Материалдар / Мектептің әлеуметтік жұмыс жүйесі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектептің әлеуметтік жұмыс жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал мектеп психологтарына, әлеуметтік педагогқа көмегі бар. Қазіргі заман мектебіне әлеуметтік педагогтар өте қажет. Жасөспірімдер арасындағы бұзақылықтың өсуі, нашақорлықтың, компьютерге деген тәуелділік – бұл жағдаяттардың барлығы мектеп, қоғам алдындағы тұрған мәселелер. әлеуметтік педагогтар мен психологтар арқылы бұларды шешу мүмкін емес.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2021
626
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













Мектептің әлеуметтік

жұмыс жүйесі








Габитова Меруерт Шахарбековна –директордың

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Өскемен қаласы әкімдігінің «А.Байтурсынов

атындағы № 20 орта мектебі»

коммуналды мемлекеттік мекемесі










Өскемен қаласы

2020 жыл

Мектептің әлеуметтік жұмыс жүйесі



Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық

қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси экономикалық

және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын,

ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер өмірге

икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке

тұлғаны қалыптастыру”.

Н. Назарбаев


Надо видеть себя в детях, чтобы помочь им стать

взрослыми, надо принимать их как повторение своего

детства, чтобы совершенствоваться самому,

надо, наконец,жить жизнью детей, чтобы быть

гуманным педагогом.

Ш.А. Амонашвили


2020-2021 оқу жылдарына мектебіміздің алдына қойған мақсат «Оқытудың барлық субьектілерінің өзара әрекетін ұйымдастырудың бір компоненті ақпараттық-коммуникациялық технология». Осыдан әлеуметтік қызметтің мақсаты жасалынды «Балалардың әлеуметтік құқығын қорғау және балалардың дамуына жағдай жасау, сонымен қатар мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынасын құру. Балалардың құқықтық білімін жетілдіру, азаматтық, әкімшілік , отбасылық, қылмыстық құқық заңдарын негізге алып, заңға бағынатын,  өзін-өзі дамытатын, өз ойын еркін айта білетін, қоғам талабына сай өзін көрсете білетін, ұлттық тілді, тарихты жетік білетін, отандық және әлемдік мәдениетті бойында қалыптастырған, бәсекеге қабілетті, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу»

Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:

  • Тәрбиелеу және дамытушылық іс-әрекетін ұйымдастыру;

  • Құзіреттілікті қалыптастыру және дамыту;

  • Оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына көмектесу, оның ішкі мүмкіншілігі, бейімділігі, мақсат-мүдделері мен шығармашылық қабілеттерінің байқалуы мен қалыптасуына жағдай жасау;

  • Балалардың толық тұлғалық жетілуіне әрбір жас ерекшелік кезеңінде ат салысу;

  • Оқу-тәрбиесінде және қарым-қатынасында қиыншылығы бар оқушыларды әлеуметтік-педагогикалық көмекпен қамтамасыз ету;

  • Оқушының отбасылық тәрбие жағдайын анықтау;
    жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларына патронаждық көмек көрсету;

  • Баланың жеке дамуындағы ауытқуларын түзету және алдын алу.

Әлеуметтік қызметтің 5 бағыттық әрекеті бір бүтін жүйе ретінде іске асады:

1. Диагностикалық қызметі:
• «қиын  оқушылар»;
• кәмелет жасына  толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, асырау сияқты өз міндеттерін орындамаған, сондай-ақ баланың дене адамгершілік жағынан дұрыс дамуына кері әсер ететін, оларға қатыгездікпен қарайтын «проблемалы» ата-аналармен жұмыс жүйесін қалыптастыру.
 2. Өз құзырлығы (компетенция) шеңбері бойынша көмекті қажет ететін балаларға әлеуметтік қорғау көрсету;
  3. «Ерекше назардағы» оқушылармен жеке жұмыс  іс-шараларын жетілдіру;
  4. «Ерекше назардағы» ата-аналармен жеке жұмыс жоспарын жандандыру;
  5. Сынып жетекшілері, психолог, медицина қызметкерлері, мектептің басқа да қызметкерлерімен, ата-аналар комитетімен, құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесімен, оқушылардың өзін-өзі басқару органымен, құқықтық оперативті топпен, кәмелет жасына  толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиямен, қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты үйлестіру.

