Мемлекеттік тілді білу-заман талабы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мемлекеттік тілді білу-заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәжірибе алмасу
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мемлекеттік тілді білу-заман талабы

Тіл – адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамдар белгілі бір қоғамда өмір сүретіндіктен, саналы түрде қарым- қатынас жасауға, сонымен қатар өз ортасының мәдени-рухани әлемін өрістетуге мүдделі. Осы мақсатта қызмет ететін тіл – белсенді қарым-қатынас құралы әрі ойлау мен сөйлеу үдерісінің өнімі болып табылады. Қоғам дамуы мен қолданыс қажеттілігіне орай тіл де үнемі жетілу үстінде болады.Жоғары атап өткендей тілдің біздің өмірімізде маңызы өте зор. Мемлекетіміз тәуелсіздік алып, жеке егемен ел болғалы жиырма 26 жылды еңсеріп қалдық. Тарихтың көне көзімен қарасақ, аса көп уақыт та емес, дегенмен де ел болып еңсе көтерген халық үшін аз да саналмайды. Аз ғана уақыт – 26 жыл өз тезінен көп дүниені өткізіп, өзгертті. Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында былай деген екен: “Тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері”. Яғни, қоғамның дамып өзгеруі, мәдениетінің өркендеуі тіл деңгейімен таразыланады. Сондықтан да біз тілге баса назар аударуымыз қажет.Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриотымын деп есептейтін азаматтардың тілі. Сондықтан Президентіміздің Қазақстан халықтары Ассамблеясындағы айтқан сөзі бәрімізге қатысты. Тіліміздің мәртебесін көтеру, оны дамыту, сөйлей алмайтын азаматтарымызды оқыту – бұл да бәрімізге ортақ мәселелер.
Қазіргі кезде қазақ тілінің мәртебесін көтеру мен қолдану аясын кеңейту мақсатында билік тарапынан тиісті шаралар қабылданып жатыр, қазақ тілін меңгеру үшін барынша жағдай жасалуда. Алайда менің ойымша, тілді меңгеру үшін біріншіден, адамның тілді үйренемін деген ниеті болуы керек. Қандай тіл болмасын, адамның өзі сол тілдің қажеттілігін түсінбесе, оған ат басындай алтын беріп оқытсаңыз да пайдасы болмайды. Екіншіден, ұстаздың тілді оқытамын, мінсіз үйретемін деген шын ықыласы болуы керек. Үшіншіден, тілді меңгеру кезінде тілдік ортаның болуы да өте маңызды. Бұл үйренген тіліңді ұмытып қалмауға, іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

Қорыта келгенде, мемлекеттік тілді білу-өмір талабы, заман сұранасы, қоғам қажеттігі.Олай болса, тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өз азаматтық міндетін атқаруға тиіс.Ол үшін тіл білуді мақсат тұтып, алдына талап қоя, қажымай ізденіп, айрықша көңіл бөліп, аянбай еңбектенсе, мемлекеттік тілді меңгеретіні анық.Алайда, біздер үйреншікті сүрлеуден шыға алмай, сүйретіліп жүрген жайымыз бар. Елбасымыз айтқандай, Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде.



Аршалы ауданының тілдерді оқыту орталығының директоры, Р.Маханов



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.05.2018
681
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі