Материалдар / «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»: әлеуметтік-тәрбиелік және әдеби-мәдени мәні зор іс-шара
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»: әлеуметтік-тәрбиелік және әдеби-мәдени мәні зор іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру беру факультетінің ұстаздар ұжымы мұзбалақ ақынымыз Мұқағали Мақатаевты еске алу құрметіне арналған онкүндік іс-шара ұйымдастырды. Факультетте ақиық ақынымыз, халқымыздың сүйікті ақыны Мұқағалидың рухына арнап әдеби-танымдық іс-шара өткізу ісі игілікті дәстүр болып қалыптасқан. Шараның мақсаты: факультетте отандық білім алушылар жастармен қатар шетелден келген студенттерге қазақ поэзиясының мұзбалақ ер мінезді, өр тұлғалы ақиық ақынымыз Мұқағалидың өмірі мен шығармашылығын таныстыру арқылы оларды ұлттық әдебиетімізді сыйлауға, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге баулу.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»: әлеуметтік-тәрбиелік және әдеби-мәдени мәні зор іс-шара

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дейінгі білім беру беру факультетінің ұстаздар ұжымы мұзбалақ ақынымыз Мұқағали Мақатаевты еске алу құрметіне арналған онкүндік іс-шара ұйымдастырды. Факультетте ақиық ақынымыз, халқымыздың сүйікті ақыны Мұқағалидың рухына арнап әдеби-танымдық іс-шара өткізу ісі игілікті дәстүр болып қалыптасқан. Шараның мақсаты: факультетте отандық білім алушылар жастармен қатар шетелден келген студенттерге қазақ поэзиясының мұзбалақ ер мінезді, өр тұлғалы ақиық ақынымыз Мұқағалидың өмірі мен шығармашылығын таныстыру арқылы оларды ұлттық әдебиетімізді сыйлауға, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге баулу. Шараның ашылу салтанаты ақынның туған күніне орай 9 ақпан күні факультеттің акт залында өтті. Фойеге ақынның шығармалар жинағынан көрме мен ақын бейнесі мен шара туралы ақпарат берілген банер қойылды.

Салтанатты шарада Мұқағали өлеңдерін көркем мәнерлеп оқумен қатар, жырсүйер қауым «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының сахналық көрінісін көрермен назарына ұсынды. Жалғыз ұлын ажалдан арашалағысы келген ананың жан дүниесін сомдаған студентіміз бен ақ махаббат пен адалдықтың символы ретінде бейнелеп аппақ қанаттарын қалықтата мамырлаған қос аққуымыз да көрерменнің көзайымына айналды. Онкүндік мәдени-танымдық шара концерттік бағдарламамен қатар әлеуметтік-тәрбиелік мәні зор іс-шараларды қамтыды: «Қазақтың қара өлеңі – құдыретім» аталымы бойынша М.Мақатаевтың шығармаларынан көркем сөзді мәнерлеп оқу байқауы;

шетелдік студенттер үшін «Кел, сауатты жазайық» тақырыбында мемлекеттік тілде М.Мақатаев туралы маңызды мәліметтер қамтылған мәтіннен диктант жазу жарысы; «Ақиық ақын – Мұқағали» атты тақырыпта ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы эссе жазу сайысы; «Менің музам» атты көркемөнер

арт-байқауы: «Поэзия менімен егіз бе едің?» тақырыбында кураторлық

тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

Онкүндік соңында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты қорытынды әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Қорытынды кештің соңы шара барысында өз өнерімен тыңдарманын тамсандырған жеңімпаздарға әр аталым бойынша марапаттар мен дипломдар беріліп, барлық қатысушыларға алғысхаттар табысталды. Білім алушыларға рухани берер азығы мол, жоғары деңгейде ұйымдастырылған әлеуметтік-тәрбиелік және әдеби-мәдени мәні зор іс-шара болды.


Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖОО-ға дайындық кафедрасының аға оқытушылары Наралиева Р.Т., Тилеужанова Г.Т., Бегалиева А.К.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!