Материалдар / мектептің даму бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мектептің даму бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: - Оқыту сапасын арттыру және тұлға мен әлеуметтің білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мемлекеттік саясатты, инновациялық үрдістерді басқару тетіктерін іске асырудың жүйелік іс-шаралар кешенін айқындау; - Педагогикалық ұжымның қызметіне нәтижеге бағдарланған білім беру үлгісін тиімді енгізу үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету. - Құзіретті білім беруге кезең-кезеңмен өтуді қамтамасыз ету. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері: бағдарламаны жүзеге асыру жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
3433
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін

Мектеп директоры : С.Т.Манова

23.05.2015

«ҚАЙРАТ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ ОҚУ ОРНЫНЫҢ 2015-2018 ЖЫЛДАРЫНА АРНАЛҒАН ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Қайрат орта мектебінің даму бағдарламасы келесі нормативті-құқықтық құжаттарға негізделіп құрылды:

  • ҚР Президентінің 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-111 Жарлығымен бекітілген «Білім туралы» Заңы.

  • ҚР Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан -2050 стратегиясы» Жолдауы.

  • ҚР Үкіметінің 2012жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысымен бекітілген МЖБС (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім).

  • ҚР президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген «ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».

  • ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы».

  • ҚР Президентінің 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 Жарлығымен бекітілген ҚР «Тіл туралы» Заңы.

  • ҚР Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы».

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысымен бекітілген «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары».


Мақсаты:

  • Оқыту сапасын арттыру және тұлға мен әлеуметтің білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мемлекеттік саясатты, инновациялық үрдістерді басқару тетіктерін іске асырудың жүйелік іс-шаралар кешенін айқындау;

  • Педагогикалық ұжымның қызметіне нәтижеге бағдарланған білім беру үлгісін тиімді енгізу үшін оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

  • Құзіретті білім беруге кезең-кезеңмен өтуді қамтамасыз ету.

Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері: бағдарламаны жүзеге асыру жергілікті және республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

Күтілетін нәтижелер:

  • Оқу-тәрбие үрдісі субъектілерінің білім және кәсіптік қажеттіліктерін қанағаттандыру;

  • Білім беру сапасын басқарудың тиімді жүйесін жасау;

  • Материалдық-техникалық базаны, оқыту үрдісінің пәндік-кеңістігі ортасын және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ҚР 2012 жылғы МЖБС-мен сәйкестендіру;

  • Жоғары сынып оқушыларын бейіналды және бейінді оқыту құрылымы мен мазмұнын нормативтік құжаттарға сәйкес үлгілендіру;

  • Мектеп біліміндегі деңгейлер сабақтастығын мазмұны мен оқыту әдістері бойынша қамтамасыз ету.



Қайрат орта мектебінің келешекте орындалатын жұмыс жоспары.

І. 2015-2018 жылдардағы мектеп дамуының негізгі міндеттері.

1.Жалпыға міндетті оқу жорықтары бойынша өткізілетін жұмыстардың жүзеге асуы.

2.Мектептің заттық-техникалық негізінің дамуымен нығайу

3.Мұғалімдердің қайта даярлау, біліктілігін жетілдіру мен аттестациялау.

4.Педмамандарымен жұмысты жетілдіру.

5.Мектептің тәрбие жұмысының негіздері мен оқу-тәрбие үрдісін жақсарту.

6.Педагогика – психология ғылымдарының жетістіктерін енгізу мен насихаттау.



2015-2018 жылдары мектепті дамыту бағдарламасының мақсаттық айғақтары:

-12 жылдық білім беру моделін енгізуге дайындық, үштілділік оқытуды ұйымдастыру, сапалық оқытуды ұйымдастыру арқылы 2015 жылдан бастап мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және орта білім беру жүйесін жетілдіру.

-Басқарушылық, әкімшілік мониторинг, ең бастысы, өзінің қызметінде өзін-өзі талдау және өзіндік рефлексия арқылы 2015 жылдан бастап мұғалімнің кәсіби-тұлғалық құзыреттілігінің мониторингісін жүргізу.

ығармашыл мұғалімдердің мастер-класс беруі. 2015 жылдан бастап оқушылар үшін бірыңғай шарттар бойынша ақпараттық технологиялар негізіндегі оқу үдерісін құру мақсатында 2011 жылы шыққан “e-learning” электрондық білім беру жүйесіне қатысу.

-Оқушылар мен педагогтардың 2015 жылдан бастап қашықтық білім беру іс-шараларына қатысуы. (олимпиадалар, конкурстар және т.б.)

-2015 жылдан бастап 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепалды білім және тәрбиемен қамтамасыз ету жұмысын белсендету.

-2015 жылдан бастап оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесін енгізу.

-2015 жылдан бастап білім беру қызметіндегі сапалы көрсеткіштерді арттыру.

-2015 жылдан бастап оқушылар мен педагогтардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсендету.

-2015 жылдан бастап өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамыту (өзін-өзі бағалау үшін және жетістіктерін ессепке алуға арналған портфолио) үшін оқушылардың өз жетістіктерін бағалау арқылы өзіне-өзі баға беруі.

-Оқушылардың оқу жетістіктерінің МЖБС-да белгіленген критерияларға (нәтижелерге) сәйкес бағалаудағы критериалдық жүйені енгізуге дайындық. 2015 жылдан бастап бағалауға МЖСБ-та және оқу бағдарламасындағы барлық білім нәтижелері, оған қоса пәндік құзырлар жатады.

-Ұлт біртұтастығының басты факторы – мемлекеттік тілді дамыту. Мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысқа түсуін көпшілікке тарату. Дамыған тілдік мәдениет – интелектуалдық ұлттың әлеуеті.

-Билингвальді оқуды енгізу. Ағылшын тілін 1 сыныптан – 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қосымша сабақ арқылы оқыту.

-2015 жылдан бастап оқу үдерісінің академиялық және тәрбиелік бөліктерін бірқалыпты және сапалы жүзеге асыру.

-2015 жылдан бастап еңбек тәрбиесінің басымдылығы, біреудің асырауында болуды санадан жою.

-2015 жылдан бастап қосымша білім беру жүйесін дамыту. Техникалық шығармашылық, тапқыштық, пішіндеу, робототехника, жоба жасау үйірмелерін дамыту. Салалық білім беруді сапалы оқыту үшін жас техниктер, натуралисттер, туристтер станциясының жұмысын бастау қажет. Әлеуметтік тұрғыдан қорғаусыз қалған отбасылар және мүмкіндіктері шектеулі балаларды тарта отырып қосымша білім беру ұйымдарының әлеуметтік маңызын арттыру.

-2015 жылдан бастап 5-6 жасар балалардың мектепалды дайындықпен қамтылуын арттыру.

  1. Тәрбие саласы - білім беру жүйесін жетілдірудің ең басты тапсырмаларының бірі – бәсекеге қабілетті білімі, креативті ойлау қабілеті бар, оған қоса жоғары азаматтық және адамгершілік принциптермен, патриоттық сезім мен әлеуметтік жауапкершілікпен қаруланған ұлтымыздың интелектуалдық жағынан қалыптасуына мүмкіндік туғызу.

Қазақстан мектептерінің тәрбие үдерісін талдау нәтижесінде білім беруге көп көңіл бөлініп, тәрбиенің рөлі аз есептелген.

Білім беру үдерісінің бір ғана бөлігіне көп назар болғандықтан, тәрбие үдерісінде біршама қателіктер жіберілген:

-Адам өмірінің маңызды құндылық ретінде жете бағаланбауы;

-Ұлттық құндылықтарды жоғалту;

-Ұлттық мәдениетті жою. Халқымыздың басым бөлігі амалсыздан өмір сүру үшін күресуге дайын, бұнын салдары ұлтымыздың салт-дәстүрлерін, мәдени бастауларын жоғалтуға, оқушылардың маңызды көпшілігінің кірмеленуіне әкелуде.

-Өмірлік құндылықтарды шынайы отансүйгіштік сезімнен бас тартуға әкелетін тарпрагматикалық көзқарастарға ауыстырып жіберу;

-Еңбек тәрбиесі мен кәсіби бағыт жүйесін жоғалту;

-Педагогтардың жалпыадами және жалпымемлекеттік құндылықтарға деген жауапты қарым-қатынасты орнату әрекеттері үнемі тиімді емес.

-БАҚ-тың тұлғаларды қалыптастыруға кері әсері;

-Салауатты өмір салты дағдыларының жете қалыптаспауы;

-Тәрбие үдерісіндегі әдістемелік негіздің осал болуы;

-Отбасының тәрбиелік рөлінің төмендеуі;

-Алдағы жылдарда ұжымымыздың алдында құндылықты сақтауға бағытталған тәрбие талаптары қойылады: адам, отбасы, Отан, туған өлке, денсаулық, салауатты өмір салты, еңбек, мәдени мұра, тіл, достық. Біз үшін алда ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы № 521 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында» көрсетілген 12 бағытты жүзеге асыру көзделуде.


ІІ. Жалпыға міндетті оқу жорықтары бойынша

жұмысты жандандыру.


2015-2016

2016-2017

2017-2018

  1. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысын қамту 2-5 жас саны – 14

  2. Оқудағы балаларды қамту.

6-17 жас саны 71

  1. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысын қамту 2-5 жас саны – 17

  2. Оқудағы балаларды қамту.

6-17 жас саны 65

  1. Мектепке дейінгі тәрбие жұмысын қамту 2-5 жас саны – 21

  2. Оқудағы балаларды қамту.

6-17 жас саны 67


ІІІ. Мектептің материалдық-техникалық

базасын дамыту мен бекіту

іс-шаралары.

2015-2016

2016-2017

2017-2018

  1. Кабинеттердің құрал-жабдықтарын жаңарту мен жабдықтау.

  2. Қыздарға арналған технология кабинетін жасау.

  1. Мектептің материалдық базасын жаңа кабинеттермен толықтыру.


1. Кабинеттерді интерактивті тақталармен жабдықтау.


IV. Мектептің жаңа білім беру құрылысына

көшудің іс-шаралары.


2015-2016

2016-2017

2017-2018

12-жылдық білім беру негізінде 1 сынып оқушыларын жаңа бағдарлама бойынша қамтамасыз етуге дайындық жұмыстарын өткізу.

12-жылдық білім беру негізінде 1 сынып оқушыларын жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту.

12 жылдық білім беру негізінде бастауыш сынып оқушыларын жаңартылған білім беру негізінде қамту.

V. Мұғалімдердің аттестация мен

квалификацияларын қайта даярлау және

көтеру іс-шаралары.

  1. Петропавл қаласындағы мұғалімдердің біліктіліктерін көтеру курстарын өту.


2015-2016

2016-2017

2017-2018

6

6

3


  1. Мұғалімдерді аттестациялау. Санаттарын көтеру.


2015-2016

2016-2017

2017-2018

Жоғары с. 3

І-ші с. 4

ІІ-ші с. -7

Жоғары с. – 3

І-ші с. – 8

ІІ-ші с. - 5

Жоғары с. – 3

І-ші с. – 9

ІІші с. – 7



2015-2016

І санаттан жоғары санатқа

ІІ-ші санаттан І-ші санатқа: 1. : 1.Жукенова А.Қ.

2.Магубаева А.А.

3.Аубакирова А.А.

б/қтан ІІ-ші санатқа: 1.Хасенов С.Х.


2016-2017

І санаттан жоғары санатқа:

ІІ санаттан І-ші санатқа: 1. Шарипова Г.С.

б/қтан ІІ санатқа: Дюсембина А.А.

Хамитова Ж.С.


2017-2018

І санаттан жоғары санатқа: 1.Абдрахманова Н.С.

ІІ-ші санаттан І-ші санатқа: 1.

б/тан ІІ санатқа- Исин Р.Қ.

Магубаева А.Е.

Курмашев Т.Н.

Капарова М.Ж.

Серикбаев А.Т.



VI. Педагогикалық кадрларымен өткізілетін

жұмыстарды нығайту.


  1. Озат педагогикалық тәжірибелерді насихаттау.


2015-2016

2016-2017

2017-2018

1.Исабекова С.Р.

2.Жакетова Г.Р.

1.Манова С.Т.

2. Нурпауденова Б.К

1. Тасбулатова С.О.

2. Шарипов Е.С.



VІI. Оқу-тәрбие үрдісінің жаңартуы және

тәрбие жұмысының нығайтуы бойынша

өткізілетін іс-шаралар.


2015-2016

Жеке-бағдарландырылған білімнің жүйесіндегі жобаланған тұтастық педагогикалық технологияларды мұғалімдер арқылы нақтылау.


2016-2017


Жаңартылған білім беру жүйесін 1-ші сыныптан бастап енгізу.


2017-2018

Мектептің оқу-тәрбие процесіне қазіргі заман талабына сай эффективті педтехнологияларды, интерактивті тақтаны, оқытудың техникалық құралдарын еңгізе отырып, жаңа кабинеттер жабдықтау.







Оқу ісінің меңгерушісі:Исабекова С.Р.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!