Қазіргі заман мектебіне әлеуметтік педагогтар өте қажет. Жасөспірімдер арасындағы бұзақылықтың өсуі, нашақорлықтың, компьютерге деген тәуелділік – бұл жағдаяттардың барлығы мектеп, қоғам алдындағы тұрған мәселелер. әлеуметтік педагогтар мен психологтар арқылы бұларды шешу мүмкін емес.

Әлеуметтік жұмыстар ҚР нормативтік-құқықтық актілерінен, тәрбиедегі сұрақтардан, балалардың мектепке бейімделуінен, құқық бұзушылықтың алдын алудан, балалардың құқықтарын қорғаудан сондай ақ мектептің тәрбие жоспарынан, бұйрықтардан және білім беру негіздерінен құралған.

  • ҚР Ата Заңы;

    • ҚР Президентінің 20.04.2000 жылғы № 377 “Қылмыскерлікпен және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” жарлығы;

    • ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің 15.02.2002 жылғы “Аурулардың алдын алуды күшейту және СӨС насихаттау туралы” бұйрығы;

    • ҚР 2002 жылдың 10 шілдесіндегі № 340-ПЗ “Шылым шегудің алды алу және тыйым салу туралы” Заңы;

    • 2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласында құқық бұзушылықтың алды алу және қылмыскерлікке қарсы күрес бағдарламасы

    • Бала құқығы туралы Конвенция; Нью-Йорк қ., 1989 жыл 20 қараша

    • ҚР-ғы баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8 тамыздағы

N 345-ІІ ҚР-ның Заңы;

    • ҚР Қылмыстық Кодексы (3, 16, 17, 18, 20, 21, 23)1997 жыл 16 шілде;

Жағдаяттарды аяғына дейін зерттеп алмай оны шешу мүмкін емес. Ең бірінші мектептің әлеуметтік төлқұжатын жасап алу керек. Онда оқушылардың және олардың ата-аналары турлы толық мәліметтер жиналады.

   

2018 -2019 о. ж./ 693 оқушы

2019 – 2020 о. ж./ 711 оқушы

2020 – 2021 о. ж/ 709 оқушы

категория

Саны - %

категория

Саны - %

категория

Саны - %

Толық отбасы

512

Толық отбасы

533

Толық отбасы

536

Толық емес отбасы

177

Толық емес отбасы

172

Толық емес отбасы

168

Әлеуметтік аз қамтылған отбасы

184

Әлеуметтік аз қамтылған отбасы

113

Әлеуметтік аз қамтылған отбасы.

137

Көпбалалы отбасы

15

Көпбалалы отбасы

60

Көпбалалы отбасы

74

Жетім балалар

4

Жетім балалар

1

Жетім балалар

1

Жағдайсыз отбасы

0

Жағдайсыз отбасы

0

Жағдайсыз отбасы

0

Мектепішілік есеп

11

Мектепішілік есеп

5

Мектепішілік есеп

0

КТІжБ

2

КТІжБ

0

КТІжБ

0

«Қауіпті топ»

10

«Қауіпті топ»

9

«Қауіпті топ»

7

Құқықбұзушылық

0

Құқықбұзушылық

0

Құқықбұзушылық

0


Жоғарыда көрсетілген категориялар әлеуметтік қауіп төндіреді және әлеуметтік педагогтың негізгі объектісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ә. Н.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Өз назарымызды жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуі проблемасына аударып, мұны кеміту шараларын қолдану міндет. Елімізде құқықбұзушылықтың алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесінің жасақталып, жұмыс істеуін қамтамасыз ету, бұл іске жұртшылық пен халықты кеңінен тарту керек»- деп атап көрсеткен.

    Әлеуметтік қызметтің ең негізгі бағыты КТІжБ есепте, мектепішілік есепте және «қауіпті топ» есебінде тұрған оқушылармен жұмыс. Соның ішінде жиі кездесетін мектепке бармай қалудың алдын алу бойынша жұмыс жүйесі.

Мұғалім

Оқушылардың сабаққа келуін күнделікті қатал түрде бақылау жасайды. Сыныпты сабақтан қалудың себепте анықтау және оларды жою

бойынша жұмыстар өткізеді. Балалармен және ата аналармен мектепте

тығыз байланыс жұмыс істейді. Сабаққа себесіз келмеуді анықтағанда, мектеп басышылығына, әлеуметтік қорғаныс бойынша орынбасарына,

мектеп инспекторына хабарлайды.

Оқушыларды қорғау және әлеуметтік қорғаныс бойынша директордың орынбасары мектеп инспекторы әлеуметтік қорғаныс бойынша орынбасары мұғалімнен хабар алып, мектеп инспекторымен бірлесіп баланың пәтеріне баруды ұйымдастырады. Сабақтан қалу себептерін анықтайды Мектеп психологымен бірлесіп баламен, ата анамен жұмыс жүргізеді.

Мектеп директоры және тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, әр баланың сабаққа келуіне қатал бақылау жүргізеді. Сабаққа келу бойынша есеп беру деңгейінде емес, конструкивтік диолог және ынтымақтастық деңгейінде тығыз байланыс жасайды. Жалпыға міндетті оқуға бақылау жасайтын қоғамдық инспектормен байланыс жасайды. Мектептегі қорғаншылық кеңесін, ата аналардың қоғамдық кеңесін ұйымдастырады. Құқық қорғау органдарымен, балалардың ата аналарымен, жұртшылықпен тығыз байланыс жасайды. Мектеп кеңесінің құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысына бақылау жүргізеді.

Мектепте профилактикалық кеңестің атқаратын жұмыс зор. Айына екі рет жүргізілдеі. Бұл мектептің ұйымдасқан түрдегі кеңесі.




Құқық бұзушылықтың алды алу бойынша мектепте жұмыс жүйесі құрылған.

Жүргізілу формалары.



Мектептегі құқық бұзушылықтың алды алудағы іс-шаралар.

Мектептегі “Ерекше назардағы” балаларға психологиялық қызмет.

1. Оқушылардың жеке тұлғасын зерттеудің мақсатын анықтау.

2. Сынып ұжымы мен жеке оқушыға педагогикалық және психологиялық тұрғында зерттеу жүргізу (социометрия, социограмма)

3. Педагогикалық және психологиялық қортындыларын шығару.

4. Педагогикалық-психологиялық консилиум өткізу.

Есепте тұрған әр оқушыға арналған құжат.

1. Сынып жетекшінің оқушыны есепке алуы туралы өтініш

2. Отбасының тұрмыс жағдайын анықтау актісі (еркін түрінде жазылған, форма түрінде)

3. Мінездеме (еркін түрінде жазылған, форма түрінде)

4. Оқушының сабақ үлгерімі туралы табелі

5. Сынып жетекшінің оқушының үйіне барған рейдтер

6. Ата-анасының қолхаты

7. Баланың түсініктемесі

9. Сынып жетекшінің “ерекше назардағы” баламен атқарылған жұмысы туралы мәлімет



Оқушыларға арналған жадынама:

Ақша және басқа да заттарды бопсалаушылығының зардабын шекпеу үшін:

  • Бар фактілерді жасырмаңыз;

  • Бопсалаушылық кезінде ол адамды есте сақтап қалуға тырысыңыз (аттарын, тәртібін, басқа да қылықтарын);

  • Бопсалаушылардан қорықпандар, олар кәдімгі қылмыскерлер;

  • Бопсалаушылық кезінде үлкендердің, жанындағы адамдардың назарын аударуға тырыс (қатты сөйле, айқайла, қашып кетуге әрекетер жаса т.б.);

  • Егер олардың талаптарын орындай алмасаң, кейін орындауға уәде бер;

  • Бопсалаушылық жағдайы туралы ата-аналарға, мектеп инспекторына, мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне хабар бер

  • ХҚК телефон арқылы хабарла.



Ата-аналарға аранлаған жадынама:

Құрметті оқушылар, ата-аналар!

Сендерді тоқсанның аяқталуымен құттықтаймыз. Осыған орай сіздерге жақсы демалыс тілейміз. Жазғы демалыс кезінде мұражайларға, кинотеатрларға, кітапханалар мен сауықтыру орталықтарына барыңыздыр.

Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында келесі ұсыныстарды ңазарларыңызға ұсынамыз:

  1. Жасөспірімдердің топтасқан жерлері мен ішімдік ішкен адамдардың жанынан аулақ жүру.

  2. Сағат 21.00 ден кейін көшеде жүру

  3. Алкогольдік ішімдіктерді, нашаны және ПАЗ –ды қолданбау;

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!