Материалдар / Мемлекеттік тілді өркендетуді балабақшадан бастау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мемлекеттік тілді өркендетуді балабақшадан бастау

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл – адамның өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Сондықтан баланы дұрыс сөйлей білуге үйретудің маңызы зор. Егеменді еліміздің өркендеуі болашақ ұрпақ қолында.Ал егеменді еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатын ұрпақты тәрбиелеу біздің міндетіміз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2020
248
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тілді өркендету балабақшадан бастау алады

Мусина Майя Газизовна

Қазақ тілі пәнінің оқытушысы

ҚМҚК «Алпамыс» бөбекжайы

«Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл»

Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының, мәдениеті мен әдебиетінің айырықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді.

Тіл – адамның өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Сондықтан баланы дұрыс сөйлей білуге үйретудің маңызы зор. Егеменді еліміздің өркендеуі болашақ ұрпақ қолында.Ал егеменді еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатын ұрпақты тәрбиелеу біздің міндетіміз. Саналы, жан-жақты дамыған ұрпаққа білім мен тәрбие беру балабақшадан бастау алады.Бала бойына бүлдіршін кезінен бастап танымдық қабілет дарытатын, мейірім мен әдептілікке , сұлулық пен сезімге уйрететін,санасына сәуле беріп,қарапайым білім нәрімен сусындататын- бала жанының бағбаны тәрбиеші.Бала мектепке дейінгі жаста қалай қалыптасса оның болашағы да сондай болады. Сондықтан осы жаста әр баланың ашылуына мүмкіндік беруді жіберіп алмау керек.

Қазіргі білім беру үрдісіне сай жаңа көзқарастар,жаңа міндеттер жүктелініп отыр. Осының бірі білім берудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп отыратын жаңа инновациялық білім технологиясын меңгеру.Педагогикалық технологияны қолдану негізінде болашақ ұрпақтың еркін дамуына,жан-жақты білім алуына,шығармашыл болуына жағдай жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті.

Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекеме балаларына мемлекеттік тілді меңгерту бірінші жолға қойылды. Мектепке дейінгі мекемеде қазақ тілін оқыту жұмыстары қазақ тілі мұғалімдерінің көп еңбек етіп,ізденіс пен дайындығын қажет етеді.Сондықтан қазақ тілін оқыту мәселесінде мектепке дейінгі мекемеде білім беру, тәрбиелеу ісіне қоғам,ұжым болып бір ауыздан атсалысуымыз қажет. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мәселесі алдымен балабақшада жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда тіл туралы көп айтылады. Адамның ойы тілден көрінеді.Сондықтан балабақша қабырғасынан бастап тіл үйретудің маңызы зор.

Балабақшада тәрбиеленіп жүрген баланың тілі де ой-өрісі де үйде жалғыз-жарым өскен баладан анағұрлым жақсы дамиды. Онда баланың тілін жттықтырып, ойын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Әсіресе баланың жас ерекшелігіне қарай айтылатын қызықта тартымды өлеңдер, тақпақтар, жаңылтпаштар бала ұғымын кеңейтумен бірге, дыбыстарды дұрыс айтып үйретуге баулиды. Сөздік қорын байытады. Қазіргі заманда жас ұрпағымызды өз ана тілінде, өз халқының рухында тәрбиелеуіміз қажет.

Ана тілін дамыту жұмыстарын қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған ауыз әдебиеті негізінде ұйымдастыру тиімді тәсіл. Өйткені ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан халық шығармашылығы – ғажайып ертегілері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар,жаңылтпаштар – тәрбие әліппесі, өнер көзі.Қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады. Халқымыздың тұрмыс-салтын, арман-үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу өнері болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан-ұрпаққа ауызша да, жазбаша да жеткізіп келеді. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегілер өмірде болып жатқан әр-түрлі оқиғаларды бейнелейді. Мысалы «Ғажайып бақ» ертегісінің мазмұны балаларды адал ниетке, Отан сүйгіштікке, кішіпейілдікке, еңбекке тәрбиелейді

Тілді өркендетуді балабақшадан бастау керек. Сондықтан да білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейтесті мәселелерінің бірі: білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру жас ұрпақтың, тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекетттік тілдің мәртебесін көтеру.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту барысында бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудің білім - деңгейі нақты бағдарламамен берілген. Заман талабына сай әр мұғалім өз сабағын жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізеді. Пәннің негізгі мақсаты - балаларды қазақша сөйлете білуге үйрету болғандықтан, мұндағы негізгі жұмыс – балалалардың сөздік қорларын молайту. Сонымен қатар сабақ барысында жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, балаларға қазақша сөздерді дұрыс айта білуге, қойылған сұрақтарға жауап беруге, естіген сөздерін бұзбай жеткізе білуге, әсіресе құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға, сөйлемді дұрыс құрауға, ауызекі тілде сөйлей білуге үйретеміз.

Қазіргі кезде қазақ тілін оқытуда инновациялық технология әдістерін қолдана отырып, сапалы білім беру, балалардың ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін жетілдіре отырып, танымдық күшін қалыптастыруға жағдай жасау, баланың жеке басының ой-өрісін, оқу әрекетін, өтетін тақырып мазмұнын аша білу – басты мақсат болып табылады. Өзге ұлт балаларына қазақ тілін ұтымды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолданамыз. Жаңа технологияны, әдіс — тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады,баланың сөздік қорын молайтады. Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру керек. Тіл үйретуде ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Ойын арқылы балалар қазақ тілін үйреніп, сөздік қорын байытады, мемлекеттік тілді меңгереді және жаңа материалды жақсы қабылдайды, есте сақтайды, зейіні дамиды, қызығушылығы артады. Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары: түсіндіру, сұрақ- жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, көрнекілік әдіс — тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті — сөздің мағынасын түсініп, оны дұрыс қолдану Дыбыстық жаттығуларды өткізуде балалар сөздердегі қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттығады, дауыстың ырғағы дамиды.

Қазақ тілін оқытуда ойын түрлерін мынадай мақсатта қолдану тиімді.

1. Мұғалімнен кейін қайталау арқылы сөздердің фонетикалық жағын меңгерту.

2. Балалардың тыңдау зейінің қалыптастырып, сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру

3. Балалардың сөздік қорын молайтып, оны дұрыс қолдана білуге үйрету

4. Жай грамматикалық құрылымдарды меңгерту.

5. Балалардың ойын дамыту, дұрыс айту, дұрыс білу дағдысын қалыптастыру.

Сонымен бірге мұғалім ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарын біліп орындауы тиіс.

Ол әдістемелік тұрғыдан алғанда мынадай бөліктерден тұрады:

1. Ойынның өтілетін сабақтарының мазмұны мен тақырыбына сай болуы.

2. Ойынға берілген уақытты нақты белгілеу.

3. Ойынның ойналу түрі топ болып ойнау.

4. Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы.

5. Қолданылған сөздер, сөз тіркестері, өлең таңдау

6. Ойындардың өту барысының жоспарын жасау.,

Сабақта мынадай ойындар ойнауға болады: «Не жоқ?», «Кім көп сөз біледі?», «Сөз сандығы»

Сонымен қатар, балалардың тілдерін дамыту үшін әр сабақта өлең – тақпақ, жұмбақ, мақал – мәтел, жаңылтпаш, сергіту сәттерін жиі пайдаланамыз.

Қорыта айтқанда, ойын — балалардың негізгі іс — әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалануда оқушыларды әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді.Мектепке дейінгі балалардың есту қабілеті,көру қабілетін дамыту,қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру мұғалімнің сабақты қалай жүргізгеніне байланысты. Жоғарыда айтып кеткен әдіс тәсілдерді қолданып, сабақ жоғары деңгейде өткізілсе біріншіден баланың қызығушылығы артады,есте қалады,сөздік қоры молаяды.

Басқа мемлекеттермен терезесі тең ел болу үшін алдымен тілді үйретуіміз керек. Басқа тілді үйретеміз деп жүріп, өз ана тілін ұмытып кетер деп алаңдап отырғандар да аз емес. Егер бала сәби кезінде ана тілімен сусындаса, ол тілін ешқашан ұмытпайды. Ұлы кемеңгерлеріміз де кезінде көп тіл білудің артықтығы жоқ екенін айтып кеткен ғой «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп өсиет қалдырған ата-бабамыз кемеңгерлік танытып, сонау кездерде де көп тілділіктің маңыздылығын ерекше атап көрсеткен. Келер ұрпақ жан-жақты дамыған, саналы азамат болсын десек ,бесігімізден бастап дұрыс тәрбие берейік.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Қазақ тілі» Б.С.Омар, А.Т. Омар.

  2. «Мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ тіліне оқыту ерекшеліктері.

әдістемелік нұсқаулық» Б.С.Омар, А.Т. Садық.

3. «Алматы ұстазы» Ақпараттық -әдістемелік журналы

ТІЛДІ ӨРКЕНДЕТУ БАЛАБАҚШАДАН БАСТАУ АЛАДЫ

ОПУБЛИКОВАНО 15.05.2019 10:06

ПРОСМОТРОВ: 170

Мусина Майя Газизовна, қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!