Материалдар / МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ" АТТЫ МАҚАЛАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ" АТТЫ МАҚАЛАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2021
399
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі

Қазіргі уақытта жаһандану үдерісі экономика мен саясатты ғана емес, мəдени-əлеуметтік саланы да қамтып отыр. Қазіргі əлеуметтік теориядағы жаһандану ең өзекті тақырыптардың қатарында тұрғандығы мəлім. Бұл сұрақты анағұрлым терең қарастырған ғалым – Роланд Робертсон. Біздің пікірімізше, дəстүрлік жəне оны құраушылар – дəстүр, əдет-ғұрып,  риту-  ал, қағидалар,  құндылықтар  болып  табылады. Қоғамның модернизациялануы мен елдің дəстүрлік формасына үйлесімсіз патерналистікподдандық саясат, шашқыш-жыртқыш экономика, қу жазалаушы құқық, үстемдік етуші ұлттық   мəдениет,   қабілетсіз   əлеуметтік өмір - саясаттану мен əлеуметтанудың назар аударатын объектісіне айналмай отыр. Бұл ғылымда дəстүрліктің жеңуі, мемлекетте адам  факто-  ры мен адам капиталының алғашқылығын қалыптастыру, мемлекеттік орталықтанған парадигмадан социоорталықтанған парадигмаға ауысу концепциялары жасалған жəне ұсынылған емес.

Біздің міндетіміз – жаһанданудың дəстүрліктен тікелей бас тартуын түсіндіру, қоғамға азаматтылықтың қазіргі стандарттарын, қоғам мен мемлекеттің əлеуметтік серіктестігі түсінігін жеткізу болып табылады. Осыдан əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен пəндерге, ең алдымен, саясаттануға, құқық пен əлеуметтануға қазіргі қоғамның болашағына деген жауапкершілік түсіп отыр. Біздің алдымызда қоғамның дағдарыстан шығуы посткеңестік кеңістік қоғамының өтпелі кезеңін теоретикалық қамтамасыз етуді шешу міндеті тұр, біздің ойымызша, оның дамуы мен жолдары социомəдени негізде жатыр деп айтсақ та болады. Мұндай методологияға негізделген, дəстүрлі социомəдени құндылықтардың орталық зонасы қоғамның барлық саяси, құқықтық, əлеуметтік салаларындағы дəстүрліктің құралдары мен қазіргі тəсілдерін зерттеу болып табылады.

Осы тұжырымға қатысты барлық əлеуметтікгуманитарлық, яғни саяси, əлеуметтанулық, құқықтық, антропологиялық, мəдени, тарихи теорияларды жекелей жəне жиынтық ретінде тəжірибеде қолдану, мемлекет пен қоғамның өзара əрекет формаларын, сонымен қатар тұлғаның қоғамдағы орнын анықтау мəселесін қарастырып зерттеу керек.

Еліміздегі жоғары жəне орта білім беру жүйелері заманның жаңа талаптарына сай құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Бұл шаралардың басты мақсаты – əлемдік білім беру мен ғылым кеңістігіне кіру.  Əрине, бұл əрекеттердің тиімді жақтарын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ білім беру тек жақсы маман дайындаумен ғана шектелмейтінін айта кетуіміз керек. Оның басты мақсаты – жан-жақты білімімен бірге үлкен азаматтық жəне əлеуметтік қасиеттерді  бойына  дарытқан  тұлғаны  қалыптастыру.   Алай-  да жаһандану дəуіріндегі нарық сұранысын қанағаттандыруға бағытталған білім беруде адамдық қасиеттерден гөрі маман ретіндегі бағалану алдыңғы қатарға қойылатыны жасырын емес. Бұл білім беру өзінің кең мағынасындағы маңызын жоғалтып, «шектелген» немесе Г. Маркузе тілімен айтқанда, «бірөлшемді» адамдарды өндіру корпорациясына айналып кетпей ме деген сұрақты алға қояды.

Осы тұрғыда академик Ə.Н. Нысанбаевтың ортаға салған мына пікірі өте орынды деп ойлаймыз: «Мəдениет пен ғылым саласында либералды-демократиялық қоғам құндылықтарының ықпалы артып отыр. Қазақстан халықтарының дəстүрлі құндылықтары мен өзіндік мəдени мұраттары қатты қысымға ұшырауда, сондықтан олар өздерінің  рухани  мұраларын сақтап қалуға талпынуы керек. Бірақ, соны-  мен қатар олар батыс мəдениетінің нормаларымен де өзара əрекеттесіп, өзара толығуы қажет. Мəселе батыс мəдениетімен бəсекеге қабілетті болу үшін құндылықтарды қайта қарап, қазақ мəдениетін қайта жаңғыртып дамыту туралы болып отыр. Қарқынды өріс алып отырған жаһандану жағдайында, Қазақстан халықтарының дəстүрлі құндылықтары мен либералды-демократиялық қоғам құндылықтарының конструктивті сұхбаты өте қажет. Өтпелі қоғамның мəдениет саласындағы күрделі қатынастарын реттейтін жəне халқымыздың мəдениетінің қайталанбастығы мен өзіндік сипатын қамтамасыз ететін заңдар қажет». Мəдениеттің өзіндік ерекшелігін сақтау, қоғамдық жəне мемлекеттік тұтастықты сақтау ұлттың ішкі рухани əлеуетіне жəне шығармашылық қуатына байланысты. Ұлттың қалыптасуында ортақ тарихи жадымен бірге ортақ мақсат-мүдделер, идеялар да үлкен рөл атқарады.

Сондықтан қазіргі Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің болашағы осындай мақсатмүдделер  мен  идеялардың   өміршеңдігіне жəне олардың интеграциялық əлеуетіне тығыз байланысты болары сөзсіз. Бұл, ең алдымен, Қазақстан   мемлекеті   мен   қоғамның   тарихи-субстанционалдық негізін құрап отырған қазақ халқына қатысты. Қазіргі қазақ зиялы қауымы мен саяси элитасы осындай ортақ мақсатмүдделер мен идеяларды өндіруге жəне іске асыруға қаншалықты қабілетті, көп мəселенің түйіні осыған келіп тіреледі.

Қазіргі Қазақстан қоғамы алдында тұрған бұл міндетті Б. Сексенбаев төмендегідей тұжырымдайды:     «Қазақстанның     тарихи   міндеті «туысқан халықтардың арасында өзінің лайықты орнын» алу ғана емес, əртүрлі мемлекеттерді, халықтар мен мəдениеттерді «жалғастырушы көпір» болу ғана емес, сонымен қатар адамзат табиғаты дамуының қазіргі заманғы деңгейіне толық жауап беретін өзінің принципті түрдегі жаңа өмірлік тəсілдерін жасауға күш салуы тиіс. Тек осындай қадам ғана біздің халқымыздың жетістігі болып табылады, əрбір қазақстандық өзінің ментальды-рухани дамуына, денсаулығының мықты болуына, материалдық жағынан жеткілікті өмір сүруге байланысты жаңа сапаларды еншілейді, осының нəтижесі қазіргі қазақстандық мəдениет деп аталатын тарихи феноменнің мазмұнын құрайды». Автордың пайымдауынша, Қазақстанның тəуелсіздік  алғаннан   кейінгі   жылдары   жеткен жетістіктері, мемлекеттік жəне қоғамдық басқару жүйесін қалыптастыруы, экономикалықсаяси қайта құруларды жүзеге асыра алуы қазақстанның мəдени-өркениеттік əлеуетінің жоғары екендігін байқатады. Біз автордың «жеке тұлғаның сапалық жағынан қайта құрылуы» деген оймен толық келісе отырып, қазақстандық өркениеттің басты өлшемдерінің бірі өмір сапасы ұғымы болуы керек деп санаймыз. Өмір сапасы тек тұрмыстық-материалдық  нышандар мен алғышарттарды ғана емес, адамның рухани-шығармашылық ізденісін, бостандығын, ой еркіндігі мен жауапкершілігін де қамтитын ұғым.

Өмір сапасы тұлғаның болмыс толымдылығы мен толыққандылығын бейнелейтін категорияға айналуы  қажет.  Өмір  сапасы  өткен   тарих   пен бүгінгі күннің жетістігін қамти отырып, баянды болашаққа нық сеніммен  қарайтын  адам  дүниетанымының   іргетасына   айнал-   уы тиіс. Бұл категория жеке адамның сана кеңістігін бүкіл адамзаттың кемел рухани кеңістігімен жалғастырады. Бұл тұлға мен қоғамның рухани-мəдени жəне өркениеттік кеңістігінің  жаңа  сапалық   белгісі   болып табылады. Батыстың материалдық-техникалық саладағы табыстары мен Шығыстың рухани даналығы осы категорияда тоғыса  отырып,  адам болмысының тұтастығы мен бірлігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда өмір сапасын жақсартудың барлық алғышарттары қалыптасқан деп айтуға болады. Жаһандану үдерісінің қарқындауына қарамастан Қазақстан қоғамында оның келеңсіз тұстарын залалсыздандыруға қажетті əлеует əлі де болса жоғары екені қуантады. Республика тұрғындары арасында жүргізілген əлеуметтанулық сауалнамаға сəйкес қазақстандықтардың құндылықтар иерархиясында отбасылы болу – 48,9%, жақсылық жасау – 42,2%, денсаулық – 39,5%, жақсы қызмет – 26,5% жоғары позицияларды иеленсе, уақытты жақсы өткізу – 3,1% ең төменде орналасқан. Cауалнама нəтижелері қазақстандық қоғамның бұқаралық мəдениеттің қысымы мен тегеурініне қарамастан халық арасында дəстүрлі құндылықтардың берік орын алып отырғандығын аңғартады.

Сонымен қатар батыстық құндылықтарда қызметтік табысқа жету жоғары позициялардың бірін иеленген. Отбасы мен некеге деген дəстүрлі көзқарастардың өзгеруі, осы əлеуметтік институттардың қоғамдық мəртебесі мен құпиясының құлдырауы батыстық қоғамдар үшін бүгінгі күннің үлкен қасіретіне айналып отыр. Дүниеге деген көзқарас пен құндылықты қатынастың отбасында қалыптасатынын ескерсек, қоғам мен мемлекеттің бұл мəселені назардан тыс қалдырмай əрқашан қолдау көрсетуі дəлелдеуді қажет етпейді. Отбасы мен некенің жағымды көріністерін насихаттау мемлекеттік жəне қоғамдық маңызды ісшаралардың бірі болып табылады.

Екінші позицияға орналасқан жақсылық жасау құндылығы адам табиғатына тəн жəне содан туындайды. Адами эгоизмді шектеп,  оның бойындағы əлеуметтік бастауларды ашу, мейірімділік пен қайырымдылыққа баулу да қоғам азаматтарының өзіндік санасы мен сезімін қалыптастырудың маңызды тетіктері болып табылады. Бұл бұқаралық қоғамға тəн адамдар арасындағы жаттану мен жалғыздықтың ал-  дын алуға мүмкіндік береді. Адамдардың өзара тығыз қарым-қатынасы əрқайсысының басқаның тағдырына қатыстылығы сезімі қоғамдық мұратмақсаттарды жүзеге асырып, қиыншылықтарды жеңуге мүмкіндік беретін зор күш екені тарихтан белгілі.

Қазіргі   таңда   Республикамызда   салауатты өмір салтын қалыптастыру – мемлекет назарындағы маңызды бағыттардың бірі. Салауатты өмір салты Қазақстандағы ұлттық өркениеттік құндылықтардың маңыздыларының қатарынан орын алатыны сөзсіз. «Бірінші байлық денсаулық» деген халық мəтелі тек сөз жүзінде ғана емес, жеке тұлғалық жəне қоғамдық əрекетте жүзеге асуы қажет. Бастысы өмір сапасының ажырамас атрибуты болып табылатын салауатты өмір салты əлеуметтік енжарлықты жеңуге, тұлғаның жасампаздық қасиеттерін ашып, өз өмірі мен отбасының игілігіне жауапкершілігін арттырады деп үміттенеміз. Жаһандану үдерісінің келеңсіз жақтарының бірі профессор А.Г. Косиченко атап өткендей, «дүниежүзілік ауқымда адам енжарлығының бой алуы. Оның басты келеңсіздігі де осында. Ол адам мəніне – оның  өз өміріне жауапты болуына нұқсан келтіреді. Қазіргі үдерістердің адам дамуына қалдырған көкжиегі тым тар. Адам барған сайын тұлғалық қайталанбастығын жоғалтып, унификацияланып барады. Өзін алдаусыратып, адамды өз мəніне əкелетін терең болмыстық көптүрліліктен бас тартуда. Жаһандану осы кереғар үдерістер үшін жауапты». Жаһанданудың бұл кереғар сипаттары адам мен қоғамның күш-қуатын байлап-матайтын үрейлі құбылыс емес. Оның осы сипаттары туралы айтқанда, мəдени жəне керісінше, жаһандану үдерісінің артықшылықтарының ұлттық мəдениеттерді дамытуға үлкен мүмкіндіктер туғызатынын да атап өту керек. «Бұл жағдайларда еліміздің мемлекеттік мəдени саясаты ерекше маңыздылыққа ие болады. Қазақстан өзінің беделі мен егеменділігін, азаматтар мен халықтардың қайталанбас ұлттық ерекшеліктерін қамтамасыз ете отырып,  толыққанды  дамуы үшін мəдени жаһанданудың барлық бағытында əртүрлі өлшемдегі «сүзгіштерді» орнатуы қажет. Бұл кедергілер Республикамыздың территориясына белгілі бір уақытқа дейін кейбір жағымсыз құбылыстардың таралуын толық тоқтатар еді. Ұлттық құндылықтар мен мүдделерге сай тəрбие алған адамдар, азаматтық қоғамды құрып, мемлекетке пікір айтуға қабілетті адамдар, болып жатқан құбылыстардың мəнін түсінетін адамдар, соның ішінде мемлекеттік мекемелерде қызмет ететіндер жаһандану үдерісінің оның тиімді, пайдалы  жақтарын  алып, бүлдіруге бағытталған ниеті мен үдерістеріне қарсы тұра алады». Қазақстан қоғамы үшін осындай сын сағаты соққанда билік пен халықтың, азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың өзарабайланысы мен біртұтастығы ерекше  маңызға ие болады. Əлемдік тарихтың субъектісі ретіндегі мемлекет ұлттық мəдениетті сақтаудың маңызды элементі, сонымен қатар ол осы ұлттық мəдениеттің əлемдік кеңістікке енуінің алғышарттарын да қалыптастырады. Ал азаматтық қоғам мəдени құндылықтарды өндіруге жəне жоғары мəдени құндылықтарды құнсызданудан сақтауға жауапты екенін ұмытпауы керек. Жаһанданудың мəдени өзегі батыс мəдениеті, дəлірек айтсақ, АҚШ мəдениеті екені белгілі. Жаһанданған əлемдік мəдени кеңістікке ену батысқа ұқсап бағу дегенді білдірмесе керек. Отандық ғалымымыз атап көрсеткендей, ұлттық мəдениет əлемдік кеңістікке өзінің абыройы мен ар-намысын сақтай отырып та ене  алады. Мұндағы бастысы – біреуге «ұнауға тырысу емес, өзіңнің ерекшелігіңді сақтай білу. Өз мəдениетіңнің аумағымен тұйықталып қалуға да болмайды, əлемдік мəдени кеңістікке кіру керек, бірақ барыңмен кіруің керек, өйткені осы мазмұн ғана құнды». Қазақстан ойшылының бұл пікірі елімізді мекендеген ұлттық мəдениеттердің барлығы үшін өзектілігін жоғалтпайды.

«Əрине, жаһандану үдерісі маңызды əлеуметтік өзгерістер қатарында тұр, əлеуметтанулық талдаулар жекелеген қоғамдарды зерттеуде шектелген, анағұрлым архайикалықты ұсынады. Көптеген фундаментальды мəселелер, біздің өмірімізде орын алып отырған, яғни экологиялық дағдарыс сияқты немесе кең масштабтағы əскери конфронтациядан сақтап қалу, өзінің көлемінде глобальды болып табылады. Сонымен қатар экономикалық жəне мəдени өзара тəуелділіктің өсуіне қарамастан, əлемдік глобальды жүйеде теңсіздіктің жарылуы, тек жалпы ғана емес қарама-қайшы мүдделерді де иеленеді» деген америкалық ғалым Ф. Гидденс. Мұны ғалымның өзі де жаһандану теориясындағы басты нəрсеге – модерннің жергілікті əдет-ғұрып пен дəстүрге тигізетін ықпалына, жергілікті жəне жаһандық диалектикаға назар аудару керектігін баса айтқан. Себебі теледидармен киноэкранда батысқа еліктеушілік, батыс көрерменіне жағымды əрі түсінікті болу ұлттық сипатпен    салыстырғанда    басымдылыққа ие болып бара жатқан тəрізді. Өнердің халықты асқақ мақсаттар мен құндылықтарға тəрбиелеп келгені белгілі, бірақ қазіргі күні өнер бұқараны тəрбиелеуден гөрі бұқараның соңынан  еріп бара жатқандығы қынжылтады. Қазақстан қоғамы алдында жаһандану талабына абырой-  мен жауап бере отырып, өзінің тек өзіне тəн кемелдену жолын таңдау мəселесі туындап отыр. Қазақстандық ғалым К.У. Биекенов өзінің кітабында: «Жаһанданудың мотиві мен мақсаты капитал, товар, қызмет көрсету, сонымен қатар жұмысшы күшінің ұлттық шекарада түйісуімен жəне трансұлттық сипат алуымен осы үдеріске негізделуі болып табылады. Олар құндылықтар ағымымен шығарып салынуда. Билік құрылымдары алдындағы басты міндет барлық əлем халқы үшін жаһанданудың позитивті факторларын қамтамасыз ету болып табылады», – дейді. Əрбір жаңартудың жаңа кезеңдерінде технологиялық, ұйымдастырушылық, басқарушылық жəне əлеуметтік  жаңашылдық  жа-  тыр. Осы жаңашылдықты ендіру мен жүзеге асыру технологиялық жəне əлеуметтік мəселелерді шешумен байланысты екендігін ұмытпауымыз керек. Бүгінде əлемді жаһандану үдерісі қамтығанымен де, тəуелсіздік алған елдер əлемдік қауымдастықта интеграцияға ұмтылуда. Сонымен қатар жаһанданудың біздің қоғам үшін жаңа саяси стратегиясын таба отырып, Қазақстан халықтарының дəстүрлі мəдениетінің құндылықтарын батыс қоғамының құндылықтарымен қоса алып жүретін, бəсекеге қабілетті халықтың мəдениетін жаһандану контексінде қалыптастыру керектігін түсініп отырмыз.

«Дəстүрлі қоғамның нəтижелер, дəстүрлі мəдени құндылықтардың жинақталуы мен үйлесім табуы, дəстүрлік тəжірибесінің трансляциялануы, дəстүрлі мəдени нормалардың қалыптасуы, дəстүрлі саяси, құқықтық, экономикалық, əлеуметтік мəдениеттердің өзін-өзі ұйымдастыруы қоғамның өмір образдарының жиынтығын құрайды. Орталық зона мен қоғамның өзара əрекеттері мəдени үлгілерді ендіреді, индивидтердің бір-біріне деген тұрақты конфигурациясын анықтайды, олардың байланысы дəстүрмен қабылданған сəйкес кеңістік ортада жүреді, дəстүрлі мəдениет үлгілері мен дəстүрлі социомəдени құндылықтарды ұйымдастырады. Қоғамның негізінде дəстүрліліктің құндылықтынормативті аспектілері  қалыптасады, қоғам мүшелері консолидациясы дүниетанымдық жəне идеялық негізде, мемлекет пен индивидтердің өзара əрекетімен толығады. Оларды «дəстүрлі мəдениет кодексі» деп санауға болады, қоғамның жалпы информациялық-коммуникативті каналдарын жəне орталық зоналарды құрайды. Дəстүрлі социомəдени құндылықтар ақпараттықкоммуникативті феномен ретінде қоғамда желілік каналдарды жоғары қабілетті жəне тікелей, кері байланысты, көлденеңінен байланыстарды иеленеді. Ол дəстүрлі құндылықтарды қоғамның түрлі тарихи жəне қазіргі заман кезеңдеріне тасымалдайды, қоғамда жаңа социомəдени құндылықтардың пайда болу каналдарын ашады».

Адамзаттық мəдени құндылықтар ортақтығының күшею үдерісі жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас жалпыадамзаттық мəдениеттің нышандары жаңа нысандарымен ұштасқан ежелгі мəдени дəстүрлердің синтезі көріне бастады. Бұл жағдай əрбір ұлттық, халықтық өзіне тəн менталитеті мен мəдениетін сақтап қалу жолында орасан зор күш жігер жұмсауын талап етіп отыр. Жаһандық азаматтық қоғамның əлеуметтік базасы қоршаған орта-  ны, бейбітшілікті, адам құқын жəне түпкілікті тұрғынның төл мəдени ерекшілігін қорғауға атсалысушы əртүрлі қозғалыстар мен ұйымдар болып табылады. Э. Гидденстің пікірінше, бұқаралық  символикалық  интеракцияның  жəне ортақ ақпараттық мəдениеттің негізінде ғаламдық қоғамдық жүйе қалыптасады. Бұрындары үстемдік еткен ұлттық мемлекет келмеске кетіп барады. Билік алдыңғы орынға ықпалды əлеуметтік қозғалыстар мен азаматтық бірлестіктерді шығаратын шағын, аймақтық орталықтар негізінде жүзеге асырылуда. Кеңістік шектеу жəне ұлттық мемлекеттік шеңберден шығу əлеуметтік ғылымда И. Канттың «бүкілəлемдік азаматтық қалып» жөніндегі идеясының жаңғыртылуымен түсіндіріледі.

Жалпы адамзаттық құндылықтарды қорғауға негізделген халықаралық ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану əлеуметтік феномен ретінде көп қырлы жəне көптеген құрамдас бөліктерді күшейтеді. Алайда əлеуметтік мəдени өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі, адамзаттың қоршаған ортамен қарымқатынасының күрделенуі  де  жаһандануға елеулі ықпал жасап отыр. Адамзаттық мəдени құндылықтар  ортақтығының  күшею үдерісі «менталдық» жаһанданудың бір көрінісі бо-  лып табылып отыр. Қазіргі қоғамда мəдени көптүрлілікті сақтап қалу өркениеттің жетістігі болып бағаланады.

Жаһандану нəтижесінде болашақта ұлттық мемлекеттерге немесе басқа да аумақтық құрылымдарға бөлінбейтін біртұтас өркениет құрылуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Бірақ ол ұлттар мен халықтар арасындағы этникалық жəне мəдени айырмашылықтар барынша жойылған жағдайда ғана жүзеге асуы мүмкін. Кейбір дəстүрлі мемлекеттерде аймақтық қауымдастықтардың ығыстыру үдерісі дами түседі деп есептеп отырмыз. Аймақтық қоғамдасу үдерісін бүкілəлемдік жаһанданудың зиянды əсерінен қорғанудың бірден-бір жолы деп қарайды. Мəдениеттің жаһандануы ол экономикалық жаһандануды да жалғастырады жəне толықтырады, бірақ өзіндік ерекшеліктерін иеленеді. Көптеген үдерістер мен тенденциялар көптеген формаларды қабылдайды.  Мəдени жаһандану жоғары мəдениет пен толық бұқаралық мəдениеттің үстемдік етуімен де байланысты.

Қазақстан қоғамы қазіргі жаһандану үдерісі жүріп жатқан кезеңінде, өзінің мүдделерін қорғай отырып, даму тенденцияларын өзіндік жүргізгені дұрыс болар еді.

Біздің пікірімізше, Қазақстанда бұл үшін барлық алғышарттар қалыптасқан жəне ХХІ ғасырда Қазақстан əлемдік мəдени кеңістікке көп мəдениеттерді тоғыстыра отырып, өзіндік келбетін айқындаған өркениет ретінде енетіні күмəн туғызбайды. Бұл үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру қажет:

а) отбасылық құндылықтарды сақтау жəне кеңінен насихаттау. Қазақстан халықтарының отбасы мен неке институттарының дəстүрлі формаларын дамыту. М. Əуезовтің «Ел болам десе, бесігіңді түзе» деген ұлағатты сөзі қазақ халқының өмірлік принциптерінің біріне айналуы қажет;

б) қалалық жəне ауылдық аймақтардағы мəдени жəне бұқаралық спорт кешендерін қайта қалпына келтіру.  Ауыл-селолардағы ұлттық мəдениеттерді қолдау жəне дамыту;

в) мəдениетті қолдаудың халық қорларын ашу жəне меценаттықты қолдау;

г) мəдени үдерістерді ақпараттық    қамтамасыз    ету.    Телеарналарда «Қазақстан халықтары мəдениеті» атты апталық шолу хабарларын ұйымдастыру. Арнайы мəдениет мəселелерін көтеретін мерзімді  басылымдарды жарыққа шығару;

д) ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған əдебиет пен өнерге қоғамдық жəне мемлекеттік қолдау көрсету. Қорытындылай келгенде, осы аталған жұмыстардың жүзеге асырылғандығын құптаймыз.

ТАПСЫРМА:

1. Конспекті жазыңыз алдымен.

2. «Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі» тақырыбына 1-10 бет аралығында слайд жасаңыз.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!