1-тапсырма.
«Серпілген
сауал» әдісі (топпен
жұмыс)
Оқушыларға өз мекен-жайының
ерекшеліктерін, негізгі айырмашылықтарын анықтату
мақсатында ұйымдастырылады.
Бұл тапсырманы орындауға
барлық оқушылар қатысады. Оқушылар суретке қарап, ауыл мен қала
туралы әңгімелейді. Мәтінді өз беттерінше оқиды. Содан кейін
оқушыларға сұрақтар қойып, допты лақтырамын. Допты қағып алған
оқушылар сұраққа жауап береді. Егер допты қағып алған оқушы
сұрақтарға жауап бере алмаса, допты келесі оқушыға лақтырады.
Оларға мына төмендегі сұрақтар қойылады:
-Қала мен ауылды қалай
анықтадыңдар?
-Қала мен ауылдың қандай
ұқсастығы бар?
-Қала туралы не
білесің?
-Кімдерді қалалық деп
атайды?
-Ауылдық жердің қандай
ерекшелігі бар?
-Ауыл тұрғындары немен
айналысады?
Сенің қайда тұрғың келеді?
Неліктен?
-
Қ.Б. «От
шашу» әдісі арқылы
бағалайды
2-тапсырма. (топпен
жұмыс)
Оқушыларға интернеттен
Қазақстанның бұрынғы кезеңнен бастап, қазірге дейінгі қалалары
туралы материал табуға ұсыныс беріңіз. Деректерді кестеде қала
атауын бірінші бағанға, көрікті жерлердің атауын екінші бағанға
орналастыруды ұсынамын.Олар бұл деректерді мына төмендегі кестеге
орналастырады.
Қалалар
атауы
|
Көрікті
жерлері
|
|
|
|
|
|
|
Оқушылар кестеге өздері
жинақтаған қала аттарын және көрікті жерлерді жазады. Олар өздері
жинаған мәліметтеріне сүйене отырып, қалалар туралы әңгімелейді.
Әңгіме барысында олар өз қалаларының басқа қалалардан ерекшелігін
айтады. Оқушыларға «Менің қалам» тақырыбында
видео көрсетемін. Оларға өз қалаларының көрікті
жерлерін видеодан көрсетемін. Оқушылар видеоға сүйеніп, өз
мекенінің ерекшеліктерін, негізгі
айырмашылықтарын анықтап, ондағы көрікті жерлерін
әңгімелейді.
Қ.Б. Бәрекелді! Жарайсыңдар!
3-тапсырма. «Галереяға ой
шарлау» әдісі (жеке
жұмыс)
Оқушыларға бұл тапсырманы
дереккөзден алған ақпарат негізінде өз көзқарасын білдірту
мақсатында қолданамын.
Бұл тапсырманы жеке жұмыс
түрінде орындатамын.. Оқушыларға «Менің қалам» атты видеодан көрген
көрікті жерлерді және дереккөзден алған материалдарын пайдалана
отырып, коллаж жасауды ұсынамын.
Оқушылар коллаж жасағанда өздері дереккөзден алған ақпаратты
пайдаланады. Оқушылар тапсырманы орындағанда мына төмендегі
критерийлерді басшылыққа алады.
1.Қандай елді мекенге
жатады?
2.Ол қай жылы
құрылған?
3.Онда қандай көрікті жерлер
бар?
4. Кімнің есімімен байланысты
аталған? Неліктен?
Тапсырманы аяқтағаннан
соң,бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
Қ.Б. «Екі жұлдыз, бір
тілек» (оқушылар бірін-бірі
бағалайды)
4-тапсырма. «Досыңа қоңырау шалу»
ойыны (жұппен
жұмыс)
Оқушыларға өзінің
тұрғылықты жерінің орны, ерекшелігі туралы әңгімелету
мақсатында жүргіземін.
Ойын барысында оқушылар
өздерінің алыстағы немесе шетелдегі
достарымен немесе жақын туыстарымен ғаламтор (скайп) немесе телефон
арқылы сөйлесуді сахналап көрсетуді тапсырамын. Оқушылар
бір-бірімен сұхбаттасу барысында өз мекен жайы туралы айтады.
Оқушылар өз достарымен сөйлесу кезінде өз қаласының, оның тұрған
орны туралы әңгімелейді. Өздерінің қалаларының көрікті жерлерін
сипаттайды. Оқушылар осы тапсырма барысында бір-бірімен алған
әсерлерімен бөлісті.
-Қ.Б. «От
шашу» әдісі арқылы
бағалайды.
Бағалау
Бағалаудың бір түрі ретінде
оқушыларға мынадай тапсырма беруге болады. Ұсынылған нысандар
тізімінен қалаға және ауылға тән белгілерді тауып, қаланы «Қ»
әрпімен, ауылды «А» әрпімен белгілеуі
тиіс.
№
|
Белгілері
|
«Қ» -
«А»
|
1.
|
Көп қабатты
үйлер
|
Қ
|
2.
|
Университеттер,
колледждер
|
|
3.
|
Қосалқы
шаруашылық
|
|
4.
|
Зауыттар мен
фабрикалар
|
|
5.
|
Бау-бақша
|
|
6.
|
Омарта
|
|
|