"Мен өз Отанымның патриотымын" сыныптан тыс шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мен өз Отанымның патриотымын" сыныптан тыс шара

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс шара өткізуге
Материалдың қысқаша нұсқасы



САБАҚ:

Еліміздің ерке қызы Қаламқас Орашева

Мектеп: Жаңажол НЖББМ

Күні:7.03.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Джанбузова Арайлым Саниятуллиевна

СЫНЫП: 7

Қатысқандар саны: 6

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

1/ Рухани жаңғыру аясында оқушыларға ауылымыздан шыққан жыршы, термеші Қаламқас Орашеваның 65 жылдық мерей тойына орай, өмірін, шығармашылығын зерттеу, өнерін насихаттап рухани дүниелерін жаңғырту.

2/ Оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамыту.

3/Өскен өлке тарихын насихаттай отырып, патриоттыққа тәрбиелеу сипаттау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

Еліміздің ерке қызы Қаламқас Орашева

Ресурстар

Интербелсенді тақта, слайдтар, әртүрлі  заттар, кері байланыс, смайликтер,бейнебаяндар.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Алдыңғы тақырып

Ауылдан шыққан жыршылар

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы 5 минут


Сабақты ұйымдастыру

Ынтымақтастыру атмосферасын құру

«Шаттық шеңбері» оқушылар шеңбер бойымен тұрады. Бір – біріне қарап, жүректен шыққан жылы сөзін арнайды.

Жүрекшедегі сөздер арқылы топқа бөлу.


  1. Құрманғазы Сағырбайұлы

  2. Дина Нүрпейісова

  3. Қаламқас Орашева


Оқушыларға суреттерді көрсетіп, бір-бірімен байланыстыруды сұрау.

Рисунок 385 Рисунок 387 Рисунок 388 Рисунок 389 Рисунок 390 Рисунок 391

Жетелеуші сұрақтар арқылы оқушыларды жоспарлау туралы ұғымға әкелу

Мысалы:

  • Бұл суреттерде не бейнеленген?

  • Бұл суреттерді қалай атауға болады?

  • Бір-бірімен байланысы қандай?

Осы сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбы ашылып, оқушыларға сабақтың тақырыбы хабарланады.




















Power Point презентациясы



Ортасы 20 минут

Білу және түсіну 10 минут

Эпиграф

Жайласып жатыр ақырын,

Зал толы жырдың достары,

Еске алып Қаламқастай «Нарқызын»

Ардақты ауылдастары

Әнші, жыршы әрі термеші Қаламқас Орашева Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Алғабас ауылында 1953 жылы 24 наурызда дүниеге келген. 1973 жылы республикалық эстрада- цирк студиясының /Қазақстан халық артисі, мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғ.Құрманғалиевтың сыныбы/, 1985 жылы Абай атындағы педагогика институтын тәмәмдаған. Шығармашылық жолын «Қазақконцерттен» бастап,терме жанрында шолпандай жарық еткен әнші өзінің аз ғұмырында республикамыздың түпкір-түпкірін аралап шыққан. Оның орындауындағы әндерде шығармалардың аты айтып тұрғандай, өткен дәуір лебімен қоса халық тағдыры да «мен мұндалап» тұрғандай. Тұрмағанбет, Төрехан жыраулардың терме- толғауларынан, Сартай, Сағынқожа , Асанқайғы және Ғарифолла әндерімен қоса осы заман ақындарының өлеңі мен поэмаларын орындап, қазақтың әнімен жыр-термелерін биік деңгейге көтеруге бар болмысы мен өнерін арнаған өнер саңлағы десекте болады.

Әсіресе Н.Байғаниннің «Нарқызын» өз жерінде де, бауырлас ел арасында да насихаттай алған Қаламқас Орашева апамыз домбыра пернесін құсша сайратып, шығарманың мәнін нақышына келтіре орындау шеберлігімен жұрт назарына ілігіп , ел арасында өзі де «Нарқыз» атанған.

Өзін көрсе Мұхиттың «Айнамкөзіне» салатын әнші жігіт Жақсылық Сәрсенғалиевпен көңілі жарасып отау тікті. Айда, Майра, Ақмарал есімді үш балаға ана болды. Жақсылық екеуі өмірде де, өнерде де жұптарын жазбай бірге жүрді. 1983-1986 ж.ж жұбайы екеуі Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінде және Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында әншілік өнерін жалғастырған.

Хас шебер есімі бүгінгі таңда да әнсүйер қауымға әлі де жақсы таныс. Әншінің орындауындағы өзіндік мақамы, кәсіби шеберлігі және өнерге деген махаббаты тек сахна мен күйтабақта ғана қалып қоймай, Қазақ телерадио корпорациясының алтын қорында да сақталып көрермендерге жиі ұсынылып жүр. Бұның өзі Қаламқас Орашеваның қазақ қыздарының ішіндегі арқалы жыршы-әншілердің бірегейі болғанын дәлелдей түседі. Белгілі өнер таланттарының бірі, халқымыздың жыр-термелерін насихаттауда елеулі үлес қосқан Алғабастың от ауызды орақ тілді қызы отыз беске жаңа жеткенде мезгілсіз дүниеден өтті. Бұл 1988жылдың 12 қарашасы еді.

Көңілге медеуі сол, Жақсылық пен Қаламқас өмірде жоқ болғанымен, олардың жарқын бейнесін қастерлеп сағына еске алатын ауыл- елі бар, дос-жарандары, артында қалған бауырлары мен қыздары бар. Ол мәңгі халқының есінде, халқы оны жоқтайды, сағынады. Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Жариялау» әдісі

(Постер қорғау)


Бейнежазба арқылы түсіндіріледі.

























Аяқталуы 10 минут

Оқушылар «Қалпақтар» әдісі бойынша сабаққа қатысты сұрақтарға жауап береді.



Рефлексия


5 минут


Бес саусақ

1.Бас бармақ- өзімді қалай сезіндім?

2.Балан үйрек-басқаларға көмегім тиді ме?

3.Ортан терек-бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

4.Шылдыр шүмек-бүгінгі сабақ ұнады ма?

5.Кішкентай бөбек-бүгін не үйрендім?

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2019
597
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі