаға қараңыз:

 

2 диаграмма

 

9 8 7 6 5 4 3 2 1

1

11

2

1

11

11

11

11

12

 

10

11

11

11

11

11

 

3

11

2

10

1 2 3 4 5 6 7 8 9

 

Екінші ерекшелік – «тұздық» деп аталады. «Тұздық» алу үшін соңғы құмалақ қарсыластың екі құмалағы бар отауларының біріне (9- шы отаудан басқасына) түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтыруы керек. Мысалға жоғарыдағы № 6 диаграммадағы жағыдайды жалғастыралық. Ойынды бастаушы 1-ші отаудан жүріп, қостаушының 2-ші отауынан 12 құмалақ ұтып алды делік ( № 3-диаграмма).

 

3 диаграмма

9 8 7 6 5 4 3 2 1

1

11

2

1

11

11

11

 

13

 

10

1

12

12

12

12

2

3

12

3

22

1 2 3 4 5 6 7 8 9

 

Міне осы сәтте қостаушы 5-ші отауындағы 11 құмалақты таратып, бастаушының

6-шы отауындағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтырып сол отаудан «тұздық» алады.

 № 4 диаграмма

 

9 8 7 6 5 4 3 2 1

2

12

3

2

1

11

11

 

13

 

13

2

13

13

13

13

Х

3

12

3

22

1 2 3 4 5 6 7 8 9

Ойыншы «тұздық» алған отауына арнайы белгі қояды. Енді сол «тұздық» жарияланған отауға түскен құмалақтардың бәрі «тұздық» алған ойыншының қазандығына аударылып отырады.Тағы бір ескеретін жағыдай, «тұздықты» ойын барысында бір рет қана алады және аттас отаулардан «тұздық» алуға болмайды.

Аттас отаулар деп – нөмірлері сәйкес келетін отауларды атайды.Мысалы, бастаушының1–ші отауымен қостаушының 1–ші отауы аттас, 2-ші отауымен 2-ші отауы аттас т.с.с.

Үшінші ерекшелік - «атсырау» деп аталады. Ойын соңына қарай қай ойыншының жүретін жүрісі болмай қалса, сол ойыншы «атсырауға» ұшырады деп есептелінеді. Қарсыласын «атсырауға» ұшыратқан ойыншы өзінің отауларында қалған құмалақтардың барлығын қазандығына салып алады, міне осыдан кейін ғана әр ойыншы өздерінің ұтып алған құмалақтарының есебін шығарады. Төмендегі мысалға назар аударалық:

 № 5 диаграмма

9 8 7 6 5 4 3 2 1

2

2

 

 

 

 

 

 

 

 

80

 

 

 

 

Х

1

 

 

7

70

1 2 3 4 5 6 7 8 9

 Жүріс қостаушыдан. Енді 4 жүрістен кейін оның отаулары түгелдей бос қалады ( № 6 диаграммадағыдай).

 № 6 диаграмма

9 8 7 6 5 4 3 2 1

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

80

1

2

1

 

Х

 

 

1

7

70

1 2 3 4 5 6 7 8 9

 Енді қостаушының жүріс жасайтын бірде-бір құмалағы қалмады, яғни ол«атсырауға» ұшырады.Сондықтан да отаулардағы қалған құмалақтарды бастаушы өзінің қазандығына қосып алады да, бұл кездесу 82-80 есебімен бастаушының пайдасына шешіледі.

Егер ойыншы өзінің қазандығына 82 және одан да көп құмалақ жинап алғаннан кейін «атсырауға» ұшыраса, ол ойыншы «атсырауға» ұшырағанына қарамай жеңіске жеткен болып саналады.Себебі ойынның негізгі мақсаты - өз қазандығыңа 82 құмалақ жинау болып саналады.

Ойынды жазып ойнау тәртібі

Тоғызқұмалақ ойыны барысын қағазға жазып ойнау – ойынды жақсы ойнаудың алғы шарты деуге болады. Себебі жүрістер мен амалдарды қағаз бетіне түсіріп отыру ойынның негізгі ауанын есте сақтауға, кейіннен оқып, талдауға, ойыншылардың шеберлігін дамытуға мүмкіндік береді.

Жүрісті жазу үшін әуелі жүріс жасалатын отаудың рет саны содан соң сол отаудағы құмалақтар саны жазылады. Мысалы, 12 деп жазсақ, бұл бірінші отауда 2 құмалақ бар деген сөз; 816 – сегізінші отауда 16 құмалақ бар. Бұдан кейін жүріс жасау белгілері (егер табысты болса қос нүкте-«:», ал жай жүріс болса сызықша- «-») қойылады да соңғы құмалақ барып түскен отаудың рет саны мен сол отаудағы құмалақтар саны жазылады.

Мысалы, 216-87 деген жазу екінші отаудағы 16 құмалақты таратқанда соңғы құмалақ сегізінші отауға барды –дағы ондағы құмалақтар санын 7-ге жеткізді деген сөз.Бұл жай жүріс болды, яғни құмалақ ұтпады, сол себепті жазулар арасына жай жүрістің белгісін ( - сызықша) қоямыз.Ал 613:94 деген жазу алтыншы отаудағы 13 құмалақты таратқан кезде соңғы құмалақ тоғызыншы отауға түсті-дағы ондағы құмалақ санын 4-ке жеткізді деген сөз. Бұл табысты жүріс болды, яғни құмалақ ұтып алады, сол себепті жазулар арасына табысты жүрістің белгісін (: қос нүкте) қоямыз.

Ойын барысында «тұздық» алынса онда «тұздық» белгісін – «Х» қоямыз.

Мысалы: 214:63Х (екінші отаудағы 14 құмалақты таратқан кезде соңғы құмалақ алтыншы отауға түсіп, ондағы құмалақтар санын алғаш рет үшке толтырды, яғни «тұздық» алады деген сөз).Ойынды жазып ойнағанда пайдаланатын шартты белгілер:

- -жай жүріс

: -табысты жүріс

Х -тұздық белгісі

! -күшті жүріс

? -әлсіз жүріс

  1. -қандай жүріс жасаса да бәрі бір деген мағына береді.

  2. Жүрістердің дәлдігін есептеу жолдары

«Тоғызқұмалақ» ойынын үйрену онша қиын емес. Бірер ойнаған соң– ақ жүрістерді жаттап қалуға болады. Бірақ осы сәтте үйренуші бірнеше заңды сұрақтарға тап болады. «Қалай тез жүруге болады?» «Соңғы құмалақ қай отауға (әсіресе құмалақ саны көп болғанда) барып түсетінін тез арада қалай есептеуге болады?» т. с. с. Ойынның жүрісі құмалақтарды отау – отауға салып отыру болғандықтан қарт ойыншылар отау мен құмалақты сұқ саусақтарымен санайды да отырады. Бұл әрі ойынның тездігін тежейді, әрі қателесіп кетуге ұрындырады. Міне, сондықтан есептеп жүрудің біз ұсынып отырған жаңа әдісі тақтадағы қандай күрделі жағдайда да қай жүрісті жүруге болатынын көрсетіп бере алады. Енді сол әдістің мәніне назар салайық.

«Тоғызқұмалақ» ойынының бір ерекшелігі, әрі басқа ойындардан артықшылығы - әр отаудың нөмірі мен оның ішінде жатқан құмалақтар саны сол отаудың шабуыл мүмкіншілігін (күштілігін), яғни соңғы құмалақтың дәл қай нөмірлі отауға барып түсетіндігін көрсете алатындығы. Сондықтан ойын барысында, қай отауға қанша құмалақ жиналса да соңғы құмалақ қарсыластың немесе өз жағының қай отауына барып түсетінін және қарсыласыңның қай отаудағы құмалағы сенің ашық отауыңа қауіп төндіріп тұрғандығын қатесіз, тез арада ойша есептеп біліп отыруға болады.

Бірінші есептеу жолы. Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай нөмірлі отауға барып түсетінін анықтау үшін, әрқашанда, сол отаудың ойынды жазу тәртібі бойынша қағаз бетіне жазылған цифрларының арасына қосу белгісін қоямыз. Мысалы 3-отауда 17 құмалақ бар. Яғни 3+1+7= 11.

Тоғызқұмалақ ойынының мынадай ережелері бар:

а) Егер қосынды 10 немесе 10-нан кем болса, қосындыдан 1-ді аламыз.

ә) Егер қосынды 10-нан артық болса, қосындыдан 10-ды алып тастаймыз.

б) Егер қосынды мөлшері 20 немесе20-дан артық болса, қосындыдан 19 аламыз.

в) Егер қосынды мөлшері 29-дан 37-ге дейін болса, қосындыдан 28 аламыз.

д) Егер қосынды 38 немесе одан да көп болса, қосындыдан 37-ні аламыз.

Енді осы ережеге сүйене отырып, жоғары мысалдағы соңғы құмалақтың 1–ші отауға барып түсетінін білеміз, себебі 11–10=1.

Жоғарыда айтқандарымыз түсінікті болу үшін, ойынның мына төмендегідей бес жүрісінен кейін пайда болған позицияны (№ 1 – диаграмма) қарап өтелік.

9 8 7 6 5 4 3 2 1

3

13

1

5

1

14

14

3

1

 

16

3

2

15

3

16

Х

5

14

5

28

1 2 3 4 5 6 7 8 9

1 диаграмма

Жүріс кезегі ақ жағынан. Бұл позицияда оның бір ғана күшті жүрісі бар. Ол жүріс – үшінші отаудағы 15 құмалақты жүру. Сонда ол қарсыласының 8-отауынан 13 құмалақты ұта алады. Бірақ жарыс тәртібіне сәйкес жедел ойнау кезінде бұл жүрісті қалай тез табуға болады? Міне, біздің жоғарыда ұсынған әдісімізді қолдану осы жерде керек. Ол өзінің 3-отауында жатқан 15 құмалақтың соңғысы қара жағының қай отауына барып түсетінін есептесе былай болады: 315=3+1+5=9-1=8. Яғни бұл жүрісте соңғы құмалақтың қарсыласының 8-ші отауына барып түседі деген сөз. Яғни оған315:814 жүрісін жасау керек. Дәл осы есепті ауызша есептеу қажет екенін де ұмытпаған жөн.

Егер ол 7-отауындағы 5 құмалақты жүретін болса (75=7+5=12-10=2), қара жағының 2-отауындағы үш құмалақты ұтып алады екен (75 : 24 жүріс). Ал егер 8-отауындағы 14 құмалақты жүретін болса (814=8+1+4=13-10=3) соңғысы өзінің 3-отауындағы 15 құмалаққа келіп түсіп, ол отауды жабады екен

(814 – 316 жүрісі). Бұл екі мысалда да қосынды 10-нан асқандықтан, қосындыдан 10-ды шегердік.

Жарыста ойнаған, Б. Момбеков пен Н. Қайынбаевтың кездесуінде мынадай жүрістерінен кейін

1. 39 : 210 89 – 711, 2. 910 – 911 310 :33Х, 3. 810 : 84 512 : 712, 4. 512 : 714  413 : 72, 5. 213 : 54 914 – 43, 6. 95 : 44 116 – 73, 7. 115 – 617 617 – 43?, 8. 12 – 26 29 : 12, 9. 93 : 22 74 – 11, 10. 57 – 21 71 – 87 пайда болған (№ 2 – диаграмма) позициядан кейін соңғы құмалақтар қай отауға барып түсетінін анықтаңдар.

9 8 7 6 5 4 3 2 1

5

7

 

2

3

4

10

1

5

 

26

1

6

Х

18

1

20

6

7

2

38

1 2 3 4 5 6 7 8 9 № 2 диаграмма

Ақ жағы: 26-?, 418-?, 620-?, 76-?, 87-?

Қара жағы: 310-?, 44-?, 87-?, 95-?

Екінші есептеу жолы. Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай отауға барып түсетінін анықтау үшін отаудың рет санына сол отауда жатқан құмалақтар санын (3-ші отауда 17 құмалақ бар, яғни – 3+17=20) қосамыз да:

а) Егер қосынды 10 немесе 10-нан кем болса, қосындыдан 1-ді аламыз.

ә) Егер қосынды 10-нан артық болса, қосындыдан 10-ды алып тастаймыз.

б) Егер қосынды мөлшері 20 немесе20-дан артық болса, қосындыдан 19 аламыз.

в) Егер қосынды мөлшері 29-дан 37-ге дейін болса, қосындыдан 28 аламыз.

д) Егер қосынды 38 немесе одан да көп болса, қосындыдан 37-ні аламыз.

Бұл пікірлеріміз түсінікті болу үшін, жоғарыдағы бірінші есептеу жолында келтірілген мысалдарды қайта қарап өтелік (№ 12 – диаграмма). Ақ жағының 3-отауында жатқан 15 құмалақтың соңғысы (315=3+15=18-10=8). Қара жағының 8-отауына түскенін дәлелдеу үшін отаудың рет саны мен құмалақ санын қоссақ – 18. Бұл қосынды 10-нан артық болған соң 10-ды шегердік. Сонда қалдық 8, яғни соңғы құмалақ қара жақтың 8-ші отауына түскен.

Тағы бір мысал, 7-отаудағы 5 құмалақтың соңғысы (75=7+5=12-10=2) қара жағының 2-отауына түседі (бұл да сол сияқты), ақ жағының 8-отауындағы 14 құмалақтың соңғысы (814=8+14=22-19=3) өзінің 3-отауына (енді қосынды 19-дан көп болғандықтан қосындыдан бұл жерде 19-ды шегердік) дәл барып түсіп жатыр.

Үшінші есептеу жолы. Бұл – жүрістерді есептеудің ең жеңіл жолы. Жүріс жасалатын отаудағы соңғы құмалақ дәл қай отауға барып түсетінін табудың бұл үшінші жолы – ілгері және кері есептеу болып табылады. Мұнда – 10, 19, 28, 37 сандарын әрқашанда есте жақсы сақтай білу керек. Оның себебі – жүріс кезінде 10 құмалақ жатқан отаудан басталған жүріс қарсыласының аттас нөмірлі отауына дәл барып түсіп жатады. Отауда 19 құмалақ болса, ол отаудан басталған жүріс құмалақтарды барлық отауға бір-бірден салып шыққанда соңғы құмалақ қайтадан өз орнына қайтып келіп түседі. Отауда 28 құмалақ болса, ол екі жақтың барлық отауларын бір айналып шығып, қайтадан қарсыласының аттас нөмірлі отауына дәл барып түсіп жатады.

Отауда 37 құмалақ болса, ол барлық отауды екі айналып шығып, қайтадан өз орнына келіп түсіп жатады.

 9 8 7 6 5 4 3 2 1

2

4

7

 

19

18

2

10

4

 

20

3

4

2

21

12

3

1

4

2

24

1 2 3 4 5 6 7 8 9

3 диаграмма

 

3 – диаграммадағы позицияда 5-отаудағы (ақ жағы) 12 құмалақтың соңғысы қай отауға барып түсетінін табамыз. себебі, 5-отауда 10 құмалақ болса, ақ жағының аттас 5-отауына барып түскен болар еді. Ал бізде 12 құмалақ бар, яғни ол ілгері екі отау жалжып (7) барып түседі. Бұл ілгері есептеу болып саналады. Ал қара жағының 4-отауындағы 18 құмалағының соңғысы өз жағының 3-отауына келіп түсіп жатады. Себебі, егер отауда 19 құмалақ болса, бар отауды бір айналып, қайта өз орнына келген болар еді. Ал бізде 18 ғана құмалақ. Сондықтан өз отауынан бір құмалақ кейінге келіп түсіп жатыр. Бұл кері есептеу болып саналады.

Сонымен біз «тоғызқұмалақ» ойынының математикалық есептеу жолдарын ортаға салдық. Жүрісі тым қиын болып келетін бұл қызықты ойынмен шұғылданған талапкерлер үшін математикалық есептеудің үш жолын жетік біліп алу қажет.Егер сіз осы есептеулерді санаңызға тоқып алып, ойын үстінде қолданатын дәрежеге жетсеңіз, «тоғызқұмалақ» тақтасының бетіндегі бүкіл отаулардың тізгіні сіздің қолыңызда болады. Әрине, сан-салалы, шексіз өрнектер жасауға болатын «тоғызқұмалақ» ойынын үйренуде тек осыны білсем жетеді деп ойлау қате.

 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!