МЕН - ОТБАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫМЫН ТАҚЫРЫБЫНДА
ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРА
Мақсаты: Оқушыларды отбасын құрметтеуге
тәрбиелеу.
Отбасындағы сыйластыққа, адамгершілікке,
инабаттылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиелігі: Оқушыларды бауырмал, қайырымды, қамқоршыл, сыпайы
болуға үйрету.
Дамытушылығы: Отбасына деген қызығушылығын
дамыту.
Әдіс-тәсілі: Әңгімелесу, сұрақ – жауап, ойын,
көрініс.
Керекті жабдықтар:
Дәптер, қағаз, қарындаш, интерактивті тақта,
видеосюжет.
Сабақтың барысы:
Шаттық шеңбері:
Балалар, мен бүгін сендерді көргеніме өте
қуаныштымын. Ал, енді бір – біріміздің қолымыздан ұстап жақсы тілек
айтайық!
Бейбітшілік, бейбітшілік,
Бейбітшілік барлық жерде.
Бейбітшілік біздің үйде,
Бейбітшілік сіздің үйде.
Шақырып біз шеңберге
Дейміз жақсы балалар,
Жан жетпейді сендерге,
Сәлем, жарқын балалар!
Тынышытық сәті: Слайд №1(табиғат)
Балалар, еркін отырайық. Көзімізді жұмып, бәріміз
терең демалып, таңның атуын елестетейікші.
Шығыс жақ сарғайып енді таң да атып
келеді.
Атып келе жатқан таң,шіркін қандай тамаша! Қандай
керемет, әдемі, сұлу десеңші! Біз бәріміз таңның атуын күтіп,
ойланып отырмыз. Жаңа ғана шыққан жасыл шөп те, жылы жел де,
жұп-жұмсақ жапырақтар да бізді айналады, жақсы көреді. Күннің жаңа
ұядан шыққан сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы
шуақпен желпіп, тербей оятады. Гүлдердің бәрі де ұйқыдан
оянды.
Шуақ шаша алтын таң да, мөлдір таза ауа да оянды.
Әлемнің бәріне жарық жайылды. Құстар да оянды. Жәндіктер қыбырлап,
құмырсқалар шапқылап жүр.
Табиғат та оянған, оян сен де бар
бала!
Терең дем алып, көздеріңді ашыңдар. (көңіл -
күйлерін) сұрау.
Әңгімелесу: (сұрақ-жауап)
-
Сендердің өмірге келген күндеріңнен бастап,
сендермен үнемі бірге болатын кімдер? (жауап)
-
Олардың бәрі сенімен бірге нені құрайды?
(жауап)
-
Отбасындағы тәрбие бірдей бола ма?
(жауап)
-
Отбасында сені қалай еркелетеді?
(жауап)
Ендеше, бүгінгі біздің сабағымыздың
тақырыбы:
«Мен - отбасының қорғанымын».
Слайд №2 (отбасы) дәйекті сөз.
«Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге
асатын, балалардың өсіп, өмір сүретін орны» А.С
Макаренко.
О қулықпен
жұмыс: «Балам - байлығым». Слайд№3 (жыл мезгілі)
-
Әңгіме кімдер туралы? (жауап)
-
Яғни, отбасы.
-
Әр жанұя мүшелері баланы «байлыққа» санады
неге?
-
Бала қай кезде түсінді? (балалардың
ойы)
Интерактивті тақтада жұмыс.
Күн шапағы. (Әр шапаққа отбасында қандай кезде
бірлік болады?) жазу. Сендер әрқайсысың отбасының қорғаны бола
аласыңдар. Жарайсыңдар!
Шеңбер бойында жанұяның жақсы қасиеттерін
айту.
Көрініс: «Ана мен балалары»
Интерактивті тақтада.
«Менің жанұядағы рөлім» немесе міндетім. «Анама»
әні орындалады.
Ойын: «Адамға –адам»
Қорытынды: Слайд №4
(отбасы)
Сонымен, Отбасы –
адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы – ата – ана. Әр
отбасында ата- ананың орны бөлек. Отбасында әр бала
әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Әке –
отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі.
Ана –
отбасының ұйытқысы, жылуы, шуағы.
Жақсы ана әрқашанда отбасына береке әкеліп,
отбасын бақытқа бөлейді. Ата – анаға баладан артық ешнәрсе жоқ, сондықтан да бала отбасының
байлығы. Әр ата- ана баласының әдепті, білімді, мейірімді,
қайырымды, мәдениетті, тәртіпті болуын қалайды.
Жүректен-жүрекке
Балалар, шеңберге тұрып, әр бала жанұяларыңа
жақсы тілек тілеңдер.
Отбастарыңа жүрек түкпірінде жатқан жылы
сөздеріңді арнаңдар. (денсаулық, тыныштық, сүйіспеншілік, татулық,
қайырымдылық, мейірімділік, бақыт, ұзақ өмір, бейбітшілік т.б.
жылы, әдемі, нәзік сөздерін айту.)
Баяндама
Тақырыбы: Рухани-адамгершілікке
тәрбиелеу.
Оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу,
болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес
мәселе.
Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан
дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері
қалыптасады.
Рухани адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз – оқушы
өмірдегі орнын, жауапкершілігін түсініп, өзін - өзі жетілдіріп,
айнала қоршаған адамдар мен кез – келген затқа, жан – жануарға және
экологияға жақсылық тілеп, жасауы.
Негізгі көрсеткіші:
Халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде баланы
рухани адамгершілік тәрбиесін дұрыс жолға қою міндеттерін жүзеге
асыру басты мақсат болатыны белгілі. Рухани – адамгершілік
байланысын орнатып, ынтымақтастыққа қол жеткізуде Ш.Аманашвили
мұғалімдерге мынадай кеңес береді:
«Педагогикалық үрдісте баламен тіл таба білу,
яғни балаға өз ойын, талғамын айтуға рұқсат беру тәрбиешіден көп
шеберлікті талап етеді. Тәрбиеші мен оқушы арасында рухани
адамгершілік қарым-қатынас орнығады деп
пайымдайды»
Мектептегі тәрбие жұмыстарындағы негізгі мәселе –
оқушылардың аралық қатынасын дамыту, рухани адамгершілік тәрбиені
қалай іске асырамыз?
Егер:
-
тәрбие оқушының рухани-адамгершілік қасиеттерді
игеруіне бағытталса;
-
рухани адамгершілік қалыптастыру мақсатында
әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;
Әрбір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін
тәрбиелеуге өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екендігін түсінуі
деп ойлаймыз.
Мектепте тәрбиенің дұрыс іске асырылып
жатқандығының басты белгісі:
Тәрбиелі мінез адам бойында ибалық қасиеттің бар
екендігін көрсетеді.
Дана ақын, рухани адамгершілік қасиеттерін талдап
жеткізген «Құтты біліктің» негізін қалаушы Ж.Баласағұн – адамның
мінез – құлқы мен оның қоғамдағы орнына ерекше
тоқталады.
А дам дүниеге қонақ, сондықтан ол артына ылғи да жақсы
сөз бен жақсы ісіне қалдырып отыруы тиіс. Ол үшін әр кез жаман
қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріп – тұруы тиіс. Ендеше,
оқушыларды рухани адамгершілік тәрбиесі арқылы толыққанды жетілген
азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың басты
мақсаты.
Рухани тәрбие білім беру адам дамуының рухани
үйлесімділіктерін түсінуді қамтамасыз етеді.
Тілге тиек еткен мәселелерді қорытындылай
келгендегі қысқаша тұжырымымыз:
Ұлы ғұлама Әл – Фараби жас ұрпаққа тәлім тәрбие
беретін адамды өте жоғары бағалап, оны «Мәңгі нұрдың қызметшісі»
деп атауы бекер емес.
Рухани тәрбие, білім беру адам дамуының рухани
үйлесімділігін түсінуді қамтамасыз етеді.
Рухани тәрбиенің адамның ізгілік, имандылық
ұстанымдарын тәрбиелеп, ақыл – ой мен іс - әрекеттерін ізгілік
мұраттарға бағыттап, рухани көзқарасын қалыптастыратыны
белгілі.
Кішіпейілділік – кісілік
белгісі.
Тақтада сөздер ілінген: Апа, әже, ата, шеше,
тәте, көке, әпке.
Үлкен кісілермен қалай сәлемдесу, орын беру,
алдынан өткізу (құрмет көрсету түрлері)
«Сиқырлы сөздер әлемі»
Бізді «Сиқырлы сөздер әлемінің» ханшасы қарсы
алып тұр. (қолында конверт) бар. Оқушыларға таратады. Онда мынадай
сөздер жазылған:
«Рахмет», «Кешіріңіз», «Рұқсат па?» осы сөздерге
байланысты мысалдар, әңгімелер айту.
-
Ханша: Біздің елдің тұрғындары тек сіз деп қана
сөйлеседі. Бәрі бірін - бірі сыйлап сөйлейді. Мен сіздерді
тексеруге келдім. Сіздерге сиқырлы сөздер беремін. Оны қай уақытта,
кімге айту керек, мысал келтіріңдер.
«Не деу керек?»
- Рахмет! - Кешіріңіз! - Рұқсат па? -
Жарайды!