"Мен және менің мамандығым"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен және менің мамандығым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал әр жастағы оқырмандарға оқуға болады. Бұл материалда өз мамандығым туралы эссе жазылған. Мамандықтың қыр-сырын білу, оны өмірмен, табиғатпен байланыстыра отырып, психолог мамандығының қазіргі таңда қоғамға оның ішінде мектеп жасындағы балаларға қажеттілігін әріптестеріме ұсыныс ретінде жариялап отырмын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен және менің мамандығым.

"Керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі"

Абай

Мен кіммін? Кез келген адам есейіп, ес білген шағында өзіне қоятын сұрағы осы болса керек? Өзімді таныдым ба? Бұл қоғамда орным бар ма? Бар болса, қандай дәрежеде деген сияқты ойлар ойлауға қабілеті бар әр пенденің санасында шарқ ұруы табиғи құбылыс.

Менің балалық шағым Тарбағатай тауының бөктерінде, аласұрып, алқынып, кейде жарға соғылып, кейде сабасына түсіп, кейде тіпті сылқылдап күліп ағатын Қарғыба өзенінің жағасында өтті. Жаратушының табиғат пен адамды жаратуында бір үндестік барын мен сол бір албырт бала шағымда түйсінгем.

Асқақтап, бұлтқа шоқысын беріп, бірде көгілдір тартып тұратын таулар, маңғаз тәккәпар адамның қылығын, тау-тасты, жарып шығып, мәңгілік жасыл боп тұратын мүк пен қына бейне бір еңбекқор адамның, өмірге құштар адамның кейпіндей ме? Қалай? Сол балалық дәурен қол бұлғап артта қалып, өмірден өз орныңды дөп тауып, адам болудың қамына кірісерде кім болам? деген сауал сананы саққа жүгіртті. Ішкі түйсігімді тыңдасам, бала оқытуды жөн көргендеймін. Сөйтіп жүріп, уақытты оздырып, психолог боламын деп -шештім. Сонау балғын күндерімнің сағымы, патша көңіл, пәк жүрек бала жанын ұғынуды жан дүниесінің шырғалаңын шешуде, қолдау көрсетуге, өмірді сүюді үйретуге, мейірімділік пен шуақты сезінуге баулуға жөн көріп, жан туралы ғылымның тереңіне үңілдім, өзіме керекті таптым. Өзімнің біреуге көмек көрсете алатынымды сезінгенде менен бақытты адам болмады. Мамандығымның қыр-сырын жетік меңгеруді мақсат ете отырып, ғылыми тұрғыдан өз бетіммен іздендім. Мұғалімнің де, баланың да тығырыққа тірелетін сәттері, жанының жараланып, торға түскен торғайдай күй кешетін тұстары жиі кездеседі. Сол жандарға жанының дауасын тауып, жүрегінің кілтін тауып, айына жарық түсіріп, көңіліндегі қаяуды сумен жуғандай ғып, тап-таза, мөлдір әйнектей күйге түсіру менің қолымнан келетінін бүгінде мақтан тұтамын.

Апайлап, алды -артымды орап жүретін балалардың аппақ қардай көңілдерін, мөлдіреген көздерін көргенде, құйтақандай жүректерінде иненің көзіндей де қылаң болмаса деп тілеймін. Бүгінгі таңда психолог мамандығы үлкен сұранысқа ие болды. Себебі жастардың бір бөлігінде әлеуметтік-позитивтік бастамшылдық мүлдем жойылып, оның орнын мақсатсыз уақыт өткізу алмастырып отыр. Тәрбие жұмысында жастардың бос уақытын ұйымдастыру көңіл көтеру сипатындағы бір реттік шоу-шараларға ұқсас.

Жаһандану процесіндегі шиленіспен байланысты бірқатар проблемалар байқалады: балалар мен оқушы жастардың бұқаралық мәдениет құндылықтарына, сапасы төмен бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратына және интернет сайттарға бағдарлану.

  • қатыгездікті насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге, алкоголь және есірткі қолдануға әуестенуі, оқушылар арасындағы ерте жүктілік, тіпті жезөкшелік.

  • еңбек тәрбиесінің төмендеуі, әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, дін секталарына қатысу т.с. сияқты келеңсіз жайттар орын алып отыр.

Осы мәселелерді шешуді өз міндетім деп білмесем, білгендігім қайда болады? Бала деген халықтың басынан бүгінгі күні не өтпей жатыр. Әке-жауыз, ана мас, жоқшылық пен ар-ожданын таяздығы жұдырықтай жүректі бұлқындырып, араша сұрап арпалыстырмай ма?

"Үлкен болып қалу үшін ғаламда

Үлкен жүрек керек әркез адамға" демекші ішкі жан дүниесін ұғатын мұқтаж адамдарға қол ұшын беретін жан Ол психолог. Өз мамандығымның қоғамға қажеттілігін сезіне отырып, бар күш жігерімді, білімім мен тәжірибемді адамның жанын ұғынып, тұлғаның кедергісіз дамуына арнасам деген үлкен Мұратым бар. Әр баланың "жүрегіне терең бойлап", мына жарық дүниенің өлшемсіз бағасын жеткізуді парызым деп білем. Абайдың қара сөздерінен нәр алам, хакімнің 7-ші қара сөзінде "Жан қуаты деген қуат-бек көп нәрсе" дей келе ұстаз оның ішінен ерекше екі түріне тоқталады. Бұл педагогикадағы таным үрдістеріндегі басты заңдылық пен үндес келеді. Адамның жады туралы 31-сөзінде 4 түрлі себеп көрсетеді. Осылай Абайша "Жүрек сырын, тылсым сезім, терең ойды" арқалап ауырған жанның шипасын тапсам деймін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
23.01.2018
349
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі