Тақырыбы: Мен-өз елімнің
патриотымын
5-сынып.
Тәрбие сағатының
мақсаты: Келер болашақты өз Отанын
сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға,
болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек
екенін түсіндіру, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, тілдерін дамыту.
Оқушы- ларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке
тәрбиелеу. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын
дамыту.Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие
беру, өз ой-пікірін еркін жеткізе алатын ұрпақ
тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: Ой қозғау, постермен жұмыс,
әңгімелеу, пікірсайыс, патриоттық ән айту.
Тәрбие сағатының
барысы:
Ұйымдастыру
кезең.
Оқушылармен сәлемдесу, оларды
жаңа оқу жылымен, 1-қыркүйек «Білім күнімен» құттықтап, өркениетті,
мәдениетті болуға, саналы да сапалы, білім алуға
шақыру.
Оқушылырға«Көк тудың
желбірегені» «Елім менің» өлеңіне жазылған
бейне фильм көрсетіледі.
Жалпы патриот деген кім,
патриотизм дегенді қалай
түсінеміз?
Патриот – Отанын, халқын, жері
мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін,
қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, қай
кәсіпте, қай салада жүрсе де, елінің қамы үшін еңбек етіп жүрген
әрбір азамат-елінің озаты, мақтанышы, патриоты. Өз Отанын, халқын
шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға
тән терең сезім.
Б.Момышұлы: «Патриотизм –
Отанға деген сүйіспеншілік. Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық,
мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын, өзіңнің
мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну, қысқасын айтқанда, патриотизм
дегеніміз- мемлекет деген ұғымды, оны жеке адамның барлық жағынан
өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын
біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама
берген.
Патриот деген кім, патриоттық
сезімді қалай түсінесің? – тақырыбына сұрақ-жауап. (оқушылардың
пікірін тыңдау)
«Ой да ортақ, пікір де ортақ »
дегендей сендердің назарларыңызға « Мен өз елімнің патриотымын »
атты бірыңғай сабақты назарларыңа
ұсынамын.
Біздің алға қойған мақсатымыз,
өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын
азамат болып өсу, солай ғой, балалар!
Ендеше сабағымызды бастайық.
Назарларыңа мына слайдтарды ұсынамын, бірге тамашалайық!
(Қазақстан, мемлекеттік рәміздер, Астана жайлы
слайдтар)
Қай кезде болмасын халық
игілігі үшін еңбек еткен ағартушылардың, ақын-жыраулардың,
батырлардың барлығының мақсат-мүддесі қазақ халқын тек бірлікке,
ынтымаққа шақыру, ешкіммен жауласпауды үйрету, көшпенді елдің
баласына ғылым-білім, өнерді үйретуді армандады. Тәуелсіздік
алғанымызға аз ғана уақыт болса да, барша қазақ жұртының бір
арманы, ол – «Мәңгілік ел» атану.
«Мәңгілік ел» дегеніміз
дегенімізді қалай түсінесіңдер, балалар?
Қанша заман, қанша ғасыр болса
да, атымыз өшпейтіндей, тарихтан ойып тұрып орын алатындай,
«Мәңгілік ел» атану қазіргі таңда барша қазақстандықтардың арманы.
Ал, сендер балалар, еліміздің мәңгілік атануына, тарихта өшпестей
із қалдыруына қандай үлес қоса аласыңдар? Осы туралы ойларың
қандай?
Елбасының «Қазақстан жолы -
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша
Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені
баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы
мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.
«Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан
сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.
Қазақ елінің тарихы тереңнен
бастау алған , шежіресіне ой жетпес ,осындай азат елдің перзенті
болып отырған біздер , осы елдің
патриоттарымыз.
Өз елінің патриоты болу үшін
әр адамның бойынды болу керек:
Отанға деген
сүйіспеншілік;
Отанға деген адал
сезім;
Отанын қорғауға дайын
болу;
Өз елінің патриоты деп
кімдерді мысалға келтіресің?
Ой шақыру.
Сұрақ-жауап.
-
Қазақстан Республикасының
тұңғыш Президенті кім болды?
(Н.
Назарбаев)
2. Қазақстан мемлекетінің
тәуелсіздік күні қашан? (16 желтоқсан)
3. Еліміздің рәміздерін ата.
(елтаңба, ту, әнұран)
4. Қазақстанның астанасын
ата.
Кім
шапшаң.
Отан туралы мақал мәтелдерден
жарыс.
Оқушылар жаңа оқу жылына
тілектерін айтады.
Қорыта
келгенде “ Өз Отанының патриоты
болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату
” деген
сөз.