Материалдар / Мен және табиғат .Г дыбысы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мен және табиғат .Г дыбысы

Материал туралы қысқаша түсінік
Аналарға сыйлайтын, Аралар бал жинайтын. Бұл немене балалар, Үзуге адам қимайтын. (Гүл) «Гүлдер әлеміне саяхат» әдісі бойынша топқа бөлу. Тақтаға теріс қаратып, гүлдер суретін жасырып қоямын. Гүлдердің түрлері бойынша топқа бөлемін. Гүл – әсемдік символы.Гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде бір-бірімізге сыйлаймыз. - Гүл – дегенде қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? –Г Олай болса, біздер бүгін Г дыбысымен және әріпімен танысамыз Гүл сөзіне дыбыстық талдау жасату.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
436
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мен және табиғат. Г дыбысы мен әрпі.


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

1.1.9.3.Сөздің буыннан тұратынын және сөздегі буын санын анықтау.

1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін

түсіну.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушы: Г дыбысы мен әрпін таниды, ажыратады.

Көптеген оқушы:Буын санын ажырата алады,нақты сөйлеу арқылы түсінгенін еркін жеткізе алады.

Кейбір оқушы:дыбыстарды айтылудағы айырмашылығын ажырата біледі

Бағалау критерийлері

Г әріпін таниды және ажыратады.

Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.

Буын санын ажыратады

Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін

түсінеді

Тілдік мақсаттар

Гүл - цветок –flower

Ардагер – ветеран -veteran

Кереге – киіз үй сүйегінің қабырғалық бөлігі, талдан, жіңішке қайыңнан жасалады.


Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды үлкендерге құрмет көрсетуіне, ұлттық құндылықтарды естен шығармауға,әсемдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану сабағы, дене шынықтыру сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Бастапқы білім

Алдағы өткен әріптерді таниды, оларды атай алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

1.Ұйымдастыру.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

2.Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимайтын.

(Гүл)

«Гүлдер әлеміне саяхат» әдісі бойынша топқа бөлу.

Тақтаға теріс қаратып, гүлдер суретін жасырып қоямын.

Гүлдердің түрлері бойынша топқа бөлемін.

Гүл – әсемдік символы.Гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде бір-бірімізге сыйлаймыз.

- Гүл – дегенде қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? –Г

Олай болса, біздер бүгін Г дыбысымен және әріпімен танысамыз

Гүл сөзіне дыбыстық талдау жасату.


Шаттық шебері


Таныстырылым,


Сабақтың ортасы

10 минут



Оқылым. №1 тапсырма

Бағандағы сөздермен жұмыс . ..........

Тізбектеп оқыту

Е геу – үй шаруасында қолданылатын құрал

Ке ре ге – киіз үйдің бөлігі(шаңырақ,уық,кереге)

Ше ге – үй шаруашылығына пайд.ағаш қағ.зат

Не ге – сұрақ

Ар да гер – құрметті, ардақты, қадірлі адам

Гүлнұр – есім


Дескриптор:

  • Берілген сөздердегі дұрыс оқиды оқиды

  • осы сөздерге дыбыстық талдау жасайды

  • буын санын анықтайды

Бағалау:

«Шапалақ ұру» әдісімен ынталандыру




«Серпілген сауал» әдісі


Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырдым

Мысалы:

- г дыбысына басталатын сөздер айт

- г дыбысы сөздің ортасында келетін сөздер айт

Дескриптор:

  • оқушылар г дыбысы бар сөздерді біледі, айтады

Бағалау:

«Шапалақ ұру» әдісімен ынталандыру



Тыңдалым

2 Үнтаспа арқылы мәтінді тыңдату. Мәтін мазмұныбойынша «Ашық микрофон» әдісі бойынша ашық сұрақтар қою арқылы сұрақтарға жауап беру.

Айнұр не деуі мүмкін?

Гүлнұрдың іс-әрекетін талқылаңдар.

Дескриптор:

- Тақырыпты түсінеді, нақты сөйлеу арқылы түсінгенін еркін жеткізе алады.

«Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау.



оқулықпен жұмыс




















Сергіту сәті

2 минут

«Көңілді күн» бейне арқылы жаттығу жасату

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Сабақтың соңы

16 минут












































7 мин

Айтылым

3 Ойлан, жұптас, пікірлес әдісі бойынша

Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады (Ойлан). Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді (Жұптас) және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды (Пікірлес).

  • Қандай өзгеріс байқадыңдар?

  • Қорытынды шығарып көріңдер.

Сөз соңында к әрпінің г-ге айналып кету жағдайы.

Г дыбысы қазақ тілінде сөз соңында келмейді. Кк дыбысынын аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе к- г–ге айналады.

Сөз соңында к әрпінің г-ге айналып кету жағдайы.

терек-терегі ілгек-ілгегі жәшік- жәшігі шелек-шелегі

Дескриптор:- дыбыстарды айтылудағы айырмашылығын ажырата біледі

Бағалау:Оқушылар смаиликтер арқылы сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.



«Константинополь» әдісі


Бүгінгі негізгі сөзден барынша көп қысқа сөздерді құрастырып жаз.

Дескриптор:

- Қысқа сөздер құрастырып жаза алады

- Сөздік қорлар көбейеді


«Светофор» әдісі бойынша бағалау

жасыл: 10 және одан да көп сөз

сары: 8 және одан да көп сөз

қызыл: 6 және одан да көп сөз





Рефлексия

«Табыс ағашы» әдісі бойынша сабақты меңгеру деңгейін анықтау.

Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін анықтау

Оқулық













Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

1.«Ойнайық та, ойлайық» - бір-біріне «Бағдаршам әдісі.

2.«Орнын тап» ойыны.

3.«Бас бармақ» әдісі

4.«Серпілген сауал» әдісі

5.«Ашық микрофон» әдісі

6.«Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі бойынша

7. «Білім ағашы» әдісі


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Дүниетану сабағы, дене шынықтыру сабағы.

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!