400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектептегі сынып жетекшінің ролі

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие бойынша түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ш. Бектасов ЖОМ КММ 10 «Ә» сынып жетекшісі Ауелбекова Ақперне


Бала тәрбиесіндегі сынып жетекшінің ролі (эссе)

Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана- сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да жақсы қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. .Сол себепті сынып жетекшісінің бала тәрбиесінде алатын орны өте зор. 
Мектептегі білім мен тәрбие – егіз ұғымдар. Мектепті білім тірегі десек, ұстаз-оның жүрегі . Мұғалім жас ұрпақтың жан-жақты терең білім алуымен қатар саналы да тәрбиелі, зерделілік деңгейі жоғары болуы үшін тер төгіп, еңбек етеді..

Бала тәрбиесі – ұлт болашағы, келешек қоғам тәрбиесіБала тәрбие біздің ұрпақтан- ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз..Оқушы бойында ұлттық құндылықты тек қана сынып жетекшісі толық қанды қалыптастыра алмайды. Міндетті түрде отбасы ықпалы қажет.

Отбасы– баланың түп қазығы, алтын ұясы. Бала тәрбиесінде отбасының алатын орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса да алмастыра алмайды. Отбасының негізгі қызметі баланы өмірге келтіру ғана емес, оның бойына көне заманнан келе жатқан ұлттық тәрбиенің тағылымдары мен аға ұрпақтың тәжірибесін сіңіру. Ата- ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы – үлкен тәрбие мектебі. Отбасында ата- анасы және өзге де отбасы мүшелері баланың тәлімді де тәрбиелі болып өсуіне ерекше назар аударуы қажет.Ал мектеп табылдырығында бала тәрбиесінде мектеп ұстаздарымен сынып жетекшісінен үлкен жауапкершілік талап етіледі екен. 
Сынып жетекшінің негізгі міндеті: оқушының бойына, адами қасиетті бойға дарытып рухани тәрбие беріп, мәдениетке шақыру. Ең биік шыңында жеке тұлға қалыптастыру.Оқушы бойындағы өзін - өзі тәрбиелеу және дамытуға саналы көзқарасты қалыптастыру үшін жоспарлы тәрбиелік шаралар жүйелі өткізу барысында уақыт өте келе өз нәтижесін береді.

Сыныпта отырған оқушыларыма 7-сыныптан бастап жетекшілік етемін.Алғашқы кездерде бірін- бірі көре алмау, қызғаныш, бұйырып сөйлеу, секілді келеңсіз әрекеттер көптеп кездесті. Балалар бойындағы талантын, дарынын ашу үшін намысын қайрап, жақсы оқуға толық мүмкіндігі бар екендігіне көздерін жеткіздім. . Бір-бірімен қарым- қатынас жасауға, достасуға, қайырымдылыққа үйретіп, ұлы адамдар өмірінен мысалдар келтірдім. Қатігездікке, құқық бұзушылыққа қарсы тұруға, өз тәртіптерін, істерін бағалай білуге барынша үйреттім. Сынып оқушылары бір үйдің баласындай тату болу керектігін санасына құйдым. Нәтижесінде сыныпта «Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» принципі қалыптасты.


Сынып оқушыларына ашық сабақтар, тәрбие сабақтар өткізудегі негізгі мақсатым- оларды топ алдында қысылмай еркін сөйлеуге қалыптастыру, білімін молайту, іздендіру, шығармашылық қабілетін ояту. Әрбір сабақта психологиялық тренинг немесе сергіту сәті арқылы оқушылардың қызығушылығын дамыта отырып сабақты түсіндіру. 
Әр уақытта ата-анамен байланыс дәптерін жүргізіп, балалар бойындағы жақсылы- жаманды қасиеттерін байқап,дер кезінде қателігін түзеуге тырыстық.. 
Тәрбиелік шараның түрлері өте көп.

Сынып сағатын да түрлендіріп өткізу атап айтсақ, , кездесу, лидер, пікірталас, дөңгелек үстел, , әдеби кеш, ойын, , т.б. түрінде. 
Пікірталастың оқушы өмірі үшін , сынып жетекшісіне баланың ішкі жан- дүниесін зерттеп, білу үшін де көп пайдасы бар. Оқушылардың ойын ауызша да, жазбаша да, сурет салу арқылы да жарыққа шығартып, ситуациялық жағдаяттарды, өмірдегі таза шындықты көрсету арқылы олардың жүрегіндегі ақ пен қараны айыра білу, еңбекқорлыққа баулу, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойға жиып, қатігездіктен аулақ болуға шақырады.

Оқушыларға жеке тұлғаларда қандай адам жаныңа жақын немесе кімге еліктейсің? деген сұрақтарға жауап алғанда жазбаша түрде пікірлерін оқығанымда, сыныптың ой- санасының қалай қалыптасқанын , өмірге деген көзқарасының қандай екенін байқап дер кезінде бағыт беруге болатынын байқадым. Кейбіреуі өмірде жақсы адамдарға еліктесе, тағы біреулері ата- ана алдындағы парызын түсінетіндігі, ең асыл адам деп танып,өскесін бар жақсылықты жасайтындығын туған өлкесін қорғайтынын жазған. 
Сынып жетекшісі оқушыларға ұрсып емес, саналы тәрбие, аз сөзге көп мағына сыйғызып түсіндіру арқылы өзін- өзі тәрбиелеуге, жіберген қателігін түзеп, қайталамайтын жағдайға жеткізуге үйретуге болады. Әр шәкіртінің бойындағы қабілет, дарынын уақытында байқап, пән мұғалімдерімен, ата- анамен тығыз байланыс жасап, болашақ өмір жолына пайдасы тиетіндей олимпиада, ғылыми жоба жарыстарына қатысуын қадағаласа, орасан пайда келтіргені.. 
Ендігі менің басты арманым- шәкірттерімнің өмірде қателеспей, сүйікті мамандығының иесі атанып, Отанына, еліне, ата- анасына адал қызмет етер саналы азамат, азаматша атанса. Қай ортада жүрсе де , өнегелі тәрбиемен өскендігін таныта алса, ұрпағына үлгі болса дегім келеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
04.05.2018
757
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі