Материалдар / Мен -патриотпын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен -патриотпын

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2018
456
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырыбы: Мен өз Отанымның патриотымын


Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға  патриоттық тәрбие беру. Отанын сүюге, ерлікке, батылдыққа, табандылыққа , өжеттілік, қайсарлыққа баулу.

Сабақтың міндеті: 1. Бауырмалдық, қайырымдылық қасиеттерін сіңіріп,

сұрақтарға жауап беру.

2. Ойын техналогиясы арқылы білімін ортаға сала

отырып, өз ойын талқылау.

3. Топтық жұмыс арқылы бірлесіп жұмыс істеу

дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: 1. Патриоттық сезімдері оянады.

2.Сұрақты дұрыс қоя білу.

3.Сүйіспеншілігі артады.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс жасау, түртіп алу жүйесі, БҮҮ кестесі,

сұрақ-жауап, эссе жазу

Сабаққа қажетті құралдар: А3 қағаз, суреттер, қима қағаздар,

тақта, маркерлер.

Тапсырмалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

«Шаттық шеңбері»


Топқа бөлу

Логикалық тапсырма

Он сұрақ

- Балалар «патриот» деген сөзді қалай –Тақтамен жұмыс:  «Патриот» болудың өсиетті сөздері бар екен, қане оқиық: /слайд арқылы көрсету/




















Кластер құрау- «Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар?















Сергіту сәті


Шығармашылық жұмыс




«Бәйтерек құру»





Кері әсер парағы

Шеңбер жасап, жылы сезімдер айтқыза отырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру

Әуен арқылы топқа бөлінеді.

Суреттерді табу.

Патриот – Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам
Мен өз елімнің патриотымын. Алдымен «патриот» деген кім, ол қандай адам деген сұраққа анықтама беріп кеткенім жөн болар. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. 
Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата – анасын, туған – туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс – тіршілігін, салт – санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. 
түсінесіңдер?
- «Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар?
Менің кеудемде дамылдаған жүрегім бір сәт те тоқтамай соғады, демек ол туған жерінің ауасын, табиғатын сүйеді. Ал ол жүрек – менің өмірім, менің Отаным. Еліміздің Әнұранын айтуға даярланған сәтте менде ерекше сезім пайда болады. Тіпті сөзбен айтып жеткізе де алмастаймын. Өн бойым қуанышқа толып, көзіме еріксіз жас келеді. Сол демдегі ой «Мен неткен бақытты адаммын!» деп іштей жаңғырып тұрады. Неге, өйткені мен тәуелсіз Қазақстан атты елде тұрамын. Белгілі орыс ақыны, жазушы Илья Эренбург «Қазақтар иен далада жел жетпес жүйрік мініп дағдыланған, ал бірақ қажет болса, олар еңбектей де біледі, жүгіре де біледі, биік тауларға өрмелеп те шығады, саз балшыққа малшынып та жата алады. Оларды ешкім де, ештеңе де тоқтата алмайды», - деп, қазақ халқына сипаттама береді. Бұл сөзден қазақтың қайсарлығы, батырлығы, батылдығы көрінеді. Не нәрседен болса да қаймықпай, ерлік істер көрсете білетіндігі байқалады. Осыншалық қайсар халықты мақтана да, марқая да айтсақ болады емес пе?! 
Қимылды ойындар

1-топ «Ақындар»

2-топ «Жазушылар»

3-топ «Суретшілер»

4-топ «Геологтар»


Сұрақтарға жауап беру арқылы Бәйтерек құрастырады


Эссе жазу






























3.09.2016жыл

Сабақтың тақырыбы:    Жол тәртібін сақтайық.


Сабақтың мақсаты:  Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Балаларды көшедежүрісін реттейтін белгі : бағдаршаммен толығырақ таныстыру және жол белгілері, оның түрлерімен таныстыру.

Сабақтың міндеті:  Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесін үйрету.  Жол белгілерін үйреніп, оның түрлерімен ажырата білуге, білгендерін  пайдалана білуге тұрақты тұрақты дағдыға айналдыруға үйретеді. Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай орындауға, өзіміздің шағын ауылдағы жол белгілерін есте сақтау дағдысына тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже: Оқушылар көшеде дұрыс жүріп,  сыпайы айқайламай сөйлеп, жол ережесін сақтайды.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап әдісі, сайыс, әңгімелесу

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,  үлестірмелі парақтар,слайд

























17.09.2016ж

Сабақтың тақырыбы: «Тілдің мерейі-елдің мерейі»

Сабақтың мақсаты: Өз тілін құрметтеу қасиеттерін сіңіріп,

Туысқандық қарым- қатынас, достық сезімдерін ояту.


Сабақтың міндеті: 1. Бауырмалдық,

қайырымдылық,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

2. Ойын техналогиясы арқылы білімін ортаға сала

отырып, өз ойын талқылау.

3. Топтық жұмыс арқылы бірлесіп жұмыс істеу

дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: 1. Достық сезімдері оянады.

2.Сұрақты дұрыс қоя біледі.

3.Сүйіспеншілігі артады.


Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс жасау, түртіп алу жүйесі, БҮҮ кестесі,

сұрақ-жауап, эссе жаз




Тапсырмалар

іс-әрекеттер

«Шаттық шеңбері»

Топқа бөлу



Шығармашылық кеш




Жүргізуші:








Жүргізуші:







Шығармашылық жұмыс












І бөлім



















ІІ бөлім



ІІІ бөлім












ІҮбөлім



Үбөлім




ҮІбөлім







ҮІІ бөлім









Шеңбер жасап, жылы сезімдер айтқыза отырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру

Жол белгілері арқылы топқа бөлінеді.

«Әдеп»  тобы

 «Ізет»  тобы

«Сыпайы» тобы


Аранда алда күткен асығармыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ереесін жақсы біліп,

 Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз

 Жалғайтын достастырып бар әнменен,

Жолдарды тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Ойынымыз басталады сәлемменен.


Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса, солай жүріп, доп қуалайтыны,  жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып кететінінің салдарынан бұзылады.Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулер жарақат алады. Ал ке біреулер өмірлік мүгедек болып қалады.Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқытылатын «Жолда жүру ережесін» мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.Сыныпты үш түрлі дөңгелекшелер тарату арқылы үш топқа бөлеміз.(қызыл, сары,жасыл)

Қызыл дөңгелекше «Әдеп» тобы

Сары дөңгелекше «Ізет» тобы

Қызыл дөңгелекше «Сыпайы» тобы

Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сұрақтарға жауап берген оқушыларға жұлдызшалар таратылады.

1-бөлім жұмбақтар шешімін табу.

«Әдеп» тобына жұмбақ

Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім

Тапшы мұны оқушым(жол)

                                 Ала таяқ ұстаған,

                                Жол тәртібін нұсқаған.

                               Өміріңді күзеткен,

                               Ысқырығы күзеткен(миллиционер)

«Ізет» тобына жұмбақ  Көше бойын аяңдайды,

                                           Адам тасып аяңдайды.   (Автобус)

Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

                                           

«Сыпайы» тобына  жұмбақ.   Көліктің қаншасын жанынан өткізген,

                                                    Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (жол)

Жапанда бір жолаушы аузын ашып,

Аяғын келе жатыр жылдам басып,

Жарқырап маңдайында екі көзі,

Ілезде жеткізеді жерге қашық.(автомобиль


Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.


«Бағдаршам» туралы не білетінімізді айтып өтейік. Әр топтан бір оқушы тұрып түсіндіреді………………


әр топқа тапсырма беріледі. Сол тапсырмаларды топтастыру арқылы плакатқа жазып түсіндіру.

«Әдеп» тобы –Егер көшеде бағдаршам болмаса

«Ізет» тобы-Жаяу адамдардың міндеттері

«Сыпайы» тобы-Көшеде сыпайылық сақтау ережесі. Мысалы:Көшеге таза киініп шық. Үлкеннің алдын кесіп өтпей, жол бер. Көшені ластама, үйдің қабырғаларына жазба. Көшеде қатты сөйлеуге, айғайлауға, қатты күлуге болмайды. Көшеде жолдасыңмен бөгеліп, сөйлесетін болсаң, жолдан шығып тұр. Қоғамдық көлікке балмұздақпен кірме.Үлкен адамға, балалы әйелге орын бер. Біреумен сөйлескенде бетіне қадала қарап, тақалып тұрма. Біреудің дүниелеріне таңдана қызығып, тесіле қарама.т б


интерактивті тақтаға қарап отырып,  жол ережесін түсіндіру.Әр топқа екі суреттен беріледі


«Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс» деп аталады. Суреттермен жұмыс жүргізу.


  «Ескерту белгілерін білеміз бе?» деп аталады. Жалпы саны қырықтан астам ескерту белгілері бар. Жол бойында сан қилы қауіп-қатер болуы мүмкін. Ескерту белгілерінің көп болуы да сол себепті.(анимациялық слайдтарға назар аударайық)

«Әдеп»  тобы

 «Ізет»  тобы

«Сыпайы» тобы


ситуациялық сұрақтар беріледі.

«Әдеп»  тобы Аялдамадағы автобустың алдынан айналып өту керек пе немесе артынан айналып өту керек пе?( Дұрыс жауап-артынан айналып өту керек)

«Ізет»  тобы  Аялдамадағы троллейбустың алдынан айналып өту керек пе немесе артынан айналып өту керек пе? (Дұрыс жауап-артынан айналып өту керек)

«Сыпайы» тобы  Аялдамадағы трамвайдың алдынан айналып өту керек пе немесе артынан айналып өту керек пе? (Дұрыс жауап-алдынан айналып өту керек)

 

Жүргізуші: -Балалар енді мен сендерге мынадай жұмбақ-әңгіме оқып берейін. Шешуін өздерің а

  • Алмас көшеде анадай жерде өтіп бара жатқан жүргіншіге айқайлады

-«Айтыңызшы, сағат қазір қанша?» Ол жүргінші  уақытты айтқан соң, алмас бұрылып жөніне кетті. Бала бөтен адаммен қарым-қатынасында бірнеше қателік жіберді. Осы қателіктерді кім табады.

Кері әсер парағы



































17.09.2016ж

Сабақтың тақырыбы: «Тілдің мерейі-елдің мерейі»

Сабақтың мақсаты: Өз тілін құрметтеу қасиеттерін сіңіріп,

Туысқандық қарым- қатынас, достық сезімдерін ояту.


Сабақтың міндеті: 1. Бауырмалдық,

қайырымдылық,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

2. Ойын техналогиясы арқылы білімін ортаға сала

отырып, өз ойын талқылау.

3. Топтық жұмыс арқылы бірлесіп жұмыс істеу

дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: 1. Достық сезімдері оянады.

2.Сұрақты дұрыс қоя біледі.

3.Сүйіспеншілігі артады.


Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс жасау, түртіп алу жүйесі, БҮҮ кестесі,

сұрақ-жауап, эссе жаз





























Тапсырмалар

іс-әрекеттер

«Шаттық шеңбері»

Топқа бөлу

Шығармашылық кеш







1-жүргізуші:




2-жүргізуші:




Жүргізуші:






Жүргізуші:



Шығармашылық жұмыс



Ару Ана:









Хор



Сергіту сәті:


























Кластер құрау


Шеңбер жасап, жылы сезімдер айтқыза отырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру

Смайликтер арқылы топқа бөлінеді.

Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің меркесіне жиналған қауым. Тіл мерекесіне орай өткізгелі отырған мерекелік тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл мерекеміз елбасымыз «Н.Ә.Назарбаевтың 22 қыркүйек Тіл мерекесі күні болып атап өтілсін деген бастауын қолдап,мерекеге жиналып отырсыздар. Яғни 1997жылы 22 қыркүйек күні қабылданған Қазақстанның тіл туралы Заңында Республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген

Балалар құтты болсын тілің бүгін

Ашатын жан сарайын білімдерінің

Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан

Тіліңе зер салыңдар бұрынғының

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмеу қандай заңдылық.

Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Балалар, бізге қонақ келген сияқты, қане, бәріміз қошеметтеп қарсы алайық. /Муз. Әуенімен залга Ару Ана кіреді.

Ару Ана: -Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Мен Аруанамын! Cендердің балабақшаларыңда Тіл мерекесі болып жатқанын естіп, сендерге қонаққа келдім! Бұл жерге әр ұлттың өкілдері жиналыпты ғой! Қандай керемет десеңші! Бәрі бір-бірімен тату-тәтті! Сәлеметсізбе Ару Ана! Біздің мерекеге қош келдіңіз! Жоғары шығыңыз! Біздің Тіл мерекемізге әр ұлт өкілдері құр келмей өз өнерлерін ала келіпті.

1-топ «Қазақтар»

2-топ «Өзбектер»

3-топ «Орыстар»

4-топ «Түріктер»

Өнерлерің үстем болсын балалар! Балалар сендер тілге байланысты мақал-мәтел білесіңдер ме? Қане кім айтады?

1-бала Сөз асылы – мақал.

2-бала. Өнер алды қызыл тіл.

3-бала. Шешеннің тілі артық.

Шебердің қолы артық.

4-бала. Жақсы сөз – жарым ырыс.

5-бала. Тіл тас жарады.-

Тас жармаса бас жарады.

Ән: «Ананың тілі»



-Балалар, қане көңілімізді бір сергітіп алайық! Ойын ойнағыларың келе ме?

Ойынның аты: Арқан тарту.

Ойынның шарты: Екі топқа бөлініп күш сынасып көрейік. /6-6 баладан таңдап алады/

Жүргізуші: Келесі кезекті балаларымыздың тақпақтарына берейік.

1-бала.

Жанымнан қымбат

Ана тілім маған

Ана сөзден тыңдап

Үлгі өнеге алам.

2-бала.

Ана тілім – анам,

Аппақ қардай арым

Мұра еткен бабам

Жарқыраған жаным.

3-бала

Ана тілім –елдігім

Ана тілім-ерлігім.

Тілді биік құрметтеп

Тойлап жатыр ел бүгін

4-бала.

Ана тілім-тірегім

Ана тілім – жүрегім.

Қасиетті елімнің

Тек өзің деп білемін.

Бірлік деген не?


Кері әсер парағы






24.09.2016ж


Сабақтың тақырыбы: «Қарты бар үйдің-қазынасы бар»

Сабақтың мақсаты:

Сабақтың міндеті: 1. Бауырмалдық, қайырымдылық қасиеттерін сіңіріп,

сұрақтарға жауап беру.

2. Ойын техналогиясы арқылы білімін ортаға сала

отырып, өз ойын талқылау.

3. Топтық жұмыс арқылы бірлесіп жұмыс істеу

дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: 1. Достық сезімдері оянады.

2.Сұрақты дұрыс қоя білу.

3.сүйіспеншілігі артады.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс жасау, түртіп алу жүйесі, БҮҮ кестесі,

сұрақ-жауап, эссе жазу

Сабаққа қажетті құралдар: А3 қағаз, суреттер, қима қағаздар,

тақта, маркерлер.



























Тапсырмалар

іс-әрекеттер

«Шаттық шеңбері»

Топқа бөлу

Шығармашылық кеш





1-жүргізуші:



Ән:

2-жүргізуші:




Жүргізуші:

Би:


Жүргізуші:


Тақпақтар


















Жүргізуші:





Ән:

Жүргізуші:



Би:

Жүргізуші:

Тақпақтар












Ән :


























Шеңбер жасап, жылы сезімдер айтқыза отырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру

Смайликтер арқылы топқа бөлінеді.

Мерекелеріңіз құтты болсын ата-апа!Көкіректен жыр төгілмей жата ма! Зейнетіне жеттіңіздер өмірдің, Кенеліп бір

ілтипатты батаға. Қадірлі ата-әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.

Асыл әжем, мақтанышым менің де, Қонақ болып отыр міне төрімде. Өзіңе арнап былай тәтті үніммен , Ән салатын кезім келді менің де.

Бүлдіршіндеріміздің орындауында «Ақ әжем» әнін қабыл алыңыз.

әже деген қандай болады?

Ал, сендер әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсыңдар ма?

Балалар жауабы :

Әжелерің қандай жақсы екен! Әжелеріңді сыйлайды екенсіңдер! Қандай керемет!

Ата көрген оқ жанар

Ана көрген тон пішер,- демекші ортаға «Қамажай» биімен қыздарымызды шақырамыз.

Ал сендер аталарың мен әжелеріңе арнап қандай өнерлеріңді көрсетесіңдер?

Менің әжем, жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман-есен жүр әжем.

Әдептілік белгісі,

Иіліп сәлем бергені.

Алла берген ұл-қызың,

Маңдайдағы жұлдызың.

Қариясы бар адам,

Дариясы бар адам.

Шай ішетін қоюлап,

Жақсы көрем атамды.

Сырмақ сырған оюлап,

Жақсы көрем апамды.

Ұл қызына ерген

Немерең біз әже

Немерелеріңнен өрген

Шөбереңбіз әже.

Рахмет балалар! Тақпақты қалай жақсы айтасыңдар!

Күн нөсерін төгейік

Жырдан моншақ өрейік

Уа жамағат ал енді

Әнге кезек берейік

«Әрқашан күн сөнбесін!»

Баламның табанына кірген шөгір, менің маңдайыма кірсейші дейтін әжелер мен аталардан үлгі өнеге көріп келе жатқан кішкентай

тентектерімізді ортаға шақырайық.

«Тентегім»

Балалар сендердің аталарың қандай ?

Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десем,

Айтып береді тағы әжем.

Менің әжем, гүл әжем,

Алтын әжем, нұр әжем.

Анам үшін, мен үшін,

Нағыз әжем, тіл әжем.

Күлімдеген көзіңнен

Айналайын атажан

Не үлкен сый бар бізге

Өзің берген батадан

«Біз бақытты баламыз!»

Бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнап өз қолдарынан жасаған сыйлықтары бар. Қабыл алыңыздар!

Мерекелік шараны аяқтай отыра «Батамен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші ата-әжелер бата, ізгі ниет-тілектеріңіз

болса,сөз кезегін өздеріңізге береміз.

Кері әсер парағы







Сабақтың тақырыбы: Егеменді елдің болашағы жарқын

Сабақтың мақсаты: Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың міндеті: 1. Бауырмалдық, қайырымдылық қасиеттерін сіңіріп,

сұрақтарға жауап беру.

2. Ойын техналогиясы арқылы білімін ортаға сала

отырып, өз ойын талқылау.

3. Топтық жұмыс арқылы бірлесіп жұмыс істеу

дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: 1. Достық сезімдері оянады.

2.Сұрақты дұрыс қоя білу.

3.сүйіспеншілігі артады.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс жасау, түртіп алу жүйесі, БҮҮ кестесі,

сұрақ-жауап, эссе жазу

Сабаққа қажетті құралдар: А3 қағаз, суреттер, қима қағаздар,

тақта, маркерлер.

























Тапсырмалар

іс-әрекеттер

«Шаттық шеңбері»

Топқа бөлу

Шығармашылық кеш

жүргізуші:











жүргізуші:




Тақпақтар


















Жүргізуші:





Мұғалім:


Оқушы:





Оқушы:




Хор:






Оқушы:





Оқушы:




Хор:


Мұғалім:


















Оқушы:




Оқушы:




Жүргізуші:

Шеңбер жасап, жылы сезімдер айтқыза отырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру

Смайликтер арқылы топқа бөлінеді.

Армысыздар қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Жетпіс жыл бойы құлбырауға маталған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол, тайғақ кешуден өтті. Жанартаулар бұғып жатып бір күнде атылды. Сол сияқты 1986 ж желтоқсан оқиғасы да қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күні еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.

Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын-сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпаққа жетеді. Сол желтоқсан құрбындарын құрметпен еске алып, олардың рухына бас иеді.

  1. Желтоқсан- заман талғағы байтақ даланың 1987 жылы тамызда үкімді күшінде қалдырды. Қайратты сот ақтық сөзіңді айт деп тағы қинады.

Осы айтылған ақтық сөз,

Туың болсын әрдайым

Мойныма алып жаланы

Мен болайын құрбаның.

Күнәдан таза басым бар

Жиырма бірде жасым бар

Қасқалдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым баp

Қазақ деген затым бар

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десең атыңдар.

Мен не етермін,не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген, қош бол таңдарым.

Көре алмай мен өтермін.

(көрініске қатысушылар сахнадан кетеді).


Қайрат Семей түрмесінің 21-ші камерасында 21 жасында 1988 жылдың 21 мамыр күні дүниеден өтті. 1992 жылы 21 ақпан қайтадан ақталды.

Желтоқсан оқиғасы Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.

Ендеше сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық.(орнымыздан тұрып).

Оянды, халқым, оянды

Асырды іске қиялды.

Ел көзін ашты баяғы

Босашы дейін баянды.


Шектеліп ана тілімізді

Оқылмай, өлең – жырымызды

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз.

«Қара бауыр қасқалдақ.»


Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы.

Оқушы:

Жібердік еркін ат басын

Қиянат жанға батпасын

Тоқырау таңын күйреттік

Деп « Теңдік күні батпасын!»

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.

Жасайық басты бауырлар

Жанайық жансақ маздап біз.

«Желтоқсан желі»

Тас қамалдың арғы бетінде отырған Қайрат неше жерге шағымданса да олардың өз мүддесіне аспайтынын біле алмады.

Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың

Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пен Сабира

Құрбаны болған жаланың.

Желтоқсан- жастық қазбалап тегін сұрама.

Анартау тектес атылмай бір күн тұра ма.

Осылай халқым созылған тура үш ғасыр

Ойналып бітті драма.

2-жүргізуші:

Желтоқсан-жеңіс. Желтоқсан-ұлы жаңалық,

Нохат деп оны нәубетке қойған саналық.

Жәнібек,Бұхар,Абылайдан қалған бар болсын.

Азаттық! Елдік! Даналық!

Хор: Желтоқсан желі.

Рас, досым, 86 есімде

16 желтоқсанның кешінде,

Намыс кернеп, шықтық біздер алаңға,

Шындық үшін «тар жол, тайғақ кешуге»

Біз отанды қаралауға бармадық.

Сол үшін де қолға қару алмадық.

Қайта қолда қаруымыз сөз болып

Біз отандық Әділетті қорғадық.


Желтоқсан айы естесің

Дауыл боп бұрқап ескенсің.

Азаттық күйі қашаннан

Көкейін елдің тескенсің.

Арада 4 жыл өткен соң 1990 жылы 17 желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылып, желтоқсан оқиғасын зерттеу комиссиясының төрағасы Мұхтар Шаханов жастарға арнаған жалынды өлеңін оқыды.
































Сабақтың тақырыбы: «Бала тәрбиесінің отбасындағы рөлі»

Сабақтың мақсаты: Ата-аналарды жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтардың алдын алу жұмыстарымен таныстыру. Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы қиындықтарға көңіл бөлу.


Сабақтың міндеті: 1.Ата-ананы психологиялық сауаттандыру, ескерту.

2.Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру.

3.Әртүрлі мінез құлықтың алдын алу


Күтілетін нәтиже: Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастық

сезімдері оянады,сүйіспеншілігі артады.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс жасау, түртіп алу жүйесі, БҮҮ кестесі,

сұрақ-жауап, эссе жазу

Сабаққа қажетті құралдар: А3 қағаз, суреттер, қима қағаздар,

тақта, маркерлер.






Тапсырмалар

іс-әрекеттер

«Шаттық шеңбері»

Топқа бөлу

Шығармашылық кеш


1-жүргізуші:




2-жүргізуші:




Жүргізуші:


Топпен жұмыс






Жүргізуші:









Жүргізуші:
















Жүргізуші:
















Жүргізуші:











Қорытынды

Шеңбер жасап, жылы сезімдер айтқыза отырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру

Смайликтер арқылы топқа бөлінеді.


Өмір деген тұрады таң мен кештен

Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен

Құпия,жұмбақ,сырлы дүниеге

Адамдар арман келіп, арман кешкен

Өмір деген екі өзен: мұң-қуаныш

Толқыны: Шындық-жалған, Күлкі-Намыс

Бір таяздап өмірде бір тереңдеп

Бір лайланып өмірде бір тұнамыз

Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар бүгінгі ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Ендеше оқушыларының дайындаған бағдарламасын бастайық .Ол үшін екі топпен таныстырайын

1-топ Салауат

2-топ Денсаулық

Енді екі топ бір-бірімен таныстыру кезегінен бастайық

1-топ Салауат тобы бастайды

2-топ Денсаулық тобы бастайды

Ендеше екі топқа жалпы өмірге байланысты сұрақ тапсырмалары болады. Конверттен екі топ алады

Өзің Салауатты өмір сүру үшін қандай әрекеттер жасар едің?

Сен үшін өмірдің мәні мен қызығы неде?

Өмірлік күштің міндеті не?

Жасөспірім балалардың жүйке жүйелерінің ерте сыр беруі неден?

Отбасы бақыты деген не?

Сендер үшін өмір несімен қымбат?


Өзіңді-өзің жұбатып

Өзіңді-өзің алдайсың

Күнді солай ұзатып

Түнді солай жалмайсың

Батып жүріп мұң шерге

Бір алданыш іздейсің

Болмайтынын білсең де

Бір үмітті үзбейсің

Жүргізуші:

Кезекте көрініс «Бала құқығын қорғау»

Жүргізуші: Қазір мектебіміздің психологы Өмірова Айнур Оралбекқызы мен Назым Зиядақызы сіздермен психологиялық ойын өткізеді.

Енді оқушылардың Психологтарға, дәрігер маманға, құқық қорғау комитетінен келген қонаққа сұрақтар қойылады.

Кел балалық балдырған шақ, сан арман

Барлық бала армандауға жаралған

Кел, достарым әндетіңдер, билеңдер

Гүлденсін деп атамекен қара орман

Болашақтың иесіміз бәріміз

Атамекен гүлдендірер нәріміз

Алтын бесік ұлан байтақ елімде

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз

Жер жаһанға мәлім аты

Алыс кетсем сағынатын

Айналайын атамекен

Жүрегімнен табылатын

Қазақстан – кешегі әз әуен

Қазақстан – бүгінгі ғажап үн

Қазақстан құшқан кеудесін ғасырлар

Қазақстан – қастерлі қоғамым


Достарым, ортам, қоғамым,

Оларсыз сөнем соламын

Салқындық сеуіп сырт берме

Көңілімде – кірбің жоқ әнім

Солардың қабақтарымен

Налимын тасып-толамын

Өшіретін мені бір үріп

Өсіретін мені күні ғып

Құдіретті күш те мен үшін

Жебейтін жігер жеңісім

Жанымда жүрген сол жандар

(Жүректен жүрекке)

Таныстыру: Денсаулық тобы

Денсаулық ел байлықтың бұлағы

Қайда қане бал бұлақтың шам шырағы

Кеудеге жан өндіріп, дем беретін

Жан барма өмірімді көркейтетін

Денсаулық шексіз бақыт,халқым менің

Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа

Қолда барда біл оның қасиетін

Күтіп баптап, аяла әр уақытта

Баланы солай қабылдау, сол қалпында жақсы көру, кемшілігін жасырып, артықшылығын асырып, оны жақсы көретіндікті сездірт: балаға әрқашан назар аудару, түсінуге тырысу, мәселелерін шешуде көмектесу, өзіндік тәжірибемен бөлісу, ұрсу, зекіру орнына жиі мақтап, мадақтап отыру, кешірімді болу, ал ең бастысы, бала қандай болса да жәй сөзбен түсіндіріп айту.

Таныстыру: Салауат тобы

Арман жүгін арқалап

Өсіп келеді жас ұрпақ

Амандасу бас иіп

Назар аудару дегеніміз не?

Ана тоғыз ай тоғыз күн бойы баласын құрсағында көтеріп, жарық дүниеге әкеледі. Жаңа дүние есігін ашқан баланың алғашқы әрекеті қандай болады? Иә, ол жылап дүниеге келеді екен. Неге бала өмірге келген сәтінде жылап туады? Жаңа өмір әлемін көрген бала жылау арқылы өзінің бойындағы қорқынышын, қорғансыздығын білдіреді, ол тоғыз ай бойы ана құрсағында жылулықты, жайлылықты, қорғанысты, бірге дүрсілдеп соққан жүректі сезінді. Ал өмірге келгенде ананың дүрсілдеген жүрегі алыстады, қорғаныс аясы шеттеді, осы қорқыныштарын сәби жылауы арқылы көрсетіп, өмірге келген сәтте-ақ өзіне назар аударғанды қалайды. Бала жылағанда біріншіден ана, кейін басқа айналадағы адамдар оған зейіндерін қойып, назарларын аударып, уатады. Жылағанда назар аударатынын сәби бейсаналы түрде ұғып, осы позицияны есінде сақтап қалады. Кейінгі өмірінде өзіне назар аударту үшін ол тағы осы әдіске жүгінеді. Мысалы, ойыншықты алғысы келсе, қолынан бір нәрсе келмей жатса, біреу оны ренжітсе, бір нәрсені бүлдірсе, т.б. ол жылайды, сөйтіп қайткен күнде өзіне ересектердің назарын аудартуға тырысады. «Маған қарасын! Мені көрсін!» деген эгоцентризмді ұстаным, назар аударту кішкене сәбиге қаншалықты керек болса, өсіп, толысып келе жатқан пендеге де соншалықты қажет. Бірақ жасөспірімдік кезде бала өзіне назар аудартуды жылау арқылы көрсете алмайды, себебі ол ұятты жағдай. Жасөспірім өзінің бет-келбеті, сыртқы мінез-құлқы арқылы айналадағыларға санасыз белгілер береді. Бұрын бала ашық, жарқын мінезді, белсенді болып, енді тұйықталса, ойы басқада болып, уайымшыл күй кешсе, ұйқысы қашып, тәбеті болмаса, еш нәрсеге қатты қызықпай, зауқы соқпаса, бойында қырсықтық, ашуланшақтық, өзін төмен бағалау, айналадағыларға деген бей жайлылық көрінсе, онда жасөспірімде қандайда бір мәселе туындаған болуы керек. Ол қандай мәселелер? Бұл жауапсыз махаббат, жақын құрбысымен келіспей қалушылық, әке-шешемен сөзге келу, мұғалімнің оқушыны немесе керісінше оқушының мұғалімді жақтырмауы, бір нәрсені бүлдіру, басқалардың алдында ұятқа қалу, т.б.











Сабақтың тақырыбы: Шығармашылық шаттық бастауы

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, елі мен жеріне байланысты сұрақтар қоя отырып отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеті: 1. Ақыл – ой қабілеттерін ,іскерліктерін дамыту.

2. Шапшаңдылыққа , жауапкершілікке тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже: 1. Достық сезімдері оянады.

2.Сұрақты дұрыс қоя білу.

3.сүйіспеншілігі артады.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс жасау, түртіп алу жүйесі, БҮҮ кестесі,

сұрақ-жауап, эссе жазу

Сабаққа қажетті құралдар: А3 қағаз, суреттер, қима қағаздар,

тақта, маркерлер.






Тапсырмалар

іс-әрекеттер

«Шаттық шеңбері»

Топқа бөлу

Шығармашылық кеш


Жүргізуші:


















Жүргізуші:




:








Тапсырма















Тапсырма :


Жүргізуші :













Тапсырма :


Жүргізуші :



Тапсырма :




Тапсырма :


Жүргізуші :









Тапсырма :



Би :

Жүргізуші :

Шеңбер жасап, жылы сезімдер айтқыза отырып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру

Смайликтер арқылы топқа бөлінеді.

Армысыздар ағайын , құрбы – құрдас !

Бармысыздар , жан күйер әз қауымдас!

Бүгінгі ойынды біз бастайық.

Ойында көңілменен қол соғайық.

Көп сөйлеп жөн жобадан аспайық біз,

Қандай ойын болса да қашпайық біз.

Ал, енді сіздер рұсат етсеңіздер ,

Қанеки, « Таңғажайып алаң » ойынын бастайық біз.

Ортамызға ойынымызға қатысқалы келген ойыншыларымызды қарсы алайық.

  1. Қазақстан Республикасынан келген Абайқызы Гүлбахыт

  2. Үндістаннан келген Тасқынбай Ақерке

  3. Ресейден келген Баймұрзин Дамир

Ойынымыздың шартымен таныстыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай ,

Жүйріктің бағы жанар ма ?!

Білім мен өнер жарысып.

Тәрбие тәлім табар мән.

Бұл сабақ ойдың бәйгесі ,

Кім жүйрік ойға, сол алға демекші , ойынымыздың бірінші турын бастайық .

1. Қазақтың ұлттық салт – дәстүрінің бірі

Ал, келіңдер , келіңдер,

Біріңе – бірің еріңдер,

Білімдеріңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер.

Екінші турымыздың ойыншыларын қарсы алайық

  1. Өзбекстаннан келген С. Г

  2. С. Ж

  3. С. О

Лондон олимпиадасында Қазақстан нешінші орында тұрақтады ?

Асыл тастан , өнер жастан

Шығады деп дарынды.

Халық айтса , халық сөзі .

Әр қашанда нанымды

Үшінші тур ойыншыларын қарсы алайық .

  1. Украйнадан келген Қ.Қ

  2. Кореядан келген М:Э

  3. Араб елінен келген М:Е

Шығыс биі.

207 рет ұрысқа кірген батыр кім ?

Бұл шындықты күнделікті

Көріп жүрміз өмірден

Сан мыңдаған жастар өсті .

Өнер алды дарынды

дегендей, ортамызға төртінші тур ойыншыларын қарсы алайық .

Қазақстан Республикасындағы ең биік шың қалай аталады

Жеңістер мен жеңілістен тұратын ,

Өмір – күрес , жеткізе ме мұратын .

Жеңбедім , жеңілдім деп ренжімеген,

Қатысу да бір жеңіс , жан болсаң сен ұғатын.

Ортаға ойыншымыздың жеңімпазын ду қол қошаметпен қарсы алайық.

Қазақтың атақты әншісі, қазақ опера өнері негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері Күләш Байсейітованың шын аты кім ?

Шығыс биі

Тіршілік – арман , бәрімізге де орын бар .

Қуаныш та бар , өкініште бар жолдарда .

Ұстазым менің , достарым менің .

Бәрің де аман болыңдар !







































Сабақтың тақырыбы: Отбасы жарастығы

Сабақтың мақсаты:Бала бойына сүйіспеншілікті , жылылықты

ұялату,ата-анасын құрмет тұтып, адал да

парасатты ұл мен қыз болуға тәрбиелеу;


Сабақтың міндеті: Халқамыздың тәлім- тәрбиесінің ананың

ақ сүтімен, әже өнегесімен,ата ақылымен

берілетіндігін,өзіндік ұлттық қасиетімізді

балалар бойына дарыту.


Күтілетін нәтиже: отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық,

қайырымдылық,достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Слайдтар, жадынама, анкета.

Интерактивті технология.


Сабаққа қажетті құралдар: А3 қағаз, суреттер, қима қағаздар,

тақта, маркерлер.






Тапсырмалар

іс-әрекеттер

Жігіт:



Қарт: 








Жігіт:

Қарт: 









Қарт: 











Қарт: 












Ата! Қол бастау қиын ба,

Жол бастау қиын ба,

Сөз бастау қиын ба?

Е, балам!

Қол бастау қиын емес,

Көк найзалы ерің болса,

Жол бастау қиын емес,

Соныңнан ерген елің болса,

Бәрінен де сөз бастау қиын.

Тауып айтсаң, мереке қылады.

Таппай айтсаң, келеке қылады.

Дұрыс айтасыз, дұрыс айтасыз.

Е,балам!

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады.

Сөз туралы ұлағатты сөздер өте көп

Әділ төре ел бастар,

Батыр жігіт жау бастар.

Аға жігіт қол бастар,

Шешен адам сөз бастар.

Құсты жисаң,бүркіт жи.

Қыс тоныңды түлкі етер.

Бір жақсымен дос болсаң,

Азбас – тозбас мүлк етер.

Бір жаманмен дос болсаң,

Бүкіл алаңға күлкі етер.

Иә, балаларым, сөз кезегін түйіндейтін болсақ

Ақыл – адамды аздырмайтын ем.

Білім – таусылмайтын кен.

Адамның басшысы  - ақыл.

Жетекшісі – талап.

Шолғыншысы – ой.

Жолдасы – кәсіп.

Қорғаны – сабыр.

Қорғаушысы – мінез болуы керек







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!