Материалдар / «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» Мұқағали Мақатаев
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» Мұқағали Мақатаев

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2018
1546
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» Мұқағали Мақатаев

Поэзиялық кеш

Өтілетін орны:Үлгілі ауылы, Үлгілі орта мектебі

Мерзімі: 05.01.2018жыл

Түрі: Поэзиялық кеш

Қатысушылар: 8-10 сынып оқушылары


Кештің мақсаты:

Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу.

М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелеу.


Кештің көрнекілігі:

М.Мақатаевтың суреті мен «Өкпелетті дей алман, өмір мені» тақырыбы, шарлар, ақынның шығармасы мен өміріне арналған көрме. Сазды музыка.

(Кеш «Аққу» биі арқылы ашылады.)


Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар мен оқушылар!

«Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»

атты Поэзиялық кешімізді М.Мақатаевқа арнап отырмыз.


Оқушы: «Арыз жазып кетейін»

Бүгін менің туған күнім.

Ой, бәле ай!

Мына адамдар неге жатыр тойламай?!

Банкен жасап берер еді өзімақ,

Тәңірдің бір жарытпайақ қойғаны ай.

Мына дүние неге жатыр үндемей,

Алаулатып тойдың шоғын үрлемей,

Құшаққұшақ гүл шоқтарын лақтырып,

«Мынау – шапан,

Мынау –атың, мін»,–демей?!


Жүргізуші:

Қуат алып Абайдың тілкүшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге,


Абай болып түңілем бір кісіден, деп жырлаған М.Мақатаев биыл 87жасқа толып отыр.Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарықрай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық.

М.Мақатаев 9.02.1931 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылы деген жерде дүниеге келген, 5.3.1976 жылы Алматыда дүниеден өтеді. Артынан мол мұра қалдырады.


Оқушы: «Махаббат диалогы»

Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

Күл боп бірге соңынан кетер едім.

Бұлдырасам сағымдай, не етер едің?

Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

Қайғы әкелсем басыңа, не етер едің?

Қойшы, сәулем, бәрән де көтеремін.


Жүргізуші:

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім,

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.


Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан,

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,

Сені іздедім жоғалған заманадардан,– дейтін Мұқағалибіздің замандағы ғажайып ақындардың бірі.Өйткені ол шынында да алауыртқан таулардан түйсік алатын, бізге көрінбейтін сиқыр бояулардан, бізге естілмейтін құпия дыбыстардан тоят алатын. Ол асқар Алатауға кең сарыарқаны қоса құшақтауға құлаш ашқан еді.


Оқушы: «Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кейкейде дүниеден түңілсем де

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші– Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы, от ал менен.

Үш бірдей бақытым бар алақанда,

Мені мұндай бақытты жаратар ма!

Үш Күн нұрын төгеді аспанынан

Атырау, Алтай, Арқа, Алаутауға!!!


Оқушы:

Мейлі, мені шығарсын шірік қылып,

Мейлі, мені тастасын лақтырып;

Отанымды сүйемін күліп тұрып,

Отанымды сүйемін жылап тұрып.

Мейлі, мені қайыртсын, қуантсын да,

Мейлі, менің басыма бақ бермесін,

Мейлі, мейлі, жылатсын, жұбатсын да,

Мені әйтеуір Отаным жат көрмесін.

Бәрбәрісін бақытпен теңгерем де,

Сүйем оның шетсіздік, шексіздігін.

Қапаланып қайсыбір пенделерге,

Өкпелесем Отанға, бетсіздігім.

Басымды иіп, тіземді бүгіп тұрып,

Ажарымда айдындай шуақ тұнып;

Отанымды сүйемін күліп тұрып,

Отанымды сүйемін жылап тұрып.


Көрініс: «Аққулар ұйықтағанда» (поэмадан)

Автор:

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай

Қалай біткен мына көл тау басына?!

Мөлдірейді,қарайды қарға, шыңға

Жалғыздықтан жамандық бар ма, сірә.

Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?

Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?

Қанша шырша өсті екен, құлады екен,

«Жетім көлге» қараудан шаршамаған?

«Жетім көлден»су ішкен қанша марал,

Қанша киік қалды екен сай салада?

Қанатынан үзіліп әнсамала,

Қаншама аққу кетті екен–аңсаған ән?

Бала жатыр төсекте, албыраған,

Әке жатыр еденде, қалжыраған.

Түн күзетіп ана отыр, қос жанары

Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.

Түні мынау тамыздың маужыраған,

Тауы анау шымылдық салбыраған.

Бала жытыр төсекте күйіпжанып,

Баласының ана отыр күйін бағып.

Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар

Миын қарып барады, миын қарып.


Ана:

«Мана, күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!

Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті.....

Аққуменен баланы аластаңдар,–

Деді дағы жәйімен жөнеп кетті......»

Тұрсайшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған?!

Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі

Ұмытылып кетті ме санатыңнан?

Айналайын аққудың қанатынан,

Қайтеміз, ол да адаиға бола туған.


Әке:

Апыр ай, қалай барам, қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

Айдынның аққулары ұйықтағанда,

Өрген мал, өскен шырша абайлаған,

Барлығы қасиетке қарайлаған,

Оқ атам қасиетке қалай ғана?!

Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!


Автор:

Адуынды жан екен алған жары:


Ана:

Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!

Балам өлсе, бақыттың керегі не?!

Топан су басып кетсін қалғандарын.

Перзент сұрап несіне армандадың?!

Құрысын онсыз сенің жанған бағың!

Мылтықты әкел!

Атты ертте!

Жалған бәрі!


Автор:

Қасқа таң.

Бұлбұл үні.

Көл бетінде

Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.

Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,

Таңданып тәкаппар құс келбетіне.

Шошымай шолжаң өскен батырларың,

Ана отыр шыршаға жақындады.

Көзі тұнған бейбағың, топ аққуға

Білмей қалды мылтықтың атылғанын

Көздің алды көк түтін, ақыл жарым

Білмей отыр жаңағы тыныштықтың

Сүт ұйыған тегешін сапырғанын!....


Автор:

«Жетім көлдің» басында жылқы жатқан,

Дөңге шығып, қарт тұрған жылқы баққан:


Шал:

«....Апырай, бұл кім болды таңсәріде

Көргенсіз көл басында мылтық атқан?!

Құстардың зәреқұтын шырқыратқан,

Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!

Мылтықты атарлықтай көлге келіп,

Апырай, жоқ еді ғой елде желік...»


Автор:

Алыс тұрып, ақырды қыр басынан:



Шал:

«Берекесін бұл жердің кім қашырған?...»

Ей!

Кімсің?

Тірісің бе?

Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың, арың бар ма?!

Тастағын қаруынды, келгін бері,

Келгін бері, кеудеңде жаның барда!


Автор:

...Байғұс әйел үнтүнсіз жылап тұрды,

Қарттың үні меңзең ғып құлаққа ұрды.

Қолындағы мылтығын құлаштап кеп,

Бөгелмей, «Жетім көлге» лақтырды.

Қартқа қарай ақырын аяңдады,

Қарусызға қарт келді, аянбады

Көзінен жас, көңілінен зар төгіліп,

Болған жәйтті келіні баяндады.


Шал:

Әй, балам!...

Болмады ғой, болмады ғой...

Қасиет кетті көлден, сорлады ғой.

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,

Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!...

Мін атқа, қайт ауылға, тағат қыл да,

Білмеймін,сор аттың ба, бақ аттың ба?!

Аққуға кезенерде, ырым жасап,

Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?


Ана:

Әлек боп, арпалысып сорқайғымен

Жоқ, ата, жасамадым оңдайды мен...


Жасымнан естігенім бартын еді,

Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп...


Шал:

Солай, солай...

Аманат бір Құдайға...

Қайқайдағы түседі құрғыр ойға...

...Ат басынан шұғыл бұрып, тайып тұрды,

Қарт тастап нелер сұмдық сырды бойға.


Автор:

Абыр сабыр, үй маңы дүрбелеңді

Алғаш ана абыржып, білмеген ді

Ат үстінен түсе алмай қатып қалды

Мелшиіп, білмей тіл мен үн дегенді,

Білмейді, қайда келді, кімге келді.

Ақ төсек–аппақ айдын, аққу–бала,

Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?


Ана:

«...Мына жатқан «Жетім көл», мына аққуды

Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...

Жоқ!

Мен емес...

Мен атпадым...

Кеше гөр, кешіре гөр, Жаратқаным?!»


Автор:

Күледі, бірде жылап зарланады,

Көкке қарап, бекерге қарманады,

Бірде үнсіз, мелшиіп тың тыңдайды,

Құлағында аққудың арман әні

Алдымен жұрт үнтүнсіз таңданады,

Қыбырсыбырартынан жалғанады....


Бірде ана көкке жайды алақанын:


Ана:

Қазір, ботам...

Мінеки, таң атады...

Қазір, ботам, аққумен ұшықтаймын...

Жазыласың құлыным... балапаным!


Автор:

...Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым,

Жерді аңсаймын...

Жалғызақ сол – арманым.

Қиын екен қимасың екі бірдей

Көз алдыңда ғайып боп жоғалғаны...

Орында екен «Жетім көл», жоғалмапты,

Ортаймапты немесе тола алмапты.

Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз

Қасиетті аққулар оралмапты.

Жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер – тұрманы

дей келе көптеген ақындар Мұқағали жайында естеліктер жазды. Фариза Оңғарсынова өзінің бір естелігінде былай деген екен: «Мұқағали – біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс. Егер ол құбылысты біз бірден байыбына барып, дөп басып, тани алмасақ, бұл өнердегі заңдылық. Оләсіресе қызыл бояудың жылт етпе құбылуы емес, жақындаған сайын алыстап, жақындаған бояуымен құпиялана түседі. Поэзияның әрі таймас сұлулығы да, барған сайын ынтызарыңды құрта құдіреті де осы болуы керек.


Оқушы: «Фаризаға»

Фариза!

Фаризажан, Фариза–қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдайшыдай ақыры жалығармыз,

Бірімізден біріміз арылармыз.

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз.

Сен мені білесің бе, білесің бе?

Жаралмаған жан екем күресуге.

Жылай жүріп, өтірік күлесіңде,

Жүресің де қоясың, жүресің де,

Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,

Тастағысы келеді күресінге.

Фаризажан, сен соны білесің бе?.


Оқушы: «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»


Ән: «Нұр жауып тұрған көктемде»


Жүргізуші: Осымен біздің поэзиялық кешіміз аяқталды.Келіп көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен көп рахмет.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!