Мен – ұстазбын және оны мақтан тұтамын.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен – ұстазбын және оны мақтан тұтамын.

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикаға деген қызығушылығым бала кезден пайда болған, бірақ мен оны қай салада қолданарымды анық білмедім. Жоғары сыныптарда біздің сынып жетекшіміз бізбен болашақ мамандығымыз туралы әңгіме қозғап, әр түрлі мамандықтардың жақсы және жаман жақтары туралы сөз етті. Дәл сол кезде мен «Мұғалім – бұл мақтаныш» екендігін түсіндім. Сондықтан мен мұғалім мамандығын таңдадым, бір жағынан өзімнің сүйікті жұмысыммен айналысамын, екінші жағынан болашақ ұрпаққа сабақ беремін. Мұғалім – бұл жан-жақты дамыған, білімді жан. Менің ойымша, 21 ғасыр басқа дәуірлерден өзінің ақпараттылығымен және ақпарат алудың көптеген тәсілдерімен ерекшелік жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мұғалім – менің борышым» тақырыбына эссе.



Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады .

Абай Құнанбаев.



Мен – ұстазбын және оны мақтан тұтамын. Біз бәріміз де оқушы болдық, әрқайсысымыздың басқалардан көбірек жақсы көріп, құрметтейтін мұғаліміміз болғаны анық. Сол сияқты менің де сондай сүйікті ұстазым болды, ол менің мамандық таңдауыма өз әсерін тигізді. Математикаға деген қызығушылығым бала кезден пайда болған, бірақ мен оны қай салада қолданарымды анық білмедім. Жоғары сыныптарда біздің сынып жетекшіміз бізбен болашақ мамандығымыз туралы әңгіме қозғап, әр түрлі мамандықтардың жақсы және жаман жақтары туралы сөз етті. Дәл сол кезде мен «Мұғалім – бұл мақтаныш» екендігін түсіндім. Сондықтан мен мұғалім мамандығын таңдадым, бір жағынан өзімнің сүйікті жұмысыммен айналысамын, екінші жағынан болашақ ұрпаққа сабақ беремін. Мұғалім – бұл жан-жақты дамыған, білімді жан. Менің ойымша, 21 ғасыр басқа дәуірлерден өзінің ақпараттылығымен және ақпарат алудың көптеген тәсілдерімен ерекшелік жасайды. Сондықтанда жаңа дәуір педагогы кез келген қарым-қатынасқа дайын болуы керек. Қазіргі сабақтарды жаңа технологияларсыз елестету мүмкін емес. Олардың арасындағы ең маңыздысы компьютер болды. Мен өз сабақтарымда компьютерді қолданамын, өйткені олар сабақ көрнекіліктерін әлдеқайда тиімді көрсетуге, көзбен қабылдауды жеңілдетуге, одан қалды ақпраттық-іздеу қабілеттерін қалыптастырып, дамытуға өз септігін тигізеді.

 Мен «Білім сапасын арттыру үшін  тиімді құрал ретінде математика сабақтарында оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру» атты тақырыппен жұмыс жасап жатырмын, өйткені тек оқушылардың зияткерлік әлеуеті жақсы болғанда ғана тиімді заманауи білім беру мүмкін деп санаймын. Менің оқушыларым есептерді ауызша да, жазбаша да жақсы орындауға, пайда болған сұрақ бойынша өз қатарластарымен пікір таласқа түсуге де дайын. К.Д.Ушинский айтқандай: « Білім беруді балаға қызықты етіп, бірақ оны ермекке айналдырып жібермеу – дидактиканың қиын міндеттерінің бірі» . Оқушының білім алуға деген үлкен құлшынысы, тек пән оған өте қызық болған кезде ғана мүмкін. Оқушылардың сабаққа деген құлшынысын туғызу үшін, қосымша құралдарды іздеу, олардың жалпы белсенділігі арттыру, щығармашылығын қолдау маңызды рөл атқарады. Өз сабақтарымда бейстандарттық тәсілдерді: саяхат-сабақтары, іскерлік ойын- сабақтары, рөлдік ойындар-сабақтар, дидактикалық ойын сабақтарын қолдана отырып, мынадай қорытындыға келдім, дәл осындай сабақтар білім алудың тиімділігін арттырады. Осыдан он алты жыл бұрын мен алғаш рет осы мектептің табалдырығынан ұстаз болып аттадым, міне сол кезден бері менің үйімдей болған мектеп қабырғасын қия алмаймын. Өз-өзіме: «Мені мұнда не ұстап тұр? Мені жұмысқа не ынталандырады? Балаларға деген махаббат па? Әлде балалардың махаббаты ма?» деген сұрақтарды қоям. Әрине, бәрі! Бірақ бәрінен де бұрын – балаларға қажеттілігімді сезіну, оларды жеке тұлға ретінде қызықтыра алатындығым. Балалардың махаббаты мен құрметіне ие болу үшін жаңа технологиялар мен заманауи методикалар жеткіліксіз. Жан-тәніңмен еңбек ету қажет. Бастысы – баланы өзгелерден ерекшелеп тұратын қасиетін байқай алу, өзін жеткізуде еркіндік беріп, баланың – бұл әлемде өз ойымен, сезімі бар тұлға екендігін ұғындыру. Мейрімділік, жанашырлық, әділеттілік, тәртіптілік, Отанға деген махаббат – осы сезімдерді бала бойына қалыптастыру менің міндетім деп санаймын.

Өз оқушыларымның бойынан не көргім келер еді? Еркін ойлау қабілеті, толеранттылық, мәселелерді шеше білу, өзін жеткізе білу және тағы басқа маңызды қасиеттерді. Бастысы- олардың әрқайсысы жеке тұлға болып қалыптасқаны маңызы. Менің мақсатым – бала бойындағы жарқын қасиеттерді жіберіп алмай, оны одан әрі шығармашылығын дамытуға үлес қосу. Сократ ұстаздарды жаңбыр тамшыларына теңеген. Шынында да тамшының тамшысын ашқанындай, менде әр оқушылардың талаптарын аша білгім келеді. Менің міндетім – оқушының өзін-өзі тануға, өзінің ең маңызы біліктілігі мен қабілетін ашу. Бұл үшін меннен білім, ғылым мен педагогикалық шеберлік талап етіледі. Өз сабақтарымды әдемі де қызықты етіп өткізудің көп жолдары бар, бұл жолдағы ең маңызыдысы ол өз-өзіңе сенім, өзімнің мүмкіндіктеріме сену. Еңбектенбейтін адам ғана бұл өмірде қателік жасамайды. Тек өзіңнің қателіктеріңді тәжірибе деп санау керек. Мұғалімдік жетістіктің мәзірін табу – әр педагогтың арманы. Бірақ та мұндай мәзір жоқ. Мұғалім мамандығын таңдау – бұл ерлік. Мен еш өкінбеймін!

Мамандығымның арқасында мені көптеген адамдар қоршайды, маған қажетті және мені қажет ететін адамдар. Ол үшін әрбір оқушы жеке тұлға, білім обьектісі емес, жұмыстың әрбір екіліктері нәтижесі болып табылмайды, оның себебі маңызды ойлау яғни әрбір сабақ – бұл шығармашылық.

Математикалық білім заманауи қоғамда үлкен рөл атқарғандықтан, менің әр сабағым – оқушыларымның болшағына кішкентай болсын көмек болатынына сенемін және үміттенемін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.12.2017
717
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі