Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мен және менің ұстазым

Материал туралы қысқаша түсінік
бұл тақырыпта қысқаша шығарма мұғалім туралы жазылды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен және менің ұстазым


Ақырын жүріп, анық бас, 

Еңбегін кетпес далаға 

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға,-

деп ұлтымыздан шыққан ұлы Абай атамыз айтпақшы, шынында да ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс.

         Ұстаз! Ұстаз – деген ұлы тұлға. Оның ұлылығы мінез-құлқында, адаммен қарым-қатынасында, баланың балалығын қабылдай білетін жылы жымиысында, әрбір іс-әрекітінде жатқан жоқ па?

         Ұстаз – біздің екінші анамыз. Анамыз бізге өмір сыйлап, өмір-өзен ағысында батыл қадам басып кетуімізді арман етсе, ұстазымыздың арманы да осы емес пе? Жылдың 364 күнінің 270 күнін ұстаздарымыздың жанында өткіземіз. Олардың тәлім мен тәрбиесіне қанығамыз, «ғылым» атты асау тұлпарды жүгендеуді де осы ұстазымыздан үйреніп-білеміз. Көзімізді тырнап ашып, алтын ұя-мектебімізге шауып келгенде, бірінші көретініміз де осы – ұстазымыз. Әсіресе, ұстардың ішінде сынып анасының, яғни сынып жетекшісінің еңбегі елеулі. Сынып жетекші ол тек білім теңізінде жүзетін кеменің капитаны ғана емес, ол оқушының танометрі іспетті. Әр оқушының мінез-құлқын жетік меңгерген, әр ата-ананың тілін тап баспай табатын ұлы тұлға.

Қазақ тарихында мәңгі ізін қалдырған ұлт зиялыларын «ұлы тұлға» демейміз бе? Ол ұлыларымыз да ұстаз алдын көрген ғой. Оларға ұлылық, әрине, ұстаздарынан дарыған. Ұстаз деген –ұлылардың ұлысы, аналардың анасы. Саналы оқушылық өмірімде сан ұстаздың алдын көрдім. Олардың әрқайсысынан өз бойыма ізгілікті сіңіре білдім. Сондықтан ұстаздарымды бір-бірінен бөліп-жару, анау-андай, мынау-мындай еді деуге қақым жоқ. Айтпаймын да. Дегенмен, сынып жетекші деген ыстық екен. Сынып жетекшің жанында болса өзіңді қамқоршың, қорғаның бардай сезінесің. Байқаусызда әлдекімнен ескерту алып, оны сынып жетекшің біліп қалса, өзімді қоярға жер таппаймын. «Әттеген-ай, мына кісіні орынсыз ренжіттім бе? — деп қысыламын. Ол сынып жетекшім — Салтанат Маралбекқызы  деген шәкірттік махаббатым шығар. Салтанат Маралбекқызы қашан көрсең, сыныбы үшін құрақ ұшып, жүгіріп жүреді. Сынып жетекшіміз  бізге «мынау бала ғой» деп қарамайды, керісінше «сендер бала емессіңдер, азаматсыңдар, сендер Отан алдында, отбасы алдында, тіпті бір-бірлерінің алдында тәрбиелі, білімді болуға борыштарсыңдар» дейді. Және де ол кісі біз шүлдірлеп орысша сөйлесіп тұрсақ, әжептәуір өкпелеп, өз ана тілдеріңді өздерің қадірлемесеңдер, өзге ұлт өкілдеріне қай бетімізді айтамыз?» — дейді. Және де:

Алыстан алаш десе, аттанамын,

Қазақты қазақ десе, мақтанамыз.

Болғанда әкем-қазақ, шешем-қазақ

Мен неге қазақтықтан сақтанамын,-деген өлең жолдарымен шегелеп сөзін тоқтатқанда, қәдімгідей өз тілімізді өзіміз шұбарлағанға ұялып қаламыз.

Менің ұстазымнан үйренгенім де, үйренетінім де көп. Шәкірттік өмірде осындай ұстаздың алдын көргенім үшін қуанамын. Өз ұстазыма жүрегімді жарып шыққан төмендегідей өлең жолдарын арнаймын:

Ұстаздықтың ауыр жүгін көтеріп,

Оңашада ойға баттың, ой өріп.

Алдыңыздан қанат қақты сан ұрпақ

Еңбегіңіз жүрді кілең өтеліп.

Жүректерге білім нәрін мың құйып

Жанарыңда тұратындай күн күліп,

Болашаққа бағыт-бағдар сілтейсің

Адалдықты әр ісіңмен білдіріп.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
884
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12