Күні:
Сыныбы: 10
«А»
Сабақтың
тақырыбы: Мен мемлекеттік тілде
газет-журнал оқимын
Сабақтың мақсаты:
-
Тіл үйренушілерге қазақ тілінде шығатын газеттер
жөнінде ақпарат бере отырып, күнделікті, апталық, ай сайын шығатын
газеттердегі жаңа сөздерді меңгерту.
-
Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын дүниетанымын
кеңейту, тақырыпты бүгінгі өмір талабымен байланыстыра отырып,
ауызекі тілде сөйлеуге үйрету.
-
Мемлекеттік тілде шығатын газет-журналдарды
өмірмен байланыстыра, бойларына сіңдіре отырып, мемлекеттік тілді
құрметтеп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: Аралас сабақ
Сабақтың
әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап,
талдау-жинақтау.
Пәнаралық
байланыс: Қоғамтану, тарих,
әдебиет.
Сабақтың
көрнекілігі: сызба, сөздіктер, тірек
сызбалар, тест, көрініс.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Үй тапсырмасын
тексеру.
а) «Мен газет-журнал оқимын»
(өзінің ұнатқан газетінен қысқаша түсінік беру)
ә) Ақпарат құралдары туралы
түсінік беру
III. Үй тапсырмасын
қорыту
Тестпен жұмыс
1-нұсқа
1. Тілді үйренуді қайдан
бастау керек?
А) мектептен
В) балабақшадан
С) университеттен
2. Еліміздегі ұлттар нені жаңғыртып
жатыр?
А) тілін, мәдениетін, дәстүрін
В) сабағын
С) денсаулығын
3. Біз нені үйренуіміз
керек?
А) қазақ тілін, дәстүрін
В) мәдениетін
С) ағылшын тілін
4. Асты сызылған сөздің синонимін
табыңыз
«Бір» терезеден қызмет
көрсету – ұтымды.
А) жаман
В) тиімді
С) ұтымсыз
5. ____________ жұрттың тілін біл, жеті
түрлі білім біл.
А) алты
В) бес
С) жеті
6. Тұрақты тіркесті
табыңыз
А) таяқ тастам жер, ит арқасы қиянда
В) қара парта, қоңыр үй
С) сабақтан қайтты, өлең жазды.
7. Тиісті қосымшаны
қойыңыз
Байланыс бөлімшелері мемлекеттік тіл_______
қызмет көрсетеді.
А) –те
В) –де
С) –да
8. Мен
қазақ____ жетік
білемін.
А) –ша
В) –ше
С) –тың
9. Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді
табыңыз.
А) «Бір терезеден» - қызмет көрсету
ұтымды.
В) «Бір терезеден» қызмет-көрсету
ұтымды.
С) «Бір терезеден» қызмет көрсету –
ұтымды.
10. Етістікті сөз тіркестерін
табыңыз.
А) құжаттарды алу, рәсімдеуге
көмектесу
В) төбе шашы тік тұру, ұнжырғасы түсу
С) зәулім терек, сұлу қыз
II – нұсқа
1. Тілді үйрену не үшін
қажет?
А) орта
В) кітап
С) тамақ
2. Қазыбек би не деп
айтқан?
А) Аяқ киімің тар болса,
дүниенің кеңдігінен не пайда!
В) Біз қазақ достықты жақтаған
елміз, дәм-тұзды ақтаған елміз.
С) Бас кеспек болса да, тіл кеспек
жоқ.
3. Сәйкес келетін сөзді
табыңыз.
Мен қазақ халқының ешкімді жатсынбайтын
_______________ өмір бойы басымды иемін.
А) дарқандығына
В) жамандығына
С) туыстарына
4. Асты сызылған сөздердің антонимін
табыңыз.
Тіл – қылыштан
да өткір
А) жасық
В) жұмсақ
С) қатты
5. Тұрақты тіркесті
табыңыз
А) биік үй, қызыл алма
В) төбе шашы тік тұру, қой аузынан шөп
алмас
С) үйге келу, сабақ оқу
6. Теміржол билеттері мемлекеттік тіл______
қызмет көрсетеді.
А) –те
В) –де
С) –да
7. Біз Қазақстанда, бір шаңырақтың астында
тұра_________.
А) –міз
В) -мыз
С) –мын
8. Сызықша дұрыс қойылған сөйлемді
табыңыз.
А) Менің ұлтым – қазақ
В) Қазақтың тілі – бір-ақ елде мемлекеттік тілде
болады.
С) Мен – қазақ ауылында тудым.
9.
Республикамызда ______________терезеден қызмет
көрсету орталықтары жұмыс істейді.
А) екі
В) бір
С) үш
10. Етістікті сөз тіркестерін
табыңыз.
А) құжаттарды алу, рәсімдеуге
көмектесу
В) төбе шашы тік тұру, ұнжырғасы түсу
С) зәулім терек, сұлу қыз
Тест жауаптары:
I-нұсқа
-
В
-
А
-
А
-
В
-
С
-
А
-
В
-
А
-
С
10.А
II-нұсқа
1. А
2. В
3. А
4. А
5. В
6. А
7. В
8. А
9. В
10. А
IV. Жаңа
сабақ
Қазақ тілін ардақтаған ел
асыл,
Асыл елге абырой боп
қонасың.
Қазақ тілін жақсы білсең ең
жақын,
Жолдасыңмен сырласқандай
боласың.
Қадыр Мырзалиев
а) «Тіл
қисыны дегеніміз – асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын
танытатын ғылым, лебіз ғылымның мақсаты – асыл сөздердің асыл
болатын заңдарын білдіріп, түрлерін танытып, тіл жөніндегі әдебиет
туралы өнерпаздардың шығарған сөздерінің үлгі-өнегелерімен
таныстырып, сөзден шеберлер не жасағандығын, не жасауға
болатындығын көрсету» деген Ахме Байтұрсыновтың еңбегін оқып
қарасақ, тілге шебер, сөзге шешен болудың жолын үйретіп-ақ тұрған
жоқ па?!
Біз «Мен
мемлекеттік тілде газет - журнал оқимын» тақырыпта көптеген
мәліметтер алдық. Енді, бұқаралық ақпарат құралдарымен таныстыра
кетейін.
Алғашқы газеттер:
-
«Дала уәлаятының газеті» (Омбы,
1888-92)
-
Ордада және Оралда шыққан ағартушылық бағыттағы
«Қазақстан» газеті (1911-13)
-
Орынбор қаласында А.Байтұрсыновтың
ұйымдастыруымен шыққан «Қазақ» газет (1913-18)
-
Ақын-демократ М.Сералин ұйымдастырған қазақ
тіліндегі тұңғыш журнал «Айқап» (1911-15)
Қазан төңкерісінен бастап қазіргі кезеңге
дейінгі аралықтағы республикалық газеттер.
-
«Егемен Қазақстан» 1919 жылдан бастап
-
«Казахстанская правда» 1920 жылдан
бастап
-
«Жас алаш» (бұрынғы «Лениншіл жас» 1921 жылдан
бастап)
-
«Ұлан»1930 жылдан бастап
-
«Спорт» 1959 жылдан бастап
Республикалық журналдар
-
«Ақиқат» 1921 жылдан бастап
-
«Қазақстан әйелдері» 1925 жылдан
бастап
-
«Жұлдыз» (бұрынғы «Әдебиет және искусство» 1928
жылдан бастап)
-
«Ара», «Шмель» 1956 жылдан
бастап
-
«Балдырған»
-
«Жалын» 1969 жылдан бастап
Облыстық ақпарат
құралдары
-
Халық тәлімі
-
Білім шуағы
-
Ақжол
-
Балдәурен
Аудандық ақпарат құралы
Таласс тынысы
Қазіргі
кезде жастар қазақ тіліндегі газет-журналдарды көп оқи бермейді,
шетелге кетуді бір арман деп ойлайды. Ағылшын, француз тілдерін
жақсы білсек, шетелде жүруге мүмкіндік болар еді деп ойлайды. Шет
тілін білген жақсы. «Екі тілдің мәдениетін бойға сіңіру ол адамды
кең тынысты етеді. Дегенмен де М.Әуезовтың ана тілі мен әдебиетін
сүйіңдер деген сөзін естен шығармаған жөн».
Қазақ тілін қөұрметтеу
керектігін, «ана тілім-дүниені танудың басты құралы, ақыл-ой
дамуының негізгі базасы» екенін Ата мен Ана сөзінен ұғуға болатынын
мәңгі есте сақтауымыз керек.
ә) Зат
есім
Жалпылай немесе жекелей атауына
қарай
|
Жалпы есім
|
Біртектес заттардың
жалпы атауы. Газет, журнал, кітап
|
Жалқы есім
|
Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген
атауы.Егемен Қазақстан, Балдәурен
|
Мағынасына қарай
|
Деректі зат есім
|
Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат
пен құбылыстардың атауы. Газет, журнал
|
Дерексіз зат есім
|
Оймен, ақылмен сезіп білетін ұғымдардың
атауы. Сөз, сезім
|
V. Сөздік бойынша
жұмыс
а) Ждать
с нетерпением – асыға күту
ә) Орыс тіліндегі сөздерді
қазақ тілі сөздерімен сәйкестендіріңіз
1. ежедневный
саяси
2. общественный
апталық
3. политический
жалпыұлттық
4. еженедельный
күнделікті
5. обсуждать
қоғамдық
6. общенациональный
пікірлесу
7. рассуждать
талқылау
8. постоянный
тұрақты
9.
публиковать оқырман
10. нравиться
жинау
11. собирать ұнау
12. читатель
жариялау
б) Жұрыс жауапты
белгілеңіз
1. Кенже «Егемен Қазақстан» газетінің тұрақты
оқырманы. Бұл газет аптасына бес рет шығады. «Егемен Қазақстан» -
жалпыұлттық республикалық газет.
1. «Егемен Қазақстан» газет іаптасына неше рет
шығады?
А) 6
В) 5
С) 7
2. «Егемен Қазақстан» қандай газет?
А) қоғамдық – саяси
В) жалпыұлттық республикалық
С) мәдениет, әдебиет және өнер
2. Малика «Қазақ әдебиеті» газетін қызыға оқиды.
Қазақстан Республикасының әдебиет, мәдениет және өнер газетінің
тұрақты оқырманы.
1. Малика нені қызыға оқиды?
А) кітапты
В) газетті
С) журналды
2. «Қазақ әдебиеті» қандай газет?
А) саяси
В) күнделікті
С) әдебиет, мәдениет және өнер газеті
в) Сөздермен сәйкестендір
Егемен оқиды
Ана әдебиеті
Қазақ оқырманы
Тұрақты тілі
Сүйіп Қазақстан
VI. Сабақты
қорыту: Көрініс
«Сөздің атасы мен анасы»
Қаздауысты Қазыбектің атағы
шығып тұрған кезде аулына бір саудагер келіпті. Түстеніп, тамақ
ішіп болған соң Қазыбекке:
-Би, бір сөз сұрайын деп едім,-депті
саудагер.
Қазыбек «сұраңыз» деп ырзалық
білдіріпті.
-Бір керуен едік, өзара дауластық та, ойластық
та,бірақ шешуін таба алмай қойдық. «Сөздің атасы кім, анасы
кім?»,-депді.
Қазыбек ойланып жауап бергенше: «Япырай, бұл
сөзді саудагер ғана білмейді екен десек, қазақтың Қазыбегі де
білмейді екен ғой; биыл таппасаң, ендігі жылы табарсың»,-деп үйден
шығып кетіпті.
Қазыбек орнына тұрып, іле-шала тысқа шықса,
саудагер атқа мініп қалған екен.
-Япырай, артыңа қарамай асығыс
аттанғаның не? Әлгі сөздің шешуін іздеп, ендігі жылы екі келіп
саудаңнан қаларсың, артыңа қарамайтын болып кет. Сөздің
атасы-бірлік, анасы-шындық! Жолың болсын, жүрген жеріңде айта
жүр!-депті. Сонда саудагер атынан түсіп, Қазыбектің қолын алып, қош
айтысқан екен.
VII. Оқушыларды бағалау
VIII. Үйге
тапсырма Жалпы есім мен жалқы есімге
сөйлем құра.