Мотивация-лық –
қозғаушы лық
|
Таңғы
жиын:
Білер қазақ
баласы,
Сәлем сөздің
анасы.
Алдымыздан
кезіккен,
Көп танысты
көреміз
Бәріне де
ізетпен,
Біздер сәлем
береміз.
Балалар, сендер байқаған
болсаңдар бүгінгі күн ерекше болғалы тұр,барлығымыз поезға мініп
,табиғат аясына саяхат жасап қайтсақ қалай қарайсыңдар?
Саяхатымыздың барысында қызықты сәттер көп болады,сұрақтар да болуы
мүмкін.Сендердің қалай жауап беретіндеріңді көру үшін қонақтар да
келіпті.Сендердің ерекше белсенділікпен қатысатындарыңа мен
сенемін,солай емес пе?
Артикуляциялық
жаттығулар:
«Қамыр
илейміз»
Тіл үйіне келсе, үйде тәтті
иіс шығып жатты сөйтсе анасы бәліш пісіріп жатыр екен. Тіл де
анасына көмектесіпті. Біз де
көмектесейік.
Жаттығуды
сипаттау:
Жымиямыз, ауызды ашамыз да
тілді тісімізбен тістеп та – та – та ...
дейміз.
«Кесе»
Тіл бәлішті жеп болған соң,
шай ішуге кірісті. Қане, тілдің кесесін
көрсетейік.
Жаттығуды
сипаттау:
Жымиямыз, ауызды ашамыз тілді
сыртқа шығарып, мұрынға қарай көтереміз, шайымыз төгіліп қалмас
үшін тілдің бүйірлерін де
көтереміз.
Тыныс алу жаттығуы:
«Кесе»
Мақсаты: Балаларға «Ү» дыбысын дұрыс
айтқызуға үйрету.
|
Балалар шеңбер
жасайды.
Бір – біріне жылулық, жақсы
көңіл күй сыйлайды.
-Алақай поезға
мінеміз!!!!!
-ТУУУУУУ
Тауларды
айналамыз
Өзеннен
өтеміз
Ұшақты
көреміз
Біз сондай
мықтымыз?
ТУУУУУУУУ
Балалар пойыз болып тізіліп
орындықтарының тұсына
келеді.
Балалар, артикуляциялық
жаттығуларды қайталайды.
|
Ұйымдас-тыру,
іздену
|
Табиғат күнтізбесімен
жұмыс:
-Балалар ,қазір
қандай жыл мезгілі?
-Ал, көктем мезгілі
орыс тілінде қалай айтылады.
-Ағылшын тілінде
ше?
- Көктем мезгілінде
қандай өзгерістер болады?
Дидактикалық
ойын:
«Қандай дыбыс
естіледі?»
-Күн қайтіп
күркірейді?
-Жаңбыр қалай
жауады?
-Су қалай
ағады?
-Балалар, бүгінгі
ауа-райына назар аударайықшы,бізге жылы шыраймен қарап тұрған
сияқты.
-Балалар енді көктем
мезгілі жайында қандай такпақ білеміз
бе?
Назерке:
Торғай, торғай,
торғайсың
Жақын келіп
қонғайсың.
Жем шашайын тойып
ал,
Сонда торғай
тоңбайсың.
Асанәлі:
Келді көктем
далаға,
Келді сұлу
шағала.
Аспандағы ақ
құстар,
Ауылымды
арала.
Рауан:
Көктем қандай
көнілді!
Көктен жаңбыр
төгілді.
Мөлдір аспан
ашылып,
Күннің көзі
көрінді.
Саусақ ойыны:
«Әтеш»
Әдемі
әтеш,
Таң атпай
тұрыпты.
Ойқастап
жүріпті,
Жан жаққа
қарапты,
Айдарын
тарапты.
Балалар олай болса, орнымызға
жайғасайық.
Суретпен
жұмыс:
-Балалар жануарлардың қанша
түрі бар?
Суретте қандай жануарлар
бейнеленген?
Балалар үй жануарларының
ішінде ерекше орын алатыны төрт
түлігіміз.
Олай болса, төрт түлігіміздің
пірлерін атайықшы.
Қой атасы – Шопан
ата.
Жылқы атасы – Қамбар
ата.
Ешкі
атасы – Сексек
ата.
Түйе
атасы – Ойсылқара.
Сиыр атасы – Зеңгі
баба.
Балалар біздің төрт
түлігіміздің берер пайдасы көп екен, мінсе көлік, жесе тамақ, кисе
киім болған екен.
Ғажайып
сәт:
Қой пірі Шопан ата
келеді.
Шопан
ата:
Уағалейкумассалам,өркендерің
өссін!Қандай керемет балаларсыңдар,қайдан жүрсіңдер? -Бәрекелді
маған да көмектерің керек
еді...
Жайылымда жүрген қойларымнан
көз жазып қалдым.
Тәрбиеші:
Ата, сіз қамықпаңыз біздің
балалар қойларыңызды табуға
көмектеседі.
Сәл отырып дем алыңыз, біздің
балалардың дайындаған «Төлдер» айтысын
тамашалаңыз.
Ешкі:
Менің жегенім
жантақ,
Сенің жегенің
жантақ.
Сенің құйрығың неден
жалпақ?
Қой:
Менің жегенім
ошаған,
Сенің жегенің
ошаған.
Сенің құйрығың неден
шошайған?
Ешкі:
Менің жегенім
опалаң,
Сенің жегенің
опалаң.
Саған келсін
топалаң.
Қой:
Менің жегенім
ебелек,
Сенің жегенің
ебелек,
Саған келсін
кебенек!
Қой мен
ешкі:
Қағысуды
қояйық,
Шүйгін шөпке
тояйық!
Тілемейік
жамандық,
Болсын басқа
амандық!
Шопан
ата:
Қандай өнерлі балалар,
өркендерің өссін!
Салыну
жолдары:
Балалар олай болса,
біз алдымыздағы май шам жағылған ақ парақты бір келкі етіп
қылқаламмен солдан, оңға қарай бояймыз. Бұл жай сурет емес сиқырлы
сурет. Олай болса бояйық, қандай сиқырлы сурет шығатынын
көрейік.
Ал, балалар біздің
сиқырлы суретімізден не
шықты?
Ал, балалар осы төрт
түлігіміз туралы мақал – мәтелдер кім айтып
береді.
Тәрбиеші:
Балалар біз атаға өзіміздің
қойымызды ұсынайық.
Шопан
ата:
Қандай өнерлі
балалар!
Менің қойларымды тауып
бергендеріңе рахмет.
Мен енді қойларымды алып
жайылымға барайын.
Қош сау
болыңдар.
Сергіту
сәті:
Ұзын мұртты
құмырсқа,
Келе жатыр
жұмысқа.
Допты алды
қолына
Допты қойды
жолына.
Оңға қарап, солға
қарап
Үлкен тау деп
ойлады.
|
Көктем
мезгілі.
Весна.
Spring.
-Құстар ұшып
келеді.
Күн
жылынады.
Жылғалардан су
ағады.
Ағаштар бүршік
атады.
-Сатыр-сұтыр.
-Тырс-тырс.
-Сылдыр-сылдыр.
Ия.
Балалар көктем мезгіліне
арналған тақпақтарын айтады.
Саусақ ойынын қимылмен
жасайды.
Екі түрі бар жабайы жануарлар
және үй жануарлары.
Үй
жануарлары.
Балалар төрт – түлікті
атайды.
Ассалаумағалейкум,Ата!
-Табиғат аясына саяхат жасап
жүрміз.
Ешкі мен қой
айтысады.
Балалар қылқаламмен біркелкі
етіп бояйды.
Қойдың
суреті.
Нұрсұлтан:
Мал өсірсең қой
өсір,
Өнімі оның көл
көсір.
Данияр:
Жылқы малдың
патшасы,
Түйе малдың
қасқасы.
Мади:
Ат адамның
қанаты,
Ас адамның
қуаты.
Балалар Шопан атамен
қоштасады.
Балалар, сергіту сәтін
қимылмен жасайды.
|