Материалдар / Мектептің тірегі де, тілеуі де - оқыта білетін мұғалім!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектептің тірегі де, тілеуі де - оқыта білетін мұғалім!

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе жазушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Желтоқсан 2018
446
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мен- ұстазбын

«Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ»
А. Байтұрсынов

Ұстаз – ұлағатты есім. Әлемдегі мамандықтардың ішіндегі теңдесіз, қызығы мен шыжығы мол, әлі әріп танып үлгермеген, жазу білмейтін кішкентай ғана бүлдіршіндерді үлкен өмір айдынына қанат қақтыратын мәртебелі мамандық. Бір сөзбен айтқанда, адам жанының инженері. Қазіргі таңда бұл мамандыққа қойылар талап та күшейіп келеді. Мұғалім алдында отырған балаға тек білім беріп қана қоймай, саналы тәрбие, рухани азық беріп, салауатты өмірге бейімдейді. Баланың бойындағы бар қабілетті ашып, ішкі жан дүниесіне үңіледі.

Сонау балдырған балалық шағымнан, мектепте партада отырған кезде-ақ, мұғалім апай-ағайларымның келбетіне, сабақ беру мәнеріне қарап, мен де осынау қасиетті мамандықты аңсаған едім. Алла тағалам осы арманыма, шүкір, жеткізді.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның ақылдығы ,-

деп ақын жырлағандай, сүйікті мамандықта, педагогикалық қызметте, жүргеніме де ширек ғасыр уақыт болып қалыпты. Уақыт, шіркін, сарқыраған өзендей бір орында тұрмай сырғып өте береді екен ғой. Әрбір шәкіртім- ертеңгі болашақ Қазақстанның азаматтары мен азаматшалары. Мейлі нашар, мейлі дарынды оқушы болсын алдымыздағы бүлдіршіндердің әрқайсысы- жеке индивидтер. Ал оларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру- біздің қасиетті борышымыз. Мен осы салаға келгелі бірнеше мектепалды даярлық сыныбын, 2 бастауыш түлектерін ұшырыппын. Түлектерімнің алды жоғарғы оқу орындарын бітіріп, медицина, спорт, мұғалім, мемлекеттік қызмет т.б салаларда еліне қызмет етуде. Мен үшін бұл -еңбегімнің жемісі. Ал ол жеміс бір күннің емес, тер төккен миллиондаған минуттарымның зейнеті. Олармен талай-талай қаншама 45 минуттарды өткіздім десеңізші! Әрбіреуінің тек алған білімі ғана емес, жан дүниесінде болып жатқан өзгерістері мені алаңдататын. Өйткені мен үшін білімнен де жоғары қоятын қасиет –ол адамгершілік, яки шәкірт бойына сіңірер саналы тәрбие. Ұлы ғұлама Әл-Фараби бабамыз «Тәрбиесіз берілген білім  адамзаттың хас жауы» деп текке айтпаса керек.

Ұстаз – талмай еңбектеніп үздіксіз ізденіс үстінде болғанда ғана нағыз педагог бола алады. Қазір жаһандану заманы, техниканың күн сайын емес, сағат сайын алға қарыштап қадам басқан кезі. Елбасымыз Н.Ә Назарбаев айтқандай, бүгінгі күнде барлық мұғалімдердің басты ұстанымы немесе қағидасы ол «өмір бойы білім алу» Сондықтан заманауи мұғалім ең алдымен заман ағымынан қалу былай тұрсын, одан бір қадам алда жүретін, заманына сай саналы да, сапалы ұрпақ тәрбиелейтін қасиетті қызмет иесі деп түсінемін. Және соған сай болуға бар уақыт, күш жігерімді жұмсауға тырысамын. Сабағымда түрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді, үш тілділікті қолдана отырып, шығармашылықтың шыңына жетелейтін тапсырмаларды қолданып, түрлендіріп өткіземін. Ұлтымыздың ұлағатты ұлы ақыны Ахмет Байтұрсынұлы: «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»,- деп білім мен біліктілік жайлы үлкен ой айтқан.  Деңгейлік, кэмбридждік оқыту технологияларын жиі пайдаланамын. Бұл 45 минуттардың мен үшін орны әсте бөлек. Себебі білім негізі бастауышта қаланады. Жалпы оқушы бойындағы білімнің алғашқы іргетасын осы бастауыш сынып мұғалімдері қалайды емес пе?! Осы тұста өз мамандығымның маңыздылығы мен жауапкершілігін тағы да сезіне түсемін. Әр түлекті ұшырған сайын көңіл күйім құлазып, еріксіз көзіме жас үйіріледі. Бұл тек 11-сынып түлектерінің мұғалімдері ғана емес, бастауыш сыныпта жұмыс істейтін талай әріптесіме таныс сезім екеніне күмәнім жоқ. Мектеп қабырғасында олармен өткен 4 жылда тек білім беретін мұғалімі ғана емес, әрбірінің мінезі мен қылығын, қабілеті мен қасиетін білетін екінші анасындай сезініп, бауыр басасың... Кейін олардың жетістіктерін естігенде төбең көкке сәл жетпей қалатын қуанышқа бөленсің. Мүмкін ұстаз бақыты деген осы шығар...

Биылғы оқу жылында білім бағдарламасы мүлде жаңа стандартқа көшті. Елбасымыздың осы жылғы Жолдауында да "Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет"- деп айқын атап көрсетті.  Атап айтар болсақ: 5 күндік оқыту жүйесі, оқу уақыты 40 минут, баллдық шкала бойынша бағалау жүйесі. Биылғы жаңадан алған 1 сыныбым жаңартылған білім беру мазмұнына көшті. Бұл бағдарламаның оқушының сыни көзқарасын, қарым қабілеттерін дамытуға үлесі зор. Сондай-ақ жиынтық бағалау спецификациялары негізінде оқушыларды салыстырмалы түрде бағалауға негіз бар.

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы жаңғырудың алты бағытының бірі- білімнің салтанат құруы. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады… Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек» деп бағдарламалық мақалада аталып көрсетілген. Білім – рухани жаңғырудың басты алғышарты. Ал білім беретін ол-мұғалім. Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. «Мұғалімі қандай болса, мектебі де сондай деген» екен Ахмет Байтұрсынұлы. Менің ойымша, мектебі ғана емес, елі де сондай болмақ . Өйткені анасы үйдегі бір баланың бесігін тербетсе, мұғалім елінің болашағын қалайтын бүкіл ұрпақтың бесігін тербетеді. Сондықтан қиындығына қарамастан мен өз мамандығымды мақтан етемін. Өз ісіне тек жауапкершілікпен ғана емес, сүйіспеншілікпен де қарайтын заманауи ұстаздар ешқашанда білімнің туын төмен түсірмеуі тиіс. Ендеше мен де әрдайым оқушыларыммен бірге болып, оларды тек қана алға жетелеуді алдыма мақсат етіп қоюдамын. 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!