Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
мектептің даму жоспарына рефлексивті есеп
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек?
admin · Апр 22nd, 2014 · 0 Comment
Құрметті sabaq.kz сайтының оқырмандары мен ұстаздар қауымы сіздердің назарларыңызға жаңа форматтағы курсты бітірген Қызылорда қаласы, №120 Жамбыл орта мектебінің Физика және информатика пәнінің бірінші санатты мұғалімі Белдебекова Айзада Сейсенбайқызының есебін ұсынамыз.
Мен жұмыс істеп отырған мектепті өзгерту үшін, маған не істеу керек?
«Басқаларды үйрете жүріп, біз өзіміз де үйренеміз»
Сенека Луций
Бұл тараудың мақсаты мектеп мұғалімдерінің жұмысындағы кемшіліктерді анықтап, оқушылардың ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес келуі үшін талап етілетін өзгерістерді енгізуді жобалау болып табылады. Сондықтанда мектептің даму бағдарламасына мектеп әкімшілігімен бірлесе SMART мақсат қоя отырып, білім сапасын арттыру үшін сауалнама арқылы бірталай өзгерістер енгізу қажет екендігін байқадым. Ең алдымен пікірді ата-аналармен сұхбат жүргізіп, олардың пікірлерін тыңдадым.
Білім беру саласында қол жеткізілген бүкіләлемдік бітімнің мәні оқушылар үшін білімнің де, дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігіне саяды. Заманауи тәсілдің негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал XXI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында.
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жасаған Құзіреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын XXI ғасыр дағдыларының моделі болып табылады. Аталған жоба оқушылардың терең тұжырымдамалық түсінікпен астасқан негізгі сауаттылықты меңгергендігін көрсететін, кең мағынасында шешімдер мен іс-әрекеттерді таңдау қабілеттілігі сияқты түйінді құзіреттер жүйесін сипаттайды (МАН,5-б.).
Әлем жылдам өзгеруіне ілесе отырып, жаһандануда жаңа технологияларды игеріп, инклюзивті білім мен ақпараттың ауқымын едәуір ұлғайтты. Біз өзара байланысқан халықаралық қоғамдастықта өмір сүрудеміз, осы заманда бір елдегі жетістік немесе сәтсіздік көптеген басқа мемлекеттерге әсерін тигізеді.
Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес, әрине, өйткені оның барысында жұмыста әр түрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатуы ықтимал. Мұғалім ретінде, біз өзімізге әрекет етуге, басқаруға, шешім қабылдауға жеткілікті билік пен өкілеттіктер берілмегендігін түсінеміз, тәжірибе көрсетіп отырғандай, басшы қызметін атқармастан-ақ, біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз. Сонымен қатар біз өзіміздің тәжірибелік дағдыларымызды дамытып, стратегиялық тұрғыдан ойлануды меңгере аламыз.(МАН,69-б.)
Бірінші деңгей бағдарламасы өзінің мазмұнын сұрақтарды төмендегі ретпен қою арқылы құрылымдай отырып, басқа тәсілге негізделген: Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз, содан кейін мәселені шешуге бағытталып: біз бұны қалай істейміз, тек содан кейін ғана – біз сыныпта не істеуіміз керек? деген сұрақты алға тартады. Бұл тәсіл білім беру саласындағы әлемдік көшбасшылар тарапынан қолдау тауып отыр (МАН,64-б.).
Берілген мектепте нақты өзгерістерді іске асыру үшін қажеттіліктер қалай анықталды? Мектеп әкімшілігі, бірлестік жетекшілерімен даму жоспарының басымдықтарын, тиімді бағыттарын анықтау барысында шешім қабылдау үшін бірлесе отырып топ жұмысын жасадым.
Мен мектебімдегі нақты өзгерістерді іске асыру үшін мұғалімдерден,оқушылардан, ата-аналардан сауалнама алу қажеттілігін түсіндім.
Сауалнама алмастан бұрын мен мектеп басшысына өзімнің көшбасшы жоспарымды таныстырдым. Жоспарда төмендегідей жұмыстар жүргізілді: Мектеп әкімшілігі мен Деңгейлік Бағдарлама бойынша оқып келген III деңгей мұғалімімен, бірлестік жетекшілерімен және мұғалімдермен біріге отырып, ынталы топ құрдым. Топ отырысында мектептің бастапқы ахуалын анықтау үшін топ мүшелерімен біріге отырып сауалнама құрастырдым.
Мен өзгерістерді енгізу үрдісін басқару бойынша өзімнің жұмысымды ұйымдастыруды «Мұғалімге арналған нұсқаулыққа», мектептегі тәжірибе кезеңіндегі орындауға арналған және курсалды ТАПСЫРМАЛАР, Бірінші «Бетпе-бет» кезеңіндегі ресурстарды басшылыққа ала отырып жоспарладым.
Мұғалімдерге Деңгейлік бағдарлама идеясының мазмұны бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіздім. Сауалнамалар алдым. Мұғалімдерден, ата-аналардан, оқушылардан алынған сауалнама нәтижесі бойынша мониторинг жасадым.
«Мектепте мұғалімдер жаңа технологиямен сабақ өте ме?» деген оқушылардан алынған сауалнамада 50%-ы «сирек», 30%-ы «кейде», 10%-ы «жиі», 10%-ы «әрқашан» деп, «Сізге сыныпқа сабақ оқу үшін келу қызықты ма?» деген сұраққа 48%-ы «сирек», 31%-ы «кейде», 14%-ы «жиі», 7%-ы «әрқашан», енді «Мұғалімдер жұмыстың сапасын арттыруға мүмкіндік беретін кері байланыс ұсына ма?» деген сұраққа 56%-ы «сирек», 24%-ы «кейде», 10%-ы «жиі», 10%-ы «әрқашан», «Мұғалімдермен бірлесіп оқуға кедергі келтіретін проблемаларды талқылайсыздар ма?» деген сұраққа 36%-ы «сирек», 45%-ы «кейде», 10%-ы «жиі», 9%-ы «әрқашан» деп, ал «Мектептегі оқу үдерісіне байланысты, сіздер өз ойларыңызды ашық айта аласыз ба?» деген сұраққа 52%-ы «сирек», 39%-ы «кейде», 4%-ы «жиі», 5%-ы «әрқашан» деп оқушылар жауап берді.
Оқушылардан алынған сауалнама негізінде нақты проблемалар: мұғалімдер мен оқушылар арасында сабақ соңында жұмыс сапасын арттыруға көмектесетін кері байланыстың болмауы, оқушылардың қалай оқитындығы туралы мұғалімге ойын ашық айта алмауы,мұғалімдердің оқушылардың барлығымен бірдей қарым-қатынас жасамайтындығы, басқа мектеп және басқа сынып оқушыларымен оқыту және көшбасшылық туралы талқылауға оқушыларды тартпайтындығы, мектепте қалыптасқан жағдай оқуға қызығушылықты арттырмайтындығы анықталды.
Оқушылардың сабаққа мотивациясының төмен екендігі, олардың ойлау дағдыларын, арттыру және білім алғысы келетіндердің ниетін ынталандыру үшін мұғалімдерді кері байланыс жасауға ықпал ету керектігі бірден байқалды.
Ата-аналардан алынған сауалнамада «Сабақтағы тәртіпсіздік баламның білім алуына кедергі келтірмейді» деген сұраққа 9%-ы «толық келісемін», 7%-ы «келісемін», 43%-ы «келіспеймін», 42%-ы «үзілді-кесілді келіспеймін», «Мектеп маған барлық қажетті ақпаратты ұсынып отырады» деген сұраққа 6%-ы «толық келісемін», 8%-ы «келісемін», 49%-ы «келіспеймін», 37%-ы «үзілді-кесілді келіспеймін», «Бұл мектеп менің балама жақсы қамқорлық көрсетеді» деген сұраққа 13%-ы «толық келісемін», 4%-ы «келісемін», 38%-ы «келіспеймін», 45%-ы «үзілді-кесілді келіспеймін» деп жауап берді. Сауалнама нәтижесін сараптағанда: ата-аналардың басым көпшілігі мектепте балаларына білім беруде мұғалімдердің дәстүрлі сабақ беруіне қанағаттанбайтындығы, мектепте тәртіпке байланысты келеңсіз жағдайлардың балаларының білім алуына кедергі келтіретіндігі, қажетті ақпараттың уақытылы берілмеуінен, балаларының сабаққа деген мотивациясы төмен екендігі және мектеп пен ата-аналардың арасындағы байланыс өз дәрежесінде еместігі айқындалды. Менің мектебімнің ата-аналарымен “Өзгеріс не үшін керек?” атты рефлексивті есебімде айтып өткен Финляндия, Жапония елі оқушыларының ата-аналары арасында балаға деген жауапкершілік айырмашылығы білініп тұр.
Мұғалімдерден алынған сауалнамаларда «Мектепте сабақты жаңа тәсілді пайдаланып өтесіз бе?» 29%-ы «сирек» , 12%-ы «жиі», 6%-ы «әрқашан», «Сабақтан соң оқушылардан жұмыс тиімділігін арттыруға көмектесетін кері байланыс аласыз ба?» 36%-ы «сирек», 8%-ы «жиі», 3%-ы «әрқашан», «Барлық мұғалімдерге оқытудың мәнін, оны іске асыру жолдарын және қалыптастыратын дағдыларды сыни бағалауға мүмкіндік берілген бе?» 21%-ы «сирек», 14%-ы «жиі», 12%-ы «әрқашан» деп жауап берді.
Алынған сауалнамалардың нәтижесінде мұғалімдердің көпшілігінің білімді жинақтауға негізделген дәстүрлі білім беруге бейім екендігі, оқушылардың оқыту үдерісіне деген қызығушылығының төмен екендігі, ал ата-аналардың мектептің дамыту жоспарына деген ықылассыздығы байқалды.
Ұсынылған «Мектеп басшылығы мектеп қызметкерлерінің кәсіби дамуын мақсатты түрде жоспарлап, жүзеге асырып отырады ма?» деген сұраққа мұғалімдердің толық жауап бермеуіне байланысты көрсеткіш 28%-ы «жиі»,-деп көрсетті, ал «Мектептің даму басымдылықтарымен бүкіл ұжым таныстырылған ба?» деген сұраққа ұжымның 29%-ы «сирек» деп жауап берген. Осыдан мен мектеп қызметкерлерінен (барлығы: 47 мұғалім) осы сауалнама арқылы алынған деректердің негізінде мектеп әкімшілігі мен ұжым арасындағы байланыстың әлсіз екендігін, жұмыстың тиімді бағыттарын анықтау барысында бірлесіп шешім қабылдау, жоспарлау, қатыстырылуы, көшбасшылық функциясының төмендігін көруге болады.
Зерттеу әдістерім: әңгімелесу, сұхбаттасу, бақылау, сауалнамалар алу, «сенім жәшігі», интервью, фотоға түсіру арқылы ата – аналармен пікір алмасу барысында мектептің мәселелері анықтала басталды. Мектептің дамыту мақсаттарын оның қызметін проблемалық тұрғыдан талдамай тұрып анықтау мүмкін емес деп ойладым.Осыдан кейін мен, «Мектепті қазіргі жағдайымен салыстыра отырып болашақтағы қызметін жақсарту үшін, даму жоспарындағы стратегияларды тиімді жүзеге асыру үшін нені, қалай өзгертуіміз керек?» деген сұрақ төңірегінде әріптестеріммен бірге зерттеушілік әңгіме жүргіздім. Әңгіме барысында жинақталған жұмыстарды «проблема» деп тауып «SWOT» сандық дереккөзі арқылы талдауды дұрыс деп таптым.
Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік әңгіме барысында оқушылар шағын топтарда жұмыс жасағанда оларда ортақ проблема болады, мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады, идеялармен пікір алмасып, бір – бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, бірге ойланады дегендей мектептегі «Орда» тобындағы әріптестеріммен мәселелерді талқылай отырып,табысты зерттеушілік әңгіме орнады.
«SWOT» әдісімен жыл бойындағы атқарылған жұмыстарды талдап оның жетістіктері,тиімді немесе тиімсіз тұстарын талқылап, мықты немесе осал жақтарын анықтай отырып циклді қайта жалғастырып, жоспарға түзетулер енгізіп баға беруін қарастырады. Сонымен қатар желілік шараларды ұйымдастыру,ондағы жетістіктер мен нәтижелерге көз жеткізу,дәлелдемелер ескеріледі. Желілік қоғамдастық арқылы оқушылардың жан-жақты дамуын,қызығушылығын арттыру шаралары іске асырылады. Зерттеу барысында мен өз мектебімнің мықты, әлсіз жақтары, мүмкіндіктері сонымен қатар қауіпті тұстарын анықтап кесте – 1 бойынша талдадым.
Кесте – 1
S мықты |
W әлсіз |
1. Мектеп – интернатта іріктеліп, конкурспен қабылданған оқушылар оқиды. 2. Оқушылар сыныптан тыс бірлесіп жұмыс жасайды. 3. Қосымша сабақтар қарастырылған. 4.Мұғалімдердің, оқушылардың ЖОО – ның ғалымдарымен ғылыми жұмыстар жасау ұйымдастырылған. 5.Материалдық-техникалық базасы, ресурстары (жалпы кабинет саны – 31, жекеленген кабинеттер – 18, 6 интерактивті тақта, мультимедия, информатика кабинеті интернет желісіне қосылған. |
1. Қала көлемінде білім нәтижесі жақсы болғанымен басқа мектептер рейтингісінде 32 орында. 2. Қала көлемінде пәндік олимпиада-лардан жүлделі орындарға ие болғанымен, облыстық олимпиадалардан көрсеткіштеріміз төмен. 3. Мұғалімдердің сандық және сапалық құрамы 90 мұғалімнің тек 2 63%-ы ғана жоғарғы және бірінші санатты. 4. Биылғы көрсеткіш 12 оқушының 3-і ғана ҰБТ-да грант иегері. 5. ҰБТ бойынша математика пәнінен көрсеткіш төмен болуы. |
O мүмкіндіктері |
T қауіп |
1.Тораптық пәндік олимпиадаларға қатысу арқылы тікелей қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық олимпиадаларға қатысу мүмкіндіктері бар.
3. Кәсіби конкустарға қатысуларына мүмкіндіктер бар. 4. «NIS» мектептерінің іс – тәжірибесін мектепке енгізу. |
1. Олимпиадаларға дайындайтын теориялық білімі терең кәсіби шебер мұғалімдердің болмауы. 2. Пәндік олимпиадаларға дайындалатын материалдардың, әдебиеттердің жетіспеуі |
Барлық зерттеу жұмыстарын талдай отырып «қазіргі уақытқа ғана емес, болашаққа бағытталуын» ескере отырып, нәтижесінде пайдалы, қолжетімді болатын өзгеріс енгізу қажеттілігін түсініп, алдыма мынадай мақсат қойдым.
Сауалнамамен мектеп әкімшілігін таныстырып, оның қорытындысынан мектепке қандай өзгеріс енгізу қажеттілігі анықталды.
Мұғалімдердің жаңа технологияға деген біліктілігін, оқушылардың оқуға деген мотивациясын арттыру мақсатында мектептің дамыту жоспарына мектеп әкімшілігімен келісе отырып өзгерістер енгіздім.
6 аптада «Мектептегі іс-тәжірибе» кезеңінде мектептің дамыту жоспары бойынша «Оқытудың сапасын арттыруда оқушылардың мотивациясын тудыру, бірлескен топтық жұмыстарды ұйымдастыру» тақырыбында тәжірибе жүргіздім. Мектептің дамыту жоспарын қазан, қараша, желтоқсан айларына жасадым.
Қазан 1-аптасында «Неліктен біз өзгеруіміз керек?» тақырыбында мектеп әкімшілігі мен команда мүшелерін бірлесе отырып дөңгелек стол өткіздім.
2-аптада «Топтық жұмыс», 3-аптада «Көшбасшылық», 4-аптада «Диалогтік оқыту» туралы коучингтерді өткізуді жоспарладым.
Қараша айында «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану» әдістемелік кеңес, «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» жайлы семинарды жоспарладым.
Желтоқсан айында «Желілік қоғамдастық құру» және «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» коучингі жоспарланды.
№120 Жамбыл орта мектебінің дамыту жоспары
Тақырыбы: «Оқытудың сапасын арттыруда оқушылардың мотивациясын тудыру, бірлескен топтық жұмыстарды ұйымдастыру» Мақсаты:
-оқушыларда топпен, жұппен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады;
-оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады;
-оқушылар арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнайды;
-рефлексия
Шараның формасы |
Нені жетілдіру қажет? |
Жетілдіру үшін қажетті шаралар |
Мерзімі |
Күтілетін нәтиже |
Ресурстар |
Жауапты |
Дөңгелек стол |
Оқу үдерісінің жағдайын анықтау. |
«Неліктен біз өзгеруіміз керек?» |
Қазан. 1-апта |
Дөңгелек столға қатысушылар қазіргі оқыту мен оқу үдерісіндегі проблемаларды білетін болады |
Мектеп әкімшілігі, команда мүшелері |
І деңгей курсынан іс-тәжірибеге келген мұғалім |
Коучинг |
Тәлім алушылардың сабақ беру әдісін жетілдіру. |
«Топтық жұмыс» |
Қазан. 2-апта |
Тәлім алушылар топтық жұмыс туралы білетін болады. |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үлестірме материал. Постер Маркер |
І деңгей курсынан іс-тәжірибеге келген мұғалім |
Коучинг |
Мұғалімдердің кәсіби өсуіне ықпал ету. |
«Көшбасшылық» |
Қазан. 3-апта |
Мұғалім көшбасшылығының негізгі функцияларын білетін болады. |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үлестірме материал. Постер Маркер |
ІІ деңгей курсын игерген мұғалім |
Коучинг |
«Мұғалім-оқушы» диалогындағы іс-қимылдарды жетілдіру |
«Диалогтік оқыту» |
Қазан. 4-апта |
Тәлім алушылар дилогтық әңгіменің түрлерімен танысады |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Үлестірме материал. Постер Маркер |
І деңгей курсынан іс-тәжірибеге келген мұғалім |
Әдістемелік кеңес |
Тәлім алушылардың техгнологиялық аспектісін жетілдіру. |
«Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану» |
Қараша |
Тәлім алушылар оқытудың қосалқы құралдары туралы білетін болады. |
Компьютер, интерактивті тақта. Постер |
ІІІ деңгей курсын игерген мұғалім |
Семинар |
Қатысушылардың оқыту үшін және оқу үшін бағалауы жайлы білімін жетілдіру |
«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау |
Қараша |
Қатысушылар қалыптастырушы және жиынтық бағалау туралы білетін болады. |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. |
ІІІ деңгей курсын игерген мұғалім |
Желілік қоғамдастық |
Өзара желілер арасында сенімділікті жетілдіру |
Желілік қоғамдастық құру |
Желтоқсан |
Желілік қоғамдастықтар арасында байланыс орнатады |
Интернет желісі.ПорталКонференция |
І,ІІ,ІІІ деңгей курсын игерген мұғалімдер |
Коучинг |
Тәлім алушылардың сын тұрғысынан дамыту. |
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету |
Желтоқсан |
Тәлім алушылар СТО идеялары туралы білім алады. |
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Интерактивті тақта |
ІІІ деңгей курсын игерген мұғалім |
Мектепке өзгеріс енгізу үшін мектептегі мектеп әкімшілігі мен Деңгейлік Бағдарлама бойынша оқып келген III деңгей мұғалімін, бірлестік жетекшілерін және мұғалімдерден құрылған ынталы топты жұмыс жасауға тартамын.
Мектептің дамыту жоспарына енгізілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін басқа мектептердегі әріптестермен желілік қауымдастық құрдым. Өз мектебімдегі Қызылорда қаласынан Үшінші деңгей бағдарламасын игерген Сүлейменова Сауле, онымен қоса осы Үшінші деңгей бағдарламасының 1-ші бетпе-бетін оқып, мектепке іс-тәжірибеден өтуге келген Бегайдарова Жазира, Алматы қаласынан Екінші деңгей бағдарламасын игеріп келген мұғалімдер Қызылорда қаласындағы № 4 дарын мектебінен Бисенова Шакизат пен көрші елді мекендегі № 177 мектептен Баешова Мадина, Астана қаласында Бірінші деңгей бағдарламасының 1-ші бетпе-бетін оқып мектептерінде іс-тәжірибеде жүрген № 196 мектептен Жукеев Тұрғанбек, №112 мектептен Ижанова Жанат және № 211 мектептен Болатбаева Мирамгүл апайлармен тәжірибе алмастым. Сонымен қатар мектептерінде іс-тәжірибелерден өтіп жүрген өзіміздің Астана-Қызылорда тобындағы Тыңдаушы әріптестермен де пікір алмасып отырдым.
ҚР педагог кадрлардың біліктілігін көтеру курсының бірінші (ілгері) деңгей бойынша тыңдаушысы
Белдебекова Айзада Сейсенбайқызының мектептегі іс-тәжірибесінің «Көшбасшылық» жоспары
Апта |
Күндер |
|
|
|
|
1-апта |
30.09 |
01.10 |
02.10 |
03.10 |
04.10 |
|
Мектеп директорымен сұхбат. Мектептің дамыту жоспарымен танысу. |
Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінен сауалнама алу. Тәлім алушы екі мұғалімді таңдап алу. |
Оқушылардан, ата-аналардан сауалнама алу |
Сауалнаманы Қорытындылау. МДЖ жасау. |
№ 1 рефлексивтік есепті жазу. |
2-апта |
07.10 |
08.10 |
09.10 |
10.10 |
11.10 |
|
Тәлім алушыларға кеңес беру. Сабақтарына ену. |
№1 Коучинг өткізу «Топтық жұмыс» Рефлексия алу. |
Тәлім алушыларға кеңес беру. Кәсіби әңгіме. |
Коучингке қатысқан мұғалімдердің сабақтарына ену. Видеоға түсіру. Талдау-талқылау. |
№ 2 рефлексивтік есепті жазу. |
3-апта |
14.10 |
15.10 |
16.10 |
17.10 |
18.10 |
|
Тәлім алушының сабағына ену, кәсіби әңгіме. Талдау-талқылау. |
Коучингке қа тысқан мұғалімдердің сабақтарына ену. Видеоға түсіру. Іс-әрекетті зерттеу. |
№2 Коучинг өткізу. «Көшбасшылық» видеоға түсіру. Рефлексия алу. |
Коучингке қа тысқан мұғалімдердің сабақтарына ену. Іс-әрекетті зерттеу Талдау-талқылау. |
№ 3 рефлексивтік есепті жазу. |
4-апта |
21.10 |
22.10 |
23.10 |
24.10 |
25.10 |
|
Тәлім алушылардың сабақтарына ену, кәсіби әңгіме. |
Коучингке қа тысқан мұғалімдердің сабақтарына ену. Емтиханға дайындалу. |
№ 3Коучинг өткізу. «Диалогтік оқыту», рефлексия алу |
Коучингке қа тысқан мұғалімдердің сабақтарына ену. Емтиханға дайындалу. |
№ 4 есепті жазу Рефлексивтік есепті жазу. |
5-апта |
28.10 |
29.10 |
30.10 |
31.10 |
01.11 |
|
Тәлімгер үдерісін жүзеге асыру. |
Коучингке қа тысқан мұғалімдердің сабақтарына ену. Емтиханға дайындалу. |
Емтиханға дайындалу. «Астана- Қызылорда» желілік қоғамдастық порталына кіріп пікір алмасу. |
Оқушылардан,мұғалімдерден, ата-аналардан сауалнама алу. |
№ 5 рефлексивтік есепті жазу. |
6-апта |
04.11 |
05.11 |
06.11 |
07.11 |
08.11 |
|
№6 рефлексивтік есепті жазу. |
Тәлімгерлік жұмыс қорытындысын жасау, рефлексияны сканерлеу. |
Коучинг бойынша сарап тама жасау, рефлексияны сканерлеу. |
МДЖ сараптама жасау, рефлексияны сканерлеу. |
Құжаттарды жинақтау, портфолионы аяқтау. |
Тәлімгерлік ету жайында рефлексивті есеп
-
20.11.2015
-
0
-
2
-
21873
Тәлімгер: Жусупова Тынымкүл Қызылорда облысы Тәлімгерлік кездесуге рефлексивті есеп. Биылғы оқу жылы мен үшін жаңалыққа толы болды, себебі мен осы мезгілде екінші деңгей бағдарламасының бірінші "бетпе- бет" кезеңінде теориялық білім алып, екінші кезеңінде жұмыс жасайтын мектепте іс- тәжірибелік әрекетімді бастадым.Бір әріптесімнің бойындағы тәжірибеге өзгеріс енгізу мақсатында тәлімгер ретіндегі жұмысымды жүзеге асырамын Әріптесім Гүлмира Байдуллақызын тәлім алушы ретінде таңдаган себебім, менің іс тәжірибені талқылау семинарыма, коучинг сабағыма қатысып, қызығушылық танытып өз қажеттілігіме көмек болады деп өзі «өтініш»білдірді. Дегенмен де, мектеп әкімшілігімен, бастауыш сынып әдіс бірлестігі жетекшісімен бірге өтінішті қайта талқыладық. Өтінішін қабыл алып, тәлім алушы ретінде жұмыс жасауына келістім. Гүлмира Байдуллақызы еңбек өтілі 21 жыл, біліктілік санаты - 1, білімді, тиянақты, тәжірибесі мол, жауапкершілігі бар мұғалім. Жаңалыққа жаны құмар әлем өзгеруде, мұғалім өзгеру керек деген мақсатқа түсіністікпен қарап, тәлім алушы болуға қызығушылығы жоғары болды. Тәлім алушымен жұмыс жасау үшін деректер жинау мақсатында дәстүрлі сабағына қатыстым. Оқушылардың іс-әрекетін, мұғалімнің шеберлік қырларын, оқыту әдісін, баламен арасындағы іс-әрекетін анақтау мақсатында сабақ барысын фотосуретке және бейнежазбаға түсіріп алдым. Сабақ алдында балалардың ата-анасынан рұқсат алдым. 2 "А" сыныбында дәстүрлі сабағын Ана тілі пәні бойынша өткізді. Сабақты ұйымдастырып, үй тапсырмасын сұраудан бастады. Балалар сұраққа жауап берді. Сабақта оқушылардың мұғалімді тыныш отырып тыңдап, артық қозғалыс жасамай отырғанын байқадым. Сабақтағы әр тапсырма негізінде жауап берген оқушыларға баға қойып отырды. Сабақтан кейін тәлім алушымен бірге бейнежазба материалына қарап сабақты талқыладық. Талқылау барысында "тәлімгерлік түзету қағидатына емес даму қағидатына негізделген" (Oxley, 2003) дегенді басты ұстанымым етіп алдым. Сабағыңызды көрсеткеніңізге рахмет айта отырып "сабақ мақсатына жетті ме?" деп сұрадым. "Сабақ мақсатына жетті" - себебі тақырып ашылды, бала толық меңгерді. Бірақ, әлі де орындалар іс-әрекеттер бар еді уақыт аздау болып үлгіре алмадым, балалар кейбірі жайсыздау іс-әрекеттер жасады, жауап берер кезде тұрып қалу, бейне таспаға қарап отыру дегендей. Бұл төңірегінде балаларға тағы да түсініктеме беру керек екен деп шештім. Әрине, бұл кіші жастағы балаларға тән жәй екені белгілі. Мен де кейбір балалардың толықтай қатыспай отырғанын байқағам, өз ойымен отырған балалар болды, түсірілім әсері болар. Мүмкін олда себеп болған шығар, дегенмен балалар сабаққа толықтай қатыспады. Өзге де себеп бар ма? деп сұрадым.Сонымен бірге, бұл сабақта оқушылардың белсенділігі төмен болды. Себебін сыныптағы оқушы санының көптігінен бе ?деп ойладым. Осы тұста тәлім алушыма өз ұсынысымды білдіре отырып, екінші деңгей бағдарламасының педагог қызметкерлері үшін белгіленген мақсатын, білім беру саласындағы өзгерістер мен кәсіби құзіреттілігі терең мұғалім даярлау екендігін түсіндірдім. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілі бойынша келесі сабақ үрдісін топтық жұмыс негізінде ұйымдастыру қажеттігін ұсындым. Онда әр сабақты түрлендіру арқылы балаға еркіндік беру, топпен жұмыс бұл бірлескен оқу, ал бірлескен оқудың мәні – ынтымақтастық оқу. Ынтымақтасқан оқудың ақпаратты игеретін, өздері игерген мәліметті байланыстыратын белсенді үдеріс екенін, бұл оқу тәсілінде сабақтың 90%-н оқушы өзі алып шығуы керектігін айтым түсіндірдім. Бала өз ойын ашық айтады, бірін бірі оқытады, үйретеді, сөйлейді, бағалайды. Мұғалім тек бағыт бағдар беру арқылы тапсырманың орындалуын қадағалайды,сыни көзқарас балада қалыптасады. Топтағы ерекше дарынды, талантты балалаларды байқап, оларды көшбасшылыққа тәрбиелей аламыз деп түсіндірдім. Мен тәлім алушыма қазіргі таңда проблема ақпараттың көптігі, сондықтан бізді "XXI ғасырда нені оқыту керек?" және "Мұғалімдер оқушыларды XXІ ғасырға қалай дайындайды?" (Мұғалімге арналған нұсқаулық 4-бет) – деген сұрақ үнемі ойландыру керектігін басымырақ айттым. Әңгімелеу кезінде әріптесімнің топтық жұмысты үнемі болмаса да қолданып жүргенін байқадым, өзгеріске дайын екенін көріп риза болып қалдым. Мен оған өзімнің тізбектелген сабақтар топтамасын көрсетіп, менің сабағыма қатысып, бақылауына ұсыныс білдірдім. Менің төрт сабағыма қатысып болған соң кері байланыс ретінде: Сабақ барысы ұнады ма? Не өзгешелік бар? Сіздің ойыңызша сабақ мақсатына қалай жетті? деген сұрақтар қойдым. Сол кезде :Сіздің сабақты ұйымдастыру барысыңыз мүлде өзгеше екен, балалар тақырыпты өздері ашып, өздері талдап, өздері түсіндіреді, өз ойларын еркін жеткізіп, сабақ мақсатына өздері жетті. Менде осы әдіс-тәсілді өз сабағыма пайдалана алсам деді. Осы ойын іске асыру мақсатында біз орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспарын бірлесе жасадық. Жоспарлау барысында оқушыларды сабаққа қызықтырып, ынталандыру жолдарын қарастыра отырып, сабақта постермен жұмыс жасау, талдау, қорғау, өзара топпен бағалау, қол соғу, жарайсың деген әдіс – тәсілдерін ұсындым. Келесі бақылауға алған сабағымның тақырыбы Абайдың "Күз"туралы өлеңі. Оқушылардың партада орналасу тәртібі өзгерді. Тапсырмаларды беру әдісі ,оқушылармен қарым-қатынасы өзгеше түрде ұйымдастырылды. Оқыту үдерісіне қолданылатын әдіс-тәсілдер жұптық жұмыс, топтық жұмыс , түйін сөзді анықтап, күзге қатысты жерін тауып оқу, кері байланыс, рефлексия, жасау, қалыптастырушы бағалау түрлерін: екі жұлдыз бір тілек, қол шапалақтау, мақтау, бағдаршам, ресурстар мен негізгі дерек көздерін нақты шынайы пайдаланғанын байқадым.. Бұл ұсынылған әдіс – тәсілдер балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттыратынын түсініп, сабағының қажет жерінде пайдалана білді. Дәстүрлі сабақта мұғалім сабақты өзі түсіндіретін еді, енді оқушылар ізденіп, ойланып, сыни көзқараспен ойланып тақырыпты ашуға әрекет етті. Тапсырма орындау барысында зерттеушілік қабілеттері қалыптаса отырып, қызығушылығы оянды, әр тапсырма орындау барысында менің нұсқауыммен тәлім алушым топқа бірін-бірі бағалатып, жеке қорғауға, талқылауға, үй тапсырмасына белсенді қатысқан оқушыларды қол шапалақтау, тілек жазу арқылы нақты бағалады. Сабақ соңында"білемін, білдім, білгім келеді" нысаны бойынша кері байланыс алынды. Оқушы пікірі бойынша сабақты қайта жоспарлауға болатынын айта кеттім. Сабақ барысында қойылған мақсаттың жүзеге асқан сәттерін саралап көрсек: Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстырып сөзжұмбақ шешкізу кезінде 5 бала жасыл түске, 4 бала сары түске, 1 бала қызыл түске көтеріп бағаланды.Жаңа сабақ екеніне қарамай мәтінмен жұмыс кезінде 3 топ барынша ынтымақты,бірлескен жұмыс жасады. Топ бірін- бірі бағалап :I топ -4, II топ- 5, III топ -5 деген ұпай алды. Әр топт ұпай санымен және мұғалім мадақтауымен бағаланды. І – 4 ІІ – 4 ІІІ – 4 Сабақ нәтижесінде балалар күз мезгілінің сипатын, айырмашылығын айтып берді. Сабақтың сәтсіз тұсы 3 топта 7 баладан болуы оқушылардың әрекетсіз отырып зерігуін байқатты бір- біріне кедергі жасады. Бұл келеңсіз жағдайларға байланысты келесі сабақты жоспарлағанда топ мүшелерін азайтып бөлуге ұсыныс білдірдім. Сабақтың сәтті тұсы мәтінді өздері оқып өздері түсіндіріп берді, ақылдасып, ойласып, бір- біріне сұрақ қойып, жауаптарын өздері тапты. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі жетістігі балаларға шығармашылық тапсырма беруі, күз мезгілін сипаттау кезінде балаларды сыни тұрғыдан ойлап жауап беруіне мүмкіндік жасады. Күзгі табиғат құбылысына байланысты:Күз болды,ауа райы өзгерді, күн бұлттанып, жаңбыр жауды, (тырс-тырс, саусақпен алақанды жәй ғана ұрады ),жаңбыр соңы нөсерге айналды(алақанды соғу) сергіту өте әсерлі шықты. Сол сергітуден соң түрлі- түсті сары, сарғыш, қызғылт жапырақтармен топқа бөлуіне ұсыныс жасадым. Екінші айтарым, бағалаудың түрлерін өзін – өзі бағалау, критерий арқылы бағалау сабақ барысында орындалса, сабақ соңында ұпай саны есептеліп, әр топ бағаланатын болсын деп ұсыныс білдірдім . Формативті бағалауды көп қолданса бала баға үшін емес бағалану үшін ынталанатыны, сөйтіп оқу сапасын арттыруға болатындығын айтып өттім. Сабақ үдерісінде мәтінді талдау, түсіндіру кезінде постер құратты, әрі сыни тұрғыдан ойлауға бағыттап оқушыларды ойландыра білді. Балалар алдыңғы сабақтағыдай емес үйреніп қалғаны байқалды, өздері сурет салып, өздері тақтаға іліп бір оқушыдан қорғап шықты. Тәлім алушым да бағалау түрлерін меңгергендігін байқатып сағат тілімен бір топ келесісін, ол келесісін бағалап постерге ілуге тапсырма берді. Әр топқа мәтінді бөліп берді. Өздеріне бөліп берілген мәтін бөлігін белгіленген уақытта оқып шығып, топ ішінде бір-біріне түсіндірді, топта талқылады, постер қорғады. Топпен оқып мазмұндау әдісін критерий арқылы топ өздері ұпай санын берді, тақтаға жазылды. Күз мезгіліне байланысты сипаттау кезінде сыни тұрғыдан сипаттаушыға топ болып назар аударып, критерий арқылы бағаланды. Үй тапсырмасын орындау кезінде бірін- бірі бағалады. Тәлім алушыма "Баспалдақ"әдісі арқылы өзін-өзі бағалау жасатып жібер деп ұсыныс айтқан едім. Оқушылыр өте қызығушылықпен орындады. Балалар өзіне өзі баға бере білді. Сабақты қорытындылау мақсатында "Алтын күз" деген тақырыпта эссе жазғызу нағыз сын тұрғысынан ойлау әдісінің орындалу көрінісі. Эссені бір біріне бағалатып екі жұлдыз бір тілек жазғызуы арқылы бағалады. Сабақ барысында сәтті болған тұсы постер қорғау барысында әр топ белсенділік танытқаны. Топтық жұмыс кезінде өзара тез келісіп, реттілікпен уақытпен санасып орындағаны. Сабақ соңында кері байланысқа таратпалы сауалнама парағын толтырды. Топтың өзара бағалауы бағдаршам көздері арқылы бағалау әдісі шынайы әдіс болды. Сабақ нәтижесінде оқушылар кіші жаста болса да постер құрауды едәуір меңгеріп қалыпты,, қорғауды үйренген, ортаға шығып сөйлеуге қалыптасқан, зерігіп кетпеу үшін сергіту сәті балалар үшін өте әсерлі болды. Сабақтың бейнежазбасын қарай отырып және тәлім алушымен талқылау жүргізе отырып байқағаным және тәлім алушыға қиындық тудырғаны сыныптағы оқушылардың барлығына тапсырманы бірдей деңгейде беретіндігі .Сыныпта Айым, Алтай , Нұриман, Нариман, Айару есімді өте зерек, тапсырманы тез ұғып, жылдам орындайтын оқушыларға жеке жұмыстар беруде қиындықтар кездесті. Сабақты бірге жоспарлағанда осы оқушыларды назарға алуын ұсынған болатынмын. Алайда тәлім алушым сынып оқушыларынан бөліп оларға жұмыс жасауды үйлестіре алудан қиналғанын жеткізді. Сондықтан болашақта бұл жұмысты жетілдіре түсуіміз керек екенін ұғындым. Гүлмирамен бірге өткізген тәлімгерлік тәжірибемде бірігіп сабақ жоспарлау, талдау, ұсыныс, сұхбаттасу кезінде арамызда шынайы достық, сыйластық қарым-қатынас орнады. Мен оған өз тәжірибеммен бөлісе отырып қолдау көрсеттім. Тәлім алушым Гүлмира топпен жұмыс жасау, қалыптастырушы бағалау стратегияларын сабақта пайдаланудың тиімді жақтарын тез үйренді. Оқу үдерісі кезінде оқушылар тапсырма орындау, талқылауда толық қамтылып, тәлімгер қабілетін көрсете білді. Тәлім алушының мені қуантқаны менің ұсынған әдіс-тәсілдерімді еш қиындықсыз әрі қарай алып кеткені, сынып оқушылары да бұрыннан қалыптасып қалған тәрізді, бірден орындап кеткені,топтық жұмысқа тез бейімделуі жақсы нәтижені көрсетті. Тәжірибе кезінде қиындық туғызған сәттер: Мектептің АКТ құралдарымен толық жабдықталмауы үлкен кедергі келтірді. Сыныпты ұйымдастыру, топқа бөлу кезеңінде қиындық болды Тәлім алушы өзінің жазған кері байланысында дәстүрлі сабағымен салыстырып, көптеген әдіс-тәсілдерді іс-әрекетте қолданғанына риза болды. Тәлім алушымның рефлексиясы: Не ұнады, не ұнамады? деген сұраққа. . .Орта мерзімді жоспардың тиімдіпігіне көзім жетті. Сабақты топқа бөліп оқытқанла оқушылар жақсы қабылдап, белсенділігі артқанын. Не қиын болды? деген сұраққа...ОМЖ жоспарын құрғанда жаңа әдіс тәсілдің қиын жері көп даярлықты қажет етеді екен . Біз бұрын тек оқулықпен шектелсек , қазір қосымша интернеттен материалдар қарауға тура келеді,ізденушілік керек екен деп. Менің ұсыныстарым: Маған тәлімгерлікті алдағы уақытта да жалғастыруыңызды сұраймын. Сізге мықты денсаулық, шығармашылық табыстар тілеймін. Тәлімгерлік ету барысында өзімнің біліміммен, іс-тәжірибеммен бөлісіп, тәлім алушының еңбек жолында айтулы жетістіктерге жету мақсатында өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, проблемаларды шешу жолдарын іздеуіне қолдау көрсетемін.
тәлімгер тәлім алушы даму қағидаты шынайылық
Жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып,
саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының
бірі.
Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай
еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының
мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел
игілігі үшін бар күш-жігеріміз бен білімімізді сала бермекпіз.
«Өнердің, білімнің кілтін тапқан ғана озады» дегендей бүгінгі
таңның талабы таудай болып тұрған заманда талмай еңбек етіп,
сауатты да мәдениетті, қажырлы да қайратты, ізденімпаз болсаң ғана
«білекті бірді, ал білімді мыңды жығады» деген ата - бабаларымыздың
ұлағатты сөзінің кемелденгенінің айқын көрінісі.
Заманымыздьң заңғар жазушысы М.Әуезовтың «Халық пен халыкты, адам
мен адамды теңестіретін - білім» деген нақыл сөзін өсиет ете отыра
алға карай ұмтылуымыздан басқа алда жол жок екені айдан анық. Біз
үшін «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» тіршілік жасау жат қылық
болуы тиіс. Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған
ғана табысқа жете алатынын есімізден шығармағанымыз абзал. Бұл –
заман талабы. Себебі, еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп,
саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам
басқан шақта сапалы білім беріп, жан-жақты, өмір сүруге бейім,
ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті ұрпақ
тәрбиелеу мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндет. Осы орайда,
Елбасы Н.Назарбаевтың: «... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім
мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі
заманға сай ету қажет» - деген сөзі егеменді елімізде білім
мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын
дәлелдейді.
Осы сөздерді басты назарға ала отырып, өзім Кембридж тәсілі бойынша
оқыту курстарында үйренген оқытудағы жаңа тәсілдерді тәжірибеде
қолданудың ұтымдылығын мектеп тәжірибесінде анықтауға тырыстым. Осы
мақсатта өзімнің 11қыз, 9 ер баланы құрайтын 4 «б» сыныбымда
дүниетану пәні бойынша тізбектелген төрт сабаққа орта мерзімді
жоспар жасадым. Жоспар бойынша алған төртінші сабағым «Қазақстан
мәдениеті» төңірегінде қамтылды. Қазақстан мәдениеті жайлы біліп,
мәдениеттің құрамын айыру, ел өнерінің, мәдениетінің көркеюі туралы
ой толғай білулерін алдыма мақсат етіп, сол мақсатыма жету жолымда
АКТ-ны, флипчартты, ән жинағын, сұрақты кеспелерді пайдаландым.
Негізі сабақтың нәтижесінде оқушылардың еліміздегі мәдениет
салалары, ол салада еңбек сіңіріп жүрген қайраткерлердің алар орны
жайлы білімдерінің ұшқырлана түсуі күтілді. Аталған мақсат пен
күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін сабақта бағдарлама модульдерін
қолданудың әдіс-тәсілдерін ойластыра келе, сынып оқушыларының жасы
9-10 аралығында екендігін ескере отырып, тапсырмаларды солардың жас
ерекшеліктерінің деңгейіне сай жоспарладым.
Сабақтың әр кезеңі мен үшін, оқушылардың ортасынан ойып орын алу
үшін маңызды болып табылды. «Қазақстан мәдениеті» деп аталатын
сабағымды әдеттегідей психологиялық ахуал орнатудан бастадым. Әр
оқушы өз есімінің әріптеріне лайық адами құндылықтарын атап шығуда
бір-бірін қайталамауға тырысып бақты, әсіресе, ер балалар шапшаңдық
танытты. Содан кейін «Білімпаздар», «Әдебиетшілер», «Музыканттар»,
«Суретшілер» деп жазылған кеспелерді таңдау арқылы 4 топқа бөлінді.
Сабақтың құрылымын ББҮ әдісіне салып құрған болатынмын. Сабақтың
тақырыбын ашпас бұрын не білемін? деген сұрақ орайында ортаға өз
ойларын салып, талдап, шешім қабылдап, дәлелдемелерді бағалау үшін
нәтижелерді өз бетінше түсіндіруден кейін флипчартқа түсіру
көзделген болатын. Осы сәтте балалардың топ ортасында жұмыла жұмыс
атқарғылары келгенімен, алайда Қазақстан мәдениеті деген тіркестің
мағынасын толыққанды ашу үшін оқулықтарына көз тастаумен болды. Осы
жерде оқушыларға алдымен «мәдениет» сөзінің мағынасын ашып, адам
қолымен өңделіп немесе жасалатын өзгерістердің түрлері мәселен,
дастарқан мәдениеті, сөйлеу, киіну мәдениеті жайлы тәрбие
сағаттарынан көңілдеріне тоқығандарына тоқталып өттім. Сол кезде
ғана механикалық түрде есте сақтағаннан гөрі, ойларында осы сөзді
басқа бір нәрсемен ұштастыра естерінде сақтап қалғандай болды.
Оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, өз пікірлерін
білдірді. Осылайша диалогтік оқыту жүзеге асты, өз беттерінше
жаңалық ашуға, жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге үйрене бастады,
өзара қолдаушы болып, қате жауаптары үшін қорықпай, бір-біріне
өзара түсіністікке жетулеріне көмектесе білді. Содан соң ғана 8-
тезиске сай қолайлы оқу үшін өзара топтар бір-бірінің
таныстырылымдарын «екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалап, қолдау,
мадақтау айтып бақылау дағдылары артты. Бұл тапсырманы орындау
барысында оқушылар берілген уақытта таныстырылымдарын жасауды
аяқтай алмағандықтан мен оларға қосымша 2 минут уақыт бердім. Бұл
оқушылардың дәлелдерінің деңгейі мен маңыздылығын, балама
жорамалдар мен мүмкіндіктердің орынды жұмсалуын мойындап,
қалыптасып келе жатқаны деп түсінемін.
Одан әрі келесі кезең не білгім келеді? сұрағына жауап іздеуге
итермеледі. Оқушыларға «Үш қадамдық сұхбат» жүргізу үшін топ ішінде
А, Ә, Б, В деген атаулар бердім. Яғни, балалар өздерінің бүгінгі
сабақта не білгісі келетіндерін сұрастырып, кезектесіп сұхбат алып,
зерттеушілік әңгіме туды. Әр оқушы өз білім алуына жауапкершілікпен
қарауға, топта және жұпта пікір алмасып, өз ойларын еркін жеткізе
білуге, қорытынды жасап, шешім қабылдауға, зерттеуге, ізденуге
талпына білді. Яғни, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау
айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасады
(МАН, 52- бет). Осылай оқушыларды топ ішінде топтастырып жатқанда
ортада ЖАДА қалыптастыруға түрткі болып, ынтымақтастық атмосфера
қалыптастыра бастадым. Сол кезде менің зерттеу назарымда болған Е.
деген оқушы топ ішінде 5-бала болып отырғандықтан, оның қасына өзім
отырып жұп болдым. Осы сәтте балалар арасынан апай мен оқушының тең
дәрежелі болып отырғанына оқушылардың бірі тұрпайы қараса, енді
бірі қызық көрді. Ал алдымда отырған оқушы бұрын мұндайды
көрмегендіктен, оның көздері –ақ таңғалғандықты, сөздері
бір-бірімен байланыспай біресе күліп, біресе сасқалақтап жауап
беріп отырды. Бұл қолданған тәсілім тұйық оқушының ашылуына да оң
әсерін тигізді, себебі өз сыныптастарының ортасында ұстазының
қолдауына ие болған баланың бойында өз күшіне деген сенімділік
артты. Осындай түрде жұмыс жүргізу арқылы мұғалім ретінде мен
оқушылар тобын ынтымақтаса, бірлесе жұмыс жасауын және «дайын»
білім емес, тек бағыт-бағдар беру арқылы олардың өз бетімен білім
алуға талпыныстарын арттыруын ұйымдастыра алдым деп ойлаймын.
Оқушылар бірлесіп жұмыс жасауда қарым - қатынас шеберлігін ұтымды
пайдалана білуге дағдыланады
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру сабақтың нәтижелі
өтуіне әсер ететіні анық нәрсе. Сондықтан әр сабақ сайын сергіту
сәтін ұйымдастырып отырдым. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды
түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік
беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып
табылады (МАН, 61 бет). Осы сабағым өнер тақырыбына жақын
болғандықтан, сергіту сәтін мынадай түрде өткіздім: интерактивті
тақтадан дене қимылдарын бейнелейтін бейнеролик көрсетіп,
оқушылармен бірге би биледік. Оқушылар алдынғы сабақтарға қарағанда
бір-бірінен қысылмай, өздерін еркін ұстады. Сергіту сәтінен кейін
бөлінген топ атауларына байланысты топтық тапсырмалар орындалды.
Бұл жаттығудың шарты бойынша «Білімпаздар» тобының оқушылары оқулық
бойынша берілген атақты ел азаматтарына тоқталу негізінде жұмыс
атқарды. «Әдебиетшілер» тобы өз жандарынан өлең шығарып,
шығармашылығын «авторлық үстелде» таныта білсе, дарынды оқушы,
бірнеше жүлделердің иегері К. атты оқушым бастаған «Суретшілер»
тобының құрамындағы оқушылар Қазақстанның мәдениетін танытатындай
еліміздегі танымал орындардың бірі - «Нұр мешіттің» суретін
нобайлады. Ал «Музыканттар» тобында мектеп қабырғасында ән салып
жүрген, үздік оқушы есебінде менің қадағалауымда жүрген А. есімді
оқушы бастаған әнге ерген бір топ ұлдар сабақтың шырайын келтірді
десем болады.
Сабақта алған білімдерін жинақтауда «Ат пен атқосшы» әдісін
пайдаландым. Негізгі мақсатым бұл жерде оқушылардың сабақ барысында
түйген ойларын, алған білімдерін бір арнада тоғыстыра білулерін
қадағалау еді. Сұрағына сай жауабын сыңарластыра білуде 1 оқушы
мақалдың жалғасын дұрыс таппаса, енді 1 оқушы экономистің атқаратын
қызметін программалаушының орнымен шатастырып алды. Қателікті сол
жерде құрдастардың қол ұшын созуы арқылы түзетіп алдық.
«Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен
оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті
белгілеу үшін қолданылатын термин. (Мұғалімге арналған нұсқаулық,
56-бет) екенін ескере отырып, сабақ соңында оқушылардан "Оқушы үні"
тестін алдым. Тест нәтижесінде сабаққа оң ынта таныта қоймайтын
оқушылар осы сабақ бойынша өз ойларын жазса, үнемі белсенділік
танытып жүрген оқушылар өз ойларын айтып қалуға, мүмкіндігінше
толығымен орта мерзім бойынша өтілген сабақтардан алған - білегенін
жазуға тырысыпты. Дегенмен әлде де олардың қабілеттерін шыңдайтын,
дарынды оқушыны әрі қарай ынталандыратын, шығармашылықпен жұмыс
жасауына ықпал ететін тапсырмаларды дайындау керек екенін түсіндім.
Осы сабақ бойынша алған білімдерінің деңгейін анықтау, не нәрсеге
көңіл бөлу керек екенін білу мақсатында кері байланыс кезеңінде
оқушылар өз білімдерінің деңгейін бағалау смайликтері арқылы
көрсете білді. Сабақ соңында түйгенім жоғары деңгейге жету тек
төменгі деңгейдегі қажеттіліктер орындалған жағдайда ғана мүмкін
болады (МАН, 78-бет). Жалпы сабақтың нәтижесіне келер болсам, алға
қойған мақсаттарым мен міндеттерге жету жолындағы ұстанымым
іс-әрекет арқылы өз деңгейіне жетті деп ойлаймын.
Сабақтың өн бойында Жером Брунердің "Орман өсіру" әдісі бойынша
ұдайы тапсырманы аяқтауға итермелеп, түрткі болып, бағыттаушылық
негізінде дамуларын қолдап отырдым. "Білімділік – күдіктену арқылы
көзіңнің жетуіне, тоғышарлық – тоңмойындыққа алып келеді" дегендей
қашанда күдіктене білетін, соның нәтижесінде тоңмойындыққа
салынбай, діттегеніне жете білетін білімді ұрпақты сусындататын
біз, ұстаздар, болғандықтан аянбай еңбек ету бүгінгі күннің,
заманауилықтың талабы болып отыр. Исаак Ньютон өлерінде былай деген
екен: "Мен ұлы мұхиттың жағалауынан бір ғана кішкентай тас тауып
алған балаға ұқсаймын, таптым да қуандым. Ал ол мұхиттың жағалауы
мен түпсіз тереңінде сол секілді тастар қаншама?" Біз де осы
бағдарлама бойынша оқығанымызбен тоқталып қалмай, осы жетістікке
ғана қуанып қоймай, алдымен балаларға беретін жаңашылдықты, сыни
ойлай білу жолдарын өз жанымызда толықтырып отыруымыз керек деп
ойлаймын. Бұл орайда бағдарламаның жеті модулінің оқыту мен оқу
үрдісінде тиімді екеніне көзім жетіп, сабақ барысында орын алған
қателіктерді жою мақсатында әлі де жаңа тәсілдерді игеру керектігін
өзіме мақсат етіп қойдым. �������
������ ��� dle �������
���������
������
Ұқсас мақалалар: