Мен-елімнің тірегі
(спорттық
сайыс)
Құрметті ұстаздар,оқырмандар!
«Салауатты өмір салты» атты спорттық сайысына қош
келіпсіздер!
Мақсаты:
Халық
педагогикасын пайдалана отырып оқырмандарға салауатты өмірді
насихаттау, өзі қалаған спорт түрлерімен шұғылдануға бағыт
беру.
Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында
көрсетілген өзекті мәселенің бірі – салауатты өмір сүру. Салауатты
өмір сүру дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос
уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы
тамақтану,зиянды әдеттен аулақ болу. Ал зиян әдет дегеніміз:
қазіргі таңда етек алған заманымыздың кеселді дерттері – шылым
шегу, нашақорлық, маскүнемдік.
«Бірінші байлық - денсаулық»
дейді халық, ал ойын денсаулықты арттырады. Деніміз сау болу үшін
уақытты, күшті аямай жұмсау қажет. Салауатты өмір салтын ұстап,
ширақ жүріс, жеңіл қозғалысқа ие болу бүгінгі күннің өзекті
мәселесі емес пе?
Бұгінгі сайысымызға төрелік ететін қазылар
алқасымен танысып алайық.
Өзгелердің пікіріне құлақ асам.
Салауатты өмірге қадам басам,
Имандылық, ізгілікті бойға
жинап,
Болашақта дені сау ұрпақ
болам – дей келе сайысымыздың шарттарымен
таныстырып өтейін.
-
Таныстыру.
-
«Заттар сөйлейді» жұмбақ
сайысы.
-
«Кім көп біледі» сұрақ – жауап.
-
Денсаулық туралы халық
даналығы.
-
Спорттық жарыстар.
-
Қорытынды.
І – бөлім: Таныстыру
Қазақпыз ғой бәйге десе
қозатын,
Қосатұғын күрең атын, боз
атын,
Басталады бүгінгі сайысымыз,
Таныстыру бірінші сынақ
болатын, - деп ортаға топтарды
шақырамыз.
ІІ-бөлім: «Заттар сөйлейді»
жұмбақ сайысы.
Бұнда әр топқа үш зат арқылы
ұлттық салт- дәстүрмен, денсаулық, спортпен ұштастырып сұрақ
беріледі.
І-топ сұрағы:
Қызықтырған есепшіні, ойлыны,
Бабалардың бұл ежелгі ойыны.
Екі адамға тең бөлінген «мал- жайы»,
Ойнау үшін тақтасы бар арнайы.
Әр қайсысының сегіз ұя – «ойы» бар,
Әр ұяның дәл тоғыздан «қойы» бар.
Бұл қазақтың қай ұлттық
ойыны? (Тоғызқұмалақ)
Жерге түскен айдай,
Секеңдеуі көпті.
Тура тептім таймай,
Ұстап
көрші......ты.
(Доп)
Тем-тем, тем еткен,
Тебінгіден тер өткен.
Қанжығадан қан өткен,
Қараған басын қайырған.
Ай керек –ау, ай керек,
Айдың жүзі
дөңгелек. (Ақсерек-Көксерек
ойыны)
ІІ-топтың сұрағ:
Бір үйдің бес баласы болыпты,
Сен тұр қойыңа бар!
Сен тұр қозыңа бар!
Сен тұр жылқыңа бар!
Сен тұр түйеңе бар!
Сен тұр сиырыңа бар!
...Ал сен алаңдамай
Қазан түбін жалап,
Үйде
жат. (Саусақ санау ойыны)
Ұрамыз ол байғұсты таяқпен
де,
Тебеміз сәті түссе аяқпен де.
Томпаңдап жүгіреді ұрған сайын,
Басынан сипамайды аяп
пенде. (Доп)
«Ақылы асса – аға
қой,
Жасы кіші демеңіз.
Қолыңа жақса – сақа қой,
Қой асығы демеңіз» - деп асық
атауларын атап беріңіз?(Сақа, оңқай - малдың оң
асығы, солақай-малдың сол асығы, алшы, тәйке, бүк, шік,
қынжы)
ІІІ-бөлім: «Кім көп біледі» сұрақ –
жауап.
Ұлылардың ұрпағымыз кешегі,
Ой қалдырған, сөз қалдырған еселі.
«Кім көп біледі?» сайысына қатысып.
Сұрақтардың жауабын кім шешеді?
І-топқа сұрақ:
Қазақтың ұлттық
ойындары: (Көкпар, Бәйге, Аударыспақ,
Қыз қуу, Тоғызқұмалақ, Алтыбақан, Ақсүйек)
Темекінің зияны
не? (жүйке қан тамыры, ас
қорыту, тыныс алу мүшелерін улайды)
Салауаттану деген қандай
ғылым? (дені сау адамның
денсаулығын сақтау туралы ғылым)
ІІ- топқа сұрақ:
Қазақ балаларынын ұлттық
ойындарын атаңдар? (Ақсерек – Көксерек,
Айгөлек, Соқыртеке, Орамал тастау, Жаяу көкпар, Бес тас, Асық
ойындары)
Темекінің құрамындағы улы
затты не деп атайды?
(Никотин)
Салауатты өмір сүру үшін
қандай қағйдаларды ұстану керек?Салауатты өмір салтын ұстану туралы
жарлық қашан шықты? (30 желтоқсан 2001
жыл)
ІV-бөлім:Денсаулық туралы халық
даналығы.
Ас –тамақ, тазалық денсаулыққа байланысты
мақал-мәтелдер сайысы.
І-топ: ІІ-топ:
Ас үстінен аттама, Тазалық саулық
негізі,
Астан үлкен емессің. Саулық- байлық
негізі.
Аурыу батпандап кіреді, Ас иесімен
тәтті,
Мысқалдап шығады. Табағымен жақсы.
Нас басқанды – бит басар. Ластың досы –
шыбын.
Тазалық денсаулық кепілі.
Жалқаулық - жаман ауру
Қотыр қолдан жұғады, Көзің ауырса, қолыңды
тый,
Таз тақиядан жұғады. Ішің ауырса, аузыңды
тый.
Әлсіз денеге аурыу ұялайды. Ас
– адамның арқауы.
V-бөлім: Спорттық
жарыстар.
Спорт деген азанда,
Алады да тұрғызып.
Еріншектік аз онда,
Бастайды ойын бір қызық.
Сергектікті қалайды,
Спорт оның айғағы.
Айтсаң мәнін ұқтырып,
Спорт деген мықтылық.
Сайыскерлер спорттың әр түрінен өз өнерлерін
көрсетеді.
-
Капитандар сайысы «Күштілер»
бөлімінде: Қол күрестіреді.
-
«Алғырлар» бөлімінде: «Егер мен...» логикалық
сайыс.
-
Егер мен дене тәрбиесі пәнінің
мұғалімі болсам...
-
Егер мен денсаулық Министрі болсам...
-
«Ептілер» бөлімінде:
а) Қасықпен суды төкпей
екінші ыдысқа толтырады.
ә)
Кубиктерді бір орыннан екінші орынға апарады.
б) Доп жетелеу.
в) Дөңгелекпен
жүгіру.
г) «Ұқыптылар» бөлімінде 1
ден 20 дейінгі сандарды ретімен мүдірмей айтып шығу
керек.
Әділқазылар алқасына сөз
кезегін береміз.