Материалдар / «Мен болмасам, жүрегіңді емдер кім?!» (Маралтай Райымбекұлының шығармашылығына
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мен болмасам, жүрегіңді емдер кім?!» (Маралтай Райымбекұлының шығармашылығына

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мен болмасам, жүрегіңді емдер кім?!" деп аталатын ақиық ақын Маралтай Райымбекұлының шығармашылығына арналған әдеби-сазды кештің сценарийі. Бұл материал жалпы ұстаздар, оқушылар қауымына өте керекті дүние. Ақын шығармашылығымен таныс болам деген кез келген адамға қажетті дүние.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қаңтар 2019
1409
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Мен болмасам, жүрегіңді емдер кім?!»

(Маралтай Райымбекұлының шығармашылығына

арналған әдеби-сазды кеш)

Сабақтың мақсаты: Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,

әдебиетке дүниені дүр сілкіндіріп келген дарабоз дарын,

талант иесі Ыбыраев Маралтай Райымбекұлының

шығармашылығын насихаттау. 

Сабақтың көрнекілігі: ақынның кітаптары, суреттері, слайдтар т.б.

Сабақтың түрі: сыныптан тыс сабақ

Сабақтың барысы:

1-жүргізуші:

Өнерлі асқақ айдан шығарар жыр,
Сол оймен қапысызда ақтарар сыр.
Түсінсең осы ойды асқақтаған,
Жүректегі сырлары аралар қыр, — дегендей көптеген өлеңдердің авторы, табиғатына таланты сай Маралтай Райымбекұлының шығармашылығына арналған әдеби кешті ашуға рұқсат етіңіздер.


2-жүргізуші:

Топ бастаған Маралтай тұлпар еді

Самғаған самұрықтай сұңқар еді

Астасқан бүкіл шығыс тарихымен

Сөзіне тыңдаған жан іңкәр еді – деп ақын жырлағандай , Маралтай ақын - шын мәніндегі халқының көңіліндегісін дөп басып айта білетін, сөз қадірін бағалай алатын ерекше дарын иесі.


1-жүргізуші:

Ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, әдебиетке дүниені дүр сілкіндіріп келген дарабоз дарын, талант иесі Ыбыраев Маралтай Райымбекұлы 1969 жылы 29 сәуірде Жамбыл облысы, Сарысу ауданында туған. Жамбыл педагогикалық институтын бітірген.


2-жүргізуші:

2002 жылдан «Қазақ әдебиеті» газетінде «Жас қалам» қосымшасының редакторы. Қазақстан Жазушылар одағында Әдебиетшілер үйінің директоры, 2007-2008 жылдары «Кентавр» газетінің бас редакторы, 2008-2012 жылдары Қазақстан теле-радио корпорациясында редактор-жүргізуші және шолушы қызметтерін атқарды. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында әдеби кеңесші, сондай-ақ, «Қазақ әдебиеті» газетінің «Жас қалам» қосымшасының редакторы.


1-жүргізуші:

Сен де кештің сол мұңды, мен де кештім,

Сені қайдам, мен енді емделмеспін.

Әппақ нұрдан жаралған қанатымды

Көрсе-дағы, қайтейін, сенбеді ешкім – деп жырлап жүрген дарабоз ақынның шығармашылық кешін өзі оқыған өлеңімен бастағалы тұрмыз.

http://kaztube.kz/ru/video/57424 (Маралтайдың өзінің оқығаны)

2-жүргізуші:

Келесі кезекті әдебиетке жаны құмар ақын өлеңдерін жан-тәнімен сүйіп оқитын мектеп оқушыларына берейік. Алдарыңызда 8 «Б» сынып оқушысы Құрманбек Дінмұхамед «Өзек» өлеңімен.

(Құрманбек Дінмұхамед «Өзек»)

2-жүргізуші:

Ақын өлеңдері 1987 жылдан бастап республикалық басылымдарда үздіксіз жарияланып келеді. 1996 жылы “Жазушы” баспасынан “Ай-Нұр” атты тұңғыш кітабы және 2000 жылы “Жазушы” баспасынан “Ай” деген өлеңдер жинағы жарық көрген. «Қарлығаш», «Қос ішек», «Толқыннан толқын туады» (1995), «2000 жылдық Дала жыры», «Жас ақындар антологиясы» сияқты ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. 2008 ж. «Кентавр» атты кітабы жарыққа шықты.


1-жүргізуші:

Маралтай Райымбекұлы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты (2000). Қазақстан Республикасы Президентінің 4 мәрте стипендиаты. Қазақстан Республикасы Президенті Грантының иегері. 2008 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Кентавр» өлеңдер жинағы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанған.


https://www.youtube.com/watch?v=DEUMQwBS8EA (Маралатайдың берген интервьюі)

ақынның сөзіне қатысты сөздер жазу керек


2-жүргізуші:

«Сұлулыққа сұқтану қайыңға тән,

Қастарыма күшімді пайымдатам.

Өзім қанша мықтыны мойындадым,

Енді өзімді өзгеге мойындатам», – деп келетін Мұхтар Шахановтың өлеңі бар еді. Біз солай еліктеп өскенбіз. Ақын болсақ, мойындатсақ дедік. Кез келген адам өнерге өзін мойындату үшін келеді деп ойлаймын. Мен алдыңғы буын ағалардың бәрін мойындаймын, мойындап та келемін. Бірақ пәлен мықты, түген мықты деп қазақтың ақындарын алалағым келмейді. Көзі тірілерден маған ешкімнің жаттығы жоқ. Бәрін де жақсы көремін. Бұл ақынның өз сөзі. Осылай халықты мойындатып келе жатқан талант иесі аға буын ақиық ақындарды да ұмыт қалдырған жоқ. Оларға өзінің жыр маржандарын арнады. Қазір алдарыңызда ақынның «Мұқағалиға» арнауын оқитын 8 «Б» сынып оқушысы Рахымова Жанна.


(Рахымова Жанна «Мұқағали»)


1-жүргізуші:

Маралтай ағамызға бір журналист жігіт былай деп сұрақ қойыпты: – Сіздегі мінезді білеміз. Ақынға тән тарпаң мінезіңіз бар. Айтар жерде айтып салып жүре бересіз. Шыныңызды айтыңызшы, шындыққа келгенде бүгіп қалған, өз мінезіңізді өзгерткен, бұғып қалған кезіңіз болды ма?


2-жүргізуші:

Сонда ағамыз былай деп жауап беріпті: – «Жындыны жынды дей берсе, бөркі қазандай болады», – дейді ғой. Мінезің бар деп бәрі айтады. Бірақ менің болмысым сол. Кезі келіп тұрған сөзді айтып кетпесем, мен ауырамын. Жаным азапқа түседі. Біреудің теріс ісін көріп қалсам, үндемей-ақ қояйыншы деп кетіп қалам. Бірақ жарты сағаттан кейін шыдамай, қызу қаным басыма шапшып, сол адамның алдында тұрамын.


1-жүргізуші:

Әрине ақынның бұл жауабынан ағамыздың өрмінезді, қызу қанды, бетке басып айтар, өтірік пен жағымпаздыққа жаны қас адам екенін байқаймыз. Сондай-ақ, ақынның бүгін заман талабына, қоғамда жастардың арасындағы болып жатқан әртүрлі кері қылықтарға бей-жай қарамайтындығын келесі бейнекөріністен көруге болады:

https://www.youtube.com/watch?v=3MP-x0-8BnU (Маралтайдың Алматы туралы айтқаны)

2-жүргізуші:

Ұйықтап жатқан көңілді ән оятар демекші мектебіміздің жас әнші қызы 8 «Б» сынып оқушысы Үсен Нұрайдың орындауында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнін тамашалаңыздар.

(Үсен Нұрай ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»)

1-жүргізуші:

Мен туғанмын ер Мұхаммед өлген күн.

Мен болмасам, жүрегіңді емдер кім?!

Хақ Мұхаммед айтып кеткен кешегі

Келеді деп...

Келген ақын, сол – менмін – деп жырлап жүрген Маралтай ағамыздың өлеңдеріне кезек берсек.

(Кәдірхан Мұхамеджан «Бақыт» өлеңімен)


2-жүргізуші:

Ақынның 2012 жыл Астана қаласында «Ассалаумағалейкум Астана!» атты шығармашылық кеші болып өтті. Кеште ақыннның халық құлағында жатталған өлеңдері мен сөздеріне жазылған әндері орындалды. Кештің ең кішкентай қонағы ретінде Маралтай ағамыздың қызы Айнұр қатысты. Айнұр Маралтайқызының орындауындағы «Астана» өлеңін экраннан тамашалаңыздар.

http://kaztube.kz/ru/video/57412 (Қызы Айнұрдың оқығаны)

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар бүгінгі біздің кешіміздің де ең кішкентай және қадірменді қонағы болып Маралтай ағамыздың қызы Айнұр Маралтайқызы қатысып отыр. Сөз кезегін Айнұр Маралтайқызына берейік.

(қызы Айнұр Маралтайқызы)


2-жүргізуші:

Бір сұхбатта журналист жігіт ағамызға Маралатайдың сүюі дегеніміз не? деп сұрақ қояды. Сонда ағамыз: Адамдардың түйсінуіне тән жүйемен айтар болсақ, өмірімде бір-ақ рет сүйгем. Қызға қатысты. Бесінші сынып оқып жүргенімде бір қызды сүйгем, сол өмір бойы көңілімде қалып қалды – дейді.

Бұдан байқағанымыз ағамыздың алғашқы махаббаты ерте оянса керек. «Алғашқы сезім» өлеңімен алдарыңызда 8 «Б» сынып оқушысы Батырбайұлы Нұркелді.

(Батырбайұлы Нұркелді «Алғашқы сезім»)


1-жүргізуші:

Тағы да бір сұхбатта журналист жігіт ағамыздан «өлім деген не?» - деп сұрайды. Сонда ағамыз: Өлімнің өзінен өмір іздеген халықтың перзентіміз. Біреулер үшін қорқынышты тақырып болуы мүмкін, мен үшін қызық. Адам оған үнемі дайын болуы керек. «Өлмек үшін туғансың, оны да ойла» - дейді Абай. Мені о дүниенің формасы қызықтырады. Әбілхаят суы сылдырлап ағып жатады дейді, түрлі-түсті жемістер мәуелеп тұрады дейді. Бұ дүниенің рақаты о дүниеде басқаша мәнге ие болатындай көрінеді – деп жауап беріпті. Ағамыздың «О дүниеге хат» өлеңімен 8 «Б» сынып оқушысы Өтемісбай Нұрай.

(Өтемісбай Нұрай «О дүниеге хат»)


2-жүргізуші:

Келесі бір сұхбаттарда журналист жігіт: Соңғы кездері сондай селт еткізер, аңызға айналып, бүкіл елдің аузында жүрер өлеңдеріңіз неге жоқ? – деп сұрақ қойыпты. Сонда ағамыз:

Бұрқыратып өлең шығаратын өнеркәсіп орталығы емеспін. Жүрек нені қалайды, нені жаз дейді, соны жазамын. Тіпті жылына бес-алты-ақ өлең жазуым мүмкін. Осы уақытқа дейін жазған өлеңімді жиып терсем, 160-ақ өлең екен. Жазбадым емес, жазып жатырмын. Бірақ ол өлеңдерді кім оқып жатыр? Бір жағынан оқымады деп оқырманды да кінәлай алмайсың. Кітабы қолына тимесе, жұрт  ақынды қайдан оқиды? «Кентавр» атты кітабым 2008 жылы бар-жоғы 2000 данамен шықты. 2000 дана дегенің көзге тамызғандай-ақ нәрсе. Республиканың жер-жердегі кітапханаларына жеткен жоқ. Керек десең, сол кітабымның өзімде бір данасы да жоқ. Менен бәрі кітап сұрап, өлең сұрап жүр. Қазір жалған жарнамашыл ақындар көбейді. Әнге сөз жазғыштар қаптады. Кім шашын әдемілеп тарап, теледидардан ақынмын десе, халық соны таниды. Бір-екі әнге сөз жазған ол ақынның өресі қандай, деңгейі қаншалықты, оған үңіліп жатқан ешкім жоқ. Ол үшін халықты кінәлай да алмайсың. Халық экраннан кімді көрсе, соны таниды, өйткені. Өлеңдерім жоқ емес, бар. Бірақ халыққа жетпей жатыр. Ғаламтордың тілін білмеймін. Қазір ғаламтордың тілін білетіндер жылдам танылуда. Бірақ мен мұның бәрі де уақытша деп ойлаймын. Құдай дейтін халық бар, халық деген – Құдай ғой. Уақыт пен халық бәрін елеп-екшейді. Мені осы сабыр ғана сақтап жүр. Әйтпесе жазбай жатқаным жоқ – деп жауап беріпті.


1-жүргізуші:

Иә, ағамыз қалың оқырманға осындай өкпе назын да білдіріп жатыр. Бірақ артында бүгінгідей ұрпағы барда, Маралтай оқылмай қалмақ емес. Тек жас буынға түсіндіру, насихаттау болса ағамыздың өлеңдері жас ұрпақтың санасында жатталып өспек. Олай болса кезекті тағы да ағамыздың жыр-шумақтарына берсек. Алдарыңызда 5 «Д» сынып оқушысы Райысова Айгерім.

(Райысова Айгерім «»)


2-жүргізуші:

Отан, туған жер, туған ел тақырыбын жырларына арқау етпеген ақын-жазушылар жоқ болса керек. Ағамыздың да туған жер тақырыбындағы «Қызғыш» өлеңімен 9 «Г» сынып оқушысы Шакенбаев Ханзатты ортаға шақырамыз.

(Шакенбаев Ханзат «Қызғыш»)


1-жүргізуші:

Пұшайман халім өртеді мені.

Қылқобыз денем шертеді нені?

Жал бітті, кенет... жотама менің,

Оқиғадағыдай ертегідегі. Келесі кезекті тағы да ақын өлеңдеріне берсек.


(Керімова Айдын «Тарихтың кім?»)


2-жүргізуші:

«Болмасаң да, ұқсап бақ» демекші ағаларымыздың өлең-жырларымен сусындап өсіп, соларға еліктеп қалам тербетіп жүрген оқушыларымыз да бар. Маралтайға ағамызға арнау өлеңімен -------------------------------------------------



1-жүргізуші:

«Ән - көңілдің ажары» демекші келесі кезекті тағы да әсем әнге берсек.

(Үсен Нұрай ән: «Толғау»)


2-жүргізуші:

Өлеңді сүйдім. Өлең қай кезде де мен үшін алғашқы орында тұрды. Өзімнен бұрын. Әр талдың түбіндегі көзге көрінер-көрінбес шөптен поэзия іздедім. Жаңа жауып алақанға қонған қар еріп үлгергенше сол аралықтағы поэзияны таныдым. Мұқағалидың зиратының басына барып, құлпытасының ернеуіндегі топырақты «өлең ғой» деп қырып алып жедім – дейді ақын өз сөзінде. Өлеңді, поэзияны осыншама құдірет деп таныған ақын өлеңдеріне кезек берсек. «Игілік» өлеңін оқитын 8 «Б» сынып оқушысы Жарылқасын Хамза.

(Жарылқасын Хамза «Игілік»)


1-жүргізуші:

Тұлпарға мінген Ұлы даланың,

Тарпаң мінезді ұлы боламын.

Жауларым семсер сілтеген сәтте,

Қиылған талай гүлім, қарағым. Келесі кезекті тағы ақын өлеңдеріне берсек.

(Сәрсенбек Анар «Әйел»)


2-жүргізуші:

Маралтай Райымбекұлы жайлы айтылар әлі талай жыр, талай әңгіме бар. Ақын өлеңдері әлі талай ұрпақтың санасына ой мен сезім ұялатары сөзсіз. Ардақты ағайын! Бүгін ағамыз жайлы азды-көп сөз қозғадық. Өлеңдерін оқыдық. Пікірлерін тыңдадық. Бүгінгі кешімізден жас ұрпақ ақын жайлы аз да болса мәлімет алса, өлеңдерін білсе, ақынның жан дүниесін сезіне білсе біздің мақсатымыздың орындалғаны. Маралтай Райымбекұлы жайлы әлі талай жыр айтылары, талай кеш өтуіне кәміл сенеміз. Біз сияқты ұрпағы барда ағамыздың аты мәңгілікке өлмек емес. Кешіміздің соңын ағамыздың «Құдірет» өлеңімен аяқтағымыз келіп тұр. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет. Қош сау болыңыздар.

(Батырбайұлы Нұркелді «Құдірет»)



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!