400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мен оқыған туынды (Менің сүйікті жазушым, шығармам)

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі — қоршаған орта мен тіршілік иесі адамдардың қарым-қатынасын көркем жеткізе алған жазушы Мұхтар Әуезовтің тырнақ алды туындыларының бірі. Әңгімені қолына алып оқыған жан табиғат пен адамның арасындағы байланысты және адам осы табиғаттың бір бөлшегі екенін бірден аңғарады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Менің сүйікті кітабым

Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік

Ғ.Мүсірепов


Мен кітап оқығанды жақсы көремін. Кітапты көп білу үшін емес, жақсы білу, айналаны, қоршаған орта мен өмірді тану үшін оқимын. Себебі кітапты көп оқыған сайын оқырмандық зейінім тұрақталып, есте сақтау қабілетім арта түсетініне көзім жетіп келеді. Осы ретте, өз халқын, оның биік мәдениетін шексіз сүйетін, оны терең түсініп, құрмет тұтатын Мұхтар Әуезовтің шығармалары кімнің де болса, жүрегінен орын теуіп, тереңіне бойлатары сөзсіз. Американ жазушысы Дороти Паркер «Сізді ойлауға мәжбүр ететін кітап қана өз міндетін толық атқарған кітап»-дегендей М.Әуезовтің әр шығармасы, соның ішінде, «Көксерек» әңгімесі мені ойлануға, ойымның өресі жеткенше ойлауға мәжбүр етеді.

М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі — қоршаған орта мен тіршілік иесі адамдардың қарым-қатынасын көркем жеткізе алған жазушы Мұхтар Әуезовтің тырнақ алды туындыларының бірі. Әңгімені қолына алып оқыған жан табиғат пен адамның арасындағы байланысты және адам осы табиғаттың бір бөлшегі екенін бірден аңғарады. Сонымен қатар бұл шығарма балалардың өмірде бүкпесіз, шынайы екендігін көрсетеді. Оны әңгімеге арқау болған бас кейіпкер Құрмаштың кіршіксіз таза көңілмен қуанып, бөлтірікті еркелетіп, оған «Көксерек» деп ат қойып асырап, бағуы дәлел болады. Алайда, қасқырдың бөлтірігі қасқырлығын үнемі көрсетеді, бірақ Құрмаш Көксеректің оғаш әрекеттеріне мән бермейді, риясыз бала көңілімен «терісін алайық» деген әке сөзіне қарсы шығып, оны өлтіруге жол бермеді. Алайда, күн өткен сайын Көксерек көздері тұзданып, «Жарық айлы түнде тұмсығынан бұрқырап бу шығарып, аязды түнде табанының астындағы қарды шықыр-шықыр еткізіп, жотадан-жотаға жортты». Көксерек жайлы бұл шығармада автор адам мен табиғат, адам мен хайуанат дүниесі арасындағы өте күрделі байланысты жан–жақты суреттей отыра, терең мағынаны меңзейді. «Өз ортасынан бөлінген Көксерек оларды жатсынады, топ қасқыр да Көксеректі бөтенсиді». Бұл жерде бүгінгі қоғам дертімен астасып жатқандай ойға келдім.

М.Әуезов «Көксерегін» оқу арқылы қандай ой түйдім? Зұлымдық зұлымдықты тудырады. Себебі әңгіме басында қасқырларға жасалған қиянат, соңында адамның өзіне келіп, Құрмаштың өліміне әкелді, яғни адамдар табиғаты мен хайуанаттың табиғаты, әлемі бір-бірімен ешқашан тоғыспайды.

Жалпы өзім халқымыздың төл туындыларын оқығанды ұнатамын. Менің бар тілегім «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыра отырып, кітаптардың қадіріне жетіп, бір-бірімізден қалыспай, жарыса оқсақ нұр үстіне нұр болар еді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
19.01.2023
472
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі