Материалдар / Мен - көшбасшымын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен - көшбасшымын

Материал туралы қысқаша түсінік
Жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық қасиеттерін аша білу, бүгінгі қоғамдағы көшбасшының рөлін анықтап, дәріптеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
2235
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Мен - көшбасшымын
Мақсаты: Жоғары сынып оқушыларының көшбасшылық қасиеттерін аша білу, бүгінгі қоғамдағы көшбасшының рөлін анықтап, дәріптеу.
Күтілетін нәтиже: Көшбасшылық қабілеттің өлшемдерін біледі. Көшбасшылық қабілеттің сапасын анықтайтын сауалнама жасайды. «Мен үшін Көшбасшы кім?» тақырыбында постерде жұмыс жасайды. Өзін - өзі бағалайды, өзінде төмен болған қабілеттерді дамытуға әрекет жасайды.
Ресурстар:
Жұмыстың мазмұны
Мұғалімнің іс - әрекеті
Қызығушылықты ояту Психологиялық ахуал

3 мин «Қалыптан тыс амандасу» ойыны
Ретсіз қозғала жүріп, бір - бірімен былай амандасады:
Бас иіп;
Күлімдеп;
Көзбен;
Қол алысып;
Иықпен;
Арқамен;
Тіземен.
Тұсаукесер
10 мин
«Аквариум» жаттығуы
Оқушыларға парақтар үлестіріледі. Олар теңіз түбінде қандай балық болатынын анықтап, сол балықты қиып, бояп, атын жазып теңіз түбіне орналастыруы керек.
Келесі кезеңде балалар аквариум түріндегі батманға өз балықтарын орналастыруы керек. Кімнің балығы терең, кімдікі жоғары орналасқандығы байқалады.
Топ ережесі

3 мин «Топ ережесін қабылдау» ойыны
Сенімді қарым - қатынас;
«Қазір, осы жерде» ұстанымы бойынша қарым - қатынас;
«Өз ойым бойынша» түрінде пікір білдіру;
Басқаның атынан баға беруге жол бермеу;
Барлық жаттығуларда белсенділік таныту;
Баяндаушыға құрмет – белсенді тыңдаушының ұстанымы;
Топ ережелерін талдап, коучинг барысында қабылдау.
Тақырыппен таныстыру
2 мин Мұғалім коучингтің тақырыбын, мақсатын хабарлайды.
- Көшбасшы деген кім?
- Оның қандай қабілеттері бар?
- Сендердің өз көшбасшылық қабілеттеріңді анықтауға мүмкіндік туады.
Шығармашылық жұмыс



«Көшбасшы – бұл» жаттығуы
Топтағы қатысушыларға әртүрлі канцелярлық материалдар: газеттер, журналдар, суреттер беріледі. Сол материалдарды пайдалана отырып, коллаж құрастырады. Жұмыстың тақырыбы – «Мен – көшбасшымын!». Жұмыс барысында көшбасшының қабілеттері анықталуы керек. Яғни, өзіне адамдарды тарта алатын және оларға жетекшілік ететін көшбасшыны мінездейді. Оқушылар жұмыс жасап жатқанда, олардың көңіл - күйін көтеріп, шығармашылығын арттыратын ойнақы музыка әуені естіліп тұрады.
Талдау: қорытуда, «Көшбасшы – бұл...» деп басталатын постердегі жұмыс тыңдалады. Өзін көшбасшы деп есептемейтін қатысушыға осы постердегі көшбасшы қасиеттері жазылып, жапсырылады.
Тест
1. Бала кезіңізде үлкеннің тілін алу мен өзгеге бағыну сіз үшін ауыр болды ма? Иә (10 ұпай) Есімде жоқ, білмеймін (5 ұпай) Жоқ (0 ұпай) 2. «Ғылым мен мәдениеттегі жетістіктерге тек билік ете алатын жандар ғана қол жеткізе алады» деген пікірмен келісесіз бе? Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай) Жоқ, келіспеймін (0 ұпай) 3. «Нағыз ер-азамат әйел затын өз талаптары мен заңдарына бағындыра білу керек» деген ойға көзқарасыңыз? Өте дұрыс (10 ұпай ) Нақты айта алмаймын (5 ұпай) Дұрыс емес (0 ұпай) 4. Жақын жандарыңыздың асты-үстіңізге түсіп, еркелеткендігі сізге ұнайды ма?Иә, оған еш қарсылығым жоқ (10 ұпай) Кейде-кейде (5 ұпай) Шынымды айтсам, ұнамайды (0 ұпай) 5. «Мені қоршаған жандардың жағдайын жақсарту үшін мойныма көп дүниені жүктеп алдым. Алайда, мұны біреу білсе, біреу білмес». Сізге таныс жағдай ма?
Иә, дәл қазіргі менің жағдайым (10 ұпай ) Таныс жағдай, тек мұны барлығы білуге тиісті емес (5 ұпай) Жоқ, мұндай жағдайға ұшыраған емеспін (0 ұпай)
6. «Мықты адам» деген теңеуге сай келетін жан көшбасшы бола алады» деген пікірмен келісесіз бе? Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай) Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

7. Оңтайлы нәтижені тез табу керек болатын кейбір жағдайларда шешімді тез қабылдайсыз ба? Иә, тез табуға тырысамын (10 ұпай) Нақтыайтаалмаймын (5 ұпай) Жоқ, шешімді бірден қабылдай алмаймын (0 ұпай) 8. Мен өзгелерді өзіме бағындырып, билік ете аламын Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай) Жоқ, билік ете алмаймын (0 ұпай)

9. Ешкімнің алдында ашылып сөйлеп, өзімді толық көрсеткім келмейді Иә (10 ұпай) Білмеймін, әркезде әрқалай (5 ұпай) Жоқ (0 ұпай) 10. Мен тыныш өмірді армандаймын Иә, іште жатқан сондай арманым бар (10 ұпай) Білмеймін, ол туралы ойланбаппын (5 ұпай) Менің ондай арманым жоқ (0 ұпай)
11. Бағынышты адам кез келген тапсырманы орындай білуі керек Иә, әрине (10 ұпай) Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай ) Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)
12. Жақын жандармен тілдескен кезде, әсіресе, олардан өтініш-жәрдем сұрағанда, іштей бір қарсылықтың тұрғанын сеземін
Иә, мұндай сезімдер менде жиі болады (10 ұпай) Білмеймін, аса мән бермеппін (5 ұпай) Жоқ, мұндай сезімде болған емеспін (0 ұпай)
13. Менен өзгелер түсінік сұрап, ақталуымды талап етеді. Иә, онсызда түсінікті дүниелерді қайта сұрап жатады (10 ұпай) Білмеймін, байқамаған екенмін (5 ұпай) Жоқ (0 ұпай) 14. Менің мінезім үйіміздің тірегі әкемнің/анамның мінезіне ұқсасИә (10 ұпай ) Білмеймін (5 ұпай) Жоқ (0 ұпай Тест нәтижесі
150-100 ұпай: Сіз өктем жансыз. Сіз үшін алынбайтын қамал жоқ. Кез келген жағдайдың оңтайлы шешімін таба аласыз.Өзгені өзіңізге бағындыра аласыз. Басшы болуға лайықты жансыз.
99-50 ұпай: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақалмен өмір сүресіз. Барлығын ақылға салып, сабырлықты серік етесіз. Сіз басшылық ете аласыз,берген тапсырманы тыңғылықты орындайсыз.49-0 ұпай: Сіз өте көнбіс жансыз.Өз күшіңізге өзіңіз сенбейсіз. Алайда,сіз оңтайлы шешім қабылдайаласыз.Өзгеден үлгі алып мінез-құлқыңызды өзгертуге тырысып бағасыз ен көшбасшымын ба?» тест


Сергіту сәті 5 мин
«Шеңбер және мен» ойыны
Бұл жаттығуға бір жүргізуші сайланады. Қатысушылармен тығыз шеңбер құрылады. Ал жүргізуші осы шеңберге кіруге талпыныс жасайды. Яғни, ол өтіну, бұйыру, ашық әңгімелесу, алдау, мақтау арқылы кіруге 3 мин беріледі.
Кейіпкер шеңберден 1 - 5 метр алыс тұрады.
Шеңбер құрушылар кейіпкерге арқасын беріп тұрады.
- Батылдылығың үшін рахмет! Шеңбермен ақылмен күш сынасуда сәттілік тілеймін! Алға!
Талдау: тренинг барысында қандай сезімде болдыңдар?
Тренинг 5 мин
«Басшысы жоқ» жаттығу
- Осы кезден бастап, әркім өзі үшін жауап береді. Қатысушыларға барлық қарым - қатынас түріне тыйым салынады: сөйлесуге, белгі беруге, қолмен ұстауға, сыбырлауға. Үнсіз жұмыс жасаймыз. Көбінесе, көзбен белгі береміз, бір - бірімізді көзқарасымыздан тануды үйренеміз.
- Шеңбер құруларыңды сұраймын.
- Өте жақсы! Байқағандарыңдай, біріміз - біріміз қолмен ұстағымыз келді. Кейбірлерің не істеріңді білмей тұрдыңдар. Жеке жауапкершілікті арттыруға арналған жаттығуды жалғастырамыз.
• Бойларыңмен сап құра;
• Екі шеңбер құра;
• Үшбұрыш құра;
• Теңдей 4 сап құра;
• Бой бойынша сап құра;
• Ең ашық түсті шаштан ең қою түсті шаш бойынша сап құра;
• Жұлдыз, Медуза, Тасбақа мүсінін құра;


Талдау: бұл жаттығу көшбасшылық тестіне жата ма? Неге?
- Кімді көшбасшы деп ойлайсыңдар?
- Жетекшілік стильден шығу оңай болды ма?
- Біреудің нұсқауынсыз, кеңесісіз қалу қиын ба?
- Өзіңе жауап беру, өз шешім қабылдау ұнады ма?
Кері байланыс 3 мин
«Шырақ» жаттығуы
Оқушылар шеңберге тұрып, мына сұрақтарға жауап бере отырып, бір - біріне шырақты береді.
- Қандай жаңалық аштың?
- Осы жаттығулардың қайсысы көбірек есте қалды?
- Осы коучинг қандай сезім қалдырды?


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!