Материалдар / «Мемлекеттік және жергілікті басқару» пәні бойынша дәріс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» пәні бойынша дәріс

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік басқару теориясы - әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық үрдістері бойынша мемлекет іс-әрекеттерінің принциптерін, қоғам алдында жалпыұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейде пайда болған маңызды мәселелер бойынша шешімдерін қабылдау мен іске асыру механизмдерін қамтиды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қазан 2021
610
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мемлекеттік және жергілікті басқару»

пәні бойынша дәрістік кешен


Тақырып 1. Мемлекеттік басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері

Дәріс жоспары:

1. Мемлекеттік басқарудың теориялық астары.

2. Басқару ғылымының анықтамасы, пәні мен әдістері

3. Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері.

4. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі


1. Мемлекеттік басқарудың теориялық астары.

Мемлекеттік басқару теориясы - әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық үрдістері бойынша мемлекет іс-әрекеттерінің принциптерін, қоғам алдында жалпыұлттық, аймақтық және жергілікті деңгейде пайда болған маңызды мәселелер бойынша шешімдерін қабылдау мен іске асыру механизмдерін қамтиды.

Мемлекеттік басқару теориясының ең маңызды мақсаты барлық қоғамның жалпы мақсаттарына жету үшін мемлекеттік басқаруды орнықты ұйымдастыруды ғылыми дәлелдікте болып табылу.

Ғылымда, мемлекеттік басқару теориясының қалыптасуы мен эволюциясы бірнеше кезеңдерден тұратынын белгілейді. Бұл үрдіс ХІХ ғасырдың соңғы он жылдықтан ХХ ғасырдың басынан басталып, әлеуметтік пен гуманитарлық ғылымдарды дифференциялаумен, әсіресе социология, саяси және экономика ғылымдарының жеке бөліну үрдістерімен тығыз байланысты. Осы теориялар атап өткен ғылыми пәндердің түйіскен жерінен пайда болды.

Мемлекеттік басқару теориясының негізі болатын концептуалдық бағдарларын және принциптерін дербес зерттелетін сала ретінде қалыптасуына ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында өмір сүрген неміс ғалымы М.Вебер еңбек сіңірген. Атап айтқанда, осы адам саясат пен билік, бюракратия мен мемлекеттік аппаратының маңызды субьектісі ретінде мемлекеттің негізгі нұсқаулары, концепциялары, бастаушысы мен құрастырушысы болып табылады. Осы кезеңде мемлекеттік басқару теориясын жасауға В.Вильсон, Ф.Гуднью және басқа да зерттеушілер өз үлестерін қосқан. Әкімшілік басқару теориясының дербес ғылыми бағыты ретінде дамуының бірінші кезеңі басталды.

Вебердің позициясын дұрыс түсіну үшін оның мемлекеттің мәні мен роліне берілген бағасы өте маңызды. Ол былай жазған: мемлекет, сонымен бірге оның негізін салушы болған саяси одақтар - бұл адамдардың озбырлыққа сүйеніп, оны заң деп танып және құрал ретінде пайдаланып, басқа адамдарға жүргізілген үстемдік.

Бюрократия қазіргі замандағы мемлекеттік басқару теориясында орталық орын алады. Сондықтан, қарастырылатын тұрғыдан қарағанда Вебермен ұсынылған идеялар қызығушылық тудырады. Олардың мәнісі, бюрократия қазіргі заманда тарихтың белгілі бір даму кезеңінде пайда болған тарихи феномен болып табылғанын мойындау және осы кезең жалпы өзінің табысымен қызметкерлерін қамтитын қазіргі заманғы ұлттық мемлекеттің пайда болуымен сәйкес келеді. Басқаша айтқанда, бюрократия – бұл капиталистік ақша шаруашылығын жүргізуден шыққан нәтижесі және бұрын болған мемлекеттік қызметкерлер үлгісінен, мысалы көне Қытайдағы атақты аталып кеткен мандариндерден немесе Орта ғасырдағы феодалдық княжестволардағы басқару жүйесіндегілерден өте қатты ерекшеленеді.

ХХ ғ. 20-50 жылдары мемлекеттік басқару теориясының дамуы жалғасын тапты. Осы кезеңде мемлекеттік басқару туралы өріс алған айтыстар мен дискуссиялардың тенденциясы анық көріне басталды. Осы саладағы фундаменталдық еңбектер 30-жылдарда өмірге шықты. Біріншіден, Дж. Муни мен А. Рейли, Л. Галика мен Л. Урвиканың еңбектері классикалық болып табылды.

Мемлекеттік басқарудың теориясын зерттегенде әйгілі ағылшын экономисті Дж. М. Кейнстің 1936 жылда шыққан «Жұмыс бастылықтың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» кітабында айтылған идеяларын айтпай кетуге болмайды. Бұл идеялар экономиканы мемлекеттік реттеудің жетілдіруінде маңызды роль атқарады.

Қарастырылып жатқан кезеңде, американдықтар ерекше белсенділік танытқан болатын, себебі олар ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарда бизнес салаларындағы менеджменттің теориясы мен практикасын жасау бойынша кең көлемді іс атқарған еді. Атап отырған уақытта «Ғылыми менеджменттің мектебі», «Классикалық мектеп» және «Адами қарым-қатынастарының мектебі» атымен әйгілі болған әкімшілік басқару теориясындағы зерттеу және білім беру бағыттары пайда болды.


2. Басқару ғылымының анықтамасы, пәні мен әдістері

Орыс тілінде «басқару» термині мемлекетті, мекемені, өндірісті, ұйымды, техниканы, сонымен бірге автокөлікті басқару деген мағынада бірдей қолданылады. Бұл кез келген процесті басқару үшін қолданылатын ұғым. Ағылшын тіліндегі «менеджмент» сөзі орыс тіліне аударғанда «басқару», ол негізгі түбірі латынның «қол» деген сөзі. Алғашқыда бұл сөз малдарды басқару саласында, яғни атты басқару өнерінде қолданылған. Кейіннен бұл сөз қазіргі мағынасына ие болған.

Нарықтық экономикаға көшкен соң «менеджмент», «менеджер» - терминдерімен бірге «басқару», «басқару жүйесі», «директор», «жетекші» сөздері қолданысқа енді. Менеджмент - бұл нарықтық экономикадағы басқару шарты. Мұның субъектісіне төмендегілер жатады:

  • экономикалық әдіспен басқаруды қолдану;

  • нарықтық сұранысты қадағалай білу;

  • сатып алушылардың сұранысын талап ететін өнімдерді шығару және одан пайда таба білу;

  • аз шығынмен көп пайда табуға ұмтылу;

  • нарықтық өндірістік бағдарламасындағы сұраныстарын үнемі бақылау.

Нарықтық экономикада соңғы нәтиже, айырбас процесінде ғана алынады. Шаруашылық субъектісі негізделген шешімді қабылдауға тиіс, бұл компьютерлік базасындағы жан-жақты ақпараттар арқылы көпнұсқалы есептілікті өткізуді талап етеді.

«Менеджмент» термині АҚШ-та пайда болды, қазіргі уақытта әлемнің барлық оқыған адамы біледі.

Көпшілік ұғымында менеджмент - еңбекті, интелектіні, басқа адамдарға мотивті пайдалана отырып, алға қойған мақсатқа жете білу.

Сонымен, менеджмент – бұл, басқару функциясы, яғни экономикалық өндірістің кез келген саласында адамдарды басқаруы, кәсіби шеберлік түрі, осы арқылы ол табыс таба отырып соңғы нәтижеге жету.

Басқа ғылымдағыдай, басқару ғылымының теориялық және практикалық жағын бөліп қарауға болады. Теориялық мақсаттар болып жетекшілердің ұйымды тиімді басқаруына мүмкіндік беретін жалпыланған әдістемелік нұсқауларды бөлу және өңдеу үшін практикалық зерттеулердің тәжірибесін оқу, білу, жинақтау табылады. Ал практикалық зерттеулердің мақсаттарына ұйым мен менеджмент теориясына жету негізінде нақыт бір ұйымды басқаруды жетілдіру жатады.

Басқару ғылымы төмендегілерді зерттейді:

  1. ұйым құрылуының әдістері мен принциптерін, заңдарын;

  2. ұйымды басқаруда жетекшілік ететін жұмысшылардың қызметі негізінде жататын принциптер мен заңдылықтарды;

  3. ұйымды басқару бойынша жетекшілік ететін қызметкерлердің қызметін;

  4. жеке тұлғаға қатысты (физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік) жетекшінің жауап беретін талаптарын;

  5. басқару процесінде адамдар арасында қалыптасатын қарым-қатынасты.

Бұл қарым-қатынас әртүрлі критерийлер бойынша жіктелуі мүмкін:

  • қоғам мен жекелеген адамдар сферасы бойынша қатынастар экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани және интеллектуалдық;

  • сипаттамалары бойынша жеке тұлғааралық, тұлға және ұжым, ұжымаралық;

  • ұйымға қатысты қарым-қатынас бойынша сыртқы және ішкі;

  • қарым-қатынастардың өзара байланысының уақыты мен жиелілігі бойынша қысқа мерзімді, қысқа уақыттық және тұрақты;

  • пайда болатын байланыс типі бойынша сызбалы, функционалды және жеке.

Басқару ғылымының әдістемелік негізі болып жүйелілік және жағдайлық тұрғылар табылады.

3. Мемлекеттік басқарудың эволюциясы мен басқару мектептері.

Дүниежүзілік ғылым мен практикада мемлекеттік басқару әртүрлі мектептері қалыптасқан. Маркстік мектеп топтық тұрғыға негізделген және мемлекеті қоғамда билеуші таптық саяси билігінің қаруы ретінде қарастырады. Осы тап диктатураны жүзеге асырады, мемлекеттің көмегімен өзінің мүддесін бекітеді және қорғайды. Көптеген ғалымдар жалпы халықтық мемлекет концепциясын қолдайды. Оған мемлекеттік мектеп жақын қарайды – мемлекетті және оның іс-әрекетін тарихи үрдістің негізгі күші деп санайтын бағыттағы мектеп.

Бір көне жылдар бойы нарықтық экономикада мемлекеттің рөлі мен орны анықтауда көп дискуссиялар болып жатыр.

Осы проблема бойынша екі алып ғылыми мектеп және олардың базасында көптеген модификациялары қалыптасқан. Бірінші мектеп – ағылшын ғалымы Д.Кейнстің (кейнсиандық), екіншісі – американдық экономист М.Фридменнің атымен байланысты. Бұл екі ғалым мектептің дәлелдеп, ұстанатын бағалылықтары бір-біріне қарама-қарсы: кейнсиандықтар нарықтық экономикасы реттеуге мемлекеттің беделді түрі араласуын қолдаса, басқа мектеп экономикалық өмірге мемлекеттің кеңінен арасуына қарсы шығып отыр.

Кейнсиандық мектеп, сонымен қатар мемлекеттік дирижизм деп аталады. Мемлекет дирижер ретінде саналады және нарық өзіндік құрылымға, қабілетсіз болғандықтан, макроэкономикалық тепе-теңдіктен қамтамасыздандыр-ғандықтан, реттеуді керек еткендіктен нарықта беделді түрде саясат жүргізіледі. Тепе-теңдікте дамудың негізгі факторы әртүрлі рычагтардың көмегімен мемлекет әсер ететін сұраныс мерзімдік мақсаттарын, иерархиялық деңгейлер бойынша мүдделерін келістіріп, олардың арасындағы өзара қарым-қатынасты бақылайды, ақша-несие, салық саясатын беделді түрде өткізеді, бағаны, шығынды бақылайды.

Сұранысты ұлғайту үшін инвестицияға, жұмыспен қамтамасыз етуге қолдау көрсетіледі, салық өтеуі қоғамның бай тобына салынады (қажеттілікті арттыру), мемлекеттік сатып алу және қор жинау бюджеттік дефицитті арттыру арқасында артылады. Кейнс әдістерінің директивті жоспарлаудан сапалық емес, сандық жағынан ғана айырмашылығы бар.

Батыс кризистік жағдайда кейнсиандық әдістерді қолданады. Мысалы, 1980ж кризис пен инфляция болған кезде АҚШ мемлекеттік шығаруды көбейтіп, салықты азайтып, бюджеттік дефициттік жоғары шекке жетіп, бірақ бұл жағдайда экономика гүлденіп өсті.

Реттеу әдістері алмасу теңдеуінің формуласынан шығады:


MV=PQ.

Мұнда М- ақша ұсыну, V – ақшаның айналу жылдамдығы, P – баға деңгейі, Q – тауардың физикалық көлемі.

Баланстылықтың шарты болып тұрақты ақша жүйесі мен еркін бәсекелеу болғандықтан, бұл бағытты қолдаушылар инфляциялық мемлекеттік шығындарға, яғни мемлекеттік инвестицияны, әлеуметтік бағдарламаларды, субсидияларды шектеуге, ақшалық эмиссия мен мемлекеттік займдерге қатты лимиттерге, тауарлар мен қызмет көрсетуге бағаның өсуіне, қажеттілік сұранысын азайту үшін еңбекақысын азайтуға, экспортты қолдау арқылы ұлттық валютаны девальвациялауға қарсы шығады.


4. Мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінің жүйесі

Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу - мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ тәрізді: басқару субектісі—мемлекет, ал объектісі—қоғам. Бірақ бұлай қорытынды жасау асығыстық. Осы жерде мемлекет деген түсінікті анықтап алу қажет: субъект ретінде біз мемлекетті немесе адамдардың саяси одағын қарастырамыз ба, әлде саяси-құқықтық институт ретінде мемлекетт қарастырамыз ба? деген орынды сұрақ туындайды. Соңғысын, яғни саяси-қүқықтық институт ретіндегі мемлекетті біз басқару субъектісі ретінде қарастырамыз.

Жалпы, «кім басқаруға тиіс» деген сұрақ ежелден келе жатыр. Бұл сұрақты ертедегі грек философы Платон қойған. Демократияны жақтаушылар халық басқаруға тиіс деп санаса, элитарлық демократияның өкілдері басқару міндетін жүзеге асыру үшін арнайы дайындықтан өткен элитаны басқару субъектісі деп білді. Авторитарлық режимді қорғаушылар мемлекет пен қоғамды таңдаулы тұлғалар - көсемдер мен лидерлер басқару керек деп есептейді.

Саясат субъектісі деп мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы болып табылатын және тікелей немесе өкілдері (мемлекеттік биліктің заң шығарушы органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдары) арқылы өзінің билігін жүзеге асыра отырып, мемлекет пен қоғамды басқаруға қатысатын субъектіні айтамыз. Оған халық, оны құрайтын әлеуметтік топтар (халықтың көрнекті өкілдері, еңбек ұжымдары, қоғамдық-саяси ұйымдар және тағы басқа қоғамдық бірлестіктер) жатады. Олар тікелей немесе өз өкілдері арқылы маңызды саяси мәселелер бойынша шешім қабылдауға қатысады. Билік қүрылымдарының өкілдерін сайлау жэне референдум - осындай шешім қабылдаудың негізгі процедуралары болып табылады.



2 тақырып. Басқарудағы жүйелілік көзқарас, басқару функциялары мен құрылымы.

Дәріс жоспары:

1. Жүйелердің анықтамасы мен олардың қасиеттері

2. Экономикалық жүйенің құрылымдық құраушылары

3. Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі

4. Мемлекеттің функциялары және олардың жіктелуі

5. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру


1. Жүйелердің анықтамасы мен олардың қасиеттері

Басқаруда жүйелілік теориясын қолдану 50-ші жылдардың аяғында пайда болды. Басқару ғылымының бұл түріне еңбегі сіңген американдық ғалым Дж.Пола Гетти. Жүйе – бұл бір-бірімен байланысты болатын бөліктерден тұрады. Бұлардың әрқайсысының өзіндік мәні бар. Бұл қарым-қатынас кейіннен қолданылып жүргендіктен, оны теорияға және практикаға әсерін толықтай бағалау мүмкіндігі болмай отыр. Дегенмен, қазір оның әсері үлкен және болашақта өсуіне сенімі мол. Жүйелі негізде, болашақта қарастырылатын жаңа білімдер мен теорияларды синтездеу мүмкіндігі бар.

Жетекшілер өзгеріп отыратын ұйымдарды жүйе ретінде білулері тиіс, себебі бұл басқару процесінде жүйелік теориясын қолдану үшін қажет. Жүйелілік тұрғыда жетекшілер ұйымды сыртқы орта өзгерісі жағдайында әртүрлі мақсаттарға жетуге бағытталған адам, құрылым, міндет пен технология секілді өзара байланысты элементтер жиынтығы ретінде қарастырулары керек.

Мемлекеттік басқару жүйесі – ұлттық мемлекеттің және қазіргі заманғы саяси жүйенің қалыптасу кезеңінде пайда болған тарихи феномен. Басқару мәселелеріне қызығушылық антик әлемінде (Платон, Аристотель), мемлекеттің әлеуметтік-саяси жүйелерінің аспектілерін зерттеуді бастағаннан бері пайда болды. Дегенмен, XVІІ-ХІХ ғасырларда өндірістік революция басталғаннан бері еңбектің және әкімшіліктің жоспарлы және ғылыми ұйымдастыру мәселелері шынында көтерілген кезде-ақ мемлекеттік басқару механизмдері мен институттары, сондай-ақ мемлекеттік басқару идеялары қалыптаса бастады. Осы үрдіске әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдарының дифференцияциясы, әсіресе, социология, саяси мен экономика ғылымдарының бөліну үрдістері қосылды.

Басқару универсалдық феномен болып көрінеді, өйткені ол материалдық әлемнің барлық жүйелерінде орын алады деп айтуға болады. Басқару – табиғи (эволюциялық) немесе жасанды жолмен пайда болған, ұйымдасқан жүйелерінің функциясы. Биологиялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, кибернетикалық және басқа жүйелердегі басқаруды ажыратады. Біз үшін мемлекеттік басқару аса маңызды болады. Кез-келген ұйымдық жүйені осы феноменсіз елестетуге болмайды.

Барлық айырмашылықтарға қарамастан осы жүйелерде оларға универсалдық сипат беретін жалпы белгілері мен ерекшеліктері бар. Басқару – көпқырлы және күрделі құбылыс. Бұл бірыңғай анықтама және бірыңғай басқару теориясы жоқ екенін көрсетеді. Дегенмен, басқару-кибернетикалық феномен, ол кибернетикалық принциптермен және ақпаратты қабылдау, сақтау, тапсыру мен өңдеу заңдылықтарымен байланысты. Сондықтан, мемлекеттік басқарудың негізгі принциптері мен нұсқаулары, кибернетиканың пайда болғанынан және оның принциптерінің жұмыс істеуінен біржолата қалыптасқаны анық.


2. Экономикалық жүйенің құрылымдық құраушылары

Экономикаға жоғары дәрежедегі динамикалылық пен өзгерістік тән. Бір шаруашылық кезең ішінде халық шаруашылығында өндірілетін және нарыққа жіберілуді И. Шумпетер әлеуметтік өнім деп атады. Бірақ оның ерекшелігі, бірыңғай жоспар бойынша жұмыс істейтін, кейбір адам топтарының немесе қоғам бөлігінің жоспарлық қызметінің нәтижесі деп есептелмеді. Әлеуметтік өнім барлық қоғамның өндірістік қызметінің нәтижесі болып табылады.

Бірақ та бір мәселені айтпай кетуге болмайды, өйткені оның мағынасын дұрыс түсіну үшін аса маңызды болады. Экономикалық жүйе әрбір нақты тарихи кезеңінде ерекше және нақты түрде болып көрінеді. Мысалы, алғашқы қауымдық, антикалық, феодалдық, капиталистік дәуірдегі экономикалық жүйелері туралы айтуға болады. Әлі күнге дейін әр түрлі мемлекеттерде әр түрлі экономикалық жүйенің түрлері бар. Мысал ретінде, сыртқы экономикалық байланыстары шектелген, тәуелсіз өндірістік-шаруашылық жүйесі болып саналатын жабық немесе автаркиялық экономика туралы келтіруге болады.

Автаркиялық экономикалық жүйені құру әрекеттерінің біреуі – бұл айтулы орталықтандырылған-жоспарлық немесе әміршілдік-әкімшілік, көбінесе тоталитарлық мемлекеттерде, оның ішінде бұрынғы Кеңес Одағында үстемдік жағдайда болған экономикалық жүйе. Дегенмен, оның нағыз автаркиялық экономика моделінен маңызды параметрлері бойынша айырмашылығы бар. Себебі, халықаралық сауда-саттықтың қажеттілігін теріске шығармай, ол жан-жақты өзара тиімді сауда – экономикалық байланыстарды басқа мемлекеттермен орнатуға әрекеттенген. Ақырында, осы экономикалық жүйенің түрі де өзінің тиімсіздігін көрсетіп, басқа ашық экономика түріне жол берді.

Ашық экономикалық жүйе әлемнің шаруашылық байланыстарымен қарым-қатынаста болуына және халықаралық еңбектің бөлінісіне барынша бағытталған. Негіз болатын принциптері мен параметрлері бойынша ол нарық экономикаға сай келеді. Нарық принциптеріне негізделген экономикалық жүйенің ең басты айырмашылық ерекшелігі, әр түрлі контрагенттердің арасындағы еркін бәсекелестіктің, жеке өндірушілер арасында еңбек бөлінісінің және жеке меншіктің үстемділік орнатқан экономикасында болып табылады. Оның басқа бір ерекешелігі – бұл тауар мен қызмет нарығында бір-бірінен тәуелсіз анонимдік сатушылар мен сатып алушылардың қызметінен және өзара әрекетінен туындайтын ұсыныс пен сұраныстың небір тепе-теңдік дәрежесі.

Қарастырылып жатқан мәселені түсіну үшін, экономиканың түрі едәуір мөлшерде қоғамдық түріне байланысты екенін ескерту керек. Шынында да, азаматтық қоғам мен нарық экономикасы бір-бірінен жеке бола алмайды. Сондықтан, кәсіпкершілік қызмет белгілі бір ортада атқарылатынын ескерту керек. Біздің айтып тұрғанымыз бұл физикалық немесе географиялық, әлеуметтік немесе құқықтық, технологиялық немесе экономикалық орта.

Экономикалық, өндірістік-шаруашылық жүйе немесе сала барлық қоғамның қызмет салаларының жұмыс істеуінің материалдық базасы болып табылады. Оның негізгі функциясы жалпы қоғамның, сондай-ақ оның жеке мүшелерінің материалдық қажеттіліктерін қанғаттандыру. Адамдарды қажет игіліктермен барынша көп қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар экономикалық жүйе ең жақсы деп саналады. Тарихи тәжірибеде көрсеткендей, нарық экономикасы басқа экономикалық жүйелерінің түрлерімен салыстырғанда, ең тиімді екенін көрсетті. Ол адамзатқа материалдық прогреске қарқынды қадамдар жасауға мүмкіндік берді, қалың бұқара топтарының материалдық әл-ауқатының көтерілуіне теңдесі жоқ жағдай туғызады.

Экономикалық жүйенің құрылымдық жоспарына барлық қарапайым және күрделі өндірістік-шаруашылық бірліктері және олардың құқықтық, салалық және кеңістік тұрғыдан шыққан жинақтары жатады. Бұл біріншіден, заңды тұлға статусы бар (қоғамдар мен серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, несиелік және сақтандыру мекемелер, қаражатты-өнеркәсіптік топтар) алуан түрлі кәсіпорындар.


3. Функциялардың мәні, анықтамасы және жіктелуі

Кейнсиандық пен этатизмнің жақтаушылары, керісінше тура қарама-қарсы бағытты ұстанады. Яғни, олар еркін нарықтың күші жетпейтін әлеуметтік пен экономикалық міндеттердегі сол функциялардың орындалуы үшін мемлекеттің кең түрде араласуын қолдайды. Ал, авторитаризм мен тоталитаризм жақтарына келетін болсақ, олардың көпшілігі экономиканы жаппай мемлекеттендіру мен азаматтық қоғам институттарының мемлекетке толық бағынуы үшін келіседі. Сонымен бірге, патерналистік деп аталатын келісім бар, олардың жақтастарының үлкен әсері ХІХғ. Англияда өкімет басында тори болған кезеңде және ХХғ 60 жылдарында Францияда Ш.деГолля президент болғанда болды. Олар өздерінің азаматтары туралы мемлекеттің отандық қамқорлығын жақтады, өйткені оларға азды-көпті өміріне қанағат етерлік жағдай қамтамасыз етеді.

Қоғам мен экономика функциялары тұрақты өзгерістерге шалдығатын динамикалық организм болып саналады. Осы мәнде қоғам мен экономика көптеген функцияларды бірге орындайды. Мемлекет туралы да айтуға болады және де барлық жағдайларда кез келген қоғамға, әр экономикаға және әр мемлекетке тән жалпы функцияларды бөліп алуға болады. Сонымен қоса функциялары, сипаты, қалпы мен мазмұны тарихымен, жүйесімен, ұлттық-мәдени сипаттамасымен анықталатын әрбір жеке алынған мемлекеттің, ұлттық, аумақтық немесе олардың жергілікті типтерінің әрбіреуі үшін сипатталатын арнайы функцияларын айтуға болады.

Жалпы алғанда, мемлекеттік басқару жүйесі келесі функцияларды орындайды:

  • елдің экономикалық, әлеуметтік және технологиялық дамуының негізгі

бағыттарын жоспарлау мен даярлау;

  • адамдардың өзара іс-әрекетінің қолайлы жағдайларын жасау немесе

ұйымдастыру;

  • қоғамдық өмірдің түрлі саласындағы іс-әрекетін реттеу;

  • еңбектік қатынастарды бақылау мен реттеу;

  • ғылыми-техникалық дамуды қамтамасыз ету;

  • барлық деңгейдегі білім жүйесін қолдау;

  • әлеуметтік саланың үздіксіз қызмет істеуін қамтамасыз ету.

«Мемлекет функциясы» түсінігі мемлекеттің іс-әрекетінің, оның заңдылық, атқарушылық және сотқа жататын органдарының негіз болатын бағыттарын белгілеу үшін қолданылады. Олардың басты міндеті – қоғамның тиімді тіршілік әрекетін қамтамасыз ету. Атап айтқанда, функцияларында мемлекеттің мәні, оның қоғам алдында тұрған негізгі міндеттерін шешудегі ролі көрсетіледі.

4. Мемлекеттің функциялары және олардың жіктелуі.

Кез келген тарихи тұрпаттағы мемлекетті ғылыми тұрғыдан танып-білу биліктің ерекше ұйымы ретіндегі мемлекеттің ғана емес, жалпы қоғамның да негізгі сапалық сипаттамалары мен бағыт-бағдарын білдіретін оның функцияларын қарастыруды көздейді.

Мемлекеттің функциялары - бұл мемлекеттің жалпы адами мәні мен әлеуметтік тағайындалуы көрініс табатын және нақтыланатын оның ішкі және сыртқы қызметінің негізгі бағыттары.

Мемлекет функцияларын қоғамдық өмірдің салаларына байланысты, атқаратын міндеттеріне қарай ішкі және сыртқы деп топтастыруға болады. Мысалы, экологияны қорғау, экономиканы, мәдениетті, ғылым мен білім беруді дамыту — бұл оның ішкі функцияларын қүрайды. Елдің қорғанысы, бейбітшілікті қамтамасыз ету мен әлемдік тәртіпті қолдау және тағы басқалар мемлекеттің сыртқы функцияларына жатады.

Бүгінде экономикалық функция адамға, мемлекетке, әлемдік нарыққа аса қажетті өнімдерді өндіретін экономиканың қүрылымын қайта құру, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және Қазақстан үшін стратегиялық, әлеуметтік маңызды өндіріске қолдау көрсету, өндірушілерді, оның ішінде шағын кәсіпкерлікті қолдау, мақсатты бағытталған инвестициялық саясат, ішкі және әлемдік нарықта қазақстандық компаниялардың мүдделерін қорғау, аграрлық секторда жүргізілген реформалар, ең алдымен, жерге жеке меншік қүқығын қамтамасыз ету, инфляция қарқынын төмендету және баға өсуін тежеу сияқты мемлекет қызметінің бағыттарын қамтиды.

5. Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құру

Объективті негізде экономикалық, әлеуметтік және әкімшілік-саяси салада қоғамдық ортада түйіседі. Көрсетілген салалар мемлекеттік қызметте және өздігінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік басқарудың ішкі жекелей жағдайлары мен факторларының басқа, мемлекеттік аппараттың кадрын айтуға болады. Солардың дайындық шегі мен жете білушілігінің арқасында мемлекеттік басқару қабілеті мен сапасы анықталады. Керісінше, кадрлардың төмен жете білушілігі негізінде мемлекеттік аппараттың келеңсіз құбылыстары өріс алады.

«Мемлекеттік механизм» түсінігім

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!