Сабақтың тақырыбы : Мен
кішкентай патриотпын
Сабақтың мақсаты
: Жас ұрпақты Отанын сүюге,
еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан
етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып,
махаббат сезімін ояту;
Көрнекілігі: Елбасы суреті, Қазақстан
Республикасының картасы, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты
сөздер, шар, слайд Әдісі:
сұрақ -
жауап, әңгімелеу
І-сәлемдесу: Дене
мүшелері: Қол , аяқ , бет, құшақ,
арқа.
Мұғалім
сөзі: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз
тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде.
Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы
оқиғалар бар. Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің
тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен
жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті
бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін
көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз.
Осыған орай «Мен кішкентай
патриотпын» атты ашық тәрбие сағатымызды
бастаймыз.
1-оқушы Меруерт
: Отан дегеніміз- адамның туып-
өскен жері, туған- туысқандарымен, жақындарымен, бірге тұратын
атамекен. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отан- Қазақстан
Республикасы. Біздің Отанымыздың жері өте кең.
Жерінде тау да, жазық та, ойпат та, қарат та
кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Республикамыз
өсімдікке, жануарларға , қазба байлыққа бай.
Осы Қазақстан Республикасының
жас ұланы екенімді мақтан етем. Оның бай тарихын зердеме түйіп,
ертеңгі азаматы болу үшін білім аламын, еңбек етемін. Кешегі тарих
жолында елдің ел болуына қызмет еткен халқымыздың асыл ұлдары мен
қыздарына ұқсап өсемін. Отаным менің кең- байтақ, әрі бай. Онда әр түрлі
халықтар тұрады. Олар бір-бірімен тату, дос. Қазақ халқы ешуақытта
соғыс тілемейді бейбітшілік үшін күреседі.
2-оқушы
Саят: Отан-
менің ата-анам,
Отан -досым,
бауырым,
Отан -өлкем
астанам,
Отан- аудан,
ауылым.
Отанды біз атамекен,
Деп аялап
атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен.
Бабамыз бен
атамыз.
3-оқушы Олжас:
Отан дейміз –от жаққан жерімізді,
Отан дейміз-
өсірген елімізді.
Отан дейміз –
туған жер, атамекен-
Биік тау,
орман,
тоғай, көлімізді.
Отан дейміз- кең
байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа
жол, жас қаланы,
Отанның шеті де
жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен
басталады
4-оқушы
Мерей : Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы.
Оны
халық қашан да
Биікке іліп қояды.
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді.
Сол көк тудың астында
Көгереміз көктейміз.
Слайд.
5-оқушы
Аязби: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің, белгісі.
6-оқушы:
Гүлден 1994 ЖЫЛЫ 1- ЖЕЛТОҚСАНДА РЕСПУБЛИКАМЫЗДА
БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ Президент сайлауы болып өтті.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Н.Ә. Назарбаев
сайланды.Қазақстан Республикасының тарихында халық алғашқы рет
саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.
1996 жылы 16 желтоқсан күні біздің еліміз Тәуелсіздігін жариялады.
Елбасымыз Н.Ә:Назарбаев қазақстан Республикасының Конституциялық
заңына қол қойды. Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы
жүзеге асты. Егеменді болмай ел болмас, тәуелсіз болмай жер болмас-
демекші, егеменді ел ,тәуелсіз мемлекет болдық. Қазақстан өзінінің
табиғи байлығына, жеріне ие, басқа мемлекеттермен сауда- саттық
қарым-қатынас жүргізе алады. 1992 жылы 4 маусымда Президент
Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы
Қазақстан Республикасының
-ның заңдарына қол қойды.
8 оқушы
Мейрамбек:Қазақстандай үлкен жерімізді, елімізді, танытып,
намысымызды шет елде қорғап келген спортшыларымызды айтпасақ
болмайды. Өз елінің патриот азаматы ретінде көк туымызды
желбіреткен спортшыларымызға мың алғыс. Олар
жеңіл атлет Ольга Рыпакова
,
боксшы Василий Левит
,
ауыр
атлет Александр Зайчиков,
бокстан Данияр
Елеусінов,
Әділбек Ниязымбетов
,
еркін күрестен Эльмира
Сыздықова ,
Гюзель Манюрова,
Екатерина Ларионова
.
Қорытынды: Үш
бақытым.
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кеңін.
Ол бар болмаса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.
Ал, екінші бақытым-тілім менің,
Жас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші –Отан деген.
-Кім мықты? – десе біреу «Отан» дер ем!