Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мемілекеттік тілде оқымайтын мектептегі қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мемілекеттік тілде оқымайтын
мектнптегі қазақ əдебиетін оқыту
əдістемесі.
Өздік жұмыс
Орындаған: Берикбол Ақжайық
1 Драмалық шығармаларды оқыту.
1-ерекшелік.
Драмалық шығарманың
көлеміне шек қойылады.
Драматург шындық пен
образды шағын көлемге
сыйдыруы керек.
2-ерекшелік.
Драмалық шығарма
оқиғалар мен тартыстың
даму қарқынына, ауқымына
қарай актілерге,
көріністерге, бөлімдерге
бөлінеді.
Драмалық шығармадағы
шешуші нəрсе – кейіпкерлер
сөзі (реплика). Оқиғаның
негізгі даму арнасы диалог
пен монологқа негізделеді.
Драмалық
шығармаларда
баяндау болмайды.
Қимылсыз, əрекетсіз,
қақтығыссыз драмалық
шығарма болмайды. Тартыстың
күрделі, шым-шытырық,
шымыр шиеленіскен түрі
драмалық шығармаға тəн.
Драманың тілі нақты,
қысқа жəне тұжырымды.
Прозада кеңінен
суреттелетін шындықты,
көріністі драматург бір
ауыз сөзбен жеткізеді.
3-ерекшелік.
4-ерекшелік.
5-ерекшелік. 6-ерекшелік.
Драмалық шығармаларды түсіндіру
Драмалық шығарманы түсіндіргенде
олардың денгейліктерін арыттыру ойын
— сауық қойатын жерлердің сахнасында
орындап көрсетуге шығарма екенін,
текст диолог пен монологқа құрылатын
кеиіпкерлер шығарманың басына тізіліп,
олардың аты – жөні, жынысы кəсіби
қызметі мамандығы жыл мөлшері,
жақын серігі досы көрсетіледі.
Алдымен сол
драманың
видео нұсқасын
көрсету.
Идеясын
қысқаша
түсіндіру
Драманың толық
нұсқасын оқыту
ауыр тиеді сол
үшін қысқаша
мазмұнын оқыту
Түсініксіз
сөздердің мағнасын
аударып немесе
жақындатын
түсіндіру
2 .Кейіпкерлерге мінездеме беру.
Көркем шығарманы сабақта талдау барысында кейіпкерлер бейнесін танытатын, айқындап,
даралайтын белгілерді төмендегідей топтап алдым.
Кейіпкерлер бейнесін таныту белгілері:
1. Жазушының кейіпкерге берген сипаттамасы жəне олардың портреттерін суреттеуі
2. Кейіпкерлердің іс-əрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктері
3. Кейіпкерлер диалогы, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздерді, суреттемелерді табу
4. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысы
5. Кейіпкерлердің адами ұнамды қасиеттерін анықтау, олардың оқушыларға əсері.
Бұндай жолмен талдау-оқушылардың шығармадағы кейіпкерлердің өмірмен тікелей
бірлігін көрсете, салыстыра отырып, олардың іс-əрекеттері арқылы мінез-құлқын, өзіндік
қасиеттерін танып, білуіне жол ашады.
Қай шығарма болмасын оқиға желісі, жазушы мұрасы нақты бір кейіпкерлердің айналасына жинақтала,
соны негізгі нысанаға ала отырып айқындалады. Сондықтан оқушыны шығармадағы негізгі тұлға-
кейіпкерлерді тани отырып, басқа кейіпкерлерді сонымен салыстыра, сабақтастыра талдауға үйретуіміз
керек. Мысалы,7- сыныпта «Тортай мінер ақ боз ат» (О. Бөкей) əңгімесін өткенде, ондағы басты
кейіпкер Тортайға ұқсас бейне (С. Мұратбеков) «Жусан иісі» əңгімесіндегі Аян бейнесімен салыстыра
отырып, олардың ұқсас, ортақ белгілерін, өздеріне тəн ерекшеліктерін таптырамын.
«Жусан иісі»
С. Мұратбеков
Аян бейнесі
Ортақ белгілері
«Тортай мінер ақ бозат»
О.Бөкей
Тортай бейнесі
1.Өжет
2.Төзімді
3.Тазалықты сүйеді
4.Ұқыпты
1.Жетім
2.Қиялшыл
3.Зерек, білімге құмар
4.Мейірімді
1.Намысшыл
2.Еңбекқор
3. Жазушы болуды
армандайды
4.Жасқаншақ
Бұл əдіс — өткен тақырыпты еске түсіруге, кейіпкерлердің түрлі қасиеттерін, олардың ортақ
белгілерін, ерекшеліктерін анықтауға тиімді. Сол сияқты «Тұжырым» кестесін қолдану барысында
оқушылар шығармадағы кейіпкерлердің іс-əрекеттері арқылы олардың мінез-құлықтарын таниды.
Мысалы, Ə.Нұрпейісовтың «Балықшылар» əңгімесінде Еламанның іс-əрекеттері арқылы оның
бойындағы адами қасиеттерін оқушылар іздене отырып табады.
Еламан
Мөңкенің ауру баласының қасында езіліп
отыра бергенін қаламай, теңізге алып шығады.
Федоровқа қарсы батыл сөйлейді. Оның
соққыларына шыдап тұрады.
Федоровты сүйменмен ұрады.
Адами
қасиеттері
Бауырмал
Өжет,
Қайратты
Төзімді
Намысшыл
3 Əдеби сын зеріттеу еңбектерін оқыту
1.Өтіліп отырған
тақырыпты
тереңдетіп беру, білім
мазмұнын байыту,
көркем шығарманы
оқушы жан-жақты
терең түсінуде,
танымын дамытуды;
2.Оқушылардың
ойлау белсенділігін
арттыру, ,
дүниетанымын
кеңейту, өз бетімен
жұмыс істеу,
қорытынды жасау
дағдыларын
жетілдіру;
3.Көркем туынды
туралы оқушылар
бірнеше пікір, баға,
сын болатынын
түсінеді, əрі сол
туынды туралы
ғылыми шындыққа
көз жеткізеді, өзіндік
пікір айта білуге
баулу, зерттеу
Сын-зерттеу еңбектерін оқыту жолдары:
А) Еңбекті
толық оқыту,
арнайы оқыту;
Б) Ең негізгі
түйінін, пəнін
бөліп ала отырып
оқыту;
В) Өтіліп жатқан
шығармаға ғана
байланысты
ішінара керекті
пікір,ойларын
теріп алып
оқыту.
4.Əдеби-теориялық ұғымдарды оқыту
Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем
шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі.
Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем
шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйрену кезінде
қалыптасады. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас
ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем
шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері
белгіленген.
5-сынып
1.Халық ауыз əдебиеті туралы қысқаша түсінік.
Əдебиет туралы кіріспе əңгіме.
2.Ауыз əдебиетінің негізгі жанрлары: мақал, мəтел,
жұмбақтар, батырлар жыры, қиял-ғажайып
ертегілер, əдеби ертегілер туралы алғашқы ұғым.
3.Мысал жанры. Əдебиеттегі дəстүр туралы,
аударма туралы алғашқы түсінік.
4.Өлең, оның өзіндік ерекшелігі, құрылысы
жайында кіріспе əңгіме.
5.Əңгіме жанры. Сюжет, эпизод туралы сөз.
6.Əдеби кейіпкерлер, олардың портреті туралы.
7.Лирика, табиғат лирикасы туралы алғашқы ұғым.
8.Гипербола, эпитет, теңеу, кейіптеу туралы түсінік.
9.Көркем шығарманың тақырыбы туралы алғашқы
əңгіме.
6-сынып
1.Шыншыл ертегілер, аңыз, әңгімелер,
жаңылтпаштар туралы түсінік.
2.Өлең құрылысы, ұйқас түрлерінен хабар
беру.
3.Суреттеу, баяндау, əңгімелеу, композиция
туралы түсініктерін кеңейту.
4.Өмірбаяндық əңгіме жанры туралы
алғашқы ұғым.
5.Сюжетті өлеңдер туралы түсінік. Лирика
туралы алғашқы ұғым.
6.Теңеу, эпитет, метафора туралы төменгі
сыныпта алған білімдерін толықтыру.
7-сынып.
1.Батырлар жыры туралы ұғымдарын
тереңдету.
2.Оптимизм, романтика, риторикалық
сұрақтар, аллитерация, ассонанс туралы
түсінік.
3.Табиғат лирикасы туралы білімдерін
тереңдету.
4.Ирония, сатира, эпитеттің ұлғайған түрі,
антитеза жайында хабар беру.
5.Әдеби бағыттар. Реализм туралы алғашқы
ұғымдар.
6.Публицистика жанры, көркем шығарма тілі,
поэтикалық тіл туралы түсінік
8-сынып
1.Поэма туралы ұғымдарын тереңдету.
2.Сюжет, композиция, көркем шығарма,
тақырыбы, идеясы, кейіпкерлері туралы
түсініктерін кеңейту.
3.Тип, прототип туралы алғашқы ұғым.
4.Ұйқас түрлері туралы түсініктерін
кеңейту.
5.Шешендік сұрау, шешендік лептеулер,
анафора мен эпифора туралы ұғым.
6.Драмалық шығармалар туралы алғашқы
түсінік.
9-сынып
1.Фольклор туралы түсінік. Аңыз-әңгімелер,
шешендікке құрылған аңыздар, эпостық,
лиро-эпостық жырлар туралы
түсініктерін кеңейту.
2.Гипербола, тұрақты эпитет, әдебиеттегі
типтілік жайындағы білімдерін тереңдету.
3.Айтыс, импровизация туралы түсінік.
4.Жыршы, жырау, ақын, толғау, афоризм
туралы ұғымдарын қалыптастыру.
5.Дәстүр мен жаңашылдық, реализм,
романтизм, әдеби бағыттар, әдеби
ағымдар жайында хабар беру.
Қай сыныпта болмасын, əдеби-теориялық ұғымдар көркем
шығарма негізінде, онымен тығыз байланыста түсіндіріледі.
Енді осы əдеби-теориялық ұғымдарды сабақтың қай кезеңінде
беру тиімді – соған тоқтайық. Фольклор, ауыз əдебиеті, ертегі
туралы жалпы ұғымды ертегіні бастайтын алғашқы сабақта,
кіріспеде берген жөн.
Əдеби-теориялық ұғымдарды берудің келесі бір жолы –
салыстырмалы жұмыстар, салыстыру əдістері.
Назарларыңызға
рахмет